Мен Ұлжігітова Ақкүміс Ұлжігітқызы 1967 жылы 9 қыркүйекте Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келдім.
1984 жылы Шайыр орта мектебін бітіріп, 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтына түсіп, 1988 жылы аталған институттың толық курсын «мектепке дейінгі педагогика мен психология» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Алғаш еңбек жолымды Маңғыстау ауданы №18 «Ұлан» балалар бақшасында тәрбиеші болып бастадым. 1996 жылы бала бақшанын жабылуына байланысты аудандық жұмыспен қамту орталығында есепте тұрдым. 1999 жылы мектеп алды даярлық сыныптарын «Балбөбек» бағдарламасымен оқытудың теориялық және әдістемелік жолдары туралы курстан өттім.
2001 жылы қыркүйек айында Б. Жұмалиев атындағы орта мектепке, мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.
2004 жылы 23-27 тамыз аралығында Маңғыстау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтынан «мектеп алды бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңа педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша өз білімімді көтердім. 2006 жылы екінші біліктілік санаты берілді.
2010 жылы 14-23 қазан аралығында Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында «Мектеп алды даярлық топтарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілік курсынан өттім. «Мектеп алды даярлық топтарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша мектепшілік ақпарламалар және аудандық мектеп алды даярлық ұстаздарына баяндама оқыдым.
2010 жылы 8-12 қараша аралығында Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту методикасы тақырыбында өткізілген курстан өттім. Осы жылдар аралығында өткізілген ашық сабақтар мен тәрбиелік шаралар жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында мектеп әкімшілігінін мақтау қағазымен марапатталдым. 2010 жылы «Бастауыш мектеп» журналына математика сабағынан өткізілген «2 санының құрамы +;-;= таңбалары» туралы ашық сабағымнын үлгісі жарияланды.
Аудандық «Жаңа өмір» газетіне берілген ата-аналардың алғыстары да еңбегіме берілген баға деп білем.
2010 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасынын ұйымдастыруымен өткізілген «Байыппен тамақтан. Спортпен өмір сүр. Денсаулығыңды сақта!»
Ұранымен өткізілген шарада шәкірттерімде мақтау қағазына ие болды.
2011 жылы мектепшілік іс-тәжірибем таратылды. 2011 жылы мектеп алды даярлық лауазымы бойынша бірінші біліктілік санатынан өттім.
2012 жылы 21-25 мамыр аралығында «Электрондық оқыту жүйесін “е-iearning” еңгізу жағдайында білім контенттерін жасау технологиясы тақырыбында біліктілік курсынан өттім.
2012 жылы «Бастауыш мектеп» журналынын №10 санында сауат ашу сабағынан өткізілген ашық сабағым жарияланды. Бұдан басқа да республикалық www.45min.kz интернет ресурсында 2012-2013 оқу жылдарында жеке еңбектерімнің
1. Айналайын ақ мамам (тәрбие сағаты)
2. Ана - біздің күніміз (тәрбие сағаты)
3. Әкем, шешем және мен спортшымыз шетінен (спорттық сайыс)
Жариялануына байланысты www.45min.kz сертификатын алдым.
Қазіргі кәсіби дайындығымды көтеру мақсатында айналысып жүрген шығармашылық жұмысым
- «Мектеп алды даярлық тобында баланын танымын ойын арқылы дамыту» осы мақсатта өмірлік ұстанымым жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру.