Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҚазақ тілін үйренушілерге арналған әдістемелік құрал

Қазақ тілін үйренушілерге арналған әдістемелік құрал

Скачать материал

 

 

 

Мәртөк ауданы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ботанова Гулжан Онгаровнаның  «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар» атты көмекші құралына

Пікір

Әр ұстаз үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істеп, жаңашылдыққа жақын болса ғана үлкен табыстарға, жетістіктерге қол жеткізбек. Осындай тынымсыз еңбектің иесі, жаңашыл ұстаздардың бірі-Ботанова Гулжан Онгаровна. Ол «Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жаңа технология элементтерін енгізу арқылы қалыптастыру» атты әдістемелік құралдың авторы.

Қазіргі заман талабына сай тіл үйренушілердің қызығушылығын арттыру, қатысымын көбейту үшін тіл үйретуші оқытушыларға жоғары талаптар қойылуда.Ұсынылып отырған әдістемелік құралда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар мен ойын түрлері қарастырылған.  Әдістемелік құрал – ұстаздың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесінің қорытындысы.

 

 

Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік

орталығы директорының орынбасары                           Д.Жаманбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботанова Гулжан Онгаровнаның құрастырған «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар» атты әдістемелік құралға

ПІКІР

         Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек деген мақсатпен жасақталған.Бұл құралда мемлекеттік тілдің  қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсарту, оқытудың жаңа технологияларын     қолдануы қарастырылады.
         Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады.

          Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -  сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі  қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.

Тапсырмаларды орындау тіл үйренушілердің  жаңа материалдарды, ұғымдарды, ережелерді белсенді игерулеріне жағдай жасайды.
            Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар мемлекеттік қызметкерлерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.        Тақырып сабақтың мақсатын, маңыздылығын, түсіндірумен басталып, қысқаша дәріс мәліметтермен,  әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен, суреттермен толықтырыла түсірілген. Дәріс мәліметтерін алғаннан кейін, сол тақырып бойынша ізденіп, берілген  тапсырмаларды ойын түрінде орындайды.   Бұл өзге ұлт өкілдерінің тақырыпты толық игеруіне мүмкіндік береді. Одан әрі тақырыптарды айқындайтын суреттерді пайдалана отырып, логикалық жаттығуларды орындайды. Осылайша өз бетінше тақырыпты толық игеріп, өзін-өзі тексеруге толық мүмкіндігі болады. Берілген тапсырмалар логикалық тұрғыдан ойландыратындай, қызықтыратындай түрлі әдіс-тәсілдермен жасақталған.    

 

 

Облыстық ғылыми – тәжірибелік

орталығы әдіскері, филология

ғылымдарының магистрі                                                           С.Жұбаева

 

 

 

 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ

ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар

(Жалпы білім  беретін мектептердің

мұғалімдеріне  арналған  әдістемелік  құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе, 2015ж.

 

 

Орталықтың оқу – әдістемелік кеңесінде қарастырылып, баспаға ұсынылды

Автор - құрастырушы: Ботанова Г.О., Мәртөк ауданы №3 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Пікір жазғандар:

          Жаманбаева Д., Облыстық ғылыми - практикалық орталығы директордың орынбасары

 

 

 Жұбаева С., Облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығы әдіскері, филология ғылымдарының магистрі

Әдістемелік құралда күнделікті өмірде кездесетін ситуациялық жағдайларға байланысты бірнеше тақырыптар алынған. Әр тақырып бойынша тіл үйренушілер меңгеруге тиісті модельдер, сұхбат үлгілері ойын түрінде көрсетілген. Бұл әдістемелік құрал қазақ тілін үйренушілерге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

  Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Маманның ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын. Ал қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттік тілді білуі біліктілік қағидаларының бірі ретінде аса маңызды шарттарының бірі болуы заңды талап. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек. Қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді.
Әдіс ұғымының мағынасы кең. Біздің саламызда білім берудің, тәрбиелеудің және үйренушілердің білімін көтерудің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара бірлескен іс-қимыл жиынтығы - оқыту әдісі болып табылады. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамдас бөлігінің бірі. Әдіс – тілді оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын және оларға қол жеткізудің амалдарын айқындайтын бағыттар.

Елбасының халыққа Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі күн талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту-тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып отыр.

Қазақ тілі пәнінің мемлекеттік 2010 жылы шыққан бағдарламасында мынадай анықтама берілген: « «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік  дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат».

Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз. Демек, жаңа стандарт бойынша, алға қойған озық әдістеріміздің бірі – қатысымдық оқыту болмақ. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.
   Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -  сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі  қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.
  Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар мемлекеттік қызметкерлерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР 
(ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ)

Қатысымдық бағдарлы оқыту  арқылы бегілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» .
  Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу.
Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения» .
   Қатысымдық әдіс
тің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
   Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі
   Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
   Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыру
жаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.
   Құбылыс немесе объект, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
   Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді
. Бұл жағдайда тіл үйренушілердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойынның төмендегідей түрлері негізінде құрылады:
   Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр.
   Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады
   Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.
   Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.
   Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды .
  Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын дамытады. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.
   Іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі.   Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.
   Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:
   - қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;
   - білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;
   - тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;
   - бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;
  - бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.
   Қазіргі кезде қатысымдық ойындарды орындаудың үш сатылы формасы кең тарап келеді. Іс жүзінде кез-келген тапсырма үш сатыда орындалуы мүмкін. Олар:
   - дайындық сатысы;
   - орындау сатысы;
   - қорытынды сатысы:
   Бұл кезде Р.П.Мильруд, И.Р.Максимовалардың айтуынша «....жеке тұлғаның іс-әрекетке белсенді және еркін қатысуына қолайлы жағдай жасау керек».
   Бұл жағдайда сөздегі қателерді тек мүмкін нәрсе деп қана емес, сонымен қатар қалыпты жағдай деп түсіну керек. Әңгімелесу грамматикасы жазбаша сөз грамматикасынан белгілі дәрежеде ауытқушылықты да тудырады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тілін оқыту кезінде сөзсіз кездесетін жағдай болып табылады.
   Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
   Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады:
   - оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;
   - қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;
   - тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;
   - тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;
   - қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).
   Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
   - Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
   - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
   - Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
   - Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
   - Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;
   - Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;
   - Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;
   - Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;
   - Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;
   - Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.
  Қатысымдық тапсырмаларды  қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.

ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ТҮРЛЕРІ

 

І. Сөйлеу жаттығулары

   Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:
   1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;
   2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;
   3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;
   4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау
   5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;
   6. Диалогтарды толықтыру;
   7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;
   8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;
   9. Сурет бойынша әңгіме құрау;
   10. Берілген сұрақтарға жауап беру.
   Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:
   1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау жаттығуы
   1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді  сипаттаңыздар
Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.
   Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.
   1.2. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, жаңа заман жастары жайлы өз ойыңызды айтыңыз:  21 ғасыр оқушысы   
   1.3.  Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:
                                  1 жас    20 жас    40 жас    70 жас    90 жас
   1.4. «Мен оқушымын». Тапсырма: Берілген сөздерді, суреттерді қарап, пайдалана отырып, осы тақырыпқа лайықтысын таңда, «Мен оқушымын» тақырыбына өзің туралы айтып бер.
   Сөйлеу жаттығуының бұл түрінде оқушылар алдына тірек сөздер мен суреттер беріледі. Берілген тірек сөздер мен суреттер арасында тақырыпқа сай келетіндері де ( сынақ кітапшасы, жатақхана, ғимарат, т.б.), тақырыпқа сай келмейтіндері де беріледі (гүл, қуыршақ, кілт, жол, т.б). Мақсаты: Сөйлеу жаттығуына қатысушы қажетті сөздер мен суретті таңдай отырып, өз ойын ауызша жеткізеді.
   Нәтиже: Үйренуші алдымен түсіне отырып, тек өзіне қажетті сөздерді ғана таңдап алады, содан соң ойын бірден ауызша жүйелеп жеткізуге тырысады.
   1.5. «Менің досым». Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек.
   Мақсаты: Берілген тапсырма арқылы сын есім, тәуелдік жалғауы сияқты грамматикалық тақырыптар мен  «Менің досым»  тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.
   Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.
   2.  Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы
   2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз:
   – Жандос таңертең анасының еркелетуімен  ұйқысынан әрең оянады;
   – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
   – Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;
   – Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;
   – Сабағына кешігіп келеді;
   – Мұғаліміне неге кешіккендігі жайлы өтірігін айта бастайды;
   – Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;
   – Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен дауласа кетеді;
   – Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;
   – Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;
   
 Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;
   
 Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;
   – Анасы дүкенге жіберсе, шаршап, ауырып жатқанын айтады;
   – Кешке жолдастарымен көшеге қыдыруға кетеді;
   – Таң ата келіп, ұйқысына батады.
   2.3. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:
   – Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;
   – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
   – Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;
   – Жұмысына кешігіп келеді;
   – Бастығының алдында құрдай жорғалайды;
   – Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;
   – Есепті уақытында өткізбейді;
   – Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;
   – Жиналыстарда ұйықтап отырады;
   – Кешке елден бұрын үйіне асығады;
   Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.
   3.  Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау жаттығуы
   3.1. Жоспарға сүйене отырып, өз мәтініңізді құрастырыңыз.
1. Менің қанша замандасым бар
2. Замандастарымның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері.
3. Жаман қасиеттерден арылу үшін мен қандай әрекеттерге бардым.
4. «Қазіргі заман жастары қандай болу керек?» ( менің пікірім).

1. Мен өз мамандығымды неге таңдадым?
2. Болашақ жұмысымның артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Өз жұмысыма қатысты болашақ жоспарларым.
5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құру жаттығуы                       
   3.2. Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра)  

   Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып,  кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.
   Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжербиеде дұрыс қолдана білуге үйрету.
   Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б.
   Нәтиже: Оқушы сөз мағынасын ұғынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.

 

Етістік

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Үстеу

Демалды

Курс

әдемі

20

Күзде

Оқиды

әжесі

дарынды

2

Жазда

Барады

Жаста

Озат

Бірінші

Көктемде

Жақсы

Оқушы

Қарт

 

ауылда

Көреді

Гүлім

шешен

 

 

 

    3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:

 

Көрсеткіштер

«Ақжол»  компаниясы

«Сана»  компаниясы

Қызметшілерінің саны

155

270

Орташа айлық жалақы

90 000 тг.

150 000 тг.

Мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы

Семинарлар ұйымдастыру
Курстарға жіберу

Шет елдермен мамандар алмасу
 Интернетте білімдік портал ашу

Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағдарламасы

Жас нәрестелі отбасыларға көмек көрсету – 8 отбасы

Жаңа пәтермен қамтамасыз ету – 5 отбасы

Орындалған жобалар саны

7

10

Жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру

20 000 000 тг.

100 000 000 тг.

    

4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы

  4.1. «Сұхбат» 
   Сіздердің оқу орындарыңызға «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисті келді.
Ол оқушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.

   - Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші сыныпта оқисыз?
  
-  ..............................................................................................................
   - Мектебіңіз ұнай ма?
   - ...............................................................................................................
   - Ұлтыңыз кім?
   - ...............................................................................................................
   - Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
   - ...............................................................................................................
   - Болашаққа деген жоспарыңыз
?
   - ...............................................................................................................
   - Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?
   - ...............................................................................................................
   - Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
   - ...............................................................................................................

5. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құру жаттығуы
Сіз  Ақтөбе қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастарыңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Ақтөбе қаласы туралы  тірек сызбаны пайдалана отырып, айтып беріңіз.
   6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құру жаттығуы
   Сіз оқушылар  арасындағы республикалық олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. Сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастар да сонда орналасты.
Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз,  оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?
  
Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.
    7. Сурет бойынша әңгіме құру, сипаттау жаттығуы
   7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі.
   Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құруы керек.
   Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.
   Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
    7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
    7.3.  Берілген суретке қарап отырып мектебің туралы әңгімелеп бер.
7.4. «Ара» сөзін анықта. Тапсырма:
Берілген сурет бойынша сөздің мағынасын ажыратып, мазмұны түсінікті болу үшін сөйлем құра.
   Бұл тапсырма түрінде оқушылар алдына екі түрлі сурет беріледі, бірінде ұшатын бал ара бейнеленсе, екіншісінде ағаш кесетін араның суреті беріледі. Жаттығудың мақсаты: Омоним сөдердің жазылуы бірдей болғанымен мағынасы әр түрлі болатынын, сөздің мағынасын ашу үшін сөйлем құрату арқылы дәлелдету.
   Нәтиже: Осындай суреттер арқылы грамматикалық және лексикалық тақырып бойынга өтілген материалды пысықтап, сабақ соңындағы бекіту сәттерінде ауызша жұмыс жасатуға болады.
    7.5. Төмендегі суретке қарап, қалаңның табиғаты туралы сипаттап бер.
  8. Берілген сұрақтарға жауап беру жаттығуы
   8.1. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, «Менің өмірбаяным» атты сұхбат құрыңыз.
   - Сен қай қай жылы туылдың?
   - Қай жерде туылдың?
   - Отбасыңда неше адамсыңдар?
   - Ата-анаңн
ың есімдері?
   - Нешінші жылы  және қандай балабақшаға бардың?
   - Бірінші сыныпқа қашан және қай мектепке бардың?
   - Оны қашан және қалай аяқтадың?
   - Мектептегі жолдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?
   - Қай ЖОО – да оқисың?
   - Неге осы оқу орнын және мамандықты таңдадың?
   - Болашаққа деген жоспарларың?
   - Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерің қандай? 

8.2.Блиц-сұрақтар
1.  Атың кім?
2. Неше жастасың?
3. Қай көшеде тұрасың?
4. Үйдің н
өмірі неше?
5. Пәтерің неше бөлмелі?
6. Өз бөлмең бар ма?
7. Бөлмеңде не бар?
8. Бөлмедегі ең ұнататын зат қай зат?
9. Оны саған кім сыйлады?
10. Сүйікті затыңды
досыңа сыйлайсың ба?
11.  Неліктен?
 
Мұндай сұрақтарды мұғалім  өзінің өнертапқыштығына байланысты кез келген тақырыпта ойлап табуға болады. Бірақ тапсырманы міндетті түрде оңайдан күрделіге көшу әдісімен орындату қажет.
   Мақсаты: Осы секілді жедел сұрақтар қою арқылы оқушыларды тез арада жауап беріп, ойын жүйелеп, нақты жауап беруге, бастысы ауызша сөйлеуге бағыт беру. Жеңіл сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушылардың бойында өзіне деген сенімділікті туғызу, тілді үйренуге талпындыру.
   Нәтиже: Оқушы бұл секілді тосын сұрақтарға жауап бере отырып, еріксіз, қызыға тапсырманы орындауға белсене кірісіп кеткенін байқамай да қалады. Оңайдан күрделіге көшу әдісі арқылы ол өзінің әр жауабына қуа
нып, одан әрі жауап беруге құлшысы артады.
 
                                        

                                                    ІІ. Топтық ойындар
1. Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.
2. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, “ОТАН” сөзінің құрамындағы әріптерден мүмкіндігінше көп сөздер құрап жарысады.
3. Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, «ӘДЕМІ» сөзіне мүмкіндігінше көп мағыналас сөздер тауып жарысады.
4. Оқушылар  екі топқа бөлініп, берілген мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше буындарға тасымалдайды.
5.Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның  жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып  жарысады. Ойынды жүргізуші ол сөздерді тақтаға жазып отырады, соңынан барлығы көшіріп алады.
6. Аудитория екі топқа бөлініп, бір топ  ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
   Мысалы:  1 топ: оқушының... -
   2 топ: дәптері т.б.
7. Сөйлемдер тізбегі ойыны. Ойынды жүргізуге ыңғайлы болуы үшін оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің жүздеріне қарап отырады. Ойынды бастаушы адам ауыспалы осы және келер шақ формасын қатаң сақтай отырып, бір сөйлеммен бос уақытында не істейтіндігі жайлы айтады. Келесі адам алғашқының іс-әрекетін теріске шығарып (болымсыз тұлғаны қолдана отырып), өзінің немен шұғылданатындығы жайлы айтады.
Осылайша ойын жалғаса береді. Кідіріп қалған адам ойыннан шығарылып отырады. Ең соңында қалған адам жеңген болып есептеледі. Мысалы: 1-адам: “Мен бос уақытымда тамақ жеймін”. 2-адам: “Ал мен тамақ жемеймін, қонаққа барамын” т.с.с.
8. 
Қағазға 1-топ мүшелері кез келген сын есімдерді, 2-топ әр түрлі (тұрмыстық заттар, дене мүшелері атаулары, әріптестерінің аттары) зат есімдерді жазып шығады. Одан кейін шетінен бір сын есім, бір зат есімнен оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөз тіркестері (сын есім + зат есім) шығады.
9. Әр топқа есім сөздер беріледі
. Екі топ жарысып, сол сөздерді жіктеп шығады.
10. 1-топ мүшелері шартты раймен аяқталатын бірнеше жай сөйлемдер жазады, 2-топ өз алдына бірнеше тиянақты жай сөйлемдер жазып шығады (І, ІІ, ІІІ жақтарда). Одан кейін екі топтың мүшелері кезекпен өз сөйлемдерін оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөйлемдер шығады.
(Егер ..................-са; -се // Онда.......................- Ә).   
11. Сөйлемдер тізбегі ойыны: Тіл үйренушілер шеңбер құра отырады. Бірінші адам “Мен ертең...” деп бастап, ауыспалы келер шақта бір сөйлем айтады. Келесі адам “Ал мен оны кеше орындағанмын...” деп, жаңағы айтылған әрекетті нақтылы өткен шақта қайталап шығады да, “Мен ертең ...” деп өзі жаңа бір сөйлем бастайды. Мысалы:
бірінші адам: “Мен ертең ант қабылдаймын”. Екінші адам: “Ал мен кеше ант қабылдадым, ертең жұмысқа кірісемін”. Үшінші адам: “Ал мен кеше жұмысқа кірістім, ертең жалақы аламын” т.с.с.
12. Оқытушы алдын ала дайындалған сөздерді береді
, оқушылар сол сөздердің антонимдерін  табады.
Сонымен қатар топтық ойындарға шағын болса да сюжетке құрылған төмендегідей ойын түрлерін жатқызуға болады:
    «Отбасы өмірінде қандай мінездер қажет» (топтық сұхбат ойыны)
   Тапсырма: Екі топқа бөлінген қыздар мен жігіттер «Ең жақсы әйел», «Ең жақсы ер» тақырыбы
бойынша мінездеме береді, сауалнама толтырады, ойын дәлелдейді (киім киісі, тамақ әзірлеуі, өзін отбасында ұстауы, отбасы қаржысын үнемдеу, т.б.), топ-топ болып қорғайды.
Өткізілген материалды қолдану. Өтілген тақырып бойынша, адам мінезі, сын есім, отбасы материалдарын пайдалану.
   Нәтиже: Өтілген тақырыпты еске түсіре отырып, іс-жүзінде пайдалана
білулері, ойларын дәлелді жеткізуі
    «Ол кім?» ойыны
   Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен
бір адамды алып, бет-бейнесін, мінезін  суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, портретін салуы керек.
   Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, адам бейнесі мен мінезін дұрыс беру. Әр топ берілген мінездемені түсініп, адам бейнесін салу.
   Нәтиже: Естігенін түсіну, ес
те сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу.
    «Топтық ой
ын»
   Тапсырма: а) Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын 1 буынды
, 2 буынды, 3 буынды сөздер тізбегін жазу. Уақыт шектеулі. Қай топ көп жазса, сол топ жеңеді.
   Шарты:  1 буынды сөздерді нашар оқитындар тобы, 2 буынды сөздерді жақсы оқитындар, ал 3 буынды сөздер тізбегін өте жақсы оқитын оқушылар тобы жазады.
   Мақсат
ы: Тән дыбыстар мен буын түрлерін біліп қана қоймай, лексикалық қорларын пайдалану. буын талдайтын дыбыстар туралы материалды еске түсіру.
    «Сөздерді таңдау» ойыны.
  Тапсырма: Әр топқа көп мөлшерде түрлі тақырыпқа арналған кеспелерге жазылған сөздер беріледі. Оқушылар тақырып бойынша сөздерді бөліп, сөйлем құруы керек.
  Мақсаты: оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы, материалды пысықтау.
  Нәтиже: оқушылар сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін қарым-қатынас үстінде дұрыс пайдалануға дағдыланады.
 Топтық ойын түрінің бірі
-  алдын ала мұғаліммен дайындалған мамандық туралы мәтін беріледі, оқушылар сол мәтінді оқи отыра қандай мамандық иесіне  бағытталып жазылғанын анықтайды. Жаттығу соңынан оқушылар ең жақсы мамандардың моделін жасап, соны қорғайды, бір-біріне сұрақтар қояды.

                                                 ІІІ. Рөлдік ойындар
    «Алтын балық» рөлдік ойынында  қатысушылар жұп болып жұмыс істейді.
«А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.                 
   «Мектептегі жағдай» ойыны.
   Тапсырма: а) Сіз басқа жақтан оқуға
Ақтөбе қаласына келдіңіз. Жаңа мектепке келдіңіз. Мектептегі сынып жетекшіңізбен бірінші рет сөйлесіп тұрсыз. Оқудың ұйымдастырылуы туралы, сабақ кестесі, ауысым туралы сұрап, сынып жетекшінің сұрақтарына жауап беріңіз.
   б) Сіз 9 сынып жетекшісісіз. Жаңа келген оқушымен танысып, оның сұрақтарына жауап беріңіз, оқушыны оқу бағдарламасымен, сабақ кестесімен таныстырыңыз.
   Өтілетін материал: Өзін ресми жағдайда таныстыру, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты сұрақтарды талдау, оқудың мақсаты мен мазмұнын айту.
   «Мен басқа бөлмеде тұрғым келеді» ойыны.
   Тапсырма: 
а) Сіз жатаханада тұрасыз, бірақ басқа бөлмеге ауысқыңыз келеді. Комендантқа себебін айтып, ауысқыңыз келетіні жайлы ойыңызды түсіндіріңіз.
б) Сіз жатахана коменда
нтысыз. Жатахананың 1 оқушысы басқа бөлмеге ауысқысы келеді. Оқушыдан себебін сұрап, оның өтінішін орындауға тырысыңыз. Өтінішті орындай алмасаңыз, себебін айтып түсіндіріңіз.
Өтілетін материал: өтінішті негіздей білу, келісім, өз көзқарасы
н түсіндіру, өтінішті қабылдамау.
Ойын мақсаты: қатысушылардың өз ойларын негіздей, жүйелі түрде жеткізуі, ойын дәлелдей ал
уы.
Ойыннан күтілетін нәтиже: ойынға оқушы өтілген материалды еске түсіре отырып, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге талпынады.
   «Кітапқа тапсырыс беру» ойыны.
   Тапсырма:
а) Үй жұмысын дай
ындауға сізге кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз
.
  
Тапсырма: кітапхана кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.
   Ойын мақсаты: Оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдай
да  өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тапсырысты бере білуі.
   Нәтиже: Оқушы ойнай отырып, кітапханада жұмыс істеу ж
олдарын да үйренеді. Қарым- қатынасқа түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.
    «Патент» ойыны.
   Тапсырма:
а) Сіздер патенттік бюроның қызметкерлерісіздер. Патент жобасын қабылдаңыз немесе кері қайтарыңыздар.
б) Инженерлер тобысыздар. Өздеріңіз жасаған жаңалықтар туралы айтып, оның экономикалық тиімділігін, мақсаттылығын, пайдалылығын дәлелдеңіздер.
   Пайдаланылатын материал: Ресми жағдайда талдау этикеті, сапалы мінездеме беру.
   Мақсаты: өтілген лексикалық бірліктерді қайталай отырып, іс жүзінде ойын  жеткізу, дұрыс пайдалана білу.
   Нәтиже: ізденіс, еске түсіру, нәтижеге жету талпынысы.
   «Іс – тәжірбиеден өту» ойыны.
   Тапсырма: а) Сіз 9 сынып оқушысысыз, ертеңнен бастап сіз белгілі бір өнекәсіпте іс-тәжір
ибеден өтесіз. Директорға барып, болашақ жас маман ретінде өз мамандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, қандай тапсырмалар алатыныңызды білуіңіз керек.
   б) Сіз директорсыз, келген оқушыға
қандай жағдай жасалып, кім жетекші болатынын, қандай сынып бекітіліп берілетінін және іс-тәжірибеден өтушіден қандай нәтиже күтетіндігіңізді айтуыңыз керек.
Мақсат: ресми жағдайды сақтай отырып, қойылатын сұрақтар мен жауаптарға жүйелі, дұрыс жауап беру.
Нәтиже: Өз беттерімен іздену, сөздік қорларын па
йдалана отырып жүйелі жауап беру.
   «Біз бүгін қайда барамыз?» ойыны
  Тапсырма: а) Сіздің уақытыңыз бос. Досыңызды немесе құрбыңызды киноға шақырыңыз. (кино соңғы рет болатынын, қандай атақты актерлер қатысатынын, халықтың кино туралы беріп жүрген пікірін, т.б.) айтып, досыңызды немесе құрбыңызды баруға көндіріңіз.
   б) Досыңыздың өтінішін қимайсыз, бірақ басқа адамға уәде беріп қойғаныңыз
ды, онымен театрға баратыныңызды айтуыңыз керек. Досыңызды сонда баруға көндіріп көріңіз.
   Мақсаты; Екі сөйлесуші адам бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.
   Нәтиже: Сауалдарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе білу.
   «Менің сөзім» ойыны.
   Тапсырма: Ойын шартына сай директор, оқушы, мұғалім, оқушы, ата-ана қатысады. Ортада оқушы мен іс-тәжір
ибеден өтуге келген оқушы арасындағы болған келіспеушілікке байланысты айтылатын  сөйлемдер жатады. Ерекшелік: сөйлемнің кез-келген жерінде (басында, ортасында, аяғында) сөздер жетіспеуі мүмкін. Әр қатысушы өз айтатын сөзін дәл тауып, сөйлемді толықтырады, өз рөлін ойнап шығуы керек.
   Мақсаты: Өтілген грамматикалық, лексикалық бірліктерге сай құрылған сөйлемді дұрыс толықтырып, сөйлеу барысында өз кезегінің қай кезде келетінін анықтай білуі керек.
   Нәтиже: Ойынға қатысушы сөйлеушілердің не айтып тұрғанын түсінуі, әрі соған дәл жауапты тауып айта алуы арқылы грамматикалық, фонетикалық, лексикалық норманың сақталуы.
   «Түйіндеме» ойыны
  Тапсырма:
бір топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша өз оқу орнына білім алуға шақырып, қала тұрғындарына жарнама жасауы керек. (Білім ордасында қандай сыныптар бар, қандай үйірмелер бар, оқу орнының ерекшелігі т.б. туралы).  Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп,  бір-бір сыныпты таңдайды да, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды.
    «Жиһаз сатып аламыз» ойыны.
   Тапсырма: Ертең отбасындағы барлық мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғ
алы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып беріңіз.
   Өтілген материал: Менің отбасым, менің үйім, бөлмем және тәуелдік жалғауы, зат есім.
   Мақсат: Әр топ мүшесі ана, бала, әке рөлдерін ойнай отырып, топпен жұмыс істейді. Олардың мүддесі ортақ. Отбасында қажетті жиһазды алу. Топ жүйелі, көлемді , толық түрінде жауап беруі қажет.
   Нәтиже: Бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келе отырып, көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, бастысы алған лексика-грамматикалық білімдерін іс-жүзінде пайдалану.
   «Іс-сапар» ойыны.
   Тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ әкімшілік, 2 топ іс
-сапарға аттанатын қызметкерлер.
а) Іс-сапарға бару керек. Сіздер әкімшіліктен сапарға қандай мақсатпен баратыныңызды, қойылатын мақсат пен талап туралы хат жолдауларыңыз керек.
б) Әкімшілік тобы іс
-сапарға барудағы басты мақсат, қай қалаға, қанша уақытқа, неше адам барады, оның мүшелері мен төлемақы туралы мәлімет берулері керек.
   Мақсат: Топ мүшелері қойылған талап бойынша жауап берулері керек, жүйелі, нақты, көлемді жауап арқылы айтпақ ойларын дұрыс жеткізу.
   Нәтиже: Топ дұрыс жауап беру мақсатын
да ұйымдаса жұмыс істеу, талпыныстарын туғыздырып, өткен материалды еске түсіреді.
   «Біз көрген кино» ойыны.
   Ойын шарты: Тыңдаушылар
екі топқа бөлінеді. Бір топ көрген киноның тек жақсы жақтарын айтып, бағалайд,  екінші топ киноның кемшілігін айтып, сынайды.
   Тапсырма: а) Киноның тек жақсы жақтарын, қатысатын актерлар туралы мәлімет беріп, кино мазмұнын қысқаша айту.
   б) Ұнамаған киноның жағымсыз жақтарын, оның себебін, актерлердің ойнаған рөлдерін талдау.
   Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пайдалана отырып, ойларын толық жеткізу.
  Нәтиже: Ізденіс, еске түсіру, ойларын ұйымдасқан түрде жеткізуге деген талпыныс. Осы ойын арқылы шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ой түйінін жазып келуге болады.
   «Аукцион» ойыны. 
   Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен
тіл үйренушілер алады. Қалғандары сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды.  Тіл үйренушілерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.
   «Демалыста» рөлдік ойыны.
   Ойынға қатысушылар: Отбасы мүшелері, олардың достары.
   Қатысымдық жағдаят: Бір жексенбіде бос уақыттарын бірге өткізуге тырысқан әке-шешесі мен есейіп қалған балаларының тағы да әдеттегідей бірге демалу мүмкіндігінің болмауы.
   Сөйлеу ниеттері: ұсыныс, талап, кеңес, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, оқиға мен әрекеттің уақыты, орны, себебі жайлы мәлімдеу, ұсыныс, шақыру, деректер мен оқиғалар, тұлғалар мен заттарға қатысты сұрақтар қою, баға беру т.б.
   Ойынның барысы:
1. Жексенбілік таңғы ас үстінде отбасы мүшелерінің демалысты бірге өткізу туралы сұхбаты.
2. Отбасы мүшелері әрқайсысы  өз достарымен, таныстарымен телефонмен сөйлесіп, басқа жоспарлар құруы.
3. Кешкі ас үстінде бәрінің қайта жиналып, қалай демалғандары туралы әңгімелесуі.
«Әкімшілік» ойыны.
Оқушылар Ақтөбе қаласының әкімі, облыс әкімі, мектеп директорлары, зауыт бастықтары, депутат, білім министрі, экология министрі т.б. рөлдерге бөлінеді. Тапсырма: қаланың көкейкесті мәселелерін шешу: экологиялық, білім беру, жол. Мақсаты: ойыншылар өз рөлдеріне ене отырып, өлкенің қазіргі жағдайына үңіле отырып сөйлеу әрекетіне итермелеу.
    IV. Іскерлік ойыны
    «Банкте» іскерлік ойыны.
   Ойынға қатысушылар: Банктің бастығы, бөлім бастығы, хатшы, мамандар.
Қатысымдық жағдаят: қызмет істейтіндер арасында қайта қаржыландыру мәселесі бойынша шұғыл түрдегі жиналыс өтеді. Күн тәртібінде клиенттердің қаржылық мәселелері. Сөйлеу ниеттері: талап ету, үгіттеу, дәлелдеу, тілек, өтініш, ұсыныс,  шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, көңіл аударту, қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кінәлау, аяу т.б.
  Ойынның барысы:
1. Бастықтың шұғыл жиналыстың өтуі туралы хатшысына хабарлауы
2. Бөлім бастығы мен мамандардың сұхбаты: Мамандардың жиналыста не туралы айтатындықтары туралы талқылауы.
3. Мамандардың хатшы қыздан келіп құжаттарды алуы.
4. Жиналыст
ың барысы: сұхбат, банк клиенттерінің ұсыныстарын оқу, пайыздық мөлшерді түсіру мәселесі туралы айту
5. Бөлім бастығы мен бастықтың, хатшының сұхбаттары.
6. Пайызды түсіру немесе түсірмеу туралы мамандардың сұхбаты: кел
ісу, келіспеу, түсініктеме беру, сөздерін дәлелдеу.
   «Басқармадағы кеңес» ойыны
  Тапсырма: а) сіз құрылыс басқармасының басшысысыз. Студенттер қалашығында қонақ үйін салуды жоспарладыңыз. Жобалаушы, тұрмыстық қызмет көрсетуші, тамақтандыру қоғамымен кеңесуде көрсетілетін қызмет түрлері, қонақ үй жобасы туралы айтуыңыз керек.
б) Жоба ұйымдастырудың қызметкері қанша бөлме болатынын, қонақ үй жобасымен таныстырады. Қонақ үй
дің құны, жоспардың аяқталу уақыты, пайдасы туралы айтып, сөзін дәлелдеу.
в) Қызмет көрсету ұйымының өкілі көрсетілетін қызмет туралы айтуы тиіс. Жобаға байланысты өз талаптарын көрсетуі шарт.
г) Тамақтандыру өндірісінің бас қызметкері қонақ үй тұрғындарын қалай тамақтандыратыны туралы мәлімет беруі керек. Өз тілектері мен талаптарын айтуы қажет.
   Мақсат: Ойынға қатысушылардың түгелдей қатысуы керек. Өз ойларын жеткізу үшін тек сөздік қорларын пайдаланып қана қоймай, термин сөздерді өз беттерімен ізденіп, қарым-қатынаста қолдану керек.
  Нәтиже: Үгіттеу, дәлелдеу, келісу, шешім қабылдау секілді сөйлеу ниеттері пайдаланып, дәлелді, нақты ойлар айтуға үйренеді
, термин сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады.
   «Ресми кездесу» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз экспорттық
фирманың қызметкерісіз. Іс- сапарға келген кезде өндіріс директорымен кездесу керек. Хатшымен байланысып, кездесу уақытын, себебін айтуыңыз керек.
б) Сіз хатшы ретінде фирма өкілімен қандай мақсатта, қашан, қай жерде т.б. директормен кездесуі керектігін және ол кісімен қайта кездесу үшін телефон н
өмірін алуыңыз керек.
в) Сіз директорсыз. Кездесуге байланысты шешім қабылдап, қызметкермен бір шешімге келу немесе керісінше келіспеу.
Мақсат: мамандыққа байланысты лексиканы пайдалана отырып, өзара түсінісе білу.
Нәтиже: ойларын жеткізуге деген талпыныс. Кәсіби лексика
лық қорларын  дамытады.
«Екі билет» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз Париж қаласына аттанасыз . Әуежай кассасына келіп, билет сатып алдыңыз. Ұшатын күніңіз, уақытың
ыз, билет нөмірі, неше билет қажет, билет құны қанша тұратынын сұрауыңыз керек.
б) Сіз кассир ретінде жолаушының бар сұрағына жауап беріп, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ әуеге көтерілмейтінін айтып, кешірім сұрауыңыз керек

Қатысушылар:  Жолаушы, мамандық, кассир мен жолаушы арасындағы сөйлесу этикеті.
  
Мақсат: Шынай өмірде жиі болатын оқиға болғандықтан, қатысушылар одан әрі де толықтырып, сөйлеп, өзара ұғынысуы керек.
   Нәтиже: Балалардың жағдаятты ойнаудағы шынайылығы, өтілген материалды пайдалана алуы, өзара шығармашылық ізденіс жасап, тапсырма талабын одан әрі толықтырып сөйлей білуі.
   «Кинофестиваль» ойыны.
  Тапсырма: а) Сіз кинофес
тивальдің қатысушысысыз. Көрсетілген фильмдер ішінен ең жақсы фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз. Киноның қысқаша мазмұны, ойнаған актерлер, киноның авторы мен режиссері туралы мәліметтерге тоқталып, фильмнің сапасына баға беріңіз.
б) Сіз кинофестив
альға қатысқан  фильмде ойнаған басты актерсіз. Фильм туралы айтылған ойды тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтыңыз, алған әсеріңіз бен болашақ жоспарыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
Ойын мақсаты: маман иесі ретінде киноға өз бағасын беруші алдымен тақырыпта өтілген лексикалық бірлікті қаншалықты меңгергенін байқау, алған білімді іс-жүзінде пайдалану.
Нәтиже: Тек сөздік қорын қолданып қана қоймай, қатысушы өзінше қиялдап, өз қиял арманын да қосып айту арқылы неғұрлым ойларын толық, жүйелі нақты жеткізеді.
   «Тізбек» ойыны.
   Қатысушылар: сатушы, тапсырыс беруші, тапсырысты алушы, тұтынушы.
а) Тұтынушы өзінің өте жақсы көретін кондитерлік өнімі туралы сұрап, оның аты, неліктен ұнағанын, қай фирмадан жеткізілетіні туралы сұрап, тапсырыс береді. (Өтініш формасында).
б) Сатушы бұл өнімнің қазір саудада жоқ екенін, алайда міндетті түрде тапсырыс беруге, тапсырыс алушыны шақыртатынын, келісім бергенін жеткізуі керек.
в) Тапсырыс алушы бұл өнімді қанша мөлшерде, қашан әкелуге болатынын , бағасын нақтылап, өтінішті қабылдайды.
г) Тапсырысты жеткізуші бұл өнімнің бұдан былай шықпайтынын, сондықтан
бұл тапсырыс орындалмағанын айтып, өкініш білдіреді.
   Өтілг
ен материал: ресми іс-қағаздар, мамандық тақырыбы.
   Мақсаты: Ойынға қатысушыларға бағыт берілгенімен, ойларын жеткізуге толықтай еркіндік беріледі.
   Нәтиже: Өтілген материалды қайталау, еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру, ойды дұрыс жеткізу, бір-бірін ұғына білу.
   Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.

Бүгінде мемлекеттік тіл туралы көп айтылып жүр, көз майын тауысып, жанарын жасытып жүргендер жетеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да ең өзекті мәселе. Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан, мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя білсе, қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгеретіні анық.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген. Олай болса облыс, аудан көлемінде өтетін тәрбиелік мәні бар, қазақ тілінің мәртебесін көтеретін шараларға міндетті түрде қатысып, әсіресе жастар арасындағы ұлттық намыс, патриоттық сезімін тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарап, алдымызда тұрған жетістіктерге жете берейік.

 

                                                       І нұсқа

 

                                                 ТЫҢДАЛЫМ

 

  Мәтінді  тыңдаңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

   Бекзат – студент. Ол Алматыда, ауласы кең жер үйде тұрады. Оның үйінде әдемі бау-бақша бар. Бау-бақшада ағаштар, өсімдіктер көп. Бекзат ауласына гүл отырғызады. Оның ауласындағы гүлдер өте әдемі. Гүлдер жақсы өсу үшін ол гүлдерді жиі суарады. Бекзат жыл сайын көшет отырғызады. Өсімдіктер ауаны тазартады.

 

  1. Бекзат   ....   тұрады.

     а) пәтерде

     в) көшеде

     с) жер үйде

     д) бөлмеде

  2. Қандай  үйде  бау-бақша болады?

     а) пәтерде

     в) тұрғын үйде

     с) жер үйде

     д) көшеде

  3. Өсімдіктер  ауаны   ....  .

     а) тазартады

     в) суарады.

     с) ластайды

     д) жасайды

  4. Гүл  жақсы  өсу  үшін  ....  керек.

     а) суару

     в) жұлу

     с) өсіру

     д) егу

  5. Таза  ауа  денсаулыққа   ....  .

     а) пайдалы

     в) пайдасыз

     с) зиян

     д) төмен

 6. Бекзат   ....  .

     а) оқушы

     в) сәби

     с) студент

     д) мұғалім

         

                                                    ОҚЫЛЫМ

 

 Мәтінді  оқыңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

   Алматы қаласының экологиясы нашар, себебі бұл қалада автокөліктер, өндіріс орындары өте көп. Олардың түтіні ауаны, табиғатты, суды ластайды. Лас ауа адам денсаулығына зиян. Ауа таза болу үшін адамдар көп ағаш, гүл отырғызу керек. Қаланың тазалығын сақтау үшін қоғамдық ортада, саябақтарда, демалыс орындарында қоқыс тастамау керек.

 

7. Алматы  қаласының  экологиясы  ....  .

   а) жақсы

   в) әдемі

   с) нашар

   д) тәуір

8. Алматының  экологиясы  жаман, себебі  ....  .

   а) үйлері биік

   в) жолдары кең

   с) автокөліктер мен өндіріс орындары көп

   д) пеш жағады

9.  ....   табиғатты, суды  ластайды.

   а) таза ауа

   в) лас ауа

   с) таза су

   д) лас су

10. Ауа таза  болу үшін   ....   керек.

   а) ағаш отырғызу керек

   в) өндіріс орны көп болу керек.

   с) қалада автокөлік көп болу керек

   д) үйлерге от жағу керек

11. Қаланың  тазалығын  сақтау  үшін  демалыс  орындарына, қоғамдық

    ортада  қоқыс  ....  .

   а) тастау керек

   в) тастамау керек

   с) жинау керек.

   д) лақтыру керек      

12. Лас  ауа  адам денсаулығына   ....  .

  а) жақсы

  в) зиян

  с) тиімді

  д) қолайлы

 

               ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМАЛАР

 

13.Сөздердің  қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

  Алматы  қаласының  экологиясы  нашар.

  а) жақсы

  в) әдемі

  с) лас

  д) тәуір

14. Лас  ауа  адам  денсаулығына  зиян.

  а) пайдалы

  в) пайдасыз

  с) нашар

  д) жақсы

15. Сіз  үйіңіздің  ауласын  таза  ұстайсыз  ба?

  а) лас

  в) нашар

  с) қоқыс

  д) лай

16. Сіз  жылда  көшет  отырғызасыз  ба?

  а) алмайсыз

  в) тазартпайсыз

  с) істемейсіз

  д) отырғызбайсыз

17. Өсімдіктер  ауаны  тазартады.

  а) тазартпайды

  в) отырғызбайды

  с) ластамайды

  д) былғамайды

 

                                               ГРАММАТИКА

 

18. Дұрыс жауапты табыңыз.

    Бекзат  жер  үй....   тұрады.

  а) -де

  в) -та

  с) -те

  д) -да

19. Өсімдік....   ауаны  тазартады.

  а) -дар

  в) -лар

  с) -тар

  д) -тер

20. Сіз  үйіңіздің    ....    таза  ұстайсыз ба?

  а) аула

  в) аулаға

  с) ауланы

  д) ауласын

21. Алматы  қаласы....    экологиясы  нашар.

  а) -ның

  в) -нің

  с) -дың

  д) -дің

22. Мен  қоқысты   көше....    тастамаймын.

  а) -ке

  в) -қа

  с) -ға

  д) -ге

23. Айналаны    ....    тазарту  керек.

  а) судан

  в) топырақтан

  с) ағаштан

  д) қоқыстан

 

24. Етістіктің  болымды,  болымсыз  түрін  табыңыз.

   Лас  ауа  табиғатты,  суды  ластайды.

  а) ластамайды

  в) нашарлайды

  с) жинайды

  д) көркейтеді

25. Сергек  жүру  үшін уақытымен  ұйықтау  керек.

  а) тамақтанбау

  в) ұйықтамау

  с) қолданбау

  д) жинау

26. Денсаулық  дұрыс  болу  үшін  дұрыс  тамақтану  керек.

  а) ішпеу

  в) ауырмау

  с) ұйықтамау

  д) тамақтанбау

27. Мен  қоқысты  көшеге  тастамаймын.

  а) тазартамын

  в) жинаймын

  с) тастаймын

  д) лақтырамын

28. Табиғатта  шашылып  жатқан  қоқысты  жинау  керек.

  а) жинамау

  в) шашпау

  с) тазартпау

  д) тастамау

29. Лас  ауаның  зияны  көп.

  а) мол

  в) аз

  с) жоқ

  д) жеткілікті

30. Автокөліктің  түтіні  денсаулыққа  зиянды.

  а) пайдалы

  в) жақсы

  с) қажетті

  д) тиісті

 

                                                  ЖАЗЫЛЫМ

 

 «Лас ауаның  зияны»  туралы  жазыңыз.

 

                                      

                                            

                                                     ІІ нұсқа

 

                                                ТЫҢДАЛЫМ

 

 Мәтінді  тыңдаңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

    Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол -еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

  5 маусым - Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты - табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Ол күні әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру - біздің борышымыз.

 

1. Қоршаған  ортаны  қорғау -  ….  мәселелердің  бірі.

  а) ескі

  в) жаңа

  с) өткір

  д) жақсы

2.  ....  - еліміздің  болашағы.

  а) қоршаған орта

  в) орман

  с) тоғай

  д) ағаш

3.  ....   -  Қоршаған  ортаны  қорғау  күні.

  а) 1 қыркүйек

  в) 30 тамыз

  с) 7 мамыр

  д) 5 маусым

4. Ол  мереке  ретінде   ....   арналған.

  а) тәрбиелеуге

  в) оқуға

  с) тойлауға

  д) табиғатты қорғауға

5. Келер  ұрпаққа  жақсы  қоршаған  ортаны  қалдыру – біздің   .... .

  а) мақсатымыз

  в) арманымыз

  с) борышымыз  

  д) міндетіміз

                                                   ОҚЫЛЫМ

 

Мәтінді  оқыңыз  және  төмендегі   сұрақтарға  жауап  беріңіз.

   Экология, алдымен, адамның өз басынан басталады. Яғни адам жанының экологиялық тазалығы сақталуы керек. Ол үшін табиғат пен адамның бөлінбейтін дүние екендігі жайлы ұмытпағанымыз дұрыс.

   Үлкендер: «Жаңа шыққан көк шөпті жұлма, көктей соласың», - деп, жұл, таптауға тыйым салатын.

   Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын  жақсы түсінген.

 

6. Мәтінде не туралы айтылған?

  а) аумақ

  в) экология

  с) отбасы

  д) Отан

7. Үлкендер неге тыйым жасап отырған?

  а) жүгірмеуге

  в) алыспауға

  с) көк шөпті жұлмауға

  д) лақтырмауға

8. Нелер адамға  айналып  келіп  соғады?

  а) өтірік, шындық

  в) достық, қастық

  с) аштық, тоқтық

  д) жақсылық, жамандық

 

               ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМАЛАР

 

9. Мына  сөздердің  қарама-қарсы  мағынасын  табыңыз.

 Адам  баласы  табиғатты  қорғауы  тиіс.

  а) қорғамауы тиіс

  в) қарауы тиіс

  с) ашуы тиіс

  д) жазуы тиіс

10. Су  бар  жерде  -  тіршілік  бар.

  а) көңіл

  в) өмір

  с) өлім

  д) бұлақ

11. Экология  адамның  өзінен  басталады.

  а) бастау алады

  в) қойылады

  с) ашылады

  д) аяқталады

12. Біз  бұлақтың  көзін  аштық.

   а) тазарттық

   в) жаптық

   с) тападық

   д) қаздық

13. Көк  шөпті  таптауға  болмайды.

   а) рұқсат

   в) қоймайды

   с) жазбайды

   д) болмайды

14. Қазір  экологиялық  апат  жайында  көп  айтады.

   а) аз

   в) мол

   с) сонша

   д) жиі

 

                                                ГРАММАТИКА

 

15. Етістіктің  болымды, болымсыз  түрін  табыңыз.

  Сергек  жүру  үшін  уақытымен  ұйықтау  керек.

   а) ұйықтамау

   в) тамақтанбау

   с) қолданбау

   д) пайдаланбау

16. Жер  бетінде  таза  су  ресурстары  көп  емес деп  саналады.

   а) есептеледі

   в) саналмайды

   с) жазылмайды

   д) есептелмейді

17. Сіз  үйіңіздің  айналасын  таза  ұстайсыз  ба?

   а) ұстамайсыз

   в) жинамайсыз

   с) сыпырмайсыз

   д) жумайсыз

18. Жер-Ана  жыламасын.

   а) ұйықтамасын

   в) жыласын

   с) жинасын

   д) ұстасын

19. Бұл  полигонда  бірінші  бомба  1949 жылы  жарылған.

   а) лақтырған

   в) жинаған

   с) жарылмаған

   д) сынған

20. Семей  полигоны  жабылды.

   а) жылады

   в) жарылды

   с) жарылмады

   д) жабылмады

21. Дұрыс  жауапты  табыңыз.

   Адам....   адам  ететін - еңбек.

   а) -ты

   в) -ді

   с) -ті

   д) -ды

22. Тәуелсіз  Қазақстан – ядро....   мемлекет.

   а) -лы

   в) -лі

   с) -сіз

   д) -сыз

23. Өсімдік....   ауаны  тазартады.

   а) -лер

   в) -лар

   с) -тар

   д) -тер

24. Табиғат  адамдардан  қамқорлық   .... .

   а) күтеді

   в) талап етеді

   с) қажет етпейді

   д) сұрайды

25. Біз  табиғаттан  тек  ....  білеміз.

   а) беруді

   в) қажет етуді

   с) сұрауды

   д) жылауды

26. Біздің  республикамыздың  көп  аймағы  көмекке  зәру  .... .

   а) айта береді

   в) қажет болды

   с) болып отыр

   д) береді

27. Еуропа  елдері  қоршаған  ортаны  қорғауға  ерекше  мән  .... .

   а) көрсетеді

   в) қосады

   с) береді

   д) алады

28. Алматы  қаласы....   экологиясы  нашар.

   а) -ның

   в) -нің

   с) -дың

   д) -дің

29. Үлкендер  ертеде  көк  шөпті  ....  тыйым  салған.

   а) шашуға

   в) тапауға

   с) өртеуге

   д) жұлуға

30. Су – тіршіліктің   .... .

   а) көзі

   в) басы

   с) аяғы

   д) қолы

 

                                                      ЖАЗЫЛЫМ

 

«Табиғатты қорғау»  туралы  жазыңыз.

 

 

                                                    ІІІ  нұсқа

 

                                                ТЫҢДАЛЫМ

 

Мәтінді  тыңдаңыз  және  төмендегі  сұрақтарға   жауап  беріңіз.

  Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі.

  Табиғат - тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз.

  Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз. Табиғатты аялайық!

 

1. Экология  ең   ….   проблемаға  айналды. 

 а) үлкен

 в) кіші

 с) маңызды

 д) зор

2. Табиғи  ресурстар   …. .

 а) көбейіп барады

 в) азайып барады

 с) алынып барады

 д) салынып барады

3. Бізді  қоршаған  орта  …. .

 а) таза

 в) лай

 с) тазарған

 д) ластанған

4. Біз  табиғаттан  тек   ….   білеміз.

  а) беруді

  в) айтуды

  с) алуды

  д) қарауды

5. Оның  бар  байлығын  пайдаланып   …. .

  а) отырмыз

  в) жатырмыз

  с) тұрмыз

  д) жүрміз

 

6. Табиғатқа  қамқорлық  жасауды   …. .

  а) есте сақтаймыз

  в) ұмытып кетеміз

  с) ойлаймыз

  д) білеміз

7. Табиғатқа  келтірген  зиян - өзімізге  келтірген   …. .

  а) пайда

  в) айла

  с) мәселе

  д) зиян

8. Табиғатты    ….  !

  а) қорғайық

  в) аялайық

  с) ластайық

  д) шашайық

   

                                                    ОҚЫЛЫМ

 

Мәтінді  оқыңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

    Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет. Бірақ бұрынғы кеңес үкіметі кезінде үш сынақ полигоны болған. Соның ең үлкені - Семей сынақ полигоны. Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні жарылған. Семей полигонында барлығы 456 жарылыс өткізіліпті.

  Біз Жер-Ана жыламаса екен дейміз. Бұл бүкіл ғаламшар адамдарының ойы.

 

9. Қазақстан - ядролық  қарусыз  …. .

 а) мемлекет

 в) елді мекен

 с) ауыл

 д) облыс

10. Бұрын  ….   сынақ  полигоны  болған.

 а) бес

 в) алты

 с) бір

 д) үш

11. Ең  үлкені  -  ….   сынақ  полигоны.

 а) Арал

 в) Орал

 с) Семей

 д) Байқоңыр

12. Онда  жарылыс  өткізілді.

 а) 203

 в) 450

 с) 584

  д) 456

13. Біз  Жер-Ана   ….   екен  дейміз.

  а) жыламаса

  в) құламаса

  с) егілмесе

  д) секірмесе

14.  ….  жылы  жарылған.

  а) 1945 жылы

  в) 1990 жылы

  с) 1949 жылы

  д) 1963 жылы       

 

                  ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМАЛАР

 

15. Сөздердің  қарама-қарсы  мағынасын  табыңыз.

  Спортты  жақсы  көремін.

  а) ұнатамын

  в) сүйемін

  с) сыйлаймын

  д) жек көремін

16. Сусыз  өмір  жоқ.

  а) бар

  в) болмайды

  с) болған емес

  д) мүмкін емес

17. Көлдер  ластанып  жатыр.

  а) лайланып

  в) өзгеріп

  с) жақсарып

  д) тазарып

18. Жер  бетінде  таза  су  ресурстары  көп  емес.

  а) аз

  в) мол

  с) бар

  д) жоқ

19. Лас  ауа  адам  денсаулығына  зиян.

  а) пайдалы

  в) пайдасыз

  с) нашар

  д) жаман

20. Экологиямыз  нашар.

  а) жақсы

  в) әдемі

  с) лас

  д) тәуір

21. Көшелеріміз   тазарды.

  а) жақсарды

  в) ластанды

  с) әдеміленді

  д) лайланды

22. Германия  суды  Швециядан  сатып  алады.

  а) береді

  в) үлестіреді

  с) сатып алмайды

  д) бермейді

 

                                               ГРАММАТИКА

 

23. Етістіктің  болымды, болымсыз  түрін  табыңыз.

  Лас  ауа  табиғатты  ластайды.

  а) ластамайды

  в) нашарлайды

  с) жинайды

  д) нашарламайды

24. Дұрыс  тамақтану  керек.

  а) тамақтанбау

  в) ұйықтамау

  с) қолданбау

  д) бермеу

25. Мезгілінде  ұйықтау  керек.

  а) ұйықтамау

  в) тамақтанбау

  с) ішпеу

  д) ауырмау

26. Табиғатты  қорғауды  өзіңнен  баста.

  а) аяқтама

  в) ұста

  с) ұстама

  д) бастама

27. Адал  бала  анасын  ұмытпайды.

  а) білмейді

  в) біледі

  с) ұмытады

  д) сүйеді

28. Экология  жайында көп  оқыдым.

  а) оқымадым

  в) жазбадым

  с) үйренбедім

  д) білмедім

29. Семей  полигоны  жабылды.

  а) ашылмады

  в) жабылмады

  с) қойылмады

  д) берілмеді

30. Табиғат  бізді  асырайды.

  а) білмейді

  в) түсінбейді

  с) аямайды

  д) асырамайды

 

                                                   ЖАЗЫЛЫМ

 

«Экология»  жайлы  жазыңыз.

 

 

 

                                                      

                                                        І  нұсқа

                                       

                                                   ТЫҢДАЛЫМ

 

  Мәтінді  тыңдаңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

 Менің атым - Анатолий. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Маған қазақ тілі ұнайды. Қазақ тілінде өз ойымды жеткізе алмасам да, өзіме қажетті сөздерді және заттарды сұрай аламын. Мемлекеттік тілде таза сөйлегім келеді. Достарымның көбісі қазақ тілін үйрену қиын емес дейді. Тілді үйрену үшін ықылас керек. Қазақ тілі - мемлекетіміздегі жүзден астам ұлт өкілдерінің арасындағы татулық тілі. Мен қазақ тілін үйренумен қатар, домбыра тартып, мақал-мәтелдерді жаттап жүрмін. Сондай-ақ маған қазақ әндері де ұнайды. Мен қазақ тілінде таза сөйлеп кететініме сенімдімін.

 

1. Анатолий  ....  тілін  үйреніп  жүр.

  а) орыс

  в) ағылшын

  с) неміс

  д) қазақ

2. Оған  қазақ  тілі  .... .

  а) ұнайды

  в) ұнамайды

  с) жақсы көру

  д) біледі

3. Ол өзіне қажетті  заттарды  сұрай  .... .

  а) алмайды

  в) алады

  с) біледі

  д) білмейді

4. Оның  достары  қазақ  тілін  үйрену  ....  дейді.

  а) қиын емес

  в) қиын

  с) жақсы

  д) жаман

5. Тілді  үйрену  үшін  ....  керек.

  а) ақша

  в) білім

  с) ықылас

  д) күш

6. Ол  қазақ  тілімен  қатар  нені  үйреніп  жүр?

  а) домбыра  тартуды

  в) гитарада ойнауды

  с) қобызда ойнауды

  д) шаңғы тебуді

7. Ол   ....   жаттап   жүр.

  а) әндер

  в) билер

  с) ескі өлеңдер

  д) мақал-мәтелдер

8. Ол  қазақ  тілін  үйреніп  кететіндігіне  .... .

  а) сенімсіз

  в) сенімді

  с) біледі

  д) білмейді

 

                                                     ОҚЫЛЫМ

 

 Мәтінді  оқыңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

 Қазіргі кезде мемлекеттік тілді үйренуге деген ықылас күшейіп келеді. Мысалы, саясаткер, депутат Юрий Кубайчук: «Мен мемлекеттік тілде сөйлеуге талпынып жүрмін, өйткені Қазақстан - Отаным, туып-өскен жерім. Қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеумен қатар жаза білу қажет»,- дейді.  Евгений Аман мемлекеттік тіл жайында былай дейді: «Жылдан жылға мемлекеттік тілді қоғамда кеңінен қолдану мәселесі қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып келеді. Қазақ тілді көптеген жұлдыздардың пайда болуы қазақ мәдениетіне деген өзгелердің сүйіспеншілігі мен қызығушылығын туғызды. Мен өзім шетелге жолсапарлап барсам да, қазақы сувенирлерді алып барамын», - дейді. Сондай-ақ, көшедегі жарнамалардың көбісі қазақ тілінде. Теледидарларда да қазақ тілді кинолар және жарнамалар көптеп шығып жатыр. Осыдан біз қазақ тілінің беделінің артқандығын байқауымызға болады.

 

9. Қазіргі  кезде  қай  тілге  деген  ықылас  күшейіп  келеді?

  а) қазақ

  в) орыс

  с) ағылшын

  д) неміс

10. Юрий  Кубайчук  мемлекеттік  тілді   .... .

  а) таза сөйлейді

  в) білмейді

  с) үйреніп жүр

  д) жақсы біледі

11. Ол  қайда  туып  өскен?

  а) Ресейде

  в) Канадада

  с) Өзбекстанда

  д) Қазақстанда

12. Қазақ  тілінде  сөйлеумен  қатар   .... .

  а) ән айта білу керек

  в) билей білу керек

  с) домбыра тарта білу керек

  д) жаза білу керек

13. Евгений  Аманның  айтқан  сөзін  табыңыз.

  а) мемлекеттік тілде өлең жаттау керек

  в) достарымның көбісі ағылшын тілінде сөйлейді

  с) мемлекеттік тіл қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып келеді

  д) Қазақстан - менің Отаным

14.  ....  пайда  болуы  қазақ  мәдениетіне  деген  қызығушылықты  

  туғызды.

  а) орыс тілді жұлдыздардың

  в) қазақ тілді жұлдыздардың

  с) өзбек тілді жұлдыздардың

  д) саясаткерлердің

15. Ол  шетелге  барғанда  не  алып  барады?

  а) қазақы сувенирлер

  в) ескерткіштер

  с) ойыншықтар

  д) киімдер

 

                     ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМАЛАР

 

 16. Сәйкес  келетін  сөздерді  табыңыз.

    Өзге  тілдің  бәрін  біл, өз  тіліңді  .... .

  а) сыйла

  в) құрметте

  с) сақта

  д) ойла

 17.Сәйкес  келетін  сөздерді  табыңыз  .... .

   Сөз  үйренуден  .... .

  а) жиренбе

  в) саспа

  с) асықпа

  д) кетпе

  18. Сәйкес  келетін  сөзді  табыңыз.  

    Өз  ....  сүймеген  адам  ештеңені  де  сүйе  алмайды.

  а) анасын

  в) дүниесін

  с) елін

  д) мүлкін

 19. Сәйкес  келетін  сөзді  табыңыз.                

   Жүректен  ....  сөз,

   Жүрекке  жол  табады.

  а) айтылған

  в) шыққан

  с) сөйлеген

  д) атылған            

 20. Асты  сызылған  сөздің  синонимін  табыңыз.          

   Мен  ертең  мәжілісте  баяндама  жасаймын.

  а) жиналыс

  в) хабарлама

  с) ақпарат

  д) сабақ

 21. Асты  сызылған  сөздің  синонимін  табыңыз.

    Қызметкерлердің  тіл  үйренуге  деген  құлшынысы  да  ерекше.

  а) зейіні

  в) ынтасы

  с) ойы

  д) санасы

 22. Мақалдың  жалғасын  табыңыз.

    Шешеннің  сөзі  мерген,  .... .

  а) шебердің өзі мерген.

  в) шебердің сөзі мерген.

  с) шебердің көзі мерген.

  д) шебердің бізі мерген.

 23. Мақалдың  жалғасын  табыңыз.

    Атаңа  не  қылсаң,  .... .

  а) алдыңа өзі келер.

  в) алдыңа сол келер.

  с) алдыңа мен келемін.

  д) алдыңнан өзі шығар.

24. Мағынасы  сәйкес  келетін  сөзді  табыңыз.

    Сөз  сүйектен  өтеді,

     ....  еттен  өтеді.

  а) қамшы

  в) таяқ

  с) оқтау

  д) шоқпар

 

                                                ГРАММАТИКА

 

25. Етістіктердің  болымды/ болымсыз  түрін  табыңыз.

   Мен  кеше  қызықты  мәтін  оқыдым, түсініксіз  сөздерді  жазып  алған                                                    

жоқпын.

  а) алдым

  в) бардым

  с) оқыдым

  д) жаздым

26. Адам белгілі бір нәрсені ойлай отырып, не ойлап отырғанын білмеуі  мүмкін?

  а) естуі

  в) алуы

  с) білуі

  д) көруі

 27.  Мен  әдетте  теледидардан  көргенімді  есте сақтаймын.

  а) білмеймін

  в) жаттамаймын

  с) көрмеймін

  д) сақтамаймын

  28. Мемлекеттік  тіл  қазақстандықтар  тарапынан  қолдау тауып отырған   жоқ.

  а) отыр

  в) кетеді

  с) жүр

  д) келді

  29. Мемлекеттік  тілдегі  радионы  көбірек  тыңдамау, сөздерді  диктордан 

 кейін  қайталап  отыру да  есте жақсы сақтауға көмектеседі.

  а) жазбау

  в) тыңдау

  с) көрмеу

  д) бармау

 30. Мен  үнемі  қазақ  әндерін  радиодан  тыңдап  отыруға  тырысамын.

  а) айтпаймын

  в) тырыспаймын

  с) тыңдаймын

  д) айтамын

                                                   ЖАЗЫЛЫМ

 

  «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша бірнеше сөйлем жазыңыз.

        

                                                        ІІ  нұсқа                           

      

                                                  ТЫҢДАЛЫМ

 

  Мәтінді  тыңдаңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.  

    Адам бойындағы сезімдердің ең күштісі – махаббат. Махаббат – бұл екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі. Одан «бақыт» келіп шығады. Бақытты адамның бойында жақсы көру, сыйлау және тағы басқа сезімдер болады. Бақытты адамның көңіл-күйі де жақсы болады. Сондай сезімдердің тағы бірі – күлкі. Күлкі адам өмірін ұзартады және оның денсаулыққа пайдасы зор. Күлкі, қуаныш сыйлау отбасына да жақсы әсер етеді. Ал қорқыныш адамның мінезіне кері әсер етеді. Қорқудан адам өзін әлсіз сезінеді.Әлсіз адам тез ауырып қалады. Адам бойындағы осындай сезімдер жеке адамға және айналасындағы адамдарға да қатты әсер етеді.

 

1. Адам  бойындағы  күшті  сезім  -  .... .

  а) махаббат

  в) қорқыныш

  с) сыйлау

  д) жауабы жоқ

2. Махаббат  деген  екі  адамның  -  ....  .

  а) қорқынышы

  в) досы

  с) сүйіспеншілігі

  д) баласы

3. Бақытты  адамның  көңіл-күйі  қандай  болады?

  а) жаман

  в) күлкілі

  с) қорқынышты

  д) жақсы

4. Күлкі  адамның  өмірін  ....  .

  а) ұзартады

  в) қысқартады

  с) алады

  д) береді

5. Күлкі  - денсаулыққа   ....  .

  а) жаман

  в) пайдасыз

  с) пайдалы

  д) жақсы                                                              

6. Күлкі,  қуаныш  сыйлау  отбасына   ....   әсер  етеді.

  а) жаман

  в) тез

  с) жақсы

  д) нашар

7.  ....  адамның  мінезіне  кері  әсер  етеді.

  а) қорқыныш

  в) бақыт

  с) махаббат

  д) күлкі

8. Қорқудан  адам  өзін   ....   сезінеді.

  а) күшті

  в) жақсы

  с) әлсіз

  д) мықты

 9. Қандай  адам  тез  ауырып  қалады?

  а) жаман

  в) жақсы

  с) күшті

  д) әлсіз

 

                                                     ОҚЫЛЫМ        

              

Мәтінді  оқыңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

    Менің үш ұлым бар. Балаларым – менің мақтанышым. Үлкен ұлымның аты – Асхат. Ортаншым – Азамат. Кенже ұлым – Самат. Асхат – заңгер. Асхат – алғашқы көрген қызығым. Тұңғышым ержетті. Ол – қара шаңырақ иесі.

 

 10. Оның  неше  ұлы  бар ?

  а) бес

  в) үш

  с) екі

  д) бір

 11. Азамат  -   ....  .

  а) кенже ұлы

  в) ортаншы ұлы

  с) тұңғыш ұлы

  д) жалғызы

 12. Кенже  ұлы  -  ....  .

  а) Асхат

  в) Азамат

  с) Самат

  д) Аслан

 13. Кім  қара  шаңырақ  иесі ?

  а) Самат

  в) Азамат

  с) Асхат

  д) Аслан

 

                   ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМАЛАР

 

 14. Сөз  тіркесін  толықтырыңыз.

    Балам  -   ....   етім.

  а) жүрек

  в) бауыр

  с) бақыт

  д) көз

 15. Жеңіс  - ....  шаңырақ  иесі.

  а) ақ

  в) қара

  с) көк

  д) өз

 16. Қызым   ....  .

  а) үлкен жігіт болды

  в) бойжетті

  с) ержетті

  д) кішкентай

 17. Ұлым   ....  .

  а) бойжетті

  в) үлкен қыз болды

  с) ержетті

  д) өспеді

18. Сөздердің  қарама-қарсы  мағынасын  табыңыз. 

   Мен  үйдің  тұңғышымын.

  а) бойжеттім

  в) кенжесімін

  с) ержеттім

  д) өстім

19. Ақылды  адам  -  ....  .

  а) білімді

  в) ақымақ

  с) бақытты

  д) бақытсыз

20.Сөздің  қарама-қарсы  мағынасын  табыңыз.

  Қанатты  тұлпар – қазақ  поэзиясындағы  кең  тараған  бейне.

  а) тез                                                                   

  в) тар

  с) асығыс

  д) жылдам

21. Ән - Қазақстанның  мемлекеттік  рәмізі.

  а) күй

  в) елтаңба

  с) ұран

  д) жылдам

22. Сөзді  мағынасымен  сәйкестендіріңіз.

  Мемлекеттің  байлығы.

  а) адам

  в) өмір

  с) күн

  д) ауа райы

23. Мына  сөздің  синонимін  табыңыз.  Ыңғайлы.

  а) жылдам

  в) ыңғайсыз

  с) қолайлы

  д) жайлы

24. Дәрілік  шөп  аттарын  табыңыз.

  а) аспирин, цитрамон

  в) түймедақ, итмұрын

  с) алма, шие

  д) жусан, жуа

                              

 

                                                 ГРАММАТИКА   

 

25. Дұрыс  жауабын  табыңыз.

   Менің  үш  ....  бар.

  а) ұлыңыз

  в) ұлы

  с) ұлым

  д) ұлың

26. Темірхан -  ....  тұңғыш  ұлым.

  а) сенің

  в) менің

  с) оның

  д) сіздің

27. Біз  – бақытты   .... .

  а) ата-анасыздар

  в) ата-анамыз

  с) ата-анасыңдар

  д) ата-аналар

28. Балаларымыз  -  ....  байлығымыз.

  а) біздің

  в) бізге

  с) бізбен

  д) бізде

29. Мен  ....  отбасы  жайлы  білемін.

  а) бақытты

  в) бақытсыз

  с) әдемі

  д) сұлу

30. Қазақ  халқы -   ....  халық. 

  а) сыйлы

  в) ақылды

  с) қонақжай

  д) сараң

 

 

                                                ЖАЗЫЛЫМ

 

    Отбасыңыз  туралы  сөйлем  жазыңыз.

                                                   

                                                    ІІІ  нұсқа

 

                                                ТЫҢДАЛЫМ

 

       Мәтінді  тыңдаңыз  және   төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.

    «Хабар» телеарнасында болатын танымал бағдарламалардың бірі «Таң қалмаңыз» қызықты бағдарламасы. Ол 2003 жылдың қаңтар айының бірінші жексенбісінен көрермен назарына ұсынылды. Хабардың ұзақтығы – 60 минут. «Қонақжай», «Дүние - думан»,  «Ән – думан», «Дәм – думан» деген айдарлардан тұрады. Бұл бағдарламада көптеген ойындар өткізіледі, ұтқан жеңімпазға сыйлықтар беріледі. Мысалы, 15 сәуірдің «Махаббат мейрамы» болып жариялануының толық себебін тапқан көрерменге 1500 доллар ақшалай сыйлық берілді. Осы сияқты байқаулар бағдарламаның беделін одан сайын арттырып отыр.

 

1. «Таң қалмаңыз»  телебағдарламасы  қай  телеарнада  болады?

  а) Рахат

  в) Астана

  с) Алматы

  д) Хабар

2. Бұл  бағдарлама  қай  жылдан  бастап  эфирге  шыға  бастады?

  а) 2003 ж

  в) 2004 ж

  с) 1999 ж

  д) 2006 ж

3. Қай  айдан  бастап  шыға  бастады?

  а) наурыз

  в) қаңтар

  с) сәуір

  д) желтоқсан

4. Хабардың  ұзақтығы  -   ....  .

  а) 30 минут

  в) 50 минут

  с) 60 минут

  д) 45 минут

5. Бағдарламаның  бір  айдарын  табыңыз.

  а) «Кеш қалмаңыз»

  в) «Дәм-думан»

  с) «Кешкі жаңалықтар»

  д) «Ән айтамыз»

6. Бұл  бағдарламада  көптеген   ....   өткізіліп  тұрады.

  а) ойындар

  в) сабақтар

  с) жұмыстар

  д) кеңестер

7. Жеңімпаздарға   ....   беріледі.

  а) тамақ

  в) киім

  с) сыйлық

  д) көлік

8.   ....  -  «Махаббат  мейрамы».

  а) 12 мамыр

  в) 30 тамыз

  с) 11 желтоқсан

  д) 15 сәуір

9. Телеарнада  болатын  байқаулар   ....   бағдарламасының  беделін 

   арттырады.

  а) кешкі жаңалықтар

  в) «Кеш қалмаңыз»

  с) шетел жаңалықтары

  д) «Таң қалмаңыз»

 

                                                      ОҚЫЛЫМ   

 

Мәтінді  оқыңыз  және  төмендегі  сұрақтарға  жауап  беріңіз.                            

    Елімізде көптеген журнал-газеттер шығады. Солардың бірі - «Қазақстан әйелдері». Ол 1925 жылдан бастап шыға бастады. Журнал айына бір рет шығады. Бұл журналдағы ақпараттардың бәрі пайдалы және қызықты. Журналда әр айдардың өз ерекшелігі бар. Мысалы, «Іздеймін сені» айдарында оқырмандардың хаттары жарияланады. Бір-бірімен хабары үзілген құрбылар, туыстар, бауырлар, достар бір-біріне іздеу салып хат жазады. «Артық болмас білгенің» айдары тіпті қызық. Мұнда көптеген нәрселердің құпиясы мен сырын білуге болады. Мысалы,  «Киіз басудың құпиялары», «Сырмақтың да сыры бар» деген сияқты тақырыптар осы айдарда жарияланады. Бұл айдарлардан басқа қызықты «Ел тынысы», «Көкейтесті», «Замандас», «Жұлдыздар көші» деген сияқты айдарлары бар.

 

10. «Қазақстан әйелдері»  журналы  айына  қанша  рет  шығады?

  а) екі рет

  в) бір рет

  с) алты рет

  д) төрт реет

11.   ....   айдарында  оқырмандардың  хаттары  жарияланады.

  а) «Ел тынысы»

  в) «Көкейтесті»

  с) «Замандас

  д) «Іздеймін сені»

12. Қай   айдардан  көптеген  нәрселердің  құпиясы  мен  сырын  білуге                                

   болады?

  а) «Жұлдыздар көші»

  в) «Замандас»

  с) «Сымбат»

  д) «Артық болмас білгенің»                                           

 13.  «Сырмақтың  да сыры бар» тақырыбындағы  мақаланы  қай 

    айдарға  жатқызуымызға болады?

  а) «Іздеймін сені»

  в) «Артық болмас білгенің»

  с) «Ел тынысы»

  д) «Көкейтесті»

14. Журнал  нешінші  жылдан  бастап  шыға  бастады?

  а) 1986 ж

  в) 1924 ж

  с) 1932 ж

  д) 1925 ж

 

                   ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМАЛАР

 

15. Сәйкес  емес  сөзді  табыңыз.

    Бағдарлама, айдар, жаңалықтар, қонақ.

  а) бағдарлама

  в) айдар

  с) жаңалықтар

  д) қонақ

16. Тыңдау, көру, есту, танысу.

  а) тыңдау

  в) көру

  с) есту

  д) танысу

17. Сөздердің  қарама-қарсы  мағынасын  табыңыз.

    Әлемде  қанша  ұлт болса, сонша  ұлттық  ерекшелік  дәстүр  бар.

  а) жоқ

  в) аз

  с) көп

  д) бір

18. Жыл  өткен  сайын  айтыс  қанатын  кеңге  жаюда.

  а) жаңартуда

  в) жайлауда

  с) биіктетуде

  д) айтуда

19. Ашық аспан астында  қазақтың  кең  жазира  даласының  кез  келген 

   жері  айтыс  үшін  дайын  сахна  болған.

  а) бос

  в) жаңа

  с) ескі

  д) тар

20. Бүгінгі  күні  айтыс  сирек  өтеді.

  а) тез

  в) ақырын

  с) жиі

  д) терең

21. Олар  халық  ішінде  беделді  болған.

  а) ертеден

  в) беделсіз

  с) табиғи

  д) тыңдаушы

                                                                                              

                                                ГРАММАТИКА         

 

22. Етістіктердің  болымсыз  мағынасын  табыңыз.

   «Іздеймін сені»  айдарында  оқырмандардың  хаттары

      жарияланады.

  а) көрсетпейді

  в) жарияланбайды

  с) шықпайды

  д) бармайды

23.  «Танысқым  келеді  менің сізбен  ....  » айдарында  жігіттер мен

     қыздар  өздері  туралы  жазып, бір-бірімен  танысады.

  а) таныспайды

  в) оқымайды

  с) бармайды

  д) көрмейді

24.  «Кеш қалмаңыз»  бағдарламасында  әр  тақырыпты  жан-жақты

    талқылайды. 

  а) талқыламайды

  в) алмайды

  с) бармайды

  д) көрмейді

25. Мен  кешікпеу  үшін  күнімді  жоспарлаймын.

  а) жасамаймын

  в) жоспарламаймын

  с) қарамаймын

  д) бармаймын

 

26. Сөйлемнен  дұрыс  емес  сөзді  табыңыз.

  Менімен  әдетте жұмысқа кешігіп келемін.

         -----------               ------------  ---------   -----------  

  а)                        в)                    с)                      д)

 

27. Менде  «Кеш қалмаңыз»  бағдарламасын  үзбей қараймын.

        --------     -----    -------------     -------------------                ------------

  а)                       в)                     с)                      д)

 

28. «Қазақстан әйелдері»  журналындағымен  ақпараттардың  бәрі

                                                     ----------------------                                  -----

                                                                                                       

   пайдалы  және оқуға қызықты ақпараттар.

    -----------                                            --------------

  а)                      в)                     с)                        д)

 

29. Мен  журналдармен  қатар  газеттердің оқимын.

       ------    ----------------      -----       --------------

  а)                      в)                     с)                        д)

 

30. Сіз әдетте кездесуге  кешігіп келесің бе?

            --------   -----------    --------     ---------

  а)                      в)                     с)                        д)

 

                                         

                                                ЖАЗЫЛЫМ

 

   «Телебағдарламалар және журналдар» тақырыбы бойынша сөйлем  жазыңыз.

                                     

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:


1.Н.Ж.Құрман. «Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері».-Астана, 2008

2. Хасанұлы Б. «Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы және тілдік орта».-Астана, 2007

3. «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Тұжырымдамасы»,
Н.Құрман, Қ.Қадашева, Б.Белғара-Астана, 2008
4. «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Стандарты»,
Н.Құрман, Қ.Қадашева, Б.Белғара-Астана, 2008 
5.«Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Типтік бағдарламасы». Н.Құрман, Қ.Қадашева, Б.Белғара-Астана, 2008
6.«Жаңа толқын». «Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік үйретуге арналған оқу-әдістемелік кешені».
Н.Құрманова, Б.Белғара, Л.Айтпанова, Н.Шадиева, Д.Құсайынова.-Астана, 2007.

7. «Мәртебелі сөз». Қазақ тілінің ресми стилін оқытуға арналған интенсивтік деңгейлік кешені. – Н.Құрман, Б.Белғара, А.Шантасов.-Астана, 2008

8.Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы және әдiстемесi, Алматы, 2000

9.Уабиева Ә. Ә. Кәсіптік лицейдің 10-11-сынып оқушыларына қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі (орыс бөлімінің мамандығына арналған): пед.ғыл.канд. авторефераты, Алматы, 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілін үйренушілерге арналған әдістемелік құрал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мәртөк ауданы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ботанова Гулжан Онгаровнаның «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар» атты көмекші құралына

Пікір

Әр ұстаз үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істеп, жаңашылдыққа жақын болса ғана үлкен табыстарға, жетістіктерге қол жеткізбек. Осындай тынымсыз еңбектің иесі, жаңашыл ұстаздардың бірі-Ботанова Гулжан Онгаровна. Ол «Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жаңа технология элементтерін енгізу арқылы қалыптастыру» атты әдістемелік құралдың авторы.

Қазіргі заман талабына сай тіл үйренушілердің қызығушылығын арттыру, қатысымын көбейту үшін тіл үйретуші оқытушыларға жоғары талаптар қойылуда.Ұсынылып отырған әдістемелік құралда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар мен ойын түрлері қарастырылған. Әдістемелік құрал – ұстаздың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесінің қорытындысы.

Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік

орталығы директорының орынбасарыД.Жаманбаева

№3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботанова Гулжан Онгаровнаның құрастырған «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар» атты әдістемелік құралға

ПІКІР

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек деген мақсатпен жасақталған.Бұл құралда мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсарту, оқытудың жаңа технологияларын қолдануы қарастырылады.

Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады.

Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы - сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.

Тапсырмаларды орындау тіл үйренушілердің жаңа материалдарды, ұғымдарды, ережелерді белсенді игерулеріне жағдай жасайды.

Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар мемлекеттік қызметкерлерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады. Тақырып сабақтың мақсатын, маңыздылығын, түсіндірумен басталып, қысқаша дәріс мәліметтермен, әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен, суреттермен толықтырыла түсірілген. Дәріс мәліметтерін алғаннан кейін, сол тақырып бойынша ізденіп, берілген тапсырмаларды ойын түрінде орындайды. Бұл өзге ұлт өкілдерінің тақырыпты толық игеруіне мүмкіндік береді. Одан әрі тақырыптарды айқындайтын суреттерді пайдалана отырып, логикалық жаттығуларды орындайды. Осылайша өз бетінше тақырыпты толық игеріп, өзін-өзі тексеруге толық мүмкіндігі болады. Берілген тапсырмалар логикалық тұрғыдан ойландыратындай, қызықтыратындай түрлі әдіс-тәсілдермен жасақталған.

Облыстық ғылыми – тәжірибелік

орталығы әдіскері, филология

ғылымдарының магистріС.Жұбаева

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ

ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық тапсырмалар

(Жалпы білім беретін мектептердің

мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал)

Ақтөбе, 2015ж.

Орталықтың оқу – әдістемелік кеңесінде қарастырылып, баспаға ұсынылды

Автор - құрастырушы: Ботанова Г.О., Мәртөк ауданы №3 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір жазғандар:

ат

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 18944
    • DOCX 300.5 кбайт
    • 447 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ботанова Гулжан Онгаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ботанова Гулжан Онгаровна
    Ботанова Гулжан Онгаровна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 117156
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек