Козбагарова Салтанат Болатовна

  • Учитель казахского языка
  • Мариновская средняя школа
  • Казахстан
  • 15.12.1988

Категории по интересам:

Мен Козбагарова Салтанат Болатқызы 15 желтоқсан 1988 жылы Есенкелды ауылында дүниеге келдім. Толық үлгілі отбасында тәрбие алдым. 2004 жылы астана қаласында кәсіптік оқу орнында оқып оператор ЭВМ мамандығын игеріп куәлік алдым. 2006 жылы сол мамандығым бойынша Мариновка қазақ 12 жылдық эксперимент орта мектебінде информатика пәнінен ұстаз болып орналастым. Осы мектепте 3 жыл бойы мол тәжірибе алып, ойдағыдай жұмысымды атқардым. Жұмысымды жалғастыра жүріп, Көкшетау қаласында «Көкше» педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандығын бітіріп шықтым. 2009 жылы Атбасар қаласының №3 «Родничок» балабақшасына қазақ тілі мұғалімі болып орналастым. Осы мекемеде істей отырып тәжірибемді молайттым. Жиі аудандық, облыстық сайыстарда, семинарларға қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Тәжірибемді көтеру барысында мені №3 сейтжан Омаров атындағы мектепке қазақ тілі мұғалімі ретінде аударды. Отбасымды құрдым, бір ұлым бар отбасымды құрғандықтан Мариновка орта мектебіне ауысуға тура келді. Осы мектепте қазіргі уақытта қазақ тілінен дәріс беремін.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 10
  • Просмотры: 10254
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0