Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Өзгеріс не үшін керек?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Өзгеріс не үшін керек?

библиотека
материалов

Карбузова Каракоз Сейтказиевна І деңгей А есебі

4 топ Мұғалім портфолиосы

Талдықорған қаласы 20.10. 2014


Өзгеріс не үшін керек?

Жаһандану заманында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін көрсетті. Өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер, жалпы мектептер, соның ішінде мұғалімдер үшін де маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Оқушылар үшін білім беру саласындағы білім де, дағдылар да тең дәрежедегі маңызды ортақ ұстаным болып қалыптасқан. Бұл заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды өмірде тиімді қолдана білуі басты назарға алу болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, I-деңгей. 5-бет).

Ендеше жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажет құрал – білім екені айтпаса да түсінікті. Білім-адамзат қоғамын алға апаратын ең алып күш деп ойлаймын. Сондықтан да, қарқынды дамып келе жатқан заман көшіне ілесіп, өркениетті елдер қатарында болу үшін мектептерге өзгеріс керек. Ал осындай алып өзгерістер дамыған елдердің білім жүйесінде қалай іске асырылып жатыр, осыған тоқталғым келеді.

Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктердің қатарында Финляндия елі екендігі мәлім. Міндетті білім жүйесі Финляндияда 1921 жылдан бастап енгізілді. Мемлекеттің заманауи білім жүйесі бізде, яғни Қазақстандағыдай түгелдей мемлекеттің қарамағында. Жеке меншік білім мекемелері жоқтың қасы. Тегін орта білім міндетті, жеті жастан бастап он алты жасқа дейінгі дайындық кезеңін қамтиды: 6 жасқа дейін бала бақшада тәрбиеленеді, одан кейін дайындық сыныбына барады, ал 7 жастан бастап мектепке, негізгі мектеп (1-9 сынып), жоғары мектеп (11-12 сынып) болып келеді. Жасөспірімдер арасында танымал болып отырған бейіндік оқыту 9 сыныптан кейін енгізілген.

Аз қамтамасыз етілген отбасының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мен қорғауға басты назар аударылады. Дінтану, экономикалық сауаттылық, құқық пәндеріне шетелдік әдебиетті қоса оқытуға көп көңіл бөлінеді. Финляндия білім саласын саралап отырып онда оқушылар еркін ойлауға, өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдап, бағалауға бейімделетіндігін, оқушылар өздеріне не қызықты болса, сонымен айналысатындығын білдім. Балалар өз ойын толық жеткізуге, талдап, сын айтуға үйренеді. Оқыту үрдісі ойынға, түрлі қойылымдарға, жаңадан ойлап табуға, драмаға құрылған. Бұл тәсілдердің барлығы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылығын шыңдауға негізделген.

Финдік оқушылар ұлттық емтихан тапсырмайды, екінші жылға қалдырылмайды, бала негізгі орта мектепті аяқтағаннан соң да емтихан тапсырмайды. Жыл сайын математика, ана тілі және әдебиет пәндерін бағалау ауысып келіп отырады. Білім сапасы жылына бір рет әр пән бойынша тексеріліп, қорытындыланады. Білім сапасы бойынша рейтинг жасалмайды, қорытындысы жарияланбай өздеріне ғана айтылады. Тек әр мектептердің орташа сапасы ғана жарияланады. Мектептерге сапаны тексеру туралы нақты нұсқау беріледі, осыған орай әр мұғалім кері байланыс береді. Білім берудің қорытынды мақсаты тең құқылы білім принципіне негізделген, оқу жетістігі біркелкілікке тең, мектептің негізгі сатысының қорытынды кезеңінде оқушылардың барлығына жоғарғы деңгейге жету керек деген талап қояды.

Мектепті бітірген оқушы болашақ мамандығын таңдау құқына ие болады. Мамандыққа қатысты мектептен кейінгі саты – гимназия, техникум мен кәсіби училищелер. Мектептегі секілді бұл оқу нысандарын мемлекет қамтамасыз етеді, тамақтануынан бастап, сабаққа келіп-кету жол шығындарын да өз мойнына алған. Одан кейінгі сатылар университет, политехникалық институттық білім мекемелері, магистратура болып жалғаса береді. Білім беру сапасының жоғарылығы, білім жүйесінің жоғары тиімділігінің қалыптасуы жағынан осы бір шағын мемлекет әлемдегі экономикалық және саяси даму жағынан алдыңғы орыннан түспей келеді.

Білім беру жүйесінің сaпaсынa қатысты әлем елдерінде бірқатар тәуелсіз зерттеулер жүргізген орталықтар шындығында да Финляндияның білім-ғылым саласын жоғары бағалаған. Атап айтқанда, PISA-ның (Programme for International Student Assessment-Оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама) 2009 жылғы жүргізілген зерттеулеріне сәйкес, Финляндия мен Қытай бұл салада әлем елдерінің ішінде көшбасшы мемлекеттер.

Соңғы жылдары дамудың ерекше қарқынына көтерілген Финляндияның бүгінгі білім саласының жағдайы кісі қызығарлықтай. Тіпті, өзіндік дамудың өте қысқа тарихына ие болып отырған бұл мемлекет соңғы 70 жыл ішінде білім беруді қолдау арқылы кереметтей жетістіктерді бағындырған. Финляндия жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша (32 мың еуро) жоғары қарқынмен дамыған ел. Еуропада халқының сауаты жағынан көш бастап отырған бірден бір мемлекет. Мәселен, Еуропа елдерінде он бес жастан асқандардың білімділер саны 16 пайыз болса, Финляндия мемлекетінде 24 пайызға дейін барады екен. Осындай финдік ерекше жетістіктің бастауында білім саласындағы реформалардың тұруы себебінен дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісі бойынша алтыншы орында тұр.

Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Финляндиядағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Халқының саны шамамен 5 млн. адамды ғана құрайтын Фин елінің білім беру үлгісіндегі басты ерекшелік - білім берудің үздіксіз жүйесін қолдануында болса керек. Финляндияда ең бастысы балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуына үлкен назар аударылған. Фин оқушыларының басым бөлігі, тіпті түгелге жуығы ең алғашқы оқу табалдырығын аттап, мектеп партасына жайғаспас бұрын алдымен, балабақшадағы дайындық тәрбиесімен сусындайды. Мектепке дейінгі дайындық білімімен ауыздандыру мәселесіне үлкен назар аударылатыны соншалықты, кей жағдайда осы төңіректе қоғамдық пікірталастар, проблемалар ашық, бұқаралық талқыға шығарылып отырады екен (www.inform.kz). Финляндияда әр оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау мүмкіндігі беріледі және шетелдік әдебиетті оқуға көп көңіл бөлінеді. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзін өзі бағалау, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған, негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. Финляндия оқушылары әлемдегі ең сауатты және ең көп оқитын оқушылар.

Финлияндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей берілуі керек.

Соңғы жылдарда біздің елімізде көп тілділікке терең көңіл бөлініп отыр. Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. Өткен оқу жылынан бастап менің мектебімде ағылшын тілін игеру бірінші сыныптан енгізілді, мектебімізде ағылшын тілінде қосымша сабақтар жүйелі жүргізіледі.

Финляндия мемлекетінің білім беру жүйесін саралай келе, менің мектебімдегі барлық оқушылардың табысты оқуын, оқудағы үлгермеушілігін алдын-алу жұмысын топтық жұмыс, әлеуметтік өзара әрекеттестігі арқылы іске асыруды жоспарлап отырмын. Финляндия мұғалімдері сияқты топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға рөлдерді, міндеттерді бөлу арқылы оқушылардың өзара оқыту мен өзара көмегін қамтамасыз етіп, сөйтіп оқушылардың оқу қиындықтарын жеңуге жағдай жасаймын, себебі топтық жұмыста оқушылар білімді саналы игереді.

Жаңа технологияларды игеруде ғажайып жетістіктерге жетіп отырған Жапония елінің білім жүйесінің дамуын зерделесем, оның ерекшеліктерінің бірі – әрдайым басты орында болашақ ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу тұратындығы. Жер көлемі шағын, табиғи қазба байлықтары жоқ, мұхит арасындағы аралда орналасқан бұл елдің басты байлығы адам капиталы, өз елі мен жерін шынайы және шексіз қадірлейтін азаматы болып бағаланады. Сондықтан да осындай адамды қалыптастыратын білім жүйесін дамытуға үнемі басты маңыз беру нәтижесінде Жапония бұл саладағы әлемнің ең озық елі болып саналады.

Күншығыс елі 12 жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен екен, бес күндік оқу аптасын енгізіп, балалардың мектепте өзін жақсы сезінуіне толық жағдай жасаған, балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету, білім жүйесін ақпараттандыру, жастарды жоғары біліммен қамту сияқты шешуші мәселелер бойынша да Жапония әлемдегі ең алдыңғы қатарда тұрған бірден бір мемлекет. Бұл елдегі сәбидің ең алғашқы ұстазы – анасы. Жапония қоғамының пікірі бойынша отбасы және мектептің ерекше педагогикалық функциялары бар, яғни отбасы – тәрбиенің ең маңызды ұяшығы, ал мұғалімдер білімнің бас таратушылары. Мектепке келмей тұрып бала үйінде ата-анасының көмегімен жазу, оқу мен арифметика білімдеріннің негіздерін үйреніп алады, себебі мектеп табалдырығын аттағанда балаларға оларды үйретпейді. Ата-аналар мұғалімдермен хат жазысып тұру арқыла өз балаларының мектептегі жетістіктері мен мәселелері туралы хабардар болып тұрады. Бала ауырған жағдайда ана баласының орнына мектеп тапсырмаларын мұқият жазып алады. Баланың алдында ата-ана оқытушының пікіріне күмән келтірмейді. Олар әрқашан оқытушымен толық кеңес құра алады.

Жапон оқушылары мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ өмірдегі өзінің орнын анықтайды. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін жақсы білім алып мемлекеттік жоғарғы оқу орнында оқуға міндетті. Ал егер мектепте алған білім деңгейі төмен болса, жеке меншік қымбат оқу орнына ғана түсуге мүмкіндігі болады, бірақ оны бітірген мамандарды мемлекеттік қызметке алмайды. Оқушылардың қоғамда бөлінуі бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады.

Тәрбие мен білім берудің негізгі міндеті-ерекше ойлайтын, жан дүниесі бай шығармашыл тұлға тәрбиелеуге баулитынын байқадым. Оқу 7-8 баладан тұратын топтық тәртіппен жүргізіледі. Бастауыш пен орта буында берілген тапсырмалар деңгейге байланысты болады екен. Бағалау кезінде тәртібі мен басқа мәселелер кезіккен жағдайда сол оқушыға айтылмай топқа байланысты сұрақтар қойылады. Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Бұл мемлекеттің әрбір оқушысы стол теннисін, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетиканың негіздерін толық игергенін аңғардым. Бос уақытында олар міндетті емес «шеберлік» мектебіне барып дәріс алады екен. Кіші және орта буын бағдарламасында білім білік дағдысына аз көңіл бөлінеді де, күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағытталады. Оқуға түсуге жоғарғы сыныптарда дайындайды.

Жапон халқының тәрбиесіндегі байқағаным - ер балаларға ерекше қатал талаптар қойып, қыз бала үшін негізгісі мамандық емес, ана болу деп қарайды.

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерi мойындаған, көп жылдық тәжiрибесi бар, білім беру мен оқытудың жапондық стратегиясы айрықша өзекті болып отыр. Бұл мұғалімдік тәжірибенің зерттеулік тәжірибемен қосарлануы – Lessonstudy зерттеуі «Lesson Stady-дің түйінді сипаты бұл креативтілік пен ғылыми дәлдік болып отыр». Креативтілік оқудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірігіп жұмыс істейтін мұғалімдердің іскерлігін көрсетуге болады,ал ғылыми дәлдік оқытудың жаңа әдістерін құрастыруға жаңа тәсілдердің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинау арқылы ол қолданылған әдістердің нәтижелілігін растайтын болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, I-деңгей. 50-бет)

Дәл осындай іс-әрекетті зерттеу әдісі қазақстандық мектептерде оның ішінде менің мектебімде жүргізілсе, мұғалімдік тәжірибемізге енгізсек болады. Білім сапасы 30-40% көрсетіп келген сынып оқушыларының оқыту мен оқудағы әлсіз тұстарын анықтау, іс-әрекетті зерттеу мұғалімдердің тәжрибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Мұғалімдер мектеп зерттеуімен айналысу арқылы өз сыныптарындағы білім сапасын көтере алады. Жапонияда 7 сыныптан кейін бейімді оқытуды, пәндерді және сағат сандарын таңдайды. Ал бізде бейімдік оқыту 9 сыныптан соң таңдалады. Осыны бізде де 7 сыныптан кейін жүргізсе, 9 сыныптан кейін орта арнаулы білім орындарына, яғни колледжге, училищеге бару керек деген үгіттеу, мәжбүрлеу жұмысы жүрмес еді. Әр бала сонда ғана өзінің таңдаған мамандығына орналасатындығына сенімдімін.

Жапонияның білім беруінде баланың алғашқы ұстазы етіп анасын бейімдеуін және Жапонияның білім беру жүйесіндегі ұлттық рухтың қалыптастыру дәрежесін өз мектебімнің тәжірибесіне енгізгенде, білім саласында оң жетістіктерге жетеміз деген ойдамын. Мектебімнің ата-аналарының өз баласының білім алуына жауапкершілікпен қарап, баласының бірден бір көмекшісі болуын қалыптастыру мақсатында:

  • оқушы мен ата-ана бірлесе отырып орындайтын тапсырмалар беру

  • ата-аналарға арналған топтық жұмыс түрлерін өткізу

  • түрлі тренингтер мен коучингтер өткізу арқылы ата-аналардың

жауапкершілігін арттыру жұмыстарын жоспарлап отырмын.

Әлемнің алдыңғы қaтарлы мемлекеттері өздеріне тән ұтымды білім жүйесін құра білуімен ерекшеленеді. Біз үшін осы мемлекеттерде тиімді жүргізілген реформалардан басты үйренетін нәрсе – олар әрбір өзгерістерді заман талабына, азаматтардың сұранысына, тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрге сәйкестендіруді мақсат тұтқан. Әрбір қадамын егжей-тегжейлі ойластыра отырып, түбінде әр оқушының талғамын қанағаттандыруға бағытталған білім беру.

Біздің еліміз үшін басты ескеретін қағиданың бірі — білім жүйесін жаңғыртуда табиғаты халқымыздың болмысына жат, шетелдік нұсқаларды үлгі есебінде қабылдамай, ұлттық идеологияға, ұлттық табиғатымызға негіздеп, қазақстандық және жалпыадамзаттық мүдделерді басшылыққа алып, рухани-мәдени құндылықтарымызға басымдылық бере отырып қалыптастыру керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың: “Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады” деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор.

Қазіргі заман талабына сай, мектептегі әр мұғалім, өзінің білімін жетілдіріп, дәстүрлі бірсарынды сабақтарға қарағанда, жаңа талапқа сай сабақ берудің технологияларын өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қызықты да тиімді болар еді деп ойлаймын. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. (kk.wikipedia.orq/wiki/)

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында заман талабына сай білім болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына қосылу үшін керек екендігін және біздің отанымыз Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім екендігін нақтылап айтты. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жан-жақты сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне біртіндеп еніп жатқанын көріп отырмын.

Еліміздегі жас ұрпақ бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады деп ойлаймын. Жаңа технологияның мақсаты пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, өмірге деген қызығушылығын арттырады.




Пaйдаланылған әдебиeттеp:


1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І (ілгері) деңгей Екінші басылым, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014 ж.

3. А.Құсайнов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы»

4. АСТАНА. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 2010 ж 25-қаңтар

5. Интернет желісінен алынған мәліметтер (Финляндия, Жапония білім жүйесі).



Краткое описание документа:

Жаһандану заманында болып жатқан өзгерістер  білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін көрсетті. Өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер, жалпы мектептер, соның ішінде мұғалімдер үшін де маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Оқушылар үшін білім беру саласындағы білім де, дағдылар да тең дәрежедегі маңызды ортақ ұстаным болып қалыптасқан. Бұл заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды өмірде тиімді қолдана білуі басты назарға алу болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, I-деңгей. 5-бет)

Автор
Дата добавления 30.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2280
Номер материала 352154
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх