Инфоурок Другое Рабочие программыҚазақ тілі диктанттар (9-сынып)

Қазақ тілі диктанттар (9-сынып)

Скачать материал

Қазақ тілі 9-сынып.

 

Тақырыбы: «0» кесін жұмысы.

Мақсаты: -өткенді қайталау, оқушы білімін тексеру, ережелерге сәйкес 

                   сауатты жазу машықтарын байқау.

                 -теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар

                  орныдауда қолдануын бақылау.

                 -сауаттылыққа, жүйелілікке, тәртіптікке тәрбиелеп баулу.

 

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. «0» кесін.

 

Мәтін 2 рет оқылып, түсініксіз сөздердің мағынасын ашып, жазуға қиын сөздер тақтаға жазылады. 3-ретте жазылады.

 

Мен толықсыған тал шыбықты да жаратамын, зәулім биік бәйтеректі де жақсы көремін. Тал шыбықты жақсы көргенде, оның балауса-балғын, нәзіктігі үшін ғана емес, ертең ол шыбық та өсіп, толысып кемеліне келіп, бәйтерек болуын үміт етіп ұнататын сияқтымын. Ал бәйтерек ... Оның орны бөлек қой! Бәйтерек заңғар биік ұлылықтың, дархан жанды жомарттықтың символындай. Оның тереңге бойлаған тамырлары, желектей өскен жапырағы өзіне ғана емес, көпке қызмет етеді, көпке сая болады.

Сондықтан да бәйтерек – өскен жерінің көркі, көптің сүйкімдісі, көптің мақтанышы.

 

 

Тапсырма:

 

1.1-сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, мағыналық түрін көрсет.

2.Түсіндірмелі салалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай? 

    Мысалдармен дәлелде.

3. Салалас құрамаластың сабақтастан айырмашылықтары қандай?

4.Ер жігіттің екі сөйлегені ... (өлгені)

 

   Жақсы сөз –  ...  (жарым ырыс)

 

   Жеті жұрттың тілін біл,

   Жеті ... ... ... (түрлі ғылым біл)

 

5.Ұнататын  сөзіне морфологиялық талдау. 

   мен қосымшасын анықта.

 

 

 

 

 

Қазақ тілі 9-сынып.

 

Тақырыбы: Диктант (Пунктуация) (таза сауаттылыққа).

Мақсаты: - оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған теориялық

                   білімдерін пысықтау, білім деңгейлерін, сауаттылықтарын

                   тексеру.

                 -оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре 

                  отырып, логикалық ойларын дамыту.

                 -ана тілін құрметтеуге, бағалай білуге баулу.

 

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. Диктант жазу.

 

Диктант алдымен 2 рет оқылады, қиын, түсініксі, жазуға қиын сөздер тақтаға жазылып, мағынасы ашылады. Таза сауаттылыққа, пунктуацияға байланысты жазылады.

 

Сәулет-архитектура.

 

Тіл қисыны.

Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ.

Сөзден құрастырып, піікрлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған: кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің түзілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ түзуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.

                                                                            (А.Байтұрсынов)  (153 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі 9-сынып.

 

Тақырыбы: Жылдық қорытынды диктант.

Мақсаты: -оқушылардың жыл бойы алған білімдерін жинақтап, білім,  

                   білік дағдыларын тексеру, қорытындылау, стиль түріне    

                   ажырату.                

                 -ойлау қабілеттерін шыңдау, сауаттылыққа ойларын көркем 

                  жеткізуге баулу.

                 -сауаттылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

 

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. Шығармашылық диктант.

 

1.Жай сөйлемнен салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлем жасап, мғынасына қарай ажырат.

Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Талғат Бигельдиновті бүкіл еліміз біледі.

 

2.Тыныс белгісін қой, қай стильге жататынын анықта.

А) – Апа, көріңізші-деді ол, мен құс ұстап әкелдім. Бұл – нағыз бұлбұлдың өзі. Жүрегінің соғып тұрғанын қарашы.

    – Бұл – сары шымшық. Азаптамай қоя бер,-деді шешесі.

Ә) Асылбек Тасболатқа : «Менің байқауымша, сіздерге егіннен де мал ұстаған тиімді сияқты»,-деген болатын.

 

3.Диалог құру.

«Ертіс өзені».  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі 9-сынып.

 

Тақырыбы: Диктант . ІІ тоқсан.

Мақсаты: -оқушы білімін тексеру, өткенде қаиталау, ережелерге              

                   сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.

                 - теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар

                             орындауда қолдануын бақылау.

                -сауаттылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеп, баулу 

 

Барысы:1.Ұйымдастыру.

               2.Диктант жазу.

 

 Тақырып  оқылады. 2-рет  оқығаннын кейін түсініксіз сөздер болса және  жазуға қиын  сөздерді тақтаға жазып мағынасы түсідіріледі: 3-рет оқығаннан кейін жазылады.

  

 

                          Шұғаның аулында.

 

Күн бата ауылдан шықтық. Біздін де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым. Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде. Есімбектін үйі тұр, бірақ Шұға өрінбейді. Енді кішкене жүрсек, , өтіп те кетеміз, бірақ өткеніміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахмен Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бірінің көзі бізде. Басында киімшек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып отыр. Осының бәрі маған қуаныш секілді көрінді, сонда да біздің кетіп бара жатқанымызға ешкім таңырқаған жоқ. Ат тоқтауға айналған екен, сөйтсе де, делбені жиыңқырап ұстай бергенімде, ширыға жөнелді. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі – Шұға. Әбдірахман арбадан қарғып түсті.

 

Тапсырма:

1.Сөйлем мүшесіне талда.

Басында киімшек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып отыр.

2.Әбрірахманның, алдында, келген, беремін сөздеріне  

морфологиялық талдау жасау.

3.Ресми құжаттардың жазу формасындағы ерекшелігі қандай?

4.Диктант стильдің қай түріне жатады?

 

 

Қазақ тілі 9-сынып.

 

Тақырыбы: Диктант . ІV тоқсан.

Мақсаты: -оқушы білімін тексеру, өткенде қаиталау, ережелерге              

                   сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.

                 - теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар

                             орындауда қолдануын бақылау7

                -сауаттылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеп, баулу 

 

Барысы:1.Ұйымдастыру.

               2.Диктант.

 

Диктант мәтіні екі рет оқылады, түсініксіз, жазуға қиын сөздер болса тақтаға жазылып, мағынасы ашылады.

Мола – зират.

Аршалының – жер атауы.

Тулақ – қойдың терісі.

Төбешік – төмпешік.

 

 

Аршалының қалың құзының қақ ортасында отырған бір ауылға кез бола кеттік. Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінді. Бас-аяғы екі-үш қоа екен, үшеуі үш төбешіктің басында, мұзылған мола сықылданып тұр. Малдары қалай күн көретінін білмеймін, қора маңында бір шошақтан артық шөп көрінбейді. Оның өзіне де мал тісі тиген тәрізді емес, төңірегін талмен қоршап, төбесін таспен бастырып тастапты.

Не де болса, осы ауылдан ат шалдырып аттануға көңіліміз кетті. Ортадан тұрған тас қораға қарай ойыстық. Жолдағы үйге-ақ түсе салайық деп едім, жолдасым болмады. Келеген үйіміздің есік алдында ақра кер ат байлаулы тұр. Тер қатып, қиналған мал тәрізді. Төрт аяғын бауырына алып бүріскен, қырып алар қызыл жоқ. Қасына біз де атымызды байлап, қорға ендік. Есік іздеп жүргенде, бір тулаққа қолымыз тиді. Тартып қалсақ, тулақпен қаптаған үйдің есігі екен, сәлем беріп кіріп келдік.

                       

                                                                                (Ғ.Мұстафин) (131 сөз) 

 

Тапсырма:

1.4-сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

2.Диктант ішінде тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.

3.Көрінетін, аттануға сөзіне морфологиялық талдау.

4.Стиль дегеніміз не?

5. «Менің ауылым» әңгіме.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі диктанттар (9-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 305 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2017 23927
    • DOCX 17.8 кбайт
    • 211 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Нургуль Карибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Нургуль Карибаевна
    Жусупова Нургуль Карибаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 105524
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой