Кумпеисова Казиза Кабытаиевна
Семей қаласы, №15 орта мектеп
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторлары болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», деп айтқандай, мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырылады.
Тілді үйретуге қатысты А.Байтұрсыновтың ұсынған тиімді тәсілдері мен қағидалары мыналар:
1. Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген дидактикалық принципті өте тиянақты ұстаған, оны уағыздаған.
2. Кез келген тілді үйретуді «қарыптан», яғни әріптен, әліпбиден бастау қажет.
3. Тілді үйрену ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатар жүруі тиіс.
4. Тілді оқытуда мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелер маңызды орын алу қажет.
5. Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге көп мән берілуі керек.
6. Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
7. Мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар, халықтын ұғымына таныс, жақын болуы тиімді.
8. Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.
9. Тілді оқытуда тілді ұстартуға, көркем сөзге де ден қойған дұрыс.
10. Мұғалім балаға білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтауға жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыру қажет.
Оқушылар сөз мағынасына көңіл бөле отырып, сөз тіркесін жасайды. Егер оны сызба түрінде белгілесек, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құрауға дағдыландырамыз.