Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Алгоритмдерді блок-схемалар түрінде және алгоритмдік тілде кескіндеу

Алгоритмдерді блок-схемалар түрінде және алгоритмдік тілде кескіндеу

библиотека
материалов

Мұнайлы ауданы

«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі: Аманжулова Акгул Жеткеншековна

Сынып

9

Сағат

1

Тақырып

Алгоритмдерді блок-схемалар түрінде және алгоритмдік тілде кескіндеу

Мақсаты

1. Алгоритмдік және программалық тілдер туралы ұғым қалыптастыру. Программалау мен компьютерде орындауға қатысты ұғымдар және терминдермен таныстыру;

2. Алгоритмнің жалпы түрін білу және есептің шарты бойынша алгоритмнің блок-схемасын құра білу, алг командалары мен түрлері туралы біліу, меншіктеу командасы ұғымын қалыптастыру;

Тәрбиелік

Компьютерде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс қабілетін дамыту.

Дамытушылық

Тақырып мазмұнын терең түсініп, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру.

Көрнекілік

Баспалық материалдар сызылған плакат. Блок-схемалардың анықтамалық плакаты. Тестілеу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультмедиалық-компьютерлік (CD) таратпа материалдар.

Әдіс-тәсіл:

Компьютерде практикалық жұмыс.

І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақ:

1. Алгоритмдік тіл.деп алгоритмді бірыңғай белгілермен ережелерді сақтай отырып жазу жүйесін айтады. Алгоритмді жазуда қолданылатын сөздер қызметші сөздер деп, ал математикалық таңбалар, цифрлар, әріптер жиыны алгоритм алфавиті деп аталады.

Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.

Программалық тіл – алгоритмді компьютерге түсінікті мәтін түрінде жазуға араналған жасанды тіл.

Мыс: Паскаль, Бейсик, СИ, Дельфи, Пролог...

Кодтар тілі – компьютердің машиналық тілі /мыс: 1000100010010 1011111100001 111100111/

Транслятор – программаны /алгоримтді/ машина тіліне түрлендіретін программа.

Мыс: программада - end

Транслятордан соң – 11100010 10001110 11000010

Транслятордың 3 түрі бар.

1. Интерпретатор - проргамманың әр жолын жеке аударып орындайды.

2. Компилятор – барлық проргамманы бірден аударып компьютер зердесіне модуль түрінде сақтайды. Ол модуль біздің қалауымыз бойынша (Ғ5 клавиші) орындалады.

3. Ассемблер – тек код түрінде яғни, ассемблер түрінде жазылған прог. ғана машина тіліне аударады.

2. Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.







алг алгоритм атауы

арг типтері көрсетілген айнымалылар

нәт типтері көрсетілген айнымалылар

басы

алгоритм командалары

...

соңы

Алгоритм тақырбы

Берлігендер жазылады


Есептің нәтижелерінің аттары жазылады

Алгоритмнің өз кезегімен орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін командалар тізбегін серия дейді. Бір команда бір жолға симаса келесі жолға жазыла береді, бір жолға бірнеше команда жазғанда арасын ; -таңбасымен бөліп көрсету керек.


3. Меншіктеу командасы.

Жазылу түрі: айнымалы := өрнек

Мысалы: y:=5 « у айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.

Бастапқы мәндері X:=7; Y:=0 болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?

R:=X; X:=Y; Y:=R;

ЖАУАП: X=0 және Y=7 болады. Яғни, х пен у айнымалылары мәндерін алмастырды.











ІІІ. Сабақты бекіту :

1 (методика 9 бет)

алг есеп01;

арг а1,в1,а, в: нақты;

нәт у: нақты;

басы

а1:=а-в; в1:=а+в;

у:=а1*в1;

соңы

hello_html_17d3b91.gif




ІV.Cынып жұмысы

Оқулықтан 21 бет №1, 2, 3 тапсырмалардың алгоритмін БС түрінде жазу

15-ши ойынының жеңу стратегиясын табу және оны алгоритмдік тілде жазу.


V.Үй жұмысы :

Оқу: лекция бойынша, оқулықтан 16 беттен. 1,6-1,7 21 бет. Алгебра есептеріне БС жазып келу.

VІ.Сабақты бағалау

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау






Мұнайлы ауданы

«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі: Аманжулова Акгул Жеткеншековна


Сынып

9

Пән

Информатика

Тақырып

Практикалық жұмыс



Мақсаты

Оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Тәрбиелік

Компьютерде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс қабілетін дамыту.

Дамытушылық

Тақырып мазмұнын терең түсініп, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру.

Көрнекілік

Баспалық материалдар сызылған плакат. Блок-схемалардың анықтамалық плакаты. Тестілу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультимедиалық-компьютерлік (CD) таратпа материялдар.

Әдіс-тәсіл:

Компьютерде практикалық жұмыс.

І. Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақ: Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.

1. тақырып


program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі


Var типтері көрсетілген айнымалылар;



begin

3. операторлар бөлімі


Операторлар;



end.



var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.

Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.


ІІІ. Сабақты бекіту :



Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз. Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:





Математикалық моделі

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

write(‘көбейтінді = ‘,z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.






ІV.Cынып жұмысы

Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:

Тапсырма:

1 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп.

2 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп.

3 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.

V.Үй жұмысы:

1. Жоғарыдағы программаны екі санға барлық арифметикалық амалдарды қолданып, нәтижелерін экранға шығаратындай етіп өзгертіңіз.2. §3.1, §2.2 оқу.

VІ.Сабақты бағалау

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Мақсаты

1. Алгоритмдік және программалық тілдер туралы ұғым қалыптастыру. Программалау мен компьютерде орындауға қатысты ұғымдар және терминдермен таныстыру;

2. Алгоритмнің жалпы түрін білу және есептің шарты бойынша алгоритмнің блок-схемасын құра білу, алг командалары мен түрлері туралы біліу, меншіктеу командасы ұғымын қалыптастыру;

Тәрбиелік

Компьютерде  қауіпсіздік  ережелерін  сақтай  отырып,  жұмыс  қабілетін дамыту.

Дамытушылық

Тақырып  мазмұнын  терең  түсініп,  тәжірибе  жүзінде  жүзеге  асыру.

Көрнекілік

Баспалық  материалдар сызылған плакат. Блок-схемалардың анықтамалық плакаты. Тестілеу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультмедиалық-компьютерлік (CD) таратпа материалдар.

Әдіс-тәсіл:

Компьютерде  практикалық жұмыс.

І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

      3.   Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақ:

1. Алгоритмдік тіл.деп алгоритмді бірыңғай белгілермен ережелерді сақтай отырып жазу жүйесін айтады. Алгоритмді жазуда қолданылатын сөздер қызметші сөздер деп, ал математикалық таңбалар, цифрлар, әріптер жиыны алгоритм алфавиті деп аталады.

Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.

Программалық тіл – алгоритмді компьютерге түсінікті мәтін түрінде жазуға араналған жасанды тіл.

Мыс: Паскаль, Бейсик, СИ, Дельфи, Пролог...

Кодтар тілі – компьютердің машиналық тілі /мыс: 1000100010010 1011111100001 111100111/

Транслятор – программаны /алгоримтді/  машина тіліне түрлендіретін программа.

Мыс: программада -   end

Транслятордан соң –  11100010 10001110 11000010

Транслятордың 3 түрі бар.

1.  Интерпретатор  -  проргамманың әр жолын жеке аударып орындайды.

2.  Компилятор – барлық проргамманы бірден аударып компьютер зердесіне модуль түрінде сақтайды. Ол модуль біздің қалауымыз бойынша (Ғ5 клавиші) орындалады.

 3. Ассемблер – тек код түрінде яғни, ассемблер түрінде жазылған прог. ғана машина тіліне аударады.

2. Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

 

 

 

 

 

 

алг  алгоритм атауы

 арг  типтері көрсетілген айнымалылар

 нәт  типтері көрсетілген айнымалылар

басы

   алгоритм командалары

...

соңы

Алгоритм тақырбы

Берлігендер жазылады

 

Есептің нәтижелерінің аттары жазылады

Алгоритмнің өз кезегімен орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін командалар тізбегін серия дейді. Бір команда бір жолға симаса келесі жолға жазыла береді, бір жолға бірнеше команда жазғанда арасын ; -таңбасымен бөліп көрсету керек.

 

3. Меншіктеу командасы.

Жазылу түрі:   айнымалы := өрнек

Мысалы:  y:=5      « у  айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.

Бастапқы мәндері  X:=7;   Y:=0   болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?

R:=X;    X:=Y;    Y:=R;

ЖАУАП:  X=0 және Y=7 болады. Яғни, х пен у айнымалылары мәндерін алмастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Сабақты бекіту :

№1 (методика 9 бет)

алг есеп01;

   арг а1,в1,а, в: нақты;

   нәт у: нақты;

басы

   а1:=а-в;  в1:=а+в;

   у:=а1*в1;

соңы

 

 

 

ІV.Cынып жұмысы

Оқулықтан 21 бет №1, 2, 3 тапсырмалардың алгоритмін БС түрінде жазу

15-ши ойынының жеңу стратегиясын табу және оны алгоритмдік тілде жазу.

 

V.Үй жұмысы :

Оқу: лекция бойынша, оқулықтан 16 беттен. 1,6-1,7 21 бет. Алгебра есептеріне БС жазып келу.

VІ.Сабақты бағалау

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау

 

Общая информация

Номер материала: 396043

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG