Инфоурок Другое Рабочие программы« Инклюзивті оқыту» коучинг-сессиясы туралы есеп

« Инклюзивті оқыту» коучинг-сессиясы туралы есеп

Скачать материал

 

 

Менің  екінші  коучинг  сабағымның  тақырыбы « Инклюзивті  оқыту» болды. Бұл  коучинг  сабаққа он бес адам, сонымен бірге Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  тренері  Толықбаева  Ғалия  Нұрманқызы  және  мектеп директоры  Байтоқова  Гүлсая  Абилмажинқызы  қатысты.

Сабағыма  әртүрлі  әдістемелік  бірлестіктің  мұғалімдерін  қатыстырдым. Себебі  бұл  оқыту  тәсілінен   ұстаздардың  барлығының  алары  мол  және  біздің  мектебімізде  сөйлеу,  жүру  кемістіктері  бар  және S  тәрізді  омыртқасы  қисайып, ота  жасаудың  көмегімен  мектебімізде білім алып  жүрген  оқушылардың  бар екенін ескере  отырып,  сол  оқушылардың жан  күйзелістерін  сезініп  және өз  бірлестіктеріндегі  әріптестерін  де  хабардар  етсін  дедім.

 

Коучинг сабағының сипатамасы.

 

Мақсаты:  Инклюзивті оқыту туралы  мағлұмат беру. «Білім  баршаға» бағдарламасының  тиімділігін түсіндіру.

 Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:   Инклюзивті  оқытудың  қайырымдылық пен  адамгершіліктің  бастауы екендігін түсінеді. Болашақта білім беру мекемелерінің  инклюзивті оқытуға  бейімделе отырып,  қайтадан өзгерістер енгізу керек екендігіне  көз жеткізеді.

Ресурстар: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, үлестірме материалдар,  түрлі-түсті  борлар мен тұз.

         Сабағымның  басынды  мен  әріптестерімді  бес топқа  бөліп  алдым  және  оларға   еліміздегі    және  дүние жүзіндегі  инклюзивті   мектептерде  оқитын  балалар   туралы  бейнекөрсетілімді  көрсеттім. Сонымен  бірге  мағынасы  сын  тұрғысынан  бір-бірін  ашатын,  жырығы бар  құмыра туралы  бейнекөрсетілім  көрсеттім.

        Көрсетілім  барысында  мен  әріптестерімнің   көздерінен  өзгеріс пен  бұл  балалардың  өміріне  деген  аянышты  сезімдегі  күйлерін  байқадым. Осы көрсетілімнен кейін   әріптестеріме   коучинг сабақтың  тақырыбын  табуға  түрткі  жасадым.  Әріптестер  коучинг  сабақтың  тақырыбын  тауып, өз ойларын айтуға тырысты. Мен  оларға  топ  бойынша  осы көрсетілімдер  туралы  өз  жан  тебіреністерін  айтуға ,  ашық-жабық  сұрақтар  қоя  отырып  олардың бір-бірлерінің  ойларын  толықтыруларына  түрткі жасадым. Әріптестер  бұл  мүмкіндігі  шектеулі   балалардың  өмірлерінің  сондай аянышты  екендігін  және  мұндай  балаларды  қоғамнан  шеттетпей , оларға  демеу болып,  олардың да өмірден  өз  лаззаттарын  алуы керектігін айтты.

Сонымен   бірге  жырығы  бар құмыра  туралы бейнекөрсетілімнен осы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  сын тұрғысынан  баяндап  тұрғандығын және  балаларға  демеу жасайтын болсақ ,  олардан   тіпті  толыққанды балалардың  қолдарынан келмейтін  жетістіктерге   жететіндігін  баяндады. Себебі  олар  өмірдің  қадірін  бала  болса да біледі және  олардың  өмірге деген құштарлығы   өте  басым  екендігі туралы айтты.

  Осыдан  кейін мен   әріптестерге   сергіту   сәтін  жасаттым.  Олар  оң және сол  қолдарымен ,  мұрындарымен , аяқтарымен, тізелерімен, ауаға 1,2,3,4,5 сандарын  салды.

Сергіту сәтінен кейін мен олардан  осы  іс-әрекет кезінде қандай қиыншылықтарға тап болғандығын сұрағанымда олар   сол  жақ мүшелерімен жұмыс істеу қиын болғандығын айтты. Сол кезде мен  ашық сұрақтар қоя отырып оны  мүмкіндігі шектеулі  балалармен қалай байланыстыруға болатындығын сұрағанымда, математика пәнінің  мұғалімі   сол мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүру үшін қандай да бір жол табатындығын және олар аянбай  күресетіндігі туралы айтты. Ал химия пәні мұғалімі Қойбағарова Ғалия  сондай  өмірге үлкен қасірет арқалап  туылған балаларға,  толық қанды адамдардың көзқарастары  дұрыс болу керектігін айтты.

Келесі кезекте  мен  әріптестеріме  2030  жылы  Қазақстанда қандай мектептердің болғанын  қалайтындары туралы постер  қорғауға   түрткі жасадым.Он минуттан кейін  әр топ өз жұмыстарын қорғады. Бірінші топ  болашақ  мектептерде  инклюзивті  білім беру жүйесі болатындығы туралы, мектептің    бірнеше  кіретін  есіктері  болу керектігін,  ол  жерлерде  арнайы пандустар, көтергіш  құрылғылар, арнайы  сыныптар мен  демалатын орындар болатындығын, ол жерде  тек қана жүректері мейірімге толы  адамдар жұмыс істейтіндігін айтты. Екінші топтың  болашақ мектептерінде  түрлі үй жануарлары мен құстар болатындығын, себебі олар арқылы  балалар  емделетіндігін айтты. Үшінші  топтың  мектептері  қазақи нышандармен және қазақи  тәрбиемен  толықтырылды. Осылайша қалған екі топтың да мектептері  алдынғы ойларды  қайталап және  толықтырып отырды.

 

                                                       

Осыдан кейін мен әріптестердің  алдарына  тұз бен  әртүрлі борлар беріп оларды араластыруларын сұрадым және  сол боялған тұздарды бір құтыға алма кезек құя отырып ,әдемі  көздің  жауын алатын өрнек  пайды болғанын өздері де байқамай қалды. Және «Өмір  деген  шимайламай  сурет салу.» демекші келешекте  еліміздің  балалары  уайымсыз,  бірге осы өрнек сияқты бірінің кемістігін екіншісі байқатпай,   ынтымақта өмір сүрсе екен  дедім. Және солғын түстен көрі бояуы қанық түстер яғни   мүмкіншілігі  шектеулі балаларды жаратқан    аз   жаратса  екен деген тілекпен  аяқтадым.

Коучинг соңында  әр топ  басқа   топтарға екі жұлдыз, бір тілектерін берді және оларға   критериалды  бағалау парақтарын тараттым және олар өз ойларын ашып жазды. Кері байланыстарын смайлингтің  үстіне жабыстырып  жатты.

 

Сәтті  тұсы: Әріптестерді  сабаққа қызықтыра алдым және  олардың көбісінің жалпы балалардық барлығы  білім алуға құқылы деген  пікірдің түпкі мағынасын түсінді. Мектебіміздегі кейбір кемтар балаларға деген  мейірімдері оянып, оларға деген көзқарастары өзгерді. Осындай   оқу имандылық пен адамгершілікке бастайтын жол екендігін  ұғынды.

Коучинг кезіндегі кейбір элементтерді өз сабақтарына немесе сынып сабақтарына қолдануға болатындығын  білді. Жас мамандар мен  құзіреттілігі жоғары мұғалімдердің арасында  алтын көпір орнай бастады.Сабақ соңында Ғалия Нұрманқызының  сабақ туралы  пікірі  және  жоғарғы бағалағаны  менің өзіме  шабыт пен  өз ісіме деген құштарлығымды артты.

Сәтсіз  тұсы:   кейбір  әріптестердің  сөйлеу  мәдениетін  ұмытып , басқаның пікірін құрметтеуді  естен шығарып   жатқаны болды.

Кері  байланыс: Менің  өзім осы деңгейлік  оқуға барғанға дейін инклюзивті білім беруді  басқаша түсінетін едім.  Кейін оның негізгі  түп мақсатын білгеннен кейін, менің  ол туралы білім көкжиегім  кеңейіп, үйде оқытылатын  балаларға  деген  көзқарасым  өзгерді. Мектеп ауласында аяғын сылтып басып бара жатқан  әп-әдемі  оқушы қызбаланы алғаш көргенде еріксіз  қарап қалған едім. Сол кезде « Аллам ай,  осындай сүп –сүйкімді қыз балаға неге осындай қасірет  берген екенсің?» -деп  ішімнен  сұрақ қойып едім және сол кезде  сол қыз бала менің не ойлап бара жатқанымды сезгендей болды. Осы коучингтен кейін менің өзім сол  кезде қызбалаға  қарағаным дұрыс болмағанын сездім және кейін  мен оны мектеп ауласында көргенімде  оның қасына келіп «Сен  жақсы  балақайсың, сен  болашақта  барлығын  басып озасың!» - деп  басынан сипағанымды , жаңағы қыз бала қуанып сала берді.

Сонымен бірге  осыған дейін   біздің елімізде  мүмкіншілігі шектеулі балаларды  өте аз деп ойласам , кейін  осы тақырыпқа байланысты  мағлұматтар  жинау  барысында  елімізде  мүмкіншілігі  шектеулі балалар мен адамдардың өте көп екендігін  және 2020 жылға дейін елімізде 3030 инклюзивті мектеп салынатындығы туралы білдім. Қазірдің өзінде үйде  оқытылатын балаларға барып, тек қана  берілген уақытта ғана сабақ беріп, кетіп қалмай  өз уақытынан артық уақыт арасында білімдерін беріп, олармен сөйлесіп, мейірімділік танытатын ұстаздардың  көптеген сауапқа толы  іс-әрекеттер жасап жүргенін түсіндім.  Енді келешекте  осындай  мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналарымен сөйлесіп,  солардың пікірлері мен жан тербелістерін бейнекамераға  түсіріп, басқа да әріптестерге  көрсете отырып, осындай үйде отырған балаларды  мектепке тартуға  түрткі жасамақпын. Егер мектепте осындай мүмкіндігі шектеулі балаларды  тартатын болсақ, олар бір –бірін көре отырып осы дүниеде   өздеріндей балалардың   көп екендігін  көре отырып , осының барлығы қалыпты жағдай екендігін түсінген болар  еді.  Ал  толық қанды балалар  қасындағы  балаларды көре отырып,  барлықтан  асқақтамай тәубасына келіп, өмірдің мәнін түсінер еді және  өз-өздеріне қол жұмсау  жағдайлары  азаяр  еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен  осы  тақырыпта мектебіміздің басқа мұғалімдері мен  мүмкіншілігі шектеулі, үйде  оқытылатын  оқушылар мен олардың ата-аналарын  қатыстыра отырып, сол мұғалімдер мен сынып жетекшілердің сұранысы бойынша екінші рет  коучинг  сабақ өткіздім. Бұл сабағымда  бейнекөрсетілімді өзгерте отырып , яғни Қазақстандағы мүмкіншілігі шектеулі балалар туралы  мағлұмат беретін  бейнекөрсетілім көрсеттім. Қалған  сабақ  этаптары  алдынғы  сабақ этаптарындай болды.

Сәтті  тұсы:  Әріптестер  коучинг  сабаққа  белсене  қатысты.  Бұрын  мектепті көрмеген, үйден шыға алмайтын  балалар мектепті және партада отырудың  не  екенін  сезінді. Олардың  ата-аналары   жүректерінің түкпірінде жатқан   өздерінің  ащы  да  болса  шындық   сырларымен бөлісіп, оларды айналасындағы адамдардың  және мемлекетіміздің қолдауында екендігін ерекше  сезіммен айтты. Мектепке  және  мұғалімдерге деген  қөзқарастары  жоғары деңгейге көтерілді.  Мүмкіншілігі шектеулі  балаларды көре отырып, айналасындағы  адамдар  тәубаларына  келіп,  ерекше  сезімде  болды.

Сәтсіз  тұсы : Әрине бұны сәтсіз тұсым дей аламын ба білмеймін, ең алғаш  мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-аналары  көтеріп әкеліп партаға отырғызып жатқанды   оларға деген   аяушылығымды  сездіріп алдам.  Коучинг сабағымды бірнеше  минуттан кейін кешіріктіріп бастадым. Сонымен  бірге  сабаққа қатысып отырғын мұғалімдер мен  менің өзім  айтайын деп тұрған    кейбір  ойымды  мүмкіндігі шектеулі балалар мен  ата-аналардың  қас-қабағына қарап, толық айта алмадық.

 Кері  байланыс:  Бұрын  соңды  мүмкіншілігі шектеулі  балаларды сырттай  көріп жүргенмен,  осы  коучинг сабақ барысында  олардың  шынымен де  өмірге,  қоғамға және  өзі  сияқты  балалармен  араласуға, дос болуға  мұқтаж екендігін байқадым. Біздің  күнделікті  көзге  ілмейтін және  елемейтін   күйбең  тірлігіміздің   өзі  олар  үшін   армандарындығы  жаңа  әрі  қуанышқа  толы өмір екендігіне көзім жетті.

                                                          

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                    

 

 

 

                                                     

 

                                                

 

                                                           

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

                                                 

 

                                                  

 

 

                                                       

 

 

 

 

                                                     

 

 

 

                                                     

 

 

                                                   

 

 

                                                

 

 

 

                                                   

 

 

                                                         

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "« Инклюзивті оқыту» коучинг-сессиясы туралы есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Коучинг сабағының сипатамасы.

 

Мақсаты:  Инклюзивті оқыту туралы  мағлұмат беру. «Білім  баршаға» бағдарламасының  тиімділігін түсіндіру.

 Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:   Инклюзивті  оқытудың  қайырымдылық пен  адамгершіліктің  бастауы екендігін түсінеді. Болашақта білім беру мекемелерінің  инклюзивті оқытуға  бейімделе отырып,  қайтадан өзгерістер енгізу керек екендігіне  көз жеткізеді.

Ресурстар: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, үлестірме материалдар,  түрлі-түсті  борлар мен тұз.

         Сабағымның  басынды  мен  әріптестерімді  бес топқа  бөліп  алдым  және  оларға   еліміздегі    және  дүние жүзіндегі  инклюзивті   мектептерде  оқитын  балалар   туралы  бейнекөрсетілімді  көрсеттім. Сонымен  бірге  мағынасы  сын  тұрғысынан  бір-бірін  ашатын,  жырығы бар  құмыра туралы  бейнекөрсетілім  көрсеттім.

 

        Көрсетілім  барысында  мен  әріптестерімнің   көздерінен  өзгеріс пен  бұл  балалардың  өміріне  деген  аянышты  сезімдегі  күйлерін  байқадым. Осы көрсетілімнен кейін   әріптестеріме   коучинг сабақтың  тақырыбын  табуға  түрткі  жасадым.  Әріптестер  коучинг  сабақтың  тақырыбын  тауып, өз ойларын айтуға тырысты. Мен  оларға  топ  бойынша  осы көрсетілімдер  туралы  өз  жан  тебіреністерін  айтуға ,  ашық-жабық  сұрақтар  қоя  отырып  олардың бір-бірлерінің  ойларын  толықтыруларына  түрткі жасадым. Әріптестер  бұл  мүмкіндігі  шектеулі   балалардың  өмірлерінің  сондай аянышты  екендігін  және  мұндай  балаларды  қоғамнан  шеттетпей , оларға  демеу болып,  олардың да өмірден  өз  лаззаттарын  алуы керектігін айтты.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 2371
    • DOCX 19.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдыжамалова Кульмира Кемаловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10211
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 385 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 291 человек