Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "әліппе әлемі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық тәрбие сағаты "әліппе әлемі"

библиотека
материалов

Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!атты әліппемен қоштасу кешінің сценарийі

Мақсаты:1-сынып оқушыларының Сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдері мен осы уақытқа дейінгі үйренген білім, білік дағдыларын саралай отырып, оқушылардың білімдерін тиянақтау, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.Ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқару мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:1. «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» тақырыбын жазып қою.

Б А Р Ы С Ы :-Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін бізде үлкен қуаныш. Әліппені бітіру- алдағы білім нәрімен сусындауға қадам басудың алғашқы баспалдағы. Алдағы өмір жолдарыңызға сәттілік тілей отырып , біздің 1 «ә» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз!

-Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын тойлары балалардың!


2. «Бала деген шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде

Балдай тәтті тілімен алдайды екен!» деген Кенен Әзірбаевтың өлеңі.


Барлығы хормен:1. -Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп ,

Бас иеміз Біз! (барлығы қолдарын кеудеге қойып ізетпен бас иіп көпшілікпен амандасады)

2.Здравствуйте, гости!

3.хау а ю…

Мұғалім:

-Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан , жарық күн.

Келешегі сөйлесін

Қазақ деген халықтың.

Тілі балдай баланың

Талабына жарық бер,

Мұғалім: -Біз 4 ай бойы сіздермен бірге оқуды, санауды, жаттауды, жазуды үйрендік.

Ақбота: Қыр гүліндей жайнаймыз,

Ән сап,билеп ойнаймыз.

Бүгін бізде мереке,

Әліппе тойын тойлаймыз.

Мұғалім : -Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: 
Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар хормен: 
Болашаққа жол ашар, 
Ол -сүйікті Әліппе, 
Ол-сүйікті Әліппе! 

Тойымызды бастамас бұрын, балалар, ортаға сүйікті әліппемізді шақырайық.

Хормен : Әліппе, Әліппе

Сәлеметсіз бе, Әліппе?

Әліппе:

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане ортаға салайық!

Әліппе : Достар сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер ?

Хормен : Оқуды, жазуды, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ертегілер үйрендік.

Мұғалім : Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізге рақметімізді айта отырып, Әліппеге арнап ән салайық, би билейік.

Әліппе: Өнерлеріңе ризамын. Енді біраз білімдеріңді тексеріп көрейін.

-Балалар , қазақ тілінде неше әріп бар?

Хормен : 42 әріп бар.

Әліппе:- Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?27

-қанша дауыссыз дыбыс бар? 15

Мұғалім : Ал, Алфавит дегеніміз не ?

Оқушы : Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуы.

Мұғалім: Енді, маған, алфавит сырын айтып беріңдерші.

1-оқушы :Оқушы Алфавиттің « А » тұрады басында,

Әрқашанда « Ә » тұрады қасында.

Байқадың ба « Б » тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде,түсінші ?

2-оқушы: « А » деген ол –аналар ғой ардақты,

« Ә » деген ол- әкелер ғой салмақты.

« Б » деген ол- балалар ғой әдемі ,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да, расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

  Әліппе:  Ретімен тізбелі

 Әрбір санды даралап,

 Қайсың барсың бізге енді

 Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

Балалар санамақ айтады

Мұғалім: Балалар, Әріптердің барлығын танып білдіңдер! Оқу- жазуды білесіңдер. Сонымен қатар математиканы да жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер.

Енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіп көріңдерші!

5 алманың үшеуін Досың сұрап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (2)

Шығармақ боп кеше есеп Жиналады бес есек Бесеуі ұйықтап отыр Ынталысы неше есек (0)

Он асықтың бесеуін, Досың сұрап алады Айтшы , сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады ? (5)

Табақта тұр төрт алма Бір алма атаңа Бір алма әжеңе Бір алма көкеңе Бір алма ініңе Нешеуі қалады Сонда сенің өзіңе? (0)





1.« » биі — бір топ бишілер.

Мұғалім:-«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген.Ата-ана мен мұғалімдер қауымы бірігіп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса» алынбайтын асу бар ма?! Балалардың жүргізіп оқуына үйден де көмек көрсетіп жүрген ата-аналарға алғысымыз шексіз. Осы көздері жәудіреген бүлдіршіндеріміздің арасынан ақын да, жазушы да, әнші де, биші де бір сөзбен айтқанда еліміздің ертеңі болар нағыз азаматтар шығарына сенеміз!

-Балаларымыздың оқу сауаттылығын көрдіңіздер, енді«Ұйқасын тап» ойыны арқылы балаларымыздың сөздерді ұйқастырудан қаншалықты шебер екендіктерін байқап көрсек:

1.Қойда жуас бозымды-

Шақырамын___________________

2.Қысқа ғана құлақты,

Шақырамын_______________________

3.Желбіреген тұлымды,

Шақырамын ___________________

4.Қонды барып талға,

Ала қанат ____________________

5.Жұмыртқасын тауып,

Құқықтады ____________________

6.Айнаға қараймын

Шашымды __________________

7.Үсті толы түрпі,

Домалайды ___________________

8.Ана-біздің күніміз,

Біз- ананың ____________________

9.Мектебім,асыл мектебім

Өзіңде өсіп_______________

2.Заттарды санау үшін қолданылатын сандарды қалай атаймыз? Олар қай сандар? (натурал сандар — 1-ден 10-ға дейінгі сандар)

  1. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.

Алғашында үстелде қанша кәмпит болған? (3)

Мұғалім:-Ал,құрметті, ертеңгілік қонақтары!Біздің Әліппемен қоштасу кешіміз ІІ оқу тоқсанының соңына , яғни желтоқсан айына сәйкес келіп тұр. Осы желтоқсан айының біздер үшін маңыздылығы өте зор екендігін баршамыз жақсы білеміз. Дегенмен, айтып өткеніміз артық болмас: 1желтоқсан — Президент күні, 16желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Бұл жайында сөз қозғамасақ, біздерге сын болары сөзсіз. Мен қазір оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын сіздер жауаптардың дұрыстығы мен оқушылардың мәнерлеп оқу машықтарына тәнті боласыздар!

Мұғалім: Елім деген жырым бар,

Елін сүйген ұлым бар.

Отан сөзін қазағым

Киелі деп ұғыңдар.

Бірің — шекер, бірің –бал,

Жайнап өскен құлындар.

Қасиетті, киелі

Отан деген ұғымды ал,

Талдап берер кімің бар?..

1.Туған жерін ата-анаң

Отаным деп атаған.

Отан-досың, туысың,

Отан-алтын босағаң.

Отан-туған өз елің,

Айдын көлің, өзенің.

Мирас еткен бабалар

Қорғап әрбір кезеңін

Асқар таулы бел екен,

Ел қорғаған ер екен.

Мен, сен және ол екен,

Қазақстан елі екен!

Мұғалім:-Басында ел көшінің

Ашқан елдік есігін,

Кім айтады, қанеки,

Елбасының есімін?

3.Ізгіліктің жолбасы,

Жақсылардың жолдасы,

Нұрсұлтандай атамыз

Президент –Елбасы!

Мұғалім:- Сыныбымыздың үздік оқушысы орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!

Мұғалім:-Ал,балалар, мінекей, сіздер көп нәрсе үйреніпсіздер! Бұл үшін бәріміз Әліппеге рахмет айтамыз!

1.Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

2.Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

  1. «Әліппе» деген – алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа!

Хор: «Қош, қош, Әліппе!» әні


Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
























































ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

 1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:Сахынаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды  сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.Сиқыршы қыз:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «к» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

 

 Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

2- жүргізуші

  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1- жүргізуші

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

 Ән:    Ертегілер(Дильнара, Асыл)

 Мұғалім:

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!

 -    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 -    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:       Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

Сиқыршы: мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

 

Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

Сиқыршы:1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

4.Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

5.Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

6.Пілде бар,шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Дильнара

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Нұрасыл

Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Амина

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Серік

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Сабина

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе менде ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшамын

Асыл

Жақсы кітап әліппе,

 үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

Малика

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

 Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Асыл

ә деп ұзақ айтамын

ә деп үйге қайтамын

әкем, әжем, тәтеме

әдемі ән айтамын

Серік

Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын

Дильнара

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Нұрасыл

Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Амина

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермаларға барыпты

Сабина

Ілияс-інім, Інжу сіңілім

Інім-ілімді, сіңілім-білімді.

Малика

Алфавитті білдік біз

Онда жүйе қалып бар.

Бізідің қазақ тілінде

42 әріп бар

 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

 Қыздар:   Балаларға ақ тілек,

 Ұлдар:      Болашаққа бақ тілеп.

 Хормен:   Біздерге білім үйреткен,

 Әліппе, саған рахмет.

 Әліппе:

 -    Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

 Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

 Әліппе:  Ретімен тізбелі

 Әрбір санды даралап,

 Қайсың барсың бізге енді

 Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

Нұрасыл

1 дегенім- бесік,

 Шықтың содан өсіп.

Сабина

 2 дегенім – елім,

 Далам, тауым, көгім.

Малика

 3 дегенім – үміт,

 Үміт артар жігіт.

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам.

Асыл

 4 дегенім – төзім,

 Төзе білем өзім.

9 дегенім – тоқтау,

 Елдің жоғын жоқтау.

Серік

 5 дегенім – бақыт,

 Бағалайтын бақыт.

Амина

  6 дегенім – ақыл,

 Тыңдағаның мақұл.

Дильнара

7 дегенім – жалау,

 Жүректегі алау.

8 дегенім – сөзің,

 Серт беретін кезің.

Әліппенің тапсырмалары.

 Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишелер

 Бименен кешті жалғасын.

Сынып оқушыларының  орындауында «Ша-ра-рарела» биі.

-Математика: Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан

                          Математикаға  орын  берсең  басыңнан

                           Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,

                           Досың  солар  табылатын  қасыңнан

-Ал  енді  Болашақ  математиктерді  ортаға  шақырайық.

 1- жүргізуші

 Әліппені бітіріп,

 Бала болдыңдар  ақылды.

2- жүргізуші

Қош бол, құтты Әліппем,

 Көп нәрсені үйреткен!

 1- жүргізуші

 Әліппемен қош айтысып қаламыз,

 Енді қолға Ана тілін аламыз.

2- жүргізуші

 Ата –ана қуанышқа ортақ бол,

 Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Сиқыршы қыз  мен балалардың  сауаттылығын тағы бір тексерейін менімен бірге

 «Ұйқасын  тап» ойынын  ойнайық,әрі  жұмбақтың  шешуін  табайық.

1)Құйрығы  сүйір, Алаботаға  үйір  Оның  аты(Сиыр)

2) Тастан  тасқа  секірген ,Шұнаңдап  ойнап  есірген

Құйрығы  келте  шұнақ,  Оның  аты  (Лақ)

3)Теңбіл  түсті  ,өзі  ширақ ,

Ұзын  мойын,ұзын  сирақ,Білгің  келсе ,аты(Жираф)

4)Тоны  түкті, Түрпі,Оның  аты  (Кірпі)

Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық. Біздің сендерге сыйлықтарымыз бар.

Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!

 Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.

 Ән « Қоңырау»  Серік пен Нұрасылдың орындауында

 1- Жүргізуші

 Баланың да тірегі,

 Дананың да тірегі.

 Шаншылмасын ешқашан,

 Аналардың жүрегі.

2- Жүргізуші

  Ақыл құйған санама,

 Күннен де артық расында.

 Күн-алыста, ал анам,

 Ылғи менің қасымда.

 Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

 Ән "Бөбектер әні"

 Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.

 Кір шалмасын беттерін,

 Таза болсын оқулық пен дәптерің.

 Оқығандарын есте болсың,

 Күнделіктерің 5-ке толсын!

 Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,

 Ұлдар:    Балаларға үйреткен.

 Хормен.Әліппе мен ұстазға

 Бас иеміз құрметпен.

 Би "Цып цып шөжелерім"

 Мектеп басшыларына сөз беріледі.

 Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

 Сөз берейік әкелер мен аналарға.

 Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

 Балалардың есімі әулеттерге таралар,

 Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

 Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

 -    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

 -    Қош сау болыңдар

Әліппемен қоштасу

«Бастауыш - білім бесігі»
(әдеби - сазды кеш)
I - бөлім: Кіріспе.
- Мұғалімнің алғы сөзі.
- Бастауыш – білім бесігі - қысқа есепті баяндама.
- Қазақстан Республикасының әнұраны (оқушылардың орындауында)
II - бөлім: Білім негізі – бастауышта.
Негігі бөлім
- Әдеби - сазды монтаж.
- Ы. Алтынсарин. Әке мен бала
(сахналық қойылым)
- Шағын концерт.
III - бөлім: Қорытынды
- Ата - аналар комитеті сөз алады
- Мектеп басшыларына сөз беру.
- Марапаттау, сынып жетекшісінің қорытынды сөзі.
Кеш соңы.
Кешті өткізудегі мақсатым: Білім негізі бастауыштан қаланатын, мектеп өмірінің алғашқы баспалдағын аяқтап отырған оқушыларымның 4 жыл бойы алған білімдерін одан әрі шыңдап, болашақтың білімді ұрпағы болуларына ақ жол тілеп, ата - аналарына, басқа да пән мұғалімдеріне ризашылығымды білдіру. Бастауыш сыныптарда білім берген аяулы ұстаздарымен қоштасу рәсімін жасау.
Көрнекіліктері: Оқушылардың шығармашылығынан көрме, жазған шығармалары, салған суреттері, жасаған бұйымдары. Ұлы кемеңгер би - бабаларымыздың асыл сөздері, Еліміздің рәміздері, фото - альбом, суретті плакат.
Өтілу барысы:
I - бөлім. Кіріспе.
/Мұғалімнің алғы сөзі./
- Бастауыш - білім бесігі - қысқаша есепті баяндама.
- Қ. Р - ның әнұраны/оқушылардың орындауында/
II - бөлім: Білім негізі - бастауышта
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жүргізушілер екі оқушы\бір ұл, бір қыз\
1 - жүргізуші
Ассалаумағалейкум, ағайын!
2 - жүргізуші
- Армысыздар қымбатты ұстаздар, аяулы ата - аналар! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппемен таныстырған сүйікті ұстазымызға, жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп – анаға алғысымызды айтамыз.
1 - жүргізуші
Мектебім, жылы ұя бесігім
Күнде ашық мен үшін есігің
Білімнің шуағын мол сепкен
Ұстазым, қымбат қой есімің.
2 - жүргізуші: 
Кеп - кешегі тоқырау қайда қалған
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан
Мейірімің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
ХОР: «Мұғалім - ол біздің»
Ираида 
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағыма сыңғыр қағып.
Мырзабек: 
Өткіздім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағыма сыңғыр қағып.
Гүлфия: 
Әліппем менің! Әліппе - менің дүнием
Сенен мен әлі үйренемін деп сүйінем
Әлемнің барлық азаматына бір тілек
Әліппе ұстап, бүлдіршін шықсын үйіңнен.
Ербол:
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Бет алып бара жатыр болашаққа
Аяулы он бір жасар балалығым
Аяжан: 
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата - анам.
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Құндыз: 
Жиғанда арман құшағын
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат, күш әлім
Биікке самғап ұшармын.
Ринат: 
Ақылшы асыл, ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың,
Қасыма кеп, қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың.
Индира:
Өз аузына қаратқан
Ұстаз үнін ұғамын.
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамын.
Гүлфия:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп, ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
ХОР: «Ұстазым»
1 - жүргізуші:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
2 - жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастың
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
Ираида:
Ұстаздықты сүйіп, қалап таңдаса
Өнегесін жас ұрпаққа арнаса
Нағыз ұстаз міне осы дер едім.
Қиыны мен қызығына қанбаса.
Айбек:
Бойымызда бұлан күш
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс.
Сұлуай:
Жаңалық мол, көп екен
Меңгеруді қалайды.
Альфия апай үйреткен,
Информатика сабағы.
Бекзат:
Замзагүл, Света апайдан
Жалықпай білім мол алдық.
Ертегі тыңдап солардан
Орысша оқып, жаза алдық.
Аяжан:
Күмбірлеген күй тыңдатып
Ән салып күй тартқызды.
Жадыра апай жалықпай
Әуелетіп ән айтқызды.
Алтай:
Алғашқы әрпін тыңдатып,
Өзге тілді сөйлеткен.
Айгерім, Әсем апайлар
Ағылшын тілін үйреткен.
Мырзабек: 
Гүлжан апай жайдарлы
Ақылмен кеңес береді.
Ұстаздардың ұстазы
Әлі де көп бізге берері
Біз үшін сіз анасыз
Бәрімізге панасыз.
Осылай күліп әрдайым
Жүз жасқа да барыңыз.
ХОР: «Әрқашан күн сөнбесін»

1 - жүргізуші: Халқымыздың ұлы кемеңгер ойшылы Абай атамыздың қара сөзінен үзінді.
Фариза: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
Ираида: Надандық - білім - ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Айбек: Еріншектік күллі дүнтиедегі өнердің дұишпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейилік - бәрі де осыдан шығады.
Индира: Залымдық адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Сұлуай: Бес арыстың бірі Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңінен үзінді.
2 - жүргізуші: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі бойынша сахналық көрініс.
1 - жүргізуші: Келесі кезекті ән - биге береміз. Біздің өз күшімізбен әзірленген шағын концертті тамашалайсыздар.
III - бөлім Қорытынды: Сынып жетекшісі: Адильгереева Гүлжан Сапақызы
- Құрметті шәкірттерім бүгінгі әзірленген тамаша кештеріңізге көп - көп рахмет. Болашақтың барысы, келешектің қожасы - сіздерсіздер. Осы бастауыштан алған білімдеріңізді одан әрі шыңдай отырып, биіктерден көріне беріңіздер деп тілек айтамын.
- Ата - аналар комитеті сөз алады.
- Мектеп басшыларына сөз беру.
- Марапаттау.
- Қорытынды.
                                                  Сынып жетекшісі  Айтпанова Клара Тасболатқызы




                         Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. 

Іс-шара жоспары: 

Мұғалімнің құттықтау сөзі: 
1 слайд. Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.) 
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
2 слайд 
Өсті міне бойларың 
Өсті,міне ойларың. 
Қуанышқа ортақпын 
Құтты болсын тойларың! 
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 

1-оқушы Ербол: Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
2-оқушы : Аружан Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар. 
3-оқушы: Наргиз Кешегі сәби балаңыз, 
Жарады міне қараңыз. 
Ғылым, білім жолына 
Енді қайық саламыз. 

І бөлім. Осы біздер қандаймыз? Ербол 
2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз Аружан 
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз. 
Сәл еркелеу бұзықпыз. Едіге 
4-0 Біз шеберміз 
Ақылдымыз Наргиз 
6-0 Үлкенге ізеттіміз 
Кішіге қамқоршымыз Ербол 
7-0 Көп оқимыз 
Терең оқимыз Аружан 
8. Өнерліміз Едіге 
Жанып тұрған шырақпыз 
Толқынды су бұлақпыз Наргиз 
10. Елімізді өркендетін 
Қазақ тілін көркемдететін Аружан 
11. Бабаларға тағзым ететін 
Аналарға бас иетін. Ербол 
12. Елтаңбасымен еңселі 
Туымен тұғырлы 
Әнұранмен айбатты Наргиз 
3 слайд 
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!» 
4-оқушы: Ербол 
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. 
5-оқушы:Аружан 
-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын. 
6-оқушы: Едіге 
-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік. 
4 слайд 
Наргиз 
-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: 
Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар хормен: 
5 слайд 
Болашаққа жол ашар, 
Ол -сүйікті Әліппе, 
Ол-сүйікті Әліппе! 
Мұғалім: 
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық! 
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе 
6 слайд 
Әліппе ортаға шығады: 
-Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата-ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген. 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы ананың 
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортаға салайық! 
Мұғалім: 
-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық 
О Т А Н: 
О: О дыбысын өткенде Отан әнін үйрендік . 
Т дыбысын өткенде төлдер әнін үйрендік. 

Адам аузын ашқалы 
А-дан сөзін бастады 
Ата, апа, ақыл, ар. 
А-мен айы аспаны 
А-дыбысын өткенде 
Қазақ халқының ұлттық өнері айтысты үйрендік. Азиз 
Мұғалім: 
-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика? 
-Қазақстан Республикасы. 
-Біз қай қалада тұрамыз? 
-Қурчатов қаласында. 
-Енді Отанымызға арнап, ән орындайық. 
Ән «Отан» (хормен) 
8слайд 
Мұғалім: 
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. 
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. 
-Біз мектепке не үшін келеміз? 
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз 
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық: 
9 слайд 
М: Аружан М 
Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 
Еркежан С 
2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 
3 оқушы: Шұғыла 
Армысың сен алтын ұя мектебім, 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 
4 оқушы: Сымбат 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 
5 оқушы: Дайана 
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 
6 оқушы: Аяжан 
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған. 
Бәрі бірге: 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім! 
10 слайд 
ӘН: «Сәлем саған, мектебім» (хормен) 
Әліппе сөйлейді: 
-Әліппеде тізілген 
42 әріп бар, 
Тізілген соң ізімен, 
Өз кезінде танып қал. 
Шұғыла 
Әке, шеше, атын сен, 
Бізге үйреттің Әліппе 
Бізге жақын нағыз сен, 
Сенен білдік әріп ті 
Дайана 
Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын. 
Аяжан 
Үйретті бізді әліппе, 
42 дербес әріпке. 
Сөз, сөйлем құрап әріптен, 
Лайық болдық дәріпке 
4-оқушы: Еркежан Ш 
Барлық әріп бағалы, 
Айттық әділ бағаны. 
Әріпсіз сөз болмайды, 
Буын онсыз толмайды. 
Адам барлық әріпті, 
Ардақтайды, қолдайды. 
Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық 
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі 
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? 
-Шаңғы,шана тебеміз 
11 слайд 
-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы 
-А, Ә, Б. 
1-оқушы: Еркебулан 
Алфавиттің А тұрады басында, 
Әрқашанда Ә тұрады қасында. 
Байқадың ба Б тұрады үшінші, 
Ал, осының сыры неде түсінші.? 
2-оқушы: Сымбат 
А деген ол-аналар ғой ардақты, 
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты. 
Б деген ол-балалар ғой әдемі, 
Біздің елде үшеуі де кәделі 
Алшақ кетпей сондықтан да расында, 
Тұрады олар алфавиттің басында. 
Мұғалім 
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 
Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 
-Қане, әліппеге Қош айтайық! 
Әліппе әнін орындайық 
Оқушылар хормен: 
-Бізге білім салып берген, 
Қош бол, құтты Әліппем, 
Қош бол, құтты Әліппем! 
Әліппе сөйлейді: 
Білімінің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы. 
Ғылымның қиын жалғасын, 
Басқа кітаптан табарсың! 
-Қош болыңдар, балалар! 
Балалар хормен: 
12 слайд 
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ! 
13 слайд 
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ! 
Мұғалім: 
15 слайд 
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді. 
-Қарсы алайық, танысайық 
Ана тілі сөйлейді: 
Туған елдің тілімін, 
Ақылы мен танымымын. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. 
16 слайд 
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 
17-18 слайд 
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 
Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз. 
19 слайд 
Әріптерді үйретіп 
Жақын болған кім бізге? 
Хор: Ол мұғалім 
Жамандықтан жиреніп 
Ақыл болған кім бізге? 
Ол мұғалім. 
3-оқушы І Алина 
Ең алғаш алғанымда әліппені, 
Қызығып қарай бердім әліппені. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, 
Ұстазым оның кілтін ашып берді 
Ернар 
-Әліппе оқуға, 
Үйреткен әр күні 
-Үйретіп санауды, 
Көп еңбек сіңірген 
Мұғалім апай ғой! 
Нурсултан 
Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
Оқудың сәулесімен жарық көрді. 
Камиля 
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, 
Бар асылын бізге жиып , мол береді. 
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 
Сабина 
Әліппе даңғыл жол ашты, 
Жаңадан пәндер жалғасты. 
Әліппе сырын ұқтырған 
Барлығы хормен: 
-Рахмет, ұстаз алғашқы! 
Ән «Мұғалім ол біздің» 
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 
Мұғалім: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, біздер аналарымыз бен балаларды сахна төріне шақырайық. (Музыка ойналады. Аналар сахнаға шығады). 
-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар: 
А Н А: 
28 слайд 
А: Аружан (сахна ортасына шығып, өлеңін айтады). 
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! 
(өлеңін айтып, аналарға бас иеді де, анасының жанына барып тұрады). 
Н оқушы: Ербол 
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 
4-оқушы:Әйгерим 
Ата-анаға еркелеп, 
Ортасында өстік біз. 
Жақсы оқып, қуантып, 
Бестік күнде алдық біз.... 
1-оқушы: Дильназ 
Болашағын баланың, 
Талабынан білесің. 
Жақсы оқыса сабағын, 
Жақсы көріп жүресің.... 
1- Ерғанат 
Әліппені бітірдім, 
Әріптерді танимын. 
Мен атаның баласы, 
Мен оқушы баламын.... 
3-оқушы: Малика 
Ата келші тезірек, 
Ана тілін бастадым. 
Өзіңе айтар тағы да, 
Дайын менің тақпағым..... 
Балалар хормен: 
-Ата-анаға мың рахмет! 
Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар, 
сіздердің білімдеріңізді тексерейік. 
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал, 
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал. 

Досы көпті жау алмайды, 
Ақылы көпті дау алмайды. 
Еңбектің наны тәтті 
Жалқаудың жаны тәтті. 
Ұлдың ұяты әкеге 
Қыздың ұяты шешеге 
Жұмбақ шешу. 
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың, 
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп) 

Бетін адам ашады 
Білім нұрын шашады .(Кітап) 

Маған да, саған да, 
Жақын туыс – бес адам. 
Үш әріптен тұратын, 
Оңға оқы, солға оқы, 
Өзгермейді еш одан, 
Бәрі де өз жұратың, 
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні) 

Құстан аумайды, 
Көкте заулайды. (Ұшақ) 

Ата-ана музыка қосылады. 
Ата-аналар балаларымен билейді. 

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: 
Жакипова Д.К. 
Мақтау қағазымен марапаттау ата-аналарына. 
Мектебім әнін. Камиланың орындауында

  • 1. Амансыңдар ма, балалар! Әліппемен қоштасу тойларың құтты болсын! Келешекте сендер жақсы азамат болып, оқуларыңды жақсы оқуға тілектеспіз. Ана тілін ренжітпеңдер! Сәлеммен: «Алматыкітап» баспасы.

  • 2. Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер.

  • 3. 1.Жаңғыртып даланы, Жаз қаңқылдап барады. (қаз) 2.Емханада Ермек жатыр, Екі таяғын емдеп жатыр. (аяқ) 3.Апам мұртын алдырды, Ал сақалын қалдырды. (ата)

  • 4. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн)

  • 5. Алдым да әр түрінен жібек жіптің, Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. кемпірқосақ)

  • 6. Сақталады алты ай жаз Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш)

  • 7. Оқушылар барлығы 9 шелек алма терді де, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды? 5 шелек алма

  • 8. 3 +7=10 3+ 5=8 10 -4=6 0 +7=7 5- 3 =2

  • 9. Керек фигураны таңдап, орнына қой.

  • 10. Суреттегі үшбұрыштың санын тап а) 8 ә) 9 б) 7 а) 5 ә) 4 б) 6

  • 11. Бір күні досым екеуміз орманға бардық.Қыста орманда тыныш, тек қана әтештің дауысы ғана естіледі. Жақында қар жауған, содан кейбір аңдардың ізі көрініп жатыр.Міне, қоян жүгіріп өтті. Тағы әрі қарай жүріп едік, емен ағашы көрінді. Соның жанында дем алып отырдық. Досым Асхат:«тиіндер көрінбейді ғой» – деді. Сен білесің бе, тиіндер қыста ұйықтайды ғой дедім. Қайтар кезде жиналған шөптің қасынан көп із көрдік. «Е, бұл жерден қасқыр тышқан аулаған шығар»- деді достым. Біраз уақыттан соң біз үйге қайттық.

  • 12. С Т Ж А

  • 13. Бақытты балалық шақтары үшін қымбатты ата-ана, әжелер сіздерге: Рақмет!

  • 14. Сертификат 1-ші «б» сынып оқушысы Едресова Асемге «Әліппе» оқулығының толық курсын аяқтағаны үшін беріледі. Сынып жетекшісі: Молдабекова А.Ж. Николаевка орта мектебі

  • 15. Назарларыңызға рахмет


Краткое описание документа:

Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!атты әліппемен қоштасу кешінің сценарийі

Мақсаты:1-сынып оқушыларының Сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдері мен осы уақытқа дейінгі үйренген білім, білік дағдыларын саралай отырып, оқушылардың білімдерін тиянақтау, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.Ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқару мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:1. «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» тақырыбын жазып қою.

Б А Р Ы С Ы :-Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін бізде үлкен қуаныш. Әліппені бітіру- алдағы білім нәрімен сусындауға қадам басудың алғашқы баспалдағы. Алдағы өмір жолдарыңызға сәттілік тілей отырып , біздің 1 «ә» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз!

-Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын тойлары балалардың!

 

2. «Бала деген шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде

Балдай тәтті тілімен алдайды екен!» деген Кенен Әзірбаевтың өлеңі.

 

Барлығы хормен:1. -Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп ,

Бас иеміз Біз! (барлығы қолдарын кеудеге қойып ізетпен бас иіп көпшілікпен амандасады)

2.Здравствуйте, гости!

 

3.хау а ю…

Автор
Дата добавления 04.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров482
Номер материала 365019
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх