Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Болмасын соғыс, болмасын!" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Болмасын соғыс, болмасын!" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов



Болмасын соғыс, болмасын!

(ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты: оқушыларды соғыс тарихымен таныстыру, мағұлмат беру, Жеңістің маңызын ұғындыру, елін,жерін жаудан қорғауға тәрбиелеу, батырлардың өмірін үлгі ете отырып патриот болуға шақыру.

1-жүргізуші:

Ұлы Жеңістің 60жылдығын күні кеше тойлаған едік. Енді міне тағы да 10 жылды артқа тастадық. Сыныптай сырғыған уақыт қанша жүйрік болса да оны көпшіліктің ұмытуы мүмкін емес. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді қиратты. Сөйтіп соғыс әр үйге, отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Бұл соғыс Кеңес Одағы тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр- қайраты және бірлігінің дәлелі.

2-жүргізуші: Келді міне күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап,бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

1-жүргізуші: Сонау соғыс жылдары қырғын шайқаста елін, жерін, Отанын қорғаған қанша жан өмірін қиды. Сол адамдарды үнсіздікпен еске алайық.

(Радио дауысы: Говарит Москва!....)

2-жүргізуші:1941жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабул жасады. Бұл соғыста Қазақстаннан 1млн 196мың 164 адам майданға аттанды. Ал еңбек армиясына 700мың адам жіберілді. Бұрын-соңды болып көрмеген бұл сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскери дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып, майданға аттанды.

1-жүргізуші:Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе.

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан халқым майданға!

2-жүргізуші: Көрініс: «Майданға, майданға!»

1-жүргізуші: Қиылды

Қанаты тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.



Әлемде ең сұмдық күн ана үшін –

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашық сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте –

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

1-оқушы: (Ана:)

Сен кетсең,

Солды гүлім, өшті күнім,

Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.

Келгенше қайта айналып

Кім бар, кім жоқ,

Тапсырдым бір құдайға,

Қош, құлыным.

2-оқушы: (Баласы:1-Солдат:)

Қайтармын, соғыстан қол босағасын,

Сенемін, сен үмітпен тоса аласың.

Майданға кіргеннен соң

Хат салармын, жылама,

Қош болып тұр, қош, анашым!

3-оқушы (2,3 қыз бала:Келіншектер):

  • Қайтарып жаудың бетін ұлы еліңнен,

Аман-сау

Осы бозаң шинеліңмен,

Туған жерге

Бидай мен гүл егілген



Оралыңдар,

Жігіттер,

Түгеліңмен.

4-оқушы (2-Солдат):

  • Кезіміз

Ерліктермен көрінсек дер,

Сендер емес,

Ерлердің жолын шектер,

Қандай заман болса да,

Күдер үзбей,

Күтіңдер күні-түні, келіншектер!

5-оқушы (Бала):

  • Ағалар,

Жүрегімде жаңа әнім бар,

Кетпесін тұншықтырып оны ағындар.

Адамдар қалыпты өмір сүру үшін

Ауылға аман-есен оралыңдар!

6-оқушы(3-солдат):

  • Біздерді сағынғанда еске алыңдар,

Біздің де жүректе үміт, баста мұң бар.

Арнаймын жеңісімді өздеріңе,

Қара көз қарындастар,

Қош болыңдар!

2-жүргізуші:

Аналар тілек айтты, қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.

1-жүргізуші: Ән: «Ана тураллы баллада»

2-жүргізуші: 1941 жылықарашаның соңғы күндерінде Г.К.Жуков қорғаныс ұрыстарында тыным алмастан қарсы шабулға көшуді ұсынды. Әскерлерге «Орталық» армиясының екпінді күштерін талқандау және Мәскеуге тікелей қауіп төндірмеу міндеті қойылды.

1-жүргізуші: Көрініс: «Москва түбіндегі шайқас»

(Соғыс кезіндегі атыс дауысы,сахнада кеңес әскерлері)



1-Солдат: Капитан Момышұлы, жан шақыруға шамамызды келтірмей фашистердің өрттей қаулап келе жатқанын қараңызшы.

Бауыржан (Бинокльмен қарап): Қырағының өзі де, көзі де батыр-ау! Сержант Мамонов,

жауынгерлер ұрысқа дайын ба?

Мамонов: Сіздің бұйрығыңызды ғана күтіп тұрмыз.

Бауыржан: Ендеше, сержант Мамонов, тірескеннің тізесін бүктірейік! Ұрысқа кірісейік!

Алға!

Барлығы: Отан үшін алға!

(Осы жерде фашистердің кеңес әскерлерімен соғысы көрсетілді.)

1-фашист: Жау әскерлерінің көзін құртайық!

2-фашист: Кеңес әскерлері-шошқа.

3-фашист: Біз жеңіске жетеміз.

Кеңес әскерлері: Жаудың көзін құртайық!Елімізді,жерімізді жаудан тазартайық!Ел үшін,

жер үшін! Ура! Ура! Ура! Жасасын Қызыл армия!

(Жауды қуып тастайды.)

2-жүргізуші: Қызыл армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

1-жүргізуші:Ән: «Землянке»

( Соғыс майдангерлері туралы өлеңдер оқу, интер тақтадан майдангерлер туралы үзінділер көрсетіліп тұрады)

7-оқушы:

Окопта ұйқтап жүрді ерлер

Суықта боран қақаған.

Бір боран емес мың боран,

Ызғары өтті жотадан.

Жаңбырдай оқтың ішінде

Панфилов Қазақстаннан.



Сонау бір қиын тұстарда

Өлмейтін ерлік жасатқан.

8-оқушы:

Баймағанбеттің Сұлтаны –

Байсалды туған ер, батыр.

Жағасын жаудың жыртады

Жолбарыс болып атылып.

9-оқушы:

Артта ажал, алда үміт,

Есімі ердің жаңғырып,

Есінде жұрттың мәңгілік

Жас қыран Нұркен Әбдіров.

10-оқушы:

Бауырлас ізгі ерлердің

Іздерін қалай шаң баспақ?

Төлеген, Мәншүк, Ақеділ

Жасады және сан ерлік.

11-оқушы:

Жауменен жалғыз алысты

Түбінде Мәншүк Невельдің.

Бермеді қолдан намысты

Жүректі қызы ер елдің.

12-оқушы:

Жер мен көктің арасын

Шарпығандақалың өрт,

Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт.

13-оқушы:



Бауыржан батыр қол бастап,

Москваның түбінен

Ерліктер жасап ол да асқақ,

Волоколам жолында

Жауымен талай арбасқан.

2-жүргізуші: Би: «Смуглянька»

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысына ауылымыздан да талай боздақтар аттанды. Солардың ішінде біздің де аталарымыз бар еді.

(Ауыл боздақтары туралы айту).

2-жүргізуші:Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1-жүргізуші: Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы жылы болатыны белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін соңғы ұрыстар болды.

2-жүргізуші: Көрініс: «Берлинде»

Жауынгер: Қошқарбаев, сені батальон командирі шақырады.

Васильченко: Жауынгерлік тапсырма бар.

Қошқарбаев: Тыңдап тұрмын.

Васильченко: Анау үйді көремісің? Ол – Рейхстаг. Соның үстіне ту тігу керек. Мына жігіттер де саған ереді. Оқпен сүйемелдеп тұрамыз.

Қошқарбаев: Құп болады.

Васильченко туды береді. Рақымжан туды алып, ішіне тығып алады. Ол терезеден секіріп түсіп, снаряд ойып кеткен шұңқырға жетеді. Гүрс етіп снаряд жарылады. (Музыкамен снаряд дауысы шығады). Щққа ұшу қаупі күшейеді.

Қасында Григорий Булатов та бар. Олар Рейхстагқа дейін жүре берді. Осы кезде ракета атылып, белгі берілді.

Қошқарбаев: Григорий, кезегі енді келді. Ал жөнелдік!

Екеуі жылжып жүріп терезеге жетеді. Екінші қабаттың балконы сияқты. Қойнынан жалауды шығарады.

Қошқарбаев: Мін иығыма! Байла!

Олар Рейхстаг төбесінде желбіреп тұрған өз туларын көріп, ерекше сезімге бөленеді.





1-жүргізуші:ССРО-Германия соғысы жеңіспен аяқталып, 22 жасар жас қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Соғыс өзге ұлт өкілдерімен бірге қазақ халқының небір жаужүрек батырлары барлығын дәлелдеп берді.

2-жүргізуші:Украйн биі: «Калинка-малинка»

1-жүргізуші:

Ұлы Жеңіс, қымбатсың ғой бәрінен,

Саған қарап бой түзеймін әлі мен.

Иілмеген еңсесісің елімнің,

Қорықпаған жауған оқтың кәрінен.

2-жүргізуші:

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

70 рет көктемде содан бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

1-жүргізуші:«Адай» күйі

2-жүргізуші:

Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да барлығымыз мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

1-жүргізуші:

Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер,

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.

Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!

Осы тілекпен, барша халайық түрегел!

Хор: «Бейбіт күн тілегі».



2-жүргізуші: Осымен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Болмасын соғыс, болмасын!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!







Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі





Ашық тәрбие сағаты





Болмасын соғыс, болмасын!

Тақырыбы:











9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий



Өткізген: Жакосова.С.

7ә сыныбы







Автор
Дата добавления 20.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров126
Номер материала ДВ-540732
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх