Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Внеклассная работа на тему "Жастар-ел болашағы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Внеклассная работа на тему "Жастар-ел болашағы"

библиотека
материалов

Ж. Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж

«Технология және бейнелеу өнері»кафедрасы




hello_html_m1bb90490.jpg

Тақырыбы «Жаңа онжылдықтағы-

жаңа студенттік бастамалар»


1а КШТтобы

Топ жетекшісі: Ж. Ж. Жонкарбаева











Орал-2012






Тақырыбы: «Жаңа онжылдықтағы - жаңа студенттік бастамалар»


Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «20 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеңберінде студент жастар арасында егемен елдің мерейін асырып, ел болашағы – жас студенттер атынан жаңа бастамаларды көтеру. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында қабылданған бағдарламаларды талдау. Жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының ролін түсіндіру. Шараның түрі: диалог алаңы

«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін».

Н.Назарбаев

Дамир: Армысыздар, бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағын жасау жолында еңбек етіп жүрген шақырулы қонақтар, ұлағатты ұстаздар!

Айдана: Қайырлы күн, егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақ! Тәуелсіздіктің 20 жұлдызды күндері шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жаңа онжылдықтағы – жаңа студенттік бастамалар» атты шарамызды ашық деп жариялаймыз!

hello_html_m572bdd95.jpghello_html_m3d8a072a.jpg

Ашылуы (әнұран ойналады)

Айдана:

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төріңде!

Дамир: Иә, екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел атанғанына 20 жыл!

Айдана: Үміт пен күдік безбенге түскен, жаңалығы мен жақсылығы мол, мұңы мен өкініші де аз болмаған жылдарды артта қалдырып Тәуелсіз Қазақстан жылдан-жылға есейіп келеді.

Қазақ биі

hello_html_m1bec9647.jpghello_html_3ac498bb.jpg

Дамир: Қазақстан кеше...

Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды. Біздің Отанымыз - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында ата бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалды. 1916 жылғы көтеріліс, 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Мұның барлығы қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих. (видеомонтаж - Айбек)

Ән: Атамекен

hello_html_m527a78c6.jpghello_html_eb5ef31.jpg

Айдана: Қазақстан бүгін ... Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Елімізде ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Біз тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызға мақтанамыз.

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. («20 жыл – 20 белес» презентация)

hello_html_71c654cf.jpghello_html_m3db4a411.jpg

Әдеби монтаж:

Аңсағаным:

Ата-бабам арман еткен ежелден,

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен.

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен.


Бейбіт күнім күлімдейді төбемнен,

Қара бұлтты ыдыратып сөгем мен.

Тойлап келем қатарынан жиырма жыл,

Ел болды деп Қазақстан егемен.

Нұртілек:

Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды.


Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысын білмеген алақаннан –

Сусып барып қайтадан табылғансың.

Жаңылсын:

Тәуелсіздік – қырансың, қалықтаған,

Алты алаштың көгіне шарықтаған.

Көптен күткен халқымның сәбиісің,

Әлдилеген құшақта алып далам.

Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,

Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.


Айқара ашқан тұманды ел түндігін,

Азаттықпен арайлы көркім бүгін.

Ынтымағы жарасқан әз халқыммен,

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!

Дамир: Тәуелсіз елімізді одан да биіктен көрсету жас ұрпақтың, жастардың, қазақ ұландарының қолында деп есептейміз. Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.

Оқушылар пікірлері:

Мөлдір: «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік ретінде құрылған. Ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының құрамын 2010 жылғы есеп бойынша 170 мың адамды құрайды. Саяси тұрғыдан, мемлекетімзде бірнеше мың тіркелген жастар ұйымдары бар. Олардың ішінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты жастардың саяси және қоғамдық белсенділігінің, сыни тұрғыдан салиқалы көзқарастар мен тұжырымдардың орталығы болып 100 000 астам жастардың басын біріктіруші орган болып табылады.

Айдана: Сөз «Жас Отан» жастар қанатының ...... беріледі.

Шолпан: Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері,  ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.

Көмекті көрген, сезінген Қамал сөйлейді..

Алтынғаным: Ғылым саласында мыңдаған ғылыми инновацияға қабілеті бар жастардың осы тәуелсіздік жылдары қанаты қатайды. 1993 жылдың қараша айында Елбасымыздың бастамасымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы құрылды. Бірінші рет посткеңестік кеңістіктегі мемлекет тарихында талантты жастардың мемлекет есебінен шетелдерден білім алуларына мүмкіншілік туды. 1994 жылдан 2004 жылға дейін «Болашақ» бағдарламасымен 785 студент дүниежүзінің 13 мемлекетінде білім алды. Ал 2005 жылдан бастап стипендиаттардың саны бір жылдың ішінде 3000-ға өсті. Бүгінгі таңдағы жас және талантты қазақстандықтар үшін дүниежүзінің 30 мемлекетінің 630-дан астам жетекші жоғарғы оқу орындарында білім алуларына мүмкіндігі бар. «Болашақ» бағдарламасының түлектері Мемлекеттік қызметте, Білім және Денсаулық жүйесінде, Ұлттық компанияларда қызмет атқаруда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз Евразия кеңістігінде ғылыми-инновациялық саланың көшбасшысы болуымыз қажет. Бүгінде Қазақстан әлемге ашық. Сондықтан жастар экономика, ғылым және мәдениет секілді әралуан салаларда өз бағын сынауға бар мүмкіндіктер жасақталған» деген міндеттер қойып, жас ғалымдарды жігерлендіріп келеді.

Жас ғалымдар атынан Б.Насығазы сөйлейді.

Эльмира: Мәдени-идеологиялық тұрғыда «Жас Отан» патриоттық құндылықтар мен ілгерілеу мақсаттары негізінде ел жастарын топтастыруы, салауатты ұлт қалыптастыру идеясының белсенді бастамашысына айналуда. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында патриоттық сезiмді, отаншылдық рухты қалыптастыратын археологиялық ескерткіштерді табу, этномәдени жәдігерлерімізді жөндеуден өткізу, әлемдiк ғылым мен бiлiмнiң асыл қазыналарын қазақшалау,  бай фольклорымызды жинақтау мәселелері алға қойылды. Келешекке арналған жобаның басты мақсатында жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу  – мемлекеттiк идеологияның темiрқазығы ретінде көрініс тапқан. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс. 

«Технология» мамандығы студенттерінің қолөнер көрмесі.

Насима: Құқықтық тұрғыдан Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер санатында: жастардың еңбек биржалары, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтары, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтары, жас отбасына көмек көрсету қызметтері, демалыс орталықтары құрылған.

Қуаныш: Жастар арасындағы кадрлік резерв саясатының дамуы да қарқынды жүзеге асуда. Қазақстанның мемлекеттік қызметі өзінің дамуында жаңа белестерге көтерілді, адам факторы айқындаушы болып табылатын жаңа кадр саясаты басты өрістерге шықты. Еліміздің жетекші партиясы – «Нұр Отан» кадрлар резервін қалыптастыруды партияны дамытудың маңызды стратегияларының бірі ретінде қарастырып отыр. Мемлекеттік менеджерлердің іскерлігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең маңызды капитал деп бағалап көрсетумен қатар, тиісінше бағыт-бағдарлар да берілуде. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ыңғайлы, әрі кәсіби Үкіметтің құрылуы дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталды. Бүгінде аталмыш міндет одан да маңыздырақ болуда.

Әсемгүл: Мемлекет бүгінде мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасауда, онда білімді жастардың ролі ерекше болмақ.  Осы принциптердің сақталуы Жастар кемелінің сапалы өсіміндегі жүйелілікті қалыптастырып, нақты тарихи сабақтастықты қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да Қазақстанның ұландары бақытты, ертеңге мерейі асқақ деуге толық негіз бар. Әр елдің жастарының болашағы сол елді басқарып отырған басшы саясатының көрегендігімен, қолдауымен байланысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады» деген болатын. Республикамыздың жастар активінің жоғары креативті әлеуетін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығының шексіздігі көңілінді нұрландырып, көкірегінді қанаттандыратын болашағынды алға жетелейді екен!

Күй: «Көңіл толқыны» - Хайреденова Аңсағаным

Дамир: Қазіргі таңда мемлекет басшысының жастар саясатына қатысты реформаларын біз білім алып жатқан Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж де жемісті жүзеге асырып жатыр.  Директорымыз Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы басқарып отырған колледж басшылығы жастардың толыққанды білім алуына, олардың кәсіби біліктілігін арттыруына, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына ізгі шаралар ұйымдастыруда. 


Айдана: Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылық мектебінен өткен бүгінгі студент, ертеңгі күні мемлекеттік саясат тұрғысынан ойлап, Отан үшін қызмет ететін азамат болатындығына сеніміміз кәміл! Осы орайда келесі сөзді колледждегі «Жас Отан» жастар қанатының мүшелеріне берелік.

Колледждегі «Жас Отан» жастар қанаты мүшелеріне сөз беру

hello_html_1b51bec.jpghello_html_m5a41b9fb.jpg

Мөлдір: Қазақстан ертең ...

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.


Арман, үміт шақырады алысқа,

Кеш қалмайсың өмір атты жарыста.

Жиырма үш жылда айналады еліміз.

Азиядағы өр тұлғалы Барысқа.


Аңсағаным:

Жаса, жаса, Қазақстан – мекенім!

Белгілі ғой бір перзентің екенім.

Біз боламыз өркендетер өзіңді,

Дарасың сен, Қазақ елім, Бек елім!


Жыр- кеудеде көп қой саған берерім,

Не көрсем де бірге елмен көремін.

Кірпішің боп қаланамын, туған жер,

Гүлде, жайна, Қазақстан - Өр Елім!

Хор: Елім менің

Дамир:

Орыс, қазақ, неміс, татар – бар ұлтым,

Кең аймақты, қазыналы туған жер.

Ақ көңілді, ашық жарқын ел-жұртым

Құшағына қиыншылық алған жер.


Айдана:

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен,


Екеуі бірге:

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан.

Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен!


hello_html_4f7dbb6f.jpghello_html_7de6e61c.jpg












Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Жаңа онжылдықтағы - жаңа студенттік бастамалар»

 

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «20 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеңберінде студент жастар арасында егемен елдің мерейін асырып, ел болашағы – жас студенттер атынан жаңа бастамаларды көтеру. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында қабылданған бағдарламаларды талдау. Жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының ролін түсіндіру.                  Шараның түрі: диалог алаңы «Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін».

Н.Назарбаев 

Автор
Дата добавления 19.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров265
Номер материала 318049
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх