Бірінші қыркүйек
№1Затобол орта мектебі
Мукашева Мирамкуль Жолмагамбетовна
қазақ тілі мен қазақ әдебіетінің мұғалімі
Шуақты қыркүйек айынның бірінші күні мен үшін ерекше күн. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнін қайта естимін.Өйткені бұл күн сағынышқа, шаттыққа толы күн. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды,мәнді өткізіп,сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралған оқушыларымды осы күннен бастап қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтін тілеймін.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда мен жаңашылдығым арқылы, жан-жақты берген тәрбием арқылы қол жеткіземін деп ойлаймын.Ол үшін мен шәкірттеріме ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға,қатаң бәсекеге, жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуім керек деп санаймын. Бұл нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.Ол үшін мен қандай ұстаз болуым керек? Әріне, кәсібімнің майталманы деп ойлаймын.Өйткені қазіргі жас буын- еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси- экономиялық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, барлығы өзімізге байланысты.Біз бір нәрсені түсінуіміз керек,мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес,болашақтың құрушыларымыз.Қазіргі заман мұғалім ретінде әрдайым өткенді есте сақтап,бүгінгі көштен қалмауға тырысамын. Ол үшін өзім оқушыларға үйретіп қоймай, олардан да үйренуші болуға тырысамын.