Инфоурок / Сайты учителей / Жумахметова Гаухар Мухтаровна

Жумахметова Гаухар Мухтаровна

  • Учитель
  • №19 СШ
  • Казахстан
  • 15.09.1986

Категории по интересам:

Күні: 29.10.2013ж Сыныбы: 9 «а» Тақырыбы:Қазақстанның шаруашылығына жалпы сипаттамасы. Сабақтың мақсаты Білімділік-Оқушыларға Қазақстанның шаруашылығына,құрамы мен құрылысы туралы жалпы түсінік беру. Тәрбиелік-Оқушылар бір-бірін тыңдауға,отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Дамытушылық-Оқушылардың ойын,есте сақтау қабілетін одан әрі дамыту. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Сабақтың типі:Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық жұмыстар,сұрақ жауап. Құрал-жабдығы: Қазақстанның әкімшілік саяси картасы, АКТ,постер,бағалау қағаздары. I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу Топқа бөлу Психологиялық дайындық. Оқушылар топқа бөлініп болғасын бір-бірінің қолдарынан ұстап өз-өздеріне немесе қарсы топқа жақсы тілек айту керек. II. Үй тапсырмасын сұрау Позициялық негіздеме әдісі. «Сен маған мен саған» 1 Позиция. Халықтың көші-қоны Аудиториядан сұрақ. Қарсы сұрақ. 2 Позиция.Халықтың жастық, –жыныстық құрылымы. Аудиториядан сұрақ Қарсы сұрақ 3 Позиция. Халықтың көші- қоны Аудиториядан сұрақ Қарсы сұрақ Бағалау. Фишка жинау арқылы III.Жаңа сабақ. Төрт қалпақ әдісі деп аталады. 1-топ.Ақ қалпақ. Шаруашылықтың құрамы мен құрылымына жалпы сипаттама беру. 2-топ.Сары қалпақ. Өндірістік сала мен өндірістік емес саланың тиімді жақтарын түсіндіру. 3-топ. Қара қалпақ. Осы шаруашылықтың тиімсіз жақтарын түсіндіру. 4-топ.Көк қалпақ. Осы топтардың жұмысын сараптап 2 жұлдыз 1 ұсынысы бойынша өз идеяларын беру. Сабақты постерді қорғау арқылы түсіндіреді. Оқушылар жақсы рахмет! Енді шаршаған шығармыз «Сергіту сәтін» ұйымдастырып жіберейік. IV. Сабақты бекіту. «Фишбоун» әдісі. Шығыс ойшылдары айтады екен......... Адамға балықты жеуді емес, Ұстап үйренуді үйрет деген екен. Сол сияқты бүгінгі Қазақстанның шаруашылығын оқып үйреніп қоймай өз экономикамызға кішкенеде болса да пайда тигізу мақсатында идея қосуымыз керек сияқты. Әр топқа балықтың қаңқасы бар сурет таратылады әр суреттегі балықтың басында осы тақырыпқа байланысты проблемалар жатыр,оны қалай шешеміз?( өз пікірлерін жазып айту.) 1-топқа.Қазақстан экономикасы даму алдында қандай міндеттер тұр? 2-топқа.Еліміздің шаруашылығын жақсарту үшін не істеу керек? 3-топқа. Осындай даму қарқынмен 30 елдің қатарынан ойын тұрып орын аламыз ба? 4-топқа.Республикадағы жер қорындағы байлық таусылса не ісейсіздер? Қорытынды. Мақсат ағашының суретіне қарап бүгінгі сабақтан алған әсерлері қалай, ненің көмегімен сабақтың мақсатына жеткендігі туралы өз рефлекцияларын айту. Бағалау. Барлық жинаған ұпайларын қосып ең соңында сабаққа белсене араласқан оқушыларды жеке –жеке бағалап бастарына қалпақтарын кигізу. Мысалы: Қызыл қалпақ ----- 5 Сары қалпақ -------4 Көк қалпақ---------- 3 Қара қалпақ--------- 2 Үйге тапсырма: 5 сызбаны талқылап келу.Осы тақырып бойынша тест құрастыру. Сабақ аяқталды рахмет! Сау болыңыздар!

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 1
  • Просмотры: 360
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0