Инфоурок Сайты учителей Мынжасарова Алия Усеновна Блог Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережесі
Мынжасарова Алия Усеновна
9 лет назад

Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережесі

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері 1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға тиісуге тиым салынады. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды. 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүгіруге болмайды 4. ДК-де су киіммен, су қолымен жұмыс істеуге тиым салынады. 5. Корпусының немесе сымдарының тұтастығы бұзылғандығы байқалса, ДК-мен жұмыс істеуге тиым салынады. 6. ДК тұрған үстел жанына портфель, сөмке, кітаптарды қоюға тиым салынады. Үстелде тек қалам мен дәптер жатуы тиіс. 7. Пернетақтаның үстіне артық зат қоюға тиым салынады. 8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарын алаңдатуға, бөгде жұмыстарды істеуге тиым салынады. 9. Жұмыс істеу барысында төмен түсіп жатқан сымдарды қағып кету мүмкіндігін болдырмауға көңіл бөлу керек. 10. ЭЕМ-да жұмыс істеу барысында экраннан көзді оптималды қашықтықта (60-70см) сақтау қажет. 11. Көздің талғандығы байқалған немесе шаршаған жағдайда бірнеше жаттығуларды орындауға болады. 12. Жұмысты мұғалімнің нұсқауымен аяқтау. 13. Дискжетектен дискі (лер)ді алу. 14. Мұғалімнің рұқсатымен аппаратураны өшіру. 15. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру. 16. Жұмыс орнын тек мұғалімнің рұқсатымен ғана қалдыру керек. 17. Лабораториялық тапсырмаларды және орындаған жұмыстарды тапсыру. 18. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.