Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ашық сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті

Ашық сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті.

Мақсаты:Ата-аналар мен оқушылардың нашақорлық жөніндегі түсінігін тереңдету.ЖҚТҚ - ауруына түсінік беру.Тәуелділікке қарсы ұстанымдарын қалыптастыру.

Сабақ түрі: пікірталас

Сабақ барысы:

Жаттығу: Пікірталасқа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады.

Ой шабуылы: Алкоголь дегеніміз не?

Нашақорлық деген не?

ЖҚТҚ- деген не ?

Мұғалім сөзі:

ЖҚТҚ –жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері .Оны жұқтырған адам қорғаныш жүйесін зақымдайды , біртіндеп оның басқа жұқпалы аурудан қорғану қабілетін әлсіретеді. АҚТҚ- адамның қорғаныс тапшылық қоздырғышы.Әркім АҚТҚ – жұқтырып алуы мүмкін . Медициналық құралдарды дұрсы өңделмеген жағдайда да жұғу қаупі жоғары. Бұлардың бәрі ауруды жұқтыру қаупін жоғарлатады.Адам АҚТҚ – жұқтырғанын қалай біледі.Осы ауруды жұқтырған адамдардың сыртқы белгілеріне қарай басқа адамдардан айырмашылығы жоқ. АҚТҚ – жұқтырғанын арнайы тексеруден , лабораторияда ғана анықтайды.Бірақ қоздырғышты адам ағзасында бар екенін вирустар емес , оған қарсы түзілген антиденелер арқылы анықтауға болады.АҚТҚ – жұқтырған адамдар бастапқы кезде жұмысқа қабілеттілігі сақталған күйде болады. Біраз уақыт өткенінен кейін олар жиі ауыра бастайды.Ұзақ уақыт дене қалтырап , іші өтіп , лимфа түйіндері үлкейіп , теріс көмекейі , өкпесі қабынады.Емдегенге дейін де бұл ауру қайта басталады.Одан кейін ЖҚТҚ – дамиды. Бұл кезде өлімнен бас тарту мүмкін емес.

1-бөлім. Ата- аналарға арналған сұрақтар

1.Балаңыз өзінің ортасы , достары жайлы айта ма?

2.Балаларға есірткі жайлы айтуға бола ма?

3.Есірткі қолданудың сыртқы көріністерін білесіздер ме?

4.ЖҚТҚ – ауруы жайлы не білесіздер?

5.Ғасыр індеті дегенді қалай түсінесіздер?

6.ЖҚТҚ – қалай жұғады?

Мұғалім сөзі:

Соңғы жылдары дүние жүзінде , сонымен қатар Қазақстанда да әртүрлі есірткілік әртүрлі есірткілік заттарды қолданатын адамдар күннен күнге артып келеді. Нашақорлықтың қарқынды өсуінің бірден –бір себебі – есірткіні қолданғаннан кейін адамның ағзасы мен психикасы тәуелді болуы.Соңғы бес жылда есірткіні қолдану 1000/0 өсті.Нашақордың есірткіні қолдана бастағаннан кейінгі өмірінің өзақтығы орта есеппен қарағанда 7 жыл.Биылғы жылдың өзінде жыл басынан АҚТҚ\ЖҚТҚ ауруына шалдыққан адамдар саны 30 пайызға өсті.

2- бөлім.Оқушылар көрінісі.

1-көрініс

2- оқушы шығады,бір оқушы орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетеді

Бұл отырған шылымқор Сорады кеп шылымды ол

Қанша айтсаңда алмайды Тартпа деген тіліңді ол

Қой десең де қоймайды Көк түтінге тоймайды

Сора-сора уыты, өн бойынды жайлайды

Кірпік әсте қақпайды Жөтел қысып жатпайды

Бірақ шылым сорғанда Аузы тыныш таппайды

Шылымсыз тек жүрмейді Жоқ боп қалса тілдейді

Бірақ оның зиянын , білсе дағы білмейді.

2-көрініс

Арақ пен шылымның , салауаттылар айтысы.

Темекі:

Уа, сылдыр сұйық арақ Көрдің бе , сен осы

Адамзаттың бір қажетіне жарап Не болмайсың жарап

Не болмайсың тамақ Не жүрмейсің қарап

Ішке түсіп алып Өкпе , бауырды күйдіресің

Әрі беріден соң Жұдырықты түйдіресің

Айналаны қиратып , бәрін бүлдіресің

Жақыныңды алыс қылып, ақшаны сорып

Семьяның шырқын бұзасың

Арақ:

Ой темекі қарағым, әрі арзан , әрі қоқыс

Сен бықсыған түтінсің, адамды көксау қылып

Өкпені қарайтасың, сонымен тұрмай, мынау ағаңа

Ақылды сен айтасың

Ал мына мен мөлдір тазамын

Тамаққа тәбетін ашып, басын жазамын

Тұмау тиіп түшкірсе, аяқ –қолды үсірсе

100 грамм тастап алады, содан соң , әнге салады

Сен досым көп сөкпе , болмасын бір-бірімізге өкпе

Одан да екеуміз ақылға келейік, біріміз көзін алартып

Біріміз өкпе өарайтып, адамзатты тақымдай берейік

Сауаттылар:1-оқушы

Есірткі жайлы шындық

Есірткі тартып сорлаған, өз тәнін сатып қорлаған

Тірлікте жолы болмаған, сиқырлы сөзді бойлаған

Уыты бойды жайлаған, өлімге сені сыйлаған

Келмеске мүлде айдаған , қаша алмай төнген сұмдықтан

Өзіне-өзі қол сұққан, айырар жан жоқ қорлықтан

Көкнәрге әбден құныққан, Шыңғырып айтып шындықты

Есірткі жайлы шындықты , ендігі сөз сендерге

Кеселді мұндай кім ұқты

2-оқушы

Шылым жайлы шындық

Шылым шексең, шіриді өкпең

Денең уланып, аузың суланып

Бармағың сарғайып, жүзіңнен нәр тайып

Кетесің қартайып

Сөздің қысқасы, әрі нұсқасы

Қыймасаң шыным , түбіңе жетер шылым

3-оқушы

Арақ жайлы шындық

Әуес болма араққа , даусы гүрілдеп

Сөйлейді дірілдеп

Иығы салбырап, қолдары қалтырап

Шаштары жалбырап, мұндайды көріп

Қашпайма ұйқың, құрысын көзден

Маскүнем сиқын

Құмар болмай араққа, аулақ жүрсең болмай ма

Көшеде жатып мас болған, адамды ҚҰДАЙ оңдай ма

Жуыма ащы араққа , жаныңда салар тозаққа

Жолама балам ондайға.

3-бөлім. Ата-аналарға сұрақ- жауап жүргізу. Аңыз және шындық

1.Анағұлым жиі қолданатын есірткі-марихуанна-А.

2.Егер ішіп алса , адамдардың көңілі көтеріледі-А.

3.Аяғы ауыр әйел ішімдік ішсе, есірткі қолданса , оның құрсағындағы баласына әсер етеді-Ш.

4.Қыста 1 рөмке спирт бойыңды жылытады-А.

5.ЖҚТҚ- қол алысу, құшақтасу кезінде жұқпайды-Ш.

6.ЖҚТҚ – ауырғандардан жазылғандар бар-А.

7.АҚТҚ – емдейтін дәрі табылған жоқ-Ш.

8. Әр минут сайын әлемде 10 адам АҚТҚ – ны жұқтырады-Ш.

9.ЖҚТҚ – қауіпті емес, жұқпалы емес-А.

10.ЖҚТҚ - күрт өсуде-Ш.

4-бөлім.Нашақорлық күнделігінен үзінділер.

5-бөлім.Топтық жұмыс.Ата-аналардың көзқарастарын анықтау.Тест ұсыну.

6-бөлім.Проблемалық жағдай туғызып , мәселені талдау.

«Сіздің балаңыздың досы нашақор немесе ЖҚТҚ жұқтырған»

1-топ 9-сынып ата-аналары «Дос болуға тыйым салу керек» деген ұстанымды қорғайды.

2-топ 10-сынып ата-аналары «Дос болуға тыйым салудың керегі жоқ, керісінше жағдайды қадағалай отырып ол баланың дерттен арылуына жағдай жасау»деген ұстанымды қорғайды.

3-топ 11-сынып ата-аналары «Не өз балаңды , не нашақорды қамау , шектеу керек »

деген ұстанымды қорғайды.Әр топ мәселені 10 минутта өздерінің ескертулерімен ұсыныстарын айтады.

Талқылап, нақты шешім қабылдап болған соң ата-аналарға «Жасөспірімнің есірткі қабылдануына ЖҚТҚ неАҚТҚ дан сақ болуына қалай қарау керек» жаднамасын әр ата-аналарға ұсыну.

Құрметті ата-аналар қатысқандарыңызға көп-көп рахмет

Ата-аналардың көзқарастарын анықтау.

Сұрақтар

Келісемін

Келіспеймін

Жауап беруге қиналам

1

Өз баламды зиянды әдеттер мәселесін мұғалімге тапсырғаннан гөрі өзім сөйлесер едім

2

Менің ойымша , орта мектеп бағдарламасында есірткі жайлы ақпарат кірмеу керек

3

Мен зиянды әдеттер жайлы мәліметтердің баланың өз денсаулығына қатысты жауапты да нақты шешім қабылдауына дұрыс ықпалын тигізеді деп сенемін.

4

Балаларға білім берудің бастапқы кезінде әдеттер жайлыхабардар ету оларды келешекте жауапты болуға үйретеді.

5

Зиянды әдеттер жайлы мұғалім айтып , түсіндіретін болса , балалар оған анағұлым жауапты қарар еді.

6

Зиянды заттар жайлы бағдарламаға құрдастар арасындағы қарым-қатынас , олардың нашақорлыққа деген көзқарасқа кіру керек

7

Балалар есірткілік заттардың адам ағзасының қандай мүшелеріне әсер ететіні жайлы нақты білулері керек.

8

Есірткіге тәуелді адамдардың құлықтарының кейбір жақтарын мектепте айтудың керек емес екендігіне көзім жетті.

9

Жастар есірткінің зияндылығы жайлы біз оқыған кезде берілетін мәліметтерге қарағанда , анағүрлым терең білулері керек.

10

Есірткінің зияны туралы әңгіме отбасында қозғалуы керек.

Отбасымдағы бала саны -----------------------------------------------------------------------

Олардың жасы--------------------------------------------------------------------------------------------

Жаднама

Есірткінің , спирттік жайлы ішімдікке және темекіні қолданудың зияндылығы жайлы мәліметті мүнкіндігінше көбірек жинаңыз.Өз балаңыздың есірткінің қабылдауына жол бермеймін деген ұстанымға берік болыңыз. Бұл ойыңызды қашанда басқаларға жеткізіп отырыңыз.Өзіңіздің «Есірткіге , алкогольге , ,темекіге жол жоқ » деген ұстанымызды бекіту үшін , нақты да берік құлық нормалары мен ережелерін ұстанып , олардың қатал сақталуын қадағалаңыз.Есірткі , алкоголь және темекіні қолданудың алғы шарты мен белгілері жайлы барынша хабардар болуға тырысып , өз балаңызды мұқият бақылап жүріңіз.Олардың сізді алдауына жол бермеңіз.

Егер балаңыздың анда –санда спирттік ішімдік ішіп тұрғанын байқасаңыз , көрмегендей , еш нәрсе болмағандай болып жүрмеңіз.Жағдайды тереңірек зерттеңіз.Балаңыздың артынан мұқият қараңыз. Күмәнді әрекеттерінің қашан , қай күні , қай жерде болғандығын жазып отырыңыз.Әлемде 15-24 жас аралығында 12 миллион жастар: 7,3 миллион жас әйелдер және 4,5 миллион жас ерлер АҚТҚ жұқтырған болып саналады.Әр минут сайын әлемде 10 адам АҚТҚ – ын жұқтырады.Ертең олардың ішінде сіздің ағаңыз , қарындасыңыз , досыңыз , немесе жақсы көретін адамыңыз да болуы мүмкін.Әркім өзін және басқаларыды АҚТҚ- нан қорғай білуі керек. АҚТҚ ын емдейтін дәрі табылған жоқ.

АҚТҚ қалай жұғады:

  • Біреумен бірігіп шприц, ине пайдаланғанда,

  • АҚТҚ жұқтырған қан тапсырушының қанын құйғанда , оның ұлпаларын және ішкі ағзаларын тасымалдағанда , өңделмеген мединалық құралдарды пайдаланда,

  • Өңделмеген инструменттермен сырға салу, денеге сурет салу кезінде,

  • АҚТҚ жұқтырған адаммен мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түскен кезде,

  • АҚТҚ жұқтырған анадан балаға жүктілік , босану және емізу кезінде,

  • АҚТҚ жұқпайды:

- Қол алысу және құшақтасу кезінде,

- Тамақ , ыдыс , дәретханаға арқылы,

- Төсек орын құралдары арқылы,

-Ақша және тиын арқылы,

- Су , ауа , ойыншық , мектеп құралдары арқылы,

- Есік және көлік тұтқалары арқылы,

- Жәндік шаққанда,

- Әшейін сүйіскенде ,

- монша , сауна бассейнде,

Нашақорлар күнделігінен үзінді.

Бала кезінен бастап ол ине салдырудан қатты қорқатын. Ол тіпті иненің өзін көргенде байбалам салатын . Бәрі де өз орнында . дұрыс өтіп жатты.

Екі жыл бұрын ол қыз бір жігітпен танысады.Ол жігіт қызға есірткінің дәмін татуға береді.Бұл есірткі бір жас баланың ойлап тапқан рецепті бойынша үйде дайындалған героиннен болатын . Шешесі қызының көпке дейін өзін – өзі егіп жүргеніне сенгісі келмеді. Себебі ол жас кезінен ине салдырудан қорқатын.

Қызбен кездесу вокзалдағы өзін-өзі қызмет ететін мейрамханада өтті Бұл жер көптен бері героин сататын және нашақорлардың отыратын орнына айналған.Столда орындар жетіспейді.Осы жерде отырған нашақорлардың түрлері , бет әл-әлпеттері жас өспірімдердікі , көзқарастары қарттардікі.Олар күн сайын «товар» сатып алатын аөшасы олардың денсаулығын емдейтін дәрігердің айына алатын жалақысымен пара-пар.

-Вика, сенің достарың барма?

- Менің еш нәрсеге де уақытым жоқ : күні бойы ақша және героин іздеумен жүремін. Егер таңертеңгі және кешкі асқа дейін 18 кубигім болмаса . адам төзгісіз ауру басталады. Мұндай жағдайда достарға уақыт жоқ .Оларда менен теріс айналған.Ескі таныстарым менен бұрылып кетті.Міне , осы секілді нашақорлар қоғамы қалады.

-Героинді , шөлмекпен бірге сата ма?

-Біз делдалға өз шприціміз бен инемізді береміз. Ол көбірек ақша түскен соң кетеді.

-Өз шприціңді қайтарғанға кім кепіл береді?

-Ешқандай кепіл жоқ. Қандай да болса ауру жұқтыруым мүмкін Тіпті ЖҚТҚ-ны да

- Сен өз шприціңді тазартасың ба?

-Алғашқыда тазартқанмын кәзір тазартпаймын , бәрібір өлемін

Қыздан жауап алу қиындап кетті.

Біздің соңғы сұрағымызға сен біреуді жақсы көресің бе ? деген сұрағымызға былай деп жауап қатты

-Мен аш кезімде тек героинді ғана жақсы көремін деп жауап берді.

Мама мен нашақормын

Осындай қасірет туралы естігенде , оның саған еш қатысы болмайтындығы туралы ойлайсыз. Өз балаңның дұрыс ойына , өзің берген тәрбиеге сенімдісің. Өкінішке орай , үмітің жиі ақталмай қалады.Жақында біздің редакциямызға келген жас ана осы күнге дейін өзінің 13 жасар ұлының героинді иіскейтініне сенгісі де келмейді:

Менің ерім әскери адам. Біз үнемі бір жерден келесі бір жерге көшіп – қонып жүрдік. Балам нәзік болып туылды, жиі ауыратын, кейіннен дәрігерлер оның ентікпесң бар екенін айтты.Маған жұмысымды тастап, оны күтуіме тура келді. Жас кезінен бастап оны барлық жағынан қорғаштап отырдық.Сөйтіп ұлым мектепке кеш барды. Дегенмен , мектепте жақсы оқыды , мектеп оған ұнады, көптеген достар тапты.Бірақ соңғы кезде күрт өзгерді.Ашушаң, тұйық бола бастады.Кейінірек мұғалімдер шағымдана басталды.Ол темекі шегіп, ішімдік іше бастады.Бірде үйге мүлдем ес-түссіз мас болып келді.Өзімде түсіне алмадым.Ол мектептен кеш әрі көңілді болып оралды. Бүгін мектепте өзіңді қалай ұстадың десең? Ол бәрін күлдіргенін , соңынан ұйықтап қалғанын айтты.Басы ауыратын айтты.Оған мұқият, зер сала отырып, жаман ойдан қашқақтай бердім.Мүмкін емес менің жалғыз ұлымның нашақор болуы.Құпия телефон шалу басталды.Үйде ақша , бағалы заттар жоғала бастады.Еріме өзімнің сезіктенен бастағанымды айтып бердім Ақылдасып едім.Ол жақсылап тұрып ұру керек деді, де ұрды.Балам үйден қашып кетуді шығарды.Күнде айқай , шу , ұрып-соғу басталды.Мен ұлыммен осы тақырыпта бірнеше рет сөйлестім.Алғашында еркінен айрылғанын түсіндірдім.Тастауға келісті Бірақ........

Жақында мен оның жылдан аса героин шегетінін білдім.Ұлым маған қыздарды есірткі шегуге қалай итермелейтінін айтып берді.Кейбір балалар есірткінің ақшасын төлеу үшін өздерін сатады екен.Анаша тартқаннан соң адам әлсіреп тамақ ішкісі келсе, героиннен ада м ашушаң болып өзін-өзіне қол жұмсау жиілейді екен .Ұлымның ойы көшеге қашу .Жазғы демалыста мен ауылға әжесіне жібердім.Ол жақта қлым газбен тұншыққысы келіп, суға батқысы келіп аласұрған.Онда «сыну» басталса керек.Осыны естіген күйеуңм ұлды өлтіре сабады.

Біздің үйіміз тура тозаққа айналды.Әкесі мен баласы бір-бірне қас жау.Мен кәзір әр баланың есірткінің құрбаны немесе оны таратушы деп қараймын.Бұл-індет.Барлық балаларды құру үшін соғыстың керегі жоқ.

Сондықтан барлықтырыңызға бағалы кеңес : өз балаларыңызды өздерініңіз қорғаңыздар.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG

Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті.

Мақсаты:Ата-аналар мен  оқушылардың нашақорлық жөніндегі түсінігін   тереңдету.ЖҚТҚ -  ауруына түсінік беру.Тәуелділікке қарсы ұстанымдарын  қалыптастыру.

Сабақ түрі: пікірталас

Сабақ барысы:

Жаттығу: Пікірталасқа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады.

Ой шабуылы:  Алкоголь дегеніміз не?

                          Нашақорлық деген не?

                          ЖҚТҚ- деген не ?

 Мұғалім сөзі:

ЖҚТҚ –жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері .Оны жұқтырған адам  қорғаныш жүйесін зақымдайды ,  біртіндеп оның басқа жұқпалы  аурудан қорғану қабілетін  әлсіретеді. АҚТҚ- адамның қорғаныс тапшылық қоздырғышы.Әркім АҚТҚ – жұқтырып алуы мүмкін . Медициналық құралдарды дұрсы өңделмеген жағдайда  да жұғу қаупі жоғары. Бұлардың бәрі ауруды жұқтыру қаупін жоғарлатады.Адам АҚТҚ – жұқтырғанын қалай біледі.Осы ауруды  жұқтырған адамдардың  сыртқы белгілеріне қарай  басқа адамдардан айырмашылығы жоқ. АҚТҚ – жұқтырғанын арнайы тексеруден , лабораторияда ғана анықтайды.Бірақ қоздырғышты адам ағзасында  бар екенін вирустар емес , оған қарсы түзілген антиденелер арқылы анықтауға болады.АҚТҚ – жұқтырған адамдар бастапқы кезде  жұмысқа қабілеттілігі  сақталған күйде болады. Біраз уақыт өткенінен кейін олар жиі ауыра бастайды.Ұзақ уақыт дене қалтырап , іші өтіп , лимфа түйіндері үлкейіп , теріс көмекейі , өкпесі қабынады.Емдегенге дейін де бұл ауру қайта басталады.Одан кейін ЖҚТҚ – дамиды. Бұл кезде өлімнен бас тарту мүмкін емес.

1-бөлім. Ата- аналарға арналған сұрақтар

1.Балаңыз өзінің ортасы , достары жайлы айта ма?

2.Балаларға есірткі  жайлы  айтуға бола ма?

3.Есірткі қолданудың сыртқы көріністерін білесіздер ме?

4.ЖҚТҚ – ауруы жайлы не білесіздер?

5.Ғасыр індеті дегенді қалай түсінесіздер?

6.ЖҚТҚ – қалай жұғады?

Мұғалім сөзі:

Соңғы жылдары дүние жүзінде , сонымен қатар Қазақстанда  да әртүрлі есірткілік әртүрлі есірткілік  заттарды қолданатын адамдар күннен күнге артып      келеді. Нашақорлықтың қарқынды өсуінің бірден –бір себебі – есірткіні қолданғаннан  кейін адамның ағзасы мен психикасы тәуелді болуы.Соңғы бес жылда есірткіні қолдану 1000/0 өсті.Нашақордың есірткіні қолдана бастағаннан кейінгі өмірінің өзақтығы орта есеппен қарағанда 7 жыл.Биылғы жылдың өзінде жыл басынан АҚТҚ\ЖҚТҚ ауруына шалдыққан  адамдар саны 30 пайызға өсті.

2- бөлім.Оқушылар көрінісі.

1-көрініс

2- оқушы шығады,бір оқушы орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетеді

Бұл отырған шылымқор    Сорады кеп шылымды ол

Қанша айтсаңда алмайды   Тартпа деген тіліңді ол

Қой десең де қоймайды  Көк түтінге тоймайды

Сора-сора уыты, өн бойынды жайлайды

Кірпік әсте қақпайды   Жөтел қысып  жатпайды

Бірақ шылым сорғанда   Аузы тыныш таппайды

Шылымсыз тек жүрмейді   Жоқ боп қалса тілдейді

Бірақ оның зиянын ,  білсе дағы білмейді.

2-көрініс

Арақ пен шылымның , салауаттылар айтысы.

  Темекі:

Уа, сылдыр сұйық арақ  Көрдің бе , сен осы

Адамзаттың бір қажетіне жарап    Не болмайсың жарап

Не болмайсың тамақ   Не жүрмейсің қарап

Ішке түсіп алып    Өкпе , бауырды күйдіресің

Әрі беріден соң    Жұдырықты түйдіресің

Айналаны қиратып  ,   бәрін бүлдіресің

Жақыныңды алыс қылып, ақшаны сорып

Семьяның шырқын бұзасың

Арақ:

Ой темекі қарағым, әрі арзан , әрі қоқыс

Сен бықсыған түтінсің, адамды көксау қылып

Өкпені қарайтасың, сонымен тұрмай, мынау ағаңа

Ақылды сен айтасың

Ал  мына мен мөлдір  тазамын

Тамаққа тәбетін ашып, басын жазамын

Тұмау тиіп түшкірсе, аяқ –қолды үсірсе

100 грамм тастап алады, содан соң , әнге салады

Сен досым көп сөкпе , болмасын бір-бірімізге өкпе

Одан да екеуміз ақылға келейік, біріміз көзін алартып

Біріміз өкпе өарайтып, адамзатты тақымдай берейік

Сауаттылар:1-оқушы

Есірткі жайлы шындық

Есірткі тартып сорлаған, өз тәнін сатып қорлаған

Тірлікте жолы болмаған, сиқырлы сөзді бойлаған

Уыты бойды жайлаған, өлімге сені сыйлаған

Келмеске мүлде айдаған , қаша алмай төнген сұмдықтан

Өзіне-өзі қол сұққан, айырар жан жоқ қорлықтан

Көкнәрге әбден құныққан, Шыңғырып айтып шындықты

Есірткі жайлы шындықты , ендігі сөз сендерге

 Кеселді мұндай кім ұқты

2-оқушы

Шылым жайлы шындық

Шылым шексең, шіриді өкпең

Денең уланып, аузың суланып

Бармағың сарғайып, жүзіңнен нәр тайып

Кетесің  қартайып

Сөздің қысқасы, әрі нұсқасы

Қыймасаң шыным , түбіңе жетер шылым

3-оқушы

Арақ жайлы шындық

Әуес болма араққа , даусы гүрілдеп

Сөйлейді дірілдеп

Иығы салбырап, қолдары қалтырап

Шаштары жалбырап, мұндайды көріп

Қашпайма ұйқың, құрысын көзден

Маскүнем сиқын

Құмар болмай араққа, аулақ жүрсең болмай ма

Көшеде жатып мас болған, адамды ҚҰДАЙ оңдай ма

Жуыма ащы араққа , жаныңда салар тозаққа

Жолама балам ондайға.

3-бөлім. Ата-аналарға  сұрақ- жауап жүргізу. Аңыз және  шындық

1.Анағұлым жиі қолданатын есірткі-марихуанна-А.

2.Егер ішіп алса , адамдардың көңілі көтеріледі-А.

3.Аяғы ауыр әйел ішімдік ішсе, есірткі қолданса , оның құрсағындағы баласына әсер етеді-Ш.

4.Қыста 1 рөмке спирт бойыңды жылытады-А.

5.ЖҚТҚ- қол алысу, құшақтасу кезінде жұқпайды-Ш.

6.ЖҚТҚ – ауырғандардан жазылғандар бар-А.

7.АҚТҚ – емдейтін дәрі табылған жоқ-Ш.

8. Әр минут сайын әлемде 10 адам АҚТҚ – ны жұқтырады-Ш.

9.ЖҚТҚ – қауіпті емес, жұқпалы емес-А.

10.ЖҚТҚ -  күрт өсуде-Ш.

 4-бөлім.Нашақорлық күнделігінен үзінділер.

5-бөлім.Топтық жұмыс.Ата-аналардың көзқарастарын анықтау.Тест ұсыну.

6-бөлім.Проблемалық жағдай туғызып , мәселені талдау.

«Сіздің балаңыздың досы  нашақор немесе ЖҚТҚ жұқтырған»

1-топ   9-сынып ата-аналары «Дос болуға тыйым салу керек» деген ұстанымды қорғайды.

2-топ 10-сынып ата-аналары  «Дос болуға тыйым салудың керегі жоқ, керісінше  жағдайды  қадағалай отырып ол баланың дерттен арылуына жағдай жасау»деген ұстанымды  қорғайды.

3-топ 11-сынып ата-аналары «Не өз балаңды , не нашақорды қамау , шектеу керек »

 деген ұстанымды қорғайды.Әр топ мәселені  10 минутта өздерінің  ескертулерімен ұсыныстарын айтады.

Талқылап, нақты шешім қабылдап болған соң ата-аналарға «Жасөспірімнің есірткі қабылдануына ЖҚТҚ неАҚТҚ дан сақ болуына қалай қарау керек»  жаднамасын әр ата-аналарға ұсыну.

Құрметті ата-аналар қатысқандарыңызға көп-көп рахмет

Общая информация

Номер материала: 343781

Похожие материалы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG