Темиртасова Бакытгуль Байжановна
8 лет назад

Көгілдір экран тәрбиелеген ұрпақ!

Көгілдір экран тәрбиелеген ұрпақ!

Бала — бар үміт пен ұрпақ жалғастығы. Әрбір ата-ана өз баласын ерекше жақсы көріп, аялап, бар тәттіні соның аузына салып өсіреді. Соңғы сәндегі киім кигізіп, жетсін-жетпесін соңғы модельдегі ұялы телефон әпереді. Сондағы ата-ананың бар ойы балам ешкімнен кем болмасын дейді. Сөйтіп көп қарызды төлеу үшін күн-түн демей, тыным таппай еңбек етеді.

Бала тәрбиесін интернет әлеміне қос қолдап тапсырып қояды. Бала үшін тыраштанып еңбек етемізде, бірақ оның тәрбиесіне көңіл бөлмейміз. Олар да өзіне қажеттісін алғасын артығын талап етпейді. Көшеде кісілердің бастары төмен салбырап, телефонға үңілуі қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі балалар бесіктен белдері шықпай жатып ұялы телефон тілін түсінеді, техниканың тілін түсінгеніне қуанып жатамыз, бірақ түннің бір уағына дейін теріс тәрбиеге жетелейтін жын-ойыншықтарды тамашалап отыратыны алаңдатады. Қазіргі балалар көретін мултьфильмдердің мазмұны балалар танымына сай келмейді. Екіншіден балаларды жақсылыққа емес, жауыздыққа тәрбиелейді. Оған картон нетворк (cortoon network) арнасы көрсететін барлық бағдарламалар мысал бола алады. Осы арна бар баланың миын улап алды. Басқа арнаға аударсаң, бала өзіңе шапшып, едірең-едірең ететін күйге жетті. «Құлағым тыныш болсын» деп ата-аналар балалары қалаған арнағы қойып береді.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.