Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтану." 3 сынып

"Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтану." 3 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтану.

Мақсаты: 1.Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат  үшін пайдасын дәлелдеу,ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету. Ауаның тіршілік  үшін маңыздылығын ұғындыру.

2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім- біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.

3.Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін  арттыра  отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: электронды оқулық, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар, шыны ыдыстар, доп, шар.

Әдісі: қызығушылықты ояту, ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ-жауап, ой қорытындылау, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

 

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық  шеңберінде тұрып айтады:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

 

Бір- біріне жақсы тілектер айтады.

 

Топқа бөлу.  Конфет  түстерімен 3 топқа бөлемін.

Топ басшыларын сайлап аламыз.

Топ ұстанымын айтып өтуін сұрау (алтын ереже)

-топтық жұмысқа белсене қатысу

-өзгенің пікірін тыңдау

-өз ойын ашық білдіру

-шынайы  бағалау

-адал, әділ, ұйымшыл болу.

 

Қызығушылықты ояту.

-Балалар , сендер білесіңдер ме? Жер  бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар екен. Онымен сендер күнделікті  кездесіп  отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесің.Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмеген, оның күнделікті ісі мен мінез-құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.

-Бұл не?  Ауа

-Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер?    (Әңгімелесу)

 

Ой шақыру стратегиясы

Көздеріңді жұмыңдар деп, мұғалім қолына желпеуіш алып, желпи бастайды.

Оқушылардан сұрайды?

-Бетіңе  не соқты?      -Ауа бетке соққанда салқындайсың.

-Ауаны көрдіңбе?

-Сездің бе?

-Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала  қандай күйге түсер еді?

-Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмаңдар? Қанша уақыт шыдай аласың?

 

2.Үй жұмысын тексеру: Кез-келген қуыста, кеңістікте, бос жердің бәрінде ауа барын қалай дәлелдей аласыңдар?

·       Тәжірибелер жасау

·       Дәлелдеу

·       Өз ойларын ортаға салу. Оқушылар өздері дәлелдейді.

1-тәжірибе: -Бір стакан суға қант салды. Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көрдің. Не байқадыңдар? Кез-келген заттың бойында не бар?Себебі  кез-келген заттың бойында ауа бар.

2-тәжірибе: - Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру.Стаканға су кірмейді. Неліктен? Себебі стакан ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.

3-тәжірибе:-Доптың екі бүйірінен қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен?  Себебі доп ішіндегі ауа сығылады, серпіледі.

4-тәжірибе ауызша:- Тақтаға үш майшамның суреттерін ілу. Ойланыңдар алдымен қай шам өшеді деп ойлайсыңдар? Олай болса, жану үшін де ауа керек екен.

 

Ауаның қасиетіне тоқталып, топтастыру. Әр топ ассоциация құрастырады.

Овал: Ауа                         Ауа- дәмсіз- иіссіз- түссіз- көзге көрінбейді

                                                   Ауа- сығылады- серпіледі

 

 

Әр оқушыға тест сұрақтарын тарату,жұптарын тексеру, тақтадан тест жұмысының қорытындысын көрсету.

1.    Дем алу үшін ауаға қандай газ керек?

        А)азот 

        Б)оттегі   +

        2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

                     А) мөлдір, түссіз, иіссіз   +

                     Б) аспан тәрізді көгілдір, иісі жоқ

        3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?

                     А) сутек, мыс, мырыш

                     Б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы   +

        4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?

                     А) Ауа жылуды жай өткізеді  +

                     Б) қыздырғанда ауа ұлғаяды

 

3.Сергіту сәті. Музыка ырғағымен билеу.

 

4. Жаңа сабақ.  Электронды оқулықпен жұмыс. Слайд көрсету. Кітаппен жұмыс.

Ауа таза болу керек пе? Адам ауаны неге ластамау керек?

 Әр топ мүшелері өздері үшін ауаның маңызын түсіндіру керек.

-Ауа –тіршілік көзі. Ауасыз адам, жануар және өсімдік тіршілік ете алмайды. Ауа тіршілік,тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен ұызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан-жақты таратады.Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.

А)Ауаның космоста, биік тауда, теңіз түбінде қажеттігі туралы әңгіме.

б) Сөздікпен жұмыс

Акваланг- су астында жүзетін  адамдардың тыныс алу үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарат.

Батискаф- терең мұхиттардағы су астын зерттеуге  арналған арнаулы аппарат.

Осындай баға жетпес ауа кейде ластанады. Табиғи жолмен ластанады, адамның іс-әрекеті салдарынан ластанады.

                        Табиғы жолмен                                                     Адамның іс-әрекеті салдарынан

1.      Жанартаулардың атқылауынан.                                1.Жылу электр станцияларынан

2.      Шаң- тозаңнан                                                            2.Мұнай өңдеу

3.      Улы газдан                                                                  3.Металл өндіру

4.      Орман өртенуінен                                                      4.Көліктерден

5.      Өсімдік пен жануарлардың қалдығы шірігенде     5.Күл-қоқыстан

 

Осындай ластанған ауасы бар жерлерді экологиялық аймаққа жатқызамыз. Ол жерлерде экологиялық проблемалар болады. Біздің осы тұрып жатқан жерімізде  Ашутасты ауылымызда экологиялық аймаққа жатады. Себебін түсіндіріп көріңдерші?

 

 Сабақты бекіту: (қолдану)

1-топ: Бес жол өлең құрастыру.

1. Ауа

2. түссіз, иіссіз

3. көрінбейді, сығылады, серпіледі.

4. таза ауа-денсаулық кепілі

5. ауа өмір тынысы

 

2-топ: Ауаның ластану салдарлары    сурет салу.

 

3-топ: «Таза ауа- денсаулық кепілі» әңгіме құрастыру.

Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көп болса, ауада соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады.

 

-Балалар, ауа туралы көп мағлұмат алдыңдар. Сонда сендер не білдіңдер, не үйрендіңдер?

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмашылығы бар?

-Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

«Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?

Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

 

Үйге тапсырма: 23-24 бет мазмұндау. «Ауаны қорғау» әңгіме  жазып келу.

 

Бағалау: Оқушыларды сабақ барысында формативті  бағалап отырамын. Өзін-өзі бағалау,сыныптастарын бағалайды. Соңында суммативті баға қоямын.

Рефлексия: Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Не туралы мағлұмат алдыңыздар? Егер ұнаса смайликтерді ұнады деген жерге апарып жапсырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтану." 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: 1.Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат  үшін пайдасын дәлелдеу,ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету. Ауаның тіршілік  үшін маңыздылығын ұғындыру.

2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім- біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.

3.Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін  арттыра  отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: электронды оқулық, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар, шыны ыдыстар, доп, шар.

 

Әдісі: қызығушылықты ояту, ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ-жауап, ой қорытындылау, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2015 7874
    • DOCX 52 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байкенова Маржан Сайлаубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27056
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе