Мен Жалиева Айман Алтыбаевна 1961 жылдың 27 қазанында дүниеге келдім. 1983 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, содан бері туған ауылымда математика пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап келемін. Еңбек стажым-32 жыл. Жұмыс жасаған жылдарымда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Қазір оқу ісінің меңгерушісімін. Бірнеше рет сынып жетекшісі ретінде сынып түлетіп шығардым. Көптеген шәкірттерім жолымды қуып, мұғалім болды. Кейбіреулері өзіммен бірге жұмыс жасайды. Облыстық педагогикалық оқуға қатыстым. Аудандық Жыл мұғалімі байқауының жүлдегері болдым. Бірнеше рет мектеп директорының және аудандық білім бөлімінң Мақтау қағаздарымен марапатталдым. 2008 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2015 жылы Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасын алдым. 2014 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің 1-деңгейлік курсын бітіріп, сертификат алдым. 2016 жылы "Тәжірибедегі рефлексия" курсынан өтіп, мектептегі мұғалімдерді оқытатын тренерлік курсты оқыдым. Оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту мақсатында және олардың өздігінен алған білімдерін басқа да жерге қолдана білуі үшін жаңа форматтағы сабақтар өткізіп жүрмін. Мұғалімдер арасында оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқу керектігін үйрету үшін коучингтер жүргіземін. Жоғарғы санатты ұстазбын
Мен Жалиева Айман Алтыбаевна 1961 жылдың 27 қазанында дүниеге келдім. 1983 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, содан бері туған ауылымда математика пәнінің...