Мақсаты
|
Ø Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли
тәжірибесінің мәнісін түсіндіру.
Ø Физиканы объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында
түсінігін қалыптастыру.
Мысалдар
келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу,
атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
білуге үйрену.
Ø Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген
қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту ,
ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
|
Кіріспе
|
-
оқушылармен амандасу;
- сыныпты
түгендеу;
-
кезекшілік қызметін қадағалау;
-
оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
-
сыныпты топқа бөлу. (550 жыл, 20 жыл, 70 жыл, 2017 жыл)
Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеру
Паскаль заңын қайталау.
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай
шамаларға тәуелді? Барлық оқушыларға практикалық жұмыс беріледі.
Әртүрлі пішінді ыдыстарға су құйылған. Осы
судың ыдыс түбіне түсіретін қысымын есептеу. Оқушылар су бағанының биіктігін
сызғышпен өлшеп қысымын P=ρgh формуласы бойынша табады.
Мысалы: Р=500 Па.
Енді осы стақандағы судың аузын қағазбен жауып
тұрып төңкерсек су төгіле ме? Су қағазға қандай қысым түсіреді? (қағазға 500
Па қысым түседі. Сондықтан су төгіледі деп жауап бepyi мүмкін).
|
1.
-мұғаліммен
сәлемдеседі;
-
кезекшілік қызметін атқарады;
-
сабаққа зер салады.
Практикалық жұмыс жасап , оқушылар жауап
береді.
|
Негізгі бөлім
|
Атмосфералық қысым қалай пайда болады екен?
Оқушылар өз түсінгенімен жауап бepeдi.
Атмосфера бірнеше қабаттан турады. Ауырлық
күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi.
Атмосфера газ - сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық
бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге
атмосфералық қысым түседі.
Мұғалім: Онда осы атмосфералық қысымға сүйене
отырып жаңа бақылаған тәжірибелерді түсіндірейік. Стақандағы судың төгілмеген
ceбeбi неде? Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдағаннан кейін, қорытынды жауап
шығарылады:
1. Стакандағы суды жауып тұрған қағаз астынан
төменнен жоғары қарай атмосфералық қысым әсер еткен. Судың қағазға түсіретін
қысымынан атмосфералық қысым үлкен.
2. Шыныға түскен жұмыртқаны қалай түсінуге
болады.
Жанған қағаз шыны ішіндегі ауаны қыздырады,
қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бip қатар бөлігі сыртқа шығып кетеді.
Шынының аузын жұмыртқамен жапқан кезде ондағы ауа суиды да қысым азаяды.
Іштегі қысымнан сыртқы атмосфералық қысым артық болып жұмыртқа төмен қарай
қозғалады.
Бiз көптеген құбылыстарға атмосфералық қысым
әсер ететініне көз жеткізуге болады.
Практикалық жұмыс. Барлық оқушыларға бірдей
медициналық шприцпен стакандағы суды сорғызып жоғары көтерілуін бақылату.
Оқушылар өздері жауап береді.
- Атмосфера су бетіне төмен қарай әрекет
етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай
жеткізеді. Суды поршеньмен ілecтipe көтеретін атмосфералық қысым.
Атмосфералық қысымды сұйық бағанының ыдыс
түбіне түсіретін қысымды есептеуге арналған формуламен есептеуге бола ма?
- Болмайды, өйткені атмосфераның биіктігін және тығыздығын білy керек.
Атмосферада анық шекара жоқ, ауа тығыздығы да әр түрлі биіктікте түрліше.
Сондай бола тұрса да, атмосфералық қысымды XVII
ғасырда итальян ғалымы Э. Торричелли ұсынған тәжірибенің көмегімен өлшеуге
болады.
Мұғалім Торричелли тәжірибесінің мәнісін
түсіндіру (слайд көрсету)
Атмосфералық қысым ауа райына байланысты
өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы
атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымды
сынап бағанның биіктігі бойынша есептейді.
Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм
.сын. бағ алынады.
1 мм. сын. бағ = 133, 3 Па = 1, 33 гПа.
760мм. сын. бағ =105 Па=101325Па.
Атмосфералық
қысымды өлшеуге арналған құрал барометр (грекше барос- ауырлық,
метрео-өлшеймін) деп аталады.
1)
«
Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы топтасып есептер шығарады
1- тапсырма.
1)Үйдің
төбесіне үлкен атмосфералық қысым түседі, дегенмен шатыры не себепті
құламайды?
2) Қай жерде атмосфералық қысым жоғары:
шахтада ма әлде биік таудың басындама? Неге?
3) Ішіне ауа жібермей бөтелкеден немесе пакеттен сокты ішу
қиын, не себепті?
2-
тапсырма. Өлшемдерді ХБЖ келтір:
4) Қысымның мәндерін паскальмен өрнекте 70
мм.сын.бағ., 200 мм.сын.бағ., 400 мм.сын.бағ., 650 мм.сын.бағ., 800
мм.сын.бағ., 750 мм.сын.бағ.
5) 90000 Па қысым түсірілген сынып бағанының
биіктігін анықтаңдар.
3-тапсырма.
Денгейлік тапсырмалар. ( Жақсы оқитын оқушыға)
Біз қалай ішеміз?
Оған ойлануға болама? Әрине. Суды қалай
ішеміз, ішімізге қалай сорып аламыз сұйықтықты . Оның себебі:сұйықты ішу
кезінде өкпені кеңітеміз және осы арқылы ауаны аузымызға толтырамыз;
сорылған ауаның қысымы арқылы сұйық қысым
аз жерге еніп сорылып ішіледі.
Сонымен толығырақ
айтқанда, біз тек аузымызбен ғана емес, өкпеменде ішеді екенбіз, өкпенің
кеңеюі- сұйықтың ауызға енуіне себепші.
^ Тірі
табиғаттағы а
Мухи и древесные лягушки могут держаться на оконном стекле благодаря крошечным
присоскам, в которых создается разрежение, и атмосферное давление удерживает
присоску на стекле.
Рыбы-прилипалы имеют присасывающую поверхность, состоящую из ряда
складок, образующих глубокие «карманы». При попытке оторвать присоску от
поверхности, к которой она прилипла, глубина карманов увеличивается,
давление в них уменьшается и тогда внешнее давление еще сильнее прижимает
присоску.
Слон использует атмосферное давление всякий раз, когда
хочет пить. Шея у него короткая, и он не может нагнуть голову в воду, а
опускает только хобот и втягивает воздух. Под действием атмосферного давления
хобот наполняется водой, тогда слон изгибает его и выливает воду в рот.
Засасывающее действие болота объясняется тем,
что при поднятии ноги под ней образуется разреженное пространство. Перевес
атмосферного давления в этом случае может достигать 1000// на площадь ноги
взрослого человека. Однако копыта
парнокопытных животных при
вытаскивании из трясины пропускают воздух через свой разрез в образовавшееся
разреженное пространство. Давление сверху и снизу копыта выравнивается, и
нога вынимается без особого труда.
Сабақтан
алған білімді бекіту.
1. Атмосфералық
қысым деген не?
2.
Атмосфералық
қысымды немен өлшейді?
3.
Өлшем
бірлігі?
4. Торричелли
тәжірибесі.
|
Тақырыпты окып, берілген
мәтінмен танысады.
Тақырып бойынша
анықтаманы, формуланы, өлшем бірлігін дәптерге жазып алады.
Әрбір оқушы өзіне
берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.
Әр топ өзара бір
бірінің жұмысына баға беріп отырады.
Формативті бағалау
жүргізіледі.
Топтыағы әр оқушы
есепті шығарады.
Әр топтан жоғары
деңгейлі оқушы сұраққа жауап береді, ал төмен деңгейлі оқушылар физикалық
диктант жазады.
Оқушы ойланады, дұрыс
шешім айтады.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.