Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған
мектеп-интернат-кешені
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
(сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар 2 сыныбы)
Орындаған: Алмагуль Хайруллиевна Куспанова , жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың мақсаттары:
түзету-білімділік: оқушыларды 7 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтау.
түзету-дамытушылық: ойлау,есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдылық қабілеттерін , логикалық ой-өрісін дамыту.
түзету-тәрбиелік: тиянақтылыққа,шапшандыққа,үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу,оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер,сандар қатары,ойын.
Типі: жаңа білім беру.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс:ана-тілі,дүниетану,бейнелеу өнері.