Инфоурок Начальные классы Рабочие программы2-сынып әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

2-сынып әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

Скачать материал

          Мухамедиярова  Шынар   Жақсыкелдіқызы

             Көркем  негізгі   мектебі

                  Ақмола  облысы  Егіндікөл  ауданы

                        Бастауыш  сынып  мұғалімі

    Сабақтың  тақырыбы:  Қар.  Бауыржан  Жақып

Сабақтың  мақсаты:  өлеңді  оқу  кезіндегі  балалардың  сенімдерін  қоса  талдауға  мүмкіндік  беру.  Өлең  мазмұны  арқылы  таныс,  таныс  емес  сөздерді  талдау.

Күтілетін  нәтижелер:

Пәндік  нәтиже:  Бауыржан  Жақыптың  «Қар»  өлеңінің  мағынасын  түсінуіне,  табиғаттың  керемет  тылсым  күшін,  қардың  әдемілігін  тануына  мүмкіндік  туғызу.

Жүйелі  іс –әрекет  нәтижесі:  сөздік  қорларын  молайту  арқылы  сөйлеу  тілдерін,  жазу  мәдениетін  дамыту.

Тұлғалық  нәтиже:  қысқы  табиғатты  тамашалау  арқылы  әр  жыл  мезгілінің  өзгешілігін  өзінше   бағалауға,  әсемдікті,  әдемілікті  түсінуге,  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:  балалар  қолымен  салынған  қар  түрлерінің  суреттері.   Қыс  келбетін  бейнелейтін  суреттер.  «Қыс  келбеті»  этюдінен  үзінді.  Карта,  глобус.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі.

I.  Қызығушылықты  ояту.

Жаңа  тарауды  айшықтайтын  «Қыс  келбеті»  этюдінен  үзінді  көру.

Қысқы  табиғаттың  керемет  көріністерінен  суреттер.  «Галереяға  саяхат»  әдісі  арқылы  оқушылардың  бейнелеу  өнері,  еңбек  сабақтарында  орындаған  жұмыстарынан  ұйымдастыруға  да  болады

 

 

 

                          Аяз  қысып,  өрнек  сызып,

                         Терезені  торлайды.

                          Қарға  омбығып,  бет  домбығып

                          Сырғып  жастар  ойнайды.

                          Кейде  ұшып,  кейде  ысқырып

                           Ұйтқып  боран  соғады.

                           Айтыңдаршы,  балалар,

                            Бұл  қай  кезде  болады?        (Қыс)

- Өлеңде  қыс  көрінісі  қалай  суреттеледі?

Жаңылтпашты  қайтала

                          Бұл  қар – сүр  қар

                          Сүр  қар – кір  қар

                         Үстінде  ойнама,

                          Үстіңді  былғар.

-  Жаңылтпаштан  қардың  қандай  түрлерін  білдің?

-  Тағы  қандай  қардың  түрлерін  білесің?

Қар  түрлерін  топтастыру.

II.  Мағынаны  тану.

 -  Енді  осы  қар  туралы  Бауыржан  Жақыптың  өлеңін  оқып,  «топтастыруымыздағы»  қар  түрлері  бар  ма  екен,  жоқ  болса,  тағы  да  қосып  жазалық.

  Өлеңді  шумақпен  оқушыларға  тізбектетіп  оқыту.

  Әр  шумақты  оқыған  оқушы  қандай  қар  түрі  суреттелгенін  айтады  және  өздері  құрастырған  «топтастыруға»  қосады  немесе  егер  бар  болса,  бояп  қояды.

 

               үлпек                  ақша                      күрті

 

қар                         

           үркек                                                      жұлдыз

 

                 мамық                 қасат               омбы

  - Қармен  ойналатын  ойын  түрлерін  ата.

  - Қар  барлық  елде  бар  ма?  Сен  сияқты  барлық  елдің  баласы  ойнай  ала  ма  екен?

  Картамен,  глобуспен  жұмыс.

    Сергіту  сәті  ретінде  төмендегі  өлең  жолдарының  ұйқасын  тауып,                               қимылынмен  көрсету.

О,  алақай,  ...,                    (балалар)

Жамылыпты  дала...!         (қар)

Бұрқыратып  ақ ... ,            (қарды)

Жегілейік  ... әр.                 (шанаға)

 

Зуыл  қағып  ... ,                 (шанамыз)

Тоғай  кетіп  ... ,                  (барамыз)

Үйге  отын  ... ,                    (тасимыз)

Күтіп  отыр ... ,                    (анамыз)

III   Ойтолғау. 

    «Қар»  өлеңіне  байланысты  дәптердегі  берілген  тапсырмаларды  орындау.

Тапсырмаларды  сабақтың  қажетті  кезеңдеріне  сай  таңдап  алу.

«Қызық  мәлімет»  айдарымен:  берілген  мәліметті магнитофоннан,  радиодан,  дыбыс  ұлғайтқыш  құралдардан,  т.б.  тыңдаса.

Қызық  мәлімет.

«Қыстың  көркі  -  қар»  демекші,  жер-дүниені  аппақ  мамыққа  орап  жатқан  қардың  да  өзіндік  әсемдіктері  бар,  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктері  жетерлік.

  Уилсон  Бертлей  деген  ғалым  XIX  ғасырда  46  жыл  бойы  «Фотомикрофик»  фотоаппараты  арқылы  қар  түйіршіктерін  түсіріпті,  артынан  «Қар  түйіршіктері»  атты  кітабын  жазған.  Ол  өзі  түсірген  5300  суреттің  ішінен  бір- біріне  ұқсайтын  екі  суреттің  кездеспегенін,  қардың  әр  түйіршігі  алты  бұрышты  болып  келетінін  таңғала  айтады.  Осы  алты  бұрышты  геометриялы  пішінде  болуында,  сондай – ақ  бір-біріне  ұқсамауында  Ұлы  Жаратушымыздың  құпиясы,  ғибраты  жатқан  тәрізді.  Алты  бұрышты  болуынан  оның  ғарыштың  шағын  пішінін  меңзеп  тұрғанын  түсінуге  болады.  Мұндай  алты  бұрыштар  тек  қарда  ғана  емес,  ара  ұяларында  да  кездеседі.  Ал  олар  қалай  пайда  болады,  бұл – әзірге  жұмбағы  көп  мәселе.

 -  Ендеше  болашақта  қар  ұлпасын,  болмаса  араның  ұясын  зерттеймін  десеңдер,  бұл  әлі  ешкімге  сырын  ашпаған  ғылым  екен.  Ойланыңдар!

 -  Қыстың  суығын  қалай  сезінесің?  Суреттеп  жаз.

  Оқушылардың  жұмысын  тыңдау  арқылы  сабақты  қорытындылау.

  Үй  жұмысы  ретінде  қар  түрлерінің  суретін  салып  келуді  беруге  болады.

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "2-сынып әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың  мақсаты:  өлеңді  оқу  кезіндегі  балалардың  сенімдерін  қоса  талдауға  мүмкіндік  беру.  Өлең  мазмұны  арқылы  таныс,  таныс  емес  сөздерді  талдау.

Күтілетін  нәтижелер:

Пәндік  нәтиже:  Бауыржан  Жақыптың  «Қар»  өлеңінің  мағынасын  түсінуіне,  табиғаттың  керемет  тылсым  күшін,  қардың  әдемілігін  тануына  мүмкіндік  туғызу.

Жүйелі  іс –әрекет  нәтижесі:  сөздік  қорларын  молайту  арқылы  сөйлеу  тілдерін,  жазу  мәдениетін  дамыту.

 

Тұлғалық  нәтиже:  қысқы  табиғатты  тамашалау  арқылы  әр  жыл  мезгілінің  өзгешілігін  өзінше   бағалауға,  әсемдікті,  әдемілікті  түсінуге,  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2015 2934
    • DOCX 31.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедиярова Шынар Жаксыкельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 28701
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 889 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 385 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 291 человек