Кусаинова Гулжан Орынбековна
8 лет назад

«My computer»

Шығыс Қазақстан облысы , Абай ауданы ,«М.Әуезов атындағы орта мектебі »КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кусаинова Гулжан Орынбековна

Урок по английскому языку для 5 класса «My computer» Сабақтың тақырыбы : «My computer» Сыныбы: 5- сынып Пәні: Ағылшын тілі Мақсаты: Оқушыларға апта күндерінің, пән аттарының ағылшын тілінде айтылуымен,сабақ кестесін қалай айту керектігін, «When have we got Biology?»,«How many lessons have you got on Monday?», «When is Maths?» сұрақтарын қоя білуді және оған жауап беруді үйрету. Оқушыларды логикалық ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздікті қолдана білу, сөздік қорын байыту. Күтілетін нәтиже: Оқушылар апта күндерін ,пән аттарын айтуды біледі,сұрақ қоя біледі,толық,қысқа жауап бере алады,сөздікті қолданып сөйлем түрлерін айта алады. Оқулық:Т.Аяпова,Д.Ұқбаев,З.Әбілдаева Алматы «Атамұра»2015 жыл Ресурстар:оқулық, жұмыс дәптері,стикерлер,компьютер, МАН-2014 «Bilimland»ресурстары: 6988-060 «What's in the picture?» 7182-011 «The days of the week» 7038-033 «Yes, I can!»6967-039. Is the computer pink? 7036-031 Head, shoulders, knees and toes Әдіс-тәсілдер: интербелсенді әдіс –тәсілдер Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс тілі,биология,дене шынықтыруСабақ барысы I.Ұйымдастыру кезеңі. А) Кезекшімен әңгіме В) «Шаттық шеңбері» Есеп шығару (бастауыштың математика пәніне арналған тапсырманы оқушылар алу,қосу амалдарын ағылшынша айтып тұрып ,шығарады.) II.Үй жұмысы A) 6988-060 What's in the picture? B) өз досын суреттеу (шашының,көзінің түсін,қай жерден екенін,хоббиін айту) III.Жаңа сабақA) Жаңа сөздікпен таныстыру (апта күндері мен пән аттары) B) №2 жаттығу (апта күндерінің айтылуын тыңдап ,қайталайды) 7182-011 «The days of the week» (тапсырмаларын интерактивті тақтада көрсету, орындау) C) «оқылым стратегиясы» № 1 жаттығу D) «Мені түсін » әдісі арқылы №4,5,6,7,8,9 жаттығуларды жұппен орындау E) «Затты танып біл» әдісі арқылы №10 жаттығу оқу, компьютердің құралдарымен танысу (монитор,тышқан клавиатура,принтер) 6967-039. Is the computer pink? 1.Complete. 2. Listen and choose. 3.Choose 4.Play the game. F) №11 жаттығу (can етістігін қолдануды еске түсіру) 7038-033 Yes, I can! Тапсырмаларын орындау. IV.Сергіту сәті 7036-031 Head, shoulders, knees and toes.( « English to take away» бөлімі «Listen and sing» ,оқушылар жаттығуды бірге ән айтып тұрып жасайды ) V. Рефлексия

Кесте толтыру арқылы сабақты қорытындылау. VI.Бағалау

  • топ «Бағдаршам» әдісі арқылы екінші топты бағалайды
  • топ «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бірінші топты бағалайды

VII.Үйге тапсырма № 12 (жұбымен сабақ кестесі туралы әңгімелесу) №14 (сабақ кестесін жазу)

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.