Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫНА САЙ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫНА САЙ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бүгінгі күн талабына сай КОЛЛЕДЖДЕРДЕ кәсіби қазақ тілі пәнін оқытудағы жаңа технологияларды қолдану әдістемесі


«Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК,

Павлодар қаласы

Уахитова Салтанат Жумакельдиевна

1 санат

«Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі үшін білімді азаматтар керек!» деп Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында баса атап өтуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы – жастардың еншесінде. Олай болса, XXI ғасырдың жастары жан-жақты білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап етеді. Бұл мәселелерді шешуде басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың маңызы зор.

Өмір талабы, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мемлекеттік тілді оқытып-үйретудің жаңа жолдарын іздеу мәселелерін талап етіп отыр.

Қазіргі кезде колледждердегі «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің маңызы ерекше. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа педагогикалық, инновациялық технологияларымен, жаңа әдістермен түрлендіре оқытылады.

Оқыту әдістері – оқу-тәрбиенің мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен студенттердің өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері, ал кәсіби оқыту әдістері – бұл жүйелі және логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын педагог пен студенттің бірлескен қимылы. Осы арқылы студенттер кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберлік қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. [3, 26-34б.]

Қазақ тілін тиімді оқыту әдістерінің бірі – кесте-сызбаларға негізделген блокты оқыту. Бұл көбінесе грамматикамен байланысты болады. Грамматиканың ірі-ірі тақырыптарына шартты белгілердің көмегімен тақырып материалын бір бетен іздеп табуға болатындай, «Жеңілден – ауырға, белгіліден – белгісізге» дидактикалық принципі басшылыққа алынып, блоктап оқы- тылады. [1,4-7б.]

Мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде оқыту мақсатын білім алушылардың сабақта белсенділігін арттыруға, шығармашылық, бәсекелестік деңгейлерін жетілдіруге, оқытудың жаңа инновациялық әдістерін меңгеруге бағыттаймын.

Кәсіби қазақ тілінде жиі қолданып жүрген технологиялардың бірі – дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша студентті шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың маңызы ерекше. «Миға шабуыл», дебат, жоба жасату және қорғату арқылы білім алушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру әдістерін қолданамын. Мысалы: «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Сәнді шаш көрмесі» тақырыбын қайталағанда, олар екі топқа бөлініп, XVIII ғасырдағы шаш үлгілері мен қазіргі заманның шаш үлгілері - атты жобаларын дайындап, қорғайды. Олардың алдарына мынандай мақсат қойылады: әр топ өз тақырыбын ашу керек, тек олар жасаған шаш үлгілері ғана тиімді, ыңғайлы және қазіргі заманда үнемді, клиенттердің сұранысы көбірек екендігін дәлелдеу. Содан кейін әр топ өз тақырыбына байланысты презентация жасайды. Осында олар әр кезеңге қөңіл бөледі де шаш үлгілерінің түр-түріне тоқталып, сипаттама береді. Осындай тапсырмалар арқылы студенттердің мамандығына деген қызығушылықтары арттырады, тілдік қорлары молаяды және ізденіс жұмысы жүргізіледі, студенттер өз бетінше жұмыс жасап, нәтижесін шығарады.

Сонымен қатар кәсіби қазақ тілінде кітаппен және оқулықтармен жұмыс жасау әдісі де қолданылады, бірақ осы әдісті мен көбінесе дарынды студенттермен жүргіземін. Мысалы: «Тігін өндірісі және киім модельдеу» мамандығына байланысты топтағы үш студентіне көлемді мәтін беріледі. Тапсырманың негізгі мақсаты: конспектілеу – оқығанын мазмұнын қысқаша баяндау, мәтін жоспарын жасау, тезистеу – оқығанның негізгі ойларын қысқа баяндау, мәтінде қолданылған терминдерді теріп, орыс, ағылшын тілдеріне аудару. Осы тапсырмалар мамандықтарына байланысты студенттерді тек екі тілді ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін де қамтиді (модульдік технологияның элементтері).

Өз тәжірибемде көрнекілік әдісін де қолданамын. Мысалы: «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Шаштараз өнеркәсібі» атты тақырыпты экран бейнесі, интерактивтік тақта және компьютер арқылы өткіземін. Сабақта ең алдымен шаштараз өнеркәсібіне байланысты он минуттік фильм көрсетіледі, оны көрген соң, студенттер сабақтың тақырыбына шығады, сабақ барысында жаңа терминдерді өткенде интерактивтік тақтада шаштараз құралдарының түрлеріне байланысты суреттер көрсетіледі де астында осы терминнің аудармасы жазылады, ал сабақтың соңында компьютер арқылы шаштараз ісі тақырыбына байланысты қосымша ақпартты іздеп (ізденіс әдісі) студенттер берілген мәтіндерді толықтырады.

Ақпараттық технологиялардың ішінде біз үшін тиімдісі – мультимедиялық құралдары сабақ кезеңдерінде пайдаланудың тиімді тұстарын атап өтсем, олар:

  • студенттің пәнге деген қызығушылығын оятады;

  • танымдық қабілетін қалыптастырады;

  • студентті шығармашылық жұмысқа баулиді;

  • оқытушының уақытын үнемдейді;

  • оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді;

  • тілді үйретуде ұсынатын принциптерді толық орындап шығуға көмектеседі, яғни тілді оқытудың бес түрі бар: баяндау, кітаппен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, техникалық оқу құралдырмен жұмыс, жаттығулар орындау тәрізді әдіс-тәсілдерді, жаңа әдістемелерді осы құралдардың көмегімен сапалы түрде пайдалануға болады. [4, 18-22б.]

Тағыда сөз ететін әдістің түрі – интерактивтік әдіс. Интерактивтік деген сөз, энциклопедияда көрсетілгендей, «интеракция» деген ұғымнан шығады. Ал, интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке, бір-біріне алма-кезек әсер етуі.

Ғалым Т. Левандовский интеракцияны қарым-қатынас жасау үрдісінің синонимі ретінде сипаттайды. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда студенттердің белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді.

Бүгінгі таңда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер топтамасына енген интерактивтік әдіс ұстаздар назарын өзіне барынша аударып отыр. Себебі, бұл әдіс студенттердің бойына төмендегідей әдет-дағдыларды қалыптастырады:

  1. Студент өзін-өзі еркін, батыл сезінеді.

  2. Студенттер топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді.

  3. Білімі төмен студенттер озат студенттерден кей жерлерде көмек алады. Ал, озат студенттер өз сыныптастарына қамқорлықпен қарауға үйренеді.

Осылайша интерактивтік әдіс студенттерді мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді. [2, №2,3,6]

Жаңа ғасыр XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамуына жол ашып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелді. Ақпарттық-комуникативтік технологияларды қолдану – қазіргі кезде ең тиімді оқытудың қайнар көзі. Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойларын сауатты, толық жеткізу дағдылары одан әрі қалыптасады.


Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ж.Жеткізген «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» Алматы кітап-2007ж.

  2. «Мектептегі ғылыми жұмыс». Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2009 ж., №2, №3, №6.

  3. Ш. Т. Таубаева. «Оқытудың қазіргі технологиялары». Бастауыш мектеп. – 2005 ж.

  4. А. Сатыбаева, Г. Сатыбаева. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерге арналған). Оқу-әдістемелік құрал.-Астана, 2008 ж.

  5. А. М. Құдайбергенова. Қазақ тілі. – Алматы, 2002 ж.








4



Краткое описание документа:

«Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі үшін білімді азаматтар керек!» деп Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында баса атап өтуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы – жастардың еншесінде. Олай болса, XXI ғасырдың жастары жан-жақты білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап етеді. Бұл мәселелерді шешуде басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың маңызы зор.

 Қазіргі кезде колледждердегі «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің маңызы ерекше. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа педагогикалық, инновациялық технологияларымен, жаңа әдістермен түрлендіре оқытылады.

Жаңа ғасыр XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамуына жол ашып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелді. Ақпарттық-комуникативтік технологияларды қолдану – қазіргі кезде ең тиімді оқытудың қайнар көзі. Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойларын сауатты, толық жеткізу дағдылары одан әрі қалыптасады.

 

Автор
Дата добавления 24.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров362
Номер материала 494623
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх