Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / «Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін қиындық түрлері және оларды шешу жолдары» атты баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін қиындық түрлері және оларды шешу жолдары» атты баяндама

библиотека
материалов

hello_html_m4b5f91dd.gifhello_html_7c1e5f63.gif Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атануы.

Бастауыш сынып оқушылары бастан кешіретін негізгі 3 түрлі қиындық жиі байқалады. 
1) Жаңа мектеп тәртібіне байланысты;

2) Мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен қарым –қатынастары;

3) Балалардың біреулері тым тұйық,ал екіншілері босаңдау болады.

Сол себептен оқушы жаңа ортаға үйренісе алмай,өзін жалғыз сезінуі мүмкін..
Жалпы, мен өз сыныбымда барлық балаларға бірдей талап қоямын. Бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке дара ерекшеліктері болады.
Нашар оқитындарды еңбек сүйетіні үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады деп ойлаймын.

Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне де әсер етеді және өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырады.

Сонымен бірге, оқыту-тәрбие процесінде қиыншылықтарды жеңуде ұйымдастыра білу қабілетінің орны ерекше.



Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:

♦  оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;
♦ оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;
♦   оқушыларды әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;
♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
♦  сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі. Қарым-қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
♦   оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;
♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту.

Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:

инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;
♦ оқу үрдісіне оқушының ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру;
♦ оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын  шындық болмыс арасындағы байланысты білу;
♦ оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
♦ алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.




Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:

оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;
♦ пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;

Әрине,әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай – ақ бүгінгі таңда елімізде оқытудың мазмұны жаңартылып отырған кезде, оқытудағы қиындықтарды жеңудің бірден-бір жолы – сабақта әр түрлі технологияларды тиімді қолдана білу деп ойлаймын.

Бастауыш сыныпта сондай технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.Сабақтарымда жиі қолданамын.Жалпы,сабақтың мақсатына,тақырыбына қарай тиімді қолданылған ойын оқушыларға жаңа білімді жетік түсініп, берік меңгеруіне көмектеседі.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды мынандай ретпен топтастыруға болады.

Ойын түрлері:

Ұлттық: «Ақсүйек», «Көкпар», «Ханталапай» т.б.

Дидактикалық: «Ғажайып алаң», «Сөз құрау», «Әріпті кубиктер»

Логикалық: «Мың бір мақал», «Жұмбақ есеп»

Ойын технологиясын қолданған кезде,менің негізгі принципім - қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.Және де міндетті түрде ойынның қорытындысын шығарып отырамын.

Фонетика саласы бойынша

«Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.

1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.

2. Тек қана е,ы,і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.Мысалы: ы-ыдыс, Ыдырыс, ыстық

3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ,қырық.

«Дыбыс таңдау» ойыны. Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.

«Адасқан әріптер» ойыны бойынша дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасау.

1. р, о, б, - бор

2. а, ш,а,ғ, - шаға

Лексикалық бойынша «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.

1. Ұяда....

Ұшқанда ...

2. Көп...

Терең

«Кім білгір?» ойыны.

Суретке байланысты мақал – мәтелдерді кім біледі?

«Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық сөз тіркестерімен және мақал – мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Оқушыда кездесетін қиындықтар - Қиындықтың болу себебі - Қиындықты шешудің жолдары 


Сөздерді доғамен буынға бөліп үйрену, ойын әдістерін қолдану 


Сөзді дұрыс буынға бөлмегендіктен



Сөздерді қатемен жазу


Жаңылтпаш оқу, жаттау, диктант түрлерін жазу 


Тілдің нашар дамуынан



Әріптерді дұрыс айтпау

Шығармашылық диктант жұмыстарын жүргізу 



н,ң дыбыстарының жасалуында тілдің атқаратын қызметінің маңызын білмеу



н,ң дыбыстарын шатастыру

Жаттығу жұмыстарын түрлендіру 



Тасымалдың буын жігінен болатынын білмегендіктен



Сөзді дұрыс тасымалдамау



Осы қиындықты шешудің жолын іздей келе басты мәселе – сөзді дұрыс буынға бөле алмау. Буын тақырыбын дұрыс меңгермеген оқушының оқу дағдысы төмен болады және сауатсыз жазады. 
Буын тақырыбын бағдарлама бойынша өтіп қана қоймай, күнделікті әр сабақта қайталап, түрлі жұмыстарды жасап отырамын. 
Буынды дұрыс игермеген оқушы жазу жолына сыймайтын сөзді дұрыс тасымалдамайды. Мысалы: көг- ершін, көгерш-ін деп тасымалдайды.

Бұл қателіктерді жою үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргіземін. Мысалы, әр сабақта жаттығу жұмысынан кейін міндетті түрде оқушы сөйлем ішіндегі сөздерді доғамен буынға бөледі. Бұл жұмыс түрін өз бетінше іштей орындауға және дауыстап орындатуға болады. Осы жұмыс нәтижесінде оқушы дұрыс буынға бөліп жазуды үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар дұрыс оқуға машықтанады.
Жазба жұмысы сөз бен сөзді, сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстыру, өз ойын қатесіз жазып жеткізуге үйретудің ең тиімді жолы болып табылады. Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру мақсатында олардың жеке дара қасиеттерін ескере отырып тапсырмалар беремін. Қазіргі кезде н, ң дыбыстарын ажырата алмау кейбір оқушыларда кездеседі. Сол себепті мына жұмыс түрлері қиындықты шешудің бір түрі болып табылады. 
Үлестірмелі қағаз: н, ң әріптерінің тиістісін қой. 
А....., ша......, ша....а, жа....а. 
Ұйқастырып жаз. 
Өз күнін өзі көретін, Қадірлейтін, қастерлейтін 
Ол жабайы ......... Ас атасы - ................... 


Сауатты жазуға бағыттаудың тағы бір түрі сөзге дыбыстық талдау жасау. Дыбыс түрлерін ажырата білмегендіктен әріп тастау, әріп айырбастау қателіктері кетеді. 
Жұмыстың бұл түрі бастауыш сыныптан бастап сауатты жазуға дағдыланумен қоса оқушыға 5- сыныпта кездесетін қиыншылықты жеңуіне де әсерін тигізеді. 
Сауатты жазу қабілеті әсіресе жазба жұмыстары кезінде жүзеге асырылады. Қазақ тілі сабағында күнделікті диктант түрлерін: сөздік диктант, көру, есте сақтау, теру, шығармашылық диктант жаздырып отырамын. Әр диктант түрлерін жазғаннан кейін кесте сызылған карточка таратылып, оқушылар өз қате жіберген сөзін жазып, жанына дұрыс жазылу түрін жазады.



Бұл оқушының өз қатесін түзетуге және неліктен қате жібергенін, қай ережені дұрыс қолданбағанын саралап, келешекте қате жібермеуге тырысуына әсерін тигізеді. 

Қате жазылған сөздер

Сөздің дұрыс жазылу тәртібі



Әдебиеттік оқу және дүниетану сабақтарында сұрақ қоюдың әртүрлі әдіс- тәсілдерін қолданамын. Әр сабағыма кіріспес бұрын балалардың көңіл күйін,жағдайларын сұраймын.

 Оқушыға сұрақ қойған кезде жауап бере алмаған жағдайда немесе дұрыс жауап бере алмаған кезде «Көмектесе алатындарың бар ма?», «Кім көмектеседі? », « Тағы қандай ойларың бар? » деген сияқты қайта бағыттау техникасын қолданамын. Дұрыс жауап берген оқушыларды «жарайсың!»,

« өте жақсы» деген сияқты формативтік бағалаумен бағалап отырамын. 



Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:


—  оқыту  процесінде   оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиыңдықтар;
—  оқушылардың    оқу   әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар;
—   дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар.

Бастауыш сынып мұғалімі өзінің іс-әрекетін сыни түрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқущылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-аналарына сыйлы болатыны сөзсіз.





Краткое описание документа:

Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атануы.

Бастауыш сынып оқушылары бастан кешіретін негізгі 3 түрлі қиындық жиі байқалады. 

1) Жаңа мектеп тәртібіне байланысты;

2) Мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен қарым –қатынастары,

3) Балалардың біреулері тым тұйық,ал екіншілері босаңдау болады.

Сол себептен оқушы жаңа ортаға үйренісе алмай,өзін жалғыз сезінуі мүмкін..

Жалпы, мен өз сыныбымда барлық балаларға бірдей талап қоямын. Бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке дара ерекшеліктері болады.
  

Нашар оқитындарды еңбек сүйетіні үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады деп ойлаймын.

 

 

Автор
Дата добавления 23.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1493
Номер материала 330277
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх