Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Биік сенің мәртебең,рәміздерім!» сайыс сабақ

«Биік сенің мәртебең,рәміздерім!» сайыс сабақ

Скачать материал

    Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылы

«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Биік сенің мәртебең,рәміздерім!»

 атты сайыс сабағы

 

 

 

        

                                                                       

 

 

 

                                                                               Б.Абилкасым

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Биік сенің мәртебең,рәміздерім!

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

2. Дамытушылық. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер, бүктеме, Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік карталары, мультимедиялық проэктор, қабырға газеті және т. б

 

Сабақтың барысы:

Фанфары «Қазақтай ел қайда»

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Отан –жерім, Отан - суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

2-жүргізуші:

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

1-жүргізуші:

«Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті. Ендеше, «Биік сенің мәртебең, рәміздерім!» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

 

2-жүргізуші:

Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, гимнімен айбатты, туымен тұғырлы. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтармен таныстырып өтейік:

1. «Бүркіттер»

 2. «Мәңгілік ел»

3. «Кеңістік»

 

2-жүргізуші:

Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін,

Сезімтал мен зерегін таразылап көретін.

Таныстырсақ сіздерді қазыларымен бұл кештің,

Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін, - деп  қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер !

1. Байгонусова Фарида Алпысбайқызы

2. Байжанова Гүлжан Нұрқашқызы

3. Чонгитова Нурзия Дәрменайқызы

4. Қасабаев Мәди Оралұлы

5. Аблаева Жадыра Ілиясқызы

 

1-жүргізуші:

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек

І кезең – таныстыру

ІІ кезең – «Кім тапқыр?»

ІІІ кезең – «Ойлан, тап!»

ІV кезең – «Кім жылдам?»

V кезең – «Ойлы болсаң озып көр»

1-жүргізуші:

Оқушылар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп бүгінде келіп отыр,

Әдеппен, ізетпенен табысуға, - деп I кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыстың бұл кезеңі бес ұпаймен бағаланады.

Ал енді әділ қазы алқалары 1 кезең бойынша сайыскерлеріміздің бағаларын берсеңіздер! Рахмет!

2 - Жүргізуші:

Талапты бала

Талпынған құстай.

Құмары қанбас

Аспанға ұшпай.

Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Кім тапқыр?» кезеңіне кезек берейік.

Сайыстың «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

 

І топтың сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.

Ту, Елтаңба, Гимн

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.

Көк, сары

3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.

Екі  рет

4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі

Жұлдыз

5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай

2: 1

 

ІІ топтың сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл

1992 жыл

2. Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым

3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс

Қыран бүркіт

4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар

Қанатты пырақ

5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды

Ел президенттін ұлықтау рәсімінде

 

 

ІІІ топтың сұрақтары:

1.Мемлекеттік Гимннің авторлары кімдер?

Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов.

2.Рәміздер дегеніміз не?

Мемлекеттерді бір-бірінен ажыратып тұратын нышан-белгілер

3.Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?

Қазақстан

4.Қазақстан қандай мемлекет?

Көп ұлтты, егеменді мемлекет

5.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді?

Теңгенің  жаңа түрі 2006 жылы қарашаның 15-інде айналымға енді.

 

2 - Жүргізуші:

Сәнді айшығы, бедері,

Рәміздер – ел беделі!

Бойға таққан тұмардай,

Қастерлеймін мен оны!

Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар»,

«Ұғымдар»,

«Спортшылар»,

«Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.

 

«Авторлар» категориясының сұрақтары:

1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)

4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

 

 

«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:

1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді? (Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)

2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)

3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер? (Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)

4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді? анатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)

 

«Спортшылар» категориясының сұрақтары:

1.2016 жылы Рио-де  Жанейро қаласында өткен  Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан Республикасы жалпы есеппен неше медаль иеленді? (17 медаль 3алтын,5күміс,9қола)

2. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)

3. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар (Илья Ильин)

4. Республикамыздың тарихында тұңғыш рет суға жүзуден бірінші рет алтын медальды иеленген қазақ спортшысы кім? (Дмитрий Баландин)

«Мемлекет» категориясының сұрақтары:

1. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет (Түркия)

2. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет? (Англия)

3. 2011 жылы қандай айтулы мереке тойланды? (Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы)

4. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет? (Ресей)

(Әділқазылар бағасын береді)

 

1 - жүргізуші:

Онда қуат, жалын бар,

Жалыннан от жалындар!

Рәміздерден елімнің,

Бет - бейнесі танылар! – деп сайыстың ІҮ кезеңі «Кім жылдам? деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар қысқа уақыт аралығында облыстар шекараларымен бөлінген Қазақстан картасын тез арада жинауы керек. (5ұпай беріледі).

Топтар тапсырманы орындап болғанша Мұздиман Мирастың орындауында «Қазақтай ел қайда» әнін қабыл алыңыздар!

(Әділқазылар бағасын береді)

 

2 - жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар Отан туралы мақал – мәтелдерді жалғастырады.

І топ:

1.     Отанын сүйген.......... жанбайды,......... батпайды. (отқа, суға)

2.     Отан –.............., (қуат)

   Отбасы –............ (шуақ)

3.     Туған жердің .........да шипа, (ауасы)

   Туған жердің ...........да тәтті. (жуасы)

4.     Ел................болмас, (ұлсыз)

   Жер ............ болмас. (гүлсіз)

5.     Әркімнің өз жері – ............... (жұмақ)

 

 

 

ІІ топ:

1.        Елдің ...........– елу (көзі)

2.        Ел қадірін ........біледі, (көрген)

    Жер қадірін ........біледі. (жүрген)

3.        Туған жер –...........бесік. (алтын)

4.        Елу жылда ....жаңа, (ел)

   Қырық жылда –........... (қазан)

5.        Ит –...........жеріне, (тойған)

   Ер жігіт –...............жеріне. (туған)

 

ІІІ топ:

1.     Ел .............болмас, (жаусыз)

   Жер ............болмас. (таусыз)

2.     Өзін-өзі ...............бақытты, (білген ер)

   Өзін-өзі .................бақытты. (билеген ел)

3.     Есің барда ............тап. (еліңді)

4.     Туған ..............болмас, (жердей жер)

   Туған ...............болмас. (елдей ел)

5.     Ел іші –.................бесік. (алтын)

(Әділқазылар бағасын береді)

 

1 - жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті.

Кімдердің балалары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты ! – дей келе әділқазы алқалары ақылдасқанша, кезекті тамаша әнге берсек !

 «Мәңгілік ел» әні орындалады

2 - жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасының төрайымы Байгонусова Фарида Алпысбайқызына беріледі.

(Қорытынды бағалар айтылып, номинациялар беріледі)

1 - жүргізуші:

Осымен «Биік сенің мәртебең, рәміздерім!» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

 

Сәлем хаттай ол маған,

Болашаққа жолданған...

Рәміздері елімнің

Ата заңмен қорғалған... – деп, келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                

 

         

                          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Биік сенің мәртебең,рәміздерім!» сайыс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 641 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2018 2231
    • DOCX 794 кбайт
    • 87 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилкасым Бексулу Абилкасымқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11754
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе