Описание презентации по отдельным слайдам:
Білім мен тәрбие беру, ғылыми қоғамның аспаптарын білім саласында қолдану Оқушыларға шығармашылық жағдай жасау, жобалау және зерттеу механизмдерін жасау Жобалау және зерттеу әрекетінде білімді, ептілікті, дағдыларды , құзыреттілікті қалыптастыру, интеграциялауға қол жеткізу Педагогтың маңызды мәселелері:
Оқушылар мен мұғалімдер үшін зерттеу ортасын қалыптастыру; Ғылыми зерттеу ережелері, мектептің ғылыми қоғамы және ғылыми практикалық конференциясын қалыптастыру; Мұғалімдерді даярлауда, кәсіптік құзыретін жетілдіру үшін зерттеу жетекшілері мен консультанттары ретінде әдістемелік ұсынымдар жасау; Семинарлар, курстар, ғылыми-әдістемелік конференцияларды ұйымдастыру; Әдістемелік құралдар жобалау және ғылыми іс-әрекеттер оқушыларға да қажет. Білім алудың қалыптастыру жағдайлары:
Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының жобалық жұмыстарын бағалау критерийлері
Жобалық жұмыстың құрылымы
Жоба келесі құрылымдық элементтерден тұрады:
1) титул парағы (мектептің атауы, әзірлеушінің Т.А.Ә., қала және жыл көрсетіледі);
2) мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымшалар);
3) кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдебиеттердің негіздемесі, негізгі мәселенің құрастырылымы және қысқа мінездемесі);
4) негізгі бөлім (кіріспеде қойылған мәселе жүйелі түрде ашылады, дерекнама материалдарында осы мәселені шешудің жолдары қадағаланады, дәлелді ұстаным байқалады, оған деген әртүрлі авторлардың көзқарастары мен қарым-қатынасы көрсетіледі);
5) қорытынды (жобаның алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындылары шығарылады, зерттеу нәтижелерін нақты пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар немесе жалпы қорытындылар жасалады);
6) қолданылған әдебиеттер тізімі;
7) қосымшалар (қажет болған жағдайда);
8) слайд түріндегі таныстырылымдар.
Жобалық жұмысты әзірлеу және қорғаудың бағалауы келесі критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады:
1) теориялық және практикалық білім көлемі;
2) тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі;
3) шығармашылық;
4) нақты мәселелерді шешу үшін өз білімін қолдана алу икемділігі;
5) өз мәтіні мен таныстырылымын тақырыпқа сай және қисынды етіп құра алу икемділігі;
6) шешендік қабілеттері.
Номер материала: 436844