1646013
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
ИнфоурокИЗО, МХККонспектыБейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: "Әлемнің 7 кереметі"

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: "Әлемнің 7 кереметі"

Лабиринт
библиотека
материалов

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

3 апта

15.05.12

6 сабақ 12.25-13.15 №21 дәрісхана

Сабақтың атауы

Әлемнің жеті кереметі

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Сәулет өнеріндегі керемет шығармалар туралы мәлімет алу, адам өз қолымен жасаған сәулет өнерінің шедеврлерімен таныстыру. Суреттің коллаж тәсілімен орындалу заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Оқушылардың қиялдарын іске асыруға жол беру.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау 

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО   

Күтілетін нәтиже

1.Әлемнің керемет сәулет өнері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру   

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Google сайтынан алынған www.massaget.kz, Яндекс әлемнің жеті кереметі көрсетілген суреттер және солар туралы мәліметтер.

1 сабақ Тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Әлемдік сәулет өнерінің ескерткіштері

Шедевр, коллаж, зәулім құрылыстар, Мачу-Пикчу, Петр сарайы, Чичен Ица Ұлы Қытай Қорғаны, Колизей, Тадж Махал.

Сәулет өнерінің типтерін айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Безендіру түлерінің сәулет өнерімен байланысы

Әлемнің керемет құрылыстары туралы айту.

Родос Колоссы,

Александр шамшырағы, Зевс мүсіні, аспалы бақтар, мысыр пирамидалары

Галикарнастағы Мавсол мавзолейі, Артемида ғибадатханасы

Әлемнің бұрынғы жеті керметімен қазіргі заманғы жеті кереметті шатастырады

Салынған суреттерін коллаж техникасымен орындау

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

-Оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақарып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу


І Қызығушылығын оятуға дайындық. Ой тастау мақсатында балаларға суреттер көрсетемін. Слайд1 /2,5 минут/

Әлемнің қазіргі заманғы жеті кереметін слайдпен көрсету: Мачу-пикчу, Петр сарайы, Чичен Ица, Ұлы Қытай Қорғаны, Колизей, Тадж Махал. Оқушылар өздері танитын ғимараттарды айтып отырады.

Мұғалім: Көрген суреттер тыралы не айта аласыздар? Біз бұл суреттерді не үшін көрдік?

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті.

-әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

ЖИГСО-1


ақпаратты

Жанұя тобын құру

Жұмыс тобына бөліну

Жанұя тобына оралу

(түсінгендерінен коллаж жасау, қорғау)

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Жұмыс тобында пікір алмасу Слайд3/10

Жұмыс барысымен таныстыру Слайд11

Жанұя тобында мәтінді оқу /2 минут/

Оқушыларға таратылған мәтіндер І топқа: Мысыр пирамидалары Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидалары жалғасын тапты. Көлемі жағынанең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды 2. Галикарнас кесенесіКіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы. ІІ топқа: 3. Артемида ғибадатханасы Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. 4. Александрия шамшырағы. Фарос маягы біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген. ІІІ топқа: 5. Семирамиданың аспалы бағы.Тигр және Евфрат өзендерінің жағалауында орналасқан Месопотамияда Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) үйленеді. Ассириялық ханша туған елінің табиғатын сағынды, сондықтан Новуходоносор «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Вавилонның құлдырауынан кейін сутасқыны бүкіл елді шайып кетеді. 6. Зевс мүсіні. Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орынтағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салынған екен. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. ІV топқа: 7. Родос алыбы. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІғасырда Родос аралына теңіз бен қала қақпасының аралығында сауда алаңына биіктігі 36 метр жас жігіттің қола мүсіні болған. Осынау алып жас жігіт екі аяғын алшайта басып қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған.Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гелиосты өздерінің қамқоршысы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізген.

Жұмыс тобына барып пікір алммасу /5 минут/

Жанұя тобына оралу, түсінгендерін айту / 6 минут/

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Коллаж жасау /20 минут/

Слайд12


Әлемнің жеті кереметі туралы білгендерін айтады. Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін айтады /2 минуттан төрт топқа 6 минут/


Слайд13


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлары

Бағалау: /1мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау, бағалау парағында жүргізіледі.

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Сурет салғанын

Мұғалімнің бағасы

1





2





3





4





5












Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Сабақтың соңы /45 минут/

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

 -оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы алған білімінің  деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы  дәлелдей аламын. Мысалы: шағын топтарды барлық оқушылар бірдей жұмыс істеді. Балалардың қиялдарының қандай дәрежеде екенін байқадым. Мұнда  оқушылар ынтымақтаса отырып ілім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.


-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім баларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр баланың өзінің қабілет  қарымын аша түсуге күш салдым.


Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Сәулет өнеріндегі керемет шығармалар туралы мәлімет алу, адам өз қолымен жасаған сәулет өнерінің шедеврлерімен таныстыру.  Суреттің коллаж тәсілімен орындалу заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Оқушылардың қиялдарын іске асыруға жол беру.

Әлемнің керемет сәулет өнері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру  

Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.