Инфоурок Физика Научные работыДЕБАТ: Тақырыбы: «Қазақстанда атом энергетикасы қажет пе?»

ДЕБАТ: Тақырыбы: «Қазақстанда атом энергетикасы қажет пе?»

Скачать материал

ДЕБАТ:

Тақырыбы: «Қазақстанда атом энергетикасы қажет пе?»

Дебаттың мақсаты: Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдаланудың негіздерін ұғындыру. Студенттердің техникалық бағытқа бейімдеуде энергетиканың негізгі салалары: жылу электр станциялары, гидро электр станциялары, атом электр станцияларының негізгі құндылықтару туралы мәлімет беру.

        Міндеті:

- Студенттерді энергетика саласына бейімдеу.

- Студенттердің теориялық, практикалық білімін кеңейту.

- Студенттердің сөз байлығын арттыру, өз ойын еркін түрде жеткізе білуге үйрету.

        Мазмұны: Энергетика саласын оқытудың теориялық тұжырымдамасын, негізгі заңдылықтарын, құрылғылардың жұмыс істеу принципін, электр энергиясын қолданудың негізгі құндылықтарын, Қазақстан территориясындағы АЭС, ГЭС, ЖЭС жобаларны салудың негізгі проблемалары жайында түсіндіріп, болашақ жастардан үміт күту.

Шарты: Колледж ішінен 42 және 44 топ оқушылары екі топқа бөлінеді. Жақтаушы топ, даттаушы топ болып. Әр топтың жетекшісі, спикерлері сайланады. Соттар. Колледж директоры Ахмедов Ш, өндірістік оқыту шебері Акмалов И, арнайы пән оқытушысы Сайдирасулов О, физика пәні оқытушысы Пратова Ф, колледж әдіскері Ташполатов Д. Әр топтың кейсі жазылып қойылады.

Ойын барысы.

  Жақтаушы «Үміт» тобының кейсі.

«Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау-маңызды экологиялық үрдіс».

       Даттаушы «Бейбіт» тобының кейсі.

«Табиғат заңы болжамайды, ол ешкімге бағынбайды».

Бастаушы пікірталасқа түсетін екі топтың мүшелерін таныстырып өтеді.

«Үміт» тобының жетекшісі-Тойчибаев Муроджон

Бастаушы.-Бірінші сөз «Үміт» тобының спикері Тойчибаев Мурод мырзаға беріледі.

-Сәлеметсіздер ме, тыңдарман қауым және құрметті оппоненттер. Мен біздің команданың кейсі «Атмасфералық ауаның тазалығын сақтау-ең маңызды экологиялық үрдіс» атты тақырыпты түсіндіру үшін «Таза ауа-денсаулық кепілі» деген аргумент бойынша ойымды жеткізбекпін.

Елімізде АЭС салу мәселесінің көтерілгеніне де аз уақыт болған жоқ. Жуықта «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ  басшылығы мен Жапон Үкіметі Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін тағы да талқылады. Әр түрлі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, сондай-ақ халық арасында АЭС құрылысына қатысты әр түрлі алып-қашпа пікірлердің есіп жүргені жасырын емес. «Жасылдар» партиясы немесе «Чернобыль одағы» қауымдастығы сияқты ұйымдар АЭС-тің салынуына ашық түрде қарсылық та жариялады... Ең алдымен, заманауи атом энергетикасы ол – кешенді жоғары технологиялық сала екенін және де ол мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді әрі қыруар қаржының құйылуын талап ететінін жете түсінген жөн. Оның үстіне, Қазақстанда атом энергетикасы тақыр-таза жерге салынайын деп жатқан жоқ. Кезінде КСРО-ның ядролық-отын циклінде Қазақ ССР-ы маңызды рөл атқарды, ал еліміз егемендік алғаннан кейін «Казатомпром» ұлттық компаниясы әлемдік уран өндірісінде бірден-бір көшбасшыға айналды. Десек те, бірқатар себептерге байланысты Қазақстанның бірінші АЭС құрылысы қаншаға бағаланатынын дөп басып айту мүмкін емес: жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып біткен жоқ, АЭС-ын салатын және қондырғымен қамтамасыз ететін компанияларды таңдап алуға тендер әлі өткізілген жоқ, реакторлар қуаты мен саны, олардың түрі айқындалмады да және ең бастысы, қаржыландыру шарттары әзірге белгісіз және т.б. себептерді тізе беруге болады.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

        Бастаушы: -Келесі сөз кезегін «Бейбіт» тобының спикері Миродил мырзаға берейік.

        -Сәлеметсіздер ме, құрметті халайық. Мен біздің топтың кейсі (резолюциясы) «Табиғат заңы болжамайды, ол ешкімге бағынбайды» тақырыбына деген пікірді қуаттап, ойымды айтқым келеді.

        Мен «Үміт» тобының спикері Мурод мырзаны тыңдай келе бір нәрсеге қайран қаламын. Соңғы уақытта мені осы мәселе толғандырып жүр. «Қазақстан Жапония сияқты теңіздердің ортасында тұрған жоқ. Уранды шикізат күйінде сата беру – ақымақтық, соңғы технологияның жетістігін пайдалану керек» деген ғалымдармен да келіспеймін. Сонымен мені не алаңдатады?

1. Мамандардың айтуынша, адамзат атомды қолдануды үйренгенмен, оны залалсыздандырудың жолын әлі үйренген жоқ. АЭС салған елдер оның пайдасын көріп жатқанмен, енді одан құтылудың амалын таппай отыр. АЭС-тің жұмыс істеу мерзімі – орташа есеппен алғанда 25-35 жыл. Өз жұмысын аяқтаған АЭС-ті жай ғана қауіпсіз ұстап тұру үшін миллиардатаған қаржы керек. Мысалы, совет кезінде қару-жараққа арналған плутоний (оружейный плутоний – дұрыс аудардым ба, білмеймін) шығарған Маңғыстау атом электр станциясы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған жоқ. Сонда да оны қауіпсіз ұстап тұру үшін миллиард теңге қажет екен. Жекеменшіктердің қолында тұрған бұл станцияны «залалсыздандыруға» қаржы жұмсалып жатыр ма, жоқ па, қазір кім білсін. Авария болған Чернобыльдың өзі жыл сайын миллиондаған қаржы талап ететін көрінеді.

2. Атомның аты – атом. Ол ешбір қателікті кешірмейді. Оның үстіне Қазақстанда бұл салада мамандар жоқ. Қандай жүйеде өмір сүріп жатқанымыз бәріне аян.

        Сөзімді қорыта келе бізге тыныс беріп отырған атмосфера ауасы ластанып, күндердің күнінде уланып қаламыз-ау деп ойлаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Бастаушы:-келесі сөзді «Үміт» тобының спикері  Олимхан мырзаға берейік, уақыты 5минут.

        Сәлеметсіздерме көрермен қауым! АЭС-ның, әрине, өзіндік экологиялық кемшіліктері де бар: оларды пайдалану кезінде радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отын жиналып қалады, ал қалдықтарды қауіпсіз ету, оларды сақтау мен өңдеуге байланысты мәселелерді тиімді түрде шешу айтарлықтай шығын әкеледі. Бұған қоса АЭС-сын пайдалану міндетті түрде ірі су көздерінің болуын талап етеді, демек, онсызда су ресурстары тапшылығына тап болған Қазақстанда тағы бір қорек көзінің балансы бұзылады деген сөз. Осы атап өтілген қолайсыз жақтарды ескере отырып, елімізде бейбіт атомды дамыту жаңғырмалы энергия көздерін игеру және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін қамтитын жобалармен қатар іске асырылуы тиіс. Дегенмен, әзірге баламалы энергия көздері (жел және күн энергетикасы) тым қымбат әрі олар базалық энергетикалық қуатты қамтамасыз етуге күші жетпейді.

Халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға зақым келмес үшін Қазақстанда АЭС салу кезінде бұрын болған ядролық апаттарға себеп болған жайттарды және олардан шығарылған қорытындыларды жете ескеру қажет. Жер сілкінісі тудырып, АЭС-ның қауіпсіздік жүйесін бұзған цунами салдарынан болған Жапониядағы «Фукусима» апаты көрсеткендей, бірнеше экстремалдық оқиғалардың (табиғи катаклизмдар, техногендік апаттар және адам қателігі) қабаттасу мүмкіндігін естен шығармау керек. Құрылысқа ең заманауи және қауіпсіз технологиялар мен материалдар, сенімді, жетілдірілген қорғаныс тосқауылдары, энергия көздері, қашықтан басқару мүмкіндіктеріне ие ақпараттық-байланыс жүйелері мен бақылау-өлшеу құралдары пайдаланылуы тиіс.

Әлем халқына адам өз қажеттіліктерін табиғи ортаның байлықтарымен шамаластыруы керек. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

        Бастаушы: - Келесі сөзді «Бейбіт» тобының спикері Достон мырза  алады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдарман қауым.

        Мен сөз сөйлеген спикерлерді тыңдай келіп «Табиғат-мәңгілік өзін-өзі реттеуші орта» деген оргумент бойынша ойымды түйіндемекпін.

        Атом – бомбаға энергия жетіспегендіктен азық ретінде пайда болған энергетика еді. Оны қазіргі таңда, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және КСРО ғалымдары мойындап отыр. Атом энергетикасының пайда болуына қаншама қыруар қаржы шығындалды десеңізші, қазба жұмыстарынан тыс, институттар мен заводтар ашылды. Оған аса дайындықтан өткен мамандар тартылды. Кейінірек атом энергетикасы атом бомбасын дайындауға ауыстырылды. Нәтижесінде атом энергетикасы мемлекетке қомақты табыс әкелді.

        Бір ғана Францияның өзіне 30 млрд доллар болса, АҚШ-қа 50 млрд доллар болды. Осылай фантастикалық табыс басқа салалардың көзін жойды. Атом энергетикасының дамуы АҚШ пен КСРО-ның саяси емес, әскери қаруланудағы жарысы еді, әсіресе, 1960-шы жылдары қатты дамыды. Н.С. Хрушевтың Нью-Иорктың мінбесінен «Көздеріңе көк шыбынды үймелетіп, анаңнан туылғаныңа пұшайман боласыңдар»--деп аяқ киімін шешіп алып, мінбесін ұрғаны да осы тұс еді.

        1990- шы жылдары дамудың шегіне жетіп қарулануды тоқтату туралы шешім қабылдады, өйткені атом энергетикасы мемлекеттің қазынасына әсер етпей тұра алмады. АҚШ-«Три Майл Айлендте» КСРО-да Чернобылдағы апат қаншама адамға қайғы әкелді, мемлекеттің қаржысын ысырап етті.

        Әлемдік тәжірибе

        Бүгінде көптеген дамыған елдер АЭС қарсы болып отыр. Өйткені, экономика мен экология жағынан тиімсіз болып тұр. Соңғы 30 жылда АҚШ-та 108 атом энергетикасына байланысты құрылыс тоқтап қалды. 1999 жылы АҚШ-та 16 АЭС жабылып қалды. 2001 жылы Италия, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швеция, Испания, Греция, Польша, Мексика және Бразилия елдері АЭС құруға қарсы билікті көндіріп шешім қабылдауға мәжбүр етті. Соңғы Германиядағы 19 станция Швециядағы 12 станция 2012 жылы жабылды. 1985 жылы Австриядағы жалғыз АЭС жұмыс істемей жатып тоқтап қалды, себебі ол бүкіл Еуропаға қауіп тудырды.

 Назарбаев университетінің профессоры Александр Моррисон мырзаның сөзіне қарағанда, «Еуропада халқының денсаулығын бәрінен жоғары қояды, ал Қазақстанда бір Аллаға аян».

АЭС құрылысының технологиясы

        АЭС-ты құру 10 жылдан көп уақытты және қомақты қаржыны талап етеді. АЭС 20% электрэнергияны жағады, іске түскенде, тағы 80% қосылады, 30-35 жыл қызмет етеді. Одан кейін 10-15 жыл дем алу керек. Сонан соң, абайлап бөлшектеу қажет, құруға қанша ақша кетсе, бұзуға да сонша ақша керек. Радиоактивті қалдықтарды қайда? шығарып тастау керек, ол да өте зиянды. АҚШ билігіне Барак Обама келгелі АЭС құруға тоқтау жасалды. Ресейде бір кілә қалдықтың құны 80 долларға тең.

АЭС-тың экономикасы

 Бүгінде Ақтаудағы АЭС 1997 жылы 25 жыл жұмыс істеп тоқтатылған. АЭС-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс бюджетінен жылына 660-690 млн теңге бөлініп қарапайым халықтың салығынан алынып отыр. Маңғыстау облысында электрэнергия басқа облыстарға қарағанда, үнемдеу үшін екі есе арзан. Табиғи газбен де қамтамасыз етілген. ГРЭС-ке қарағанда, АЭС-ке төлем 6-8 есе қымбат. Жыл өткен сайын атом энергиясы да қымбаттай бермек. Тыңдағандарыңызға рахмет.

        Сұрақтар.

1.             «Үміт» тобының қоятын сұрақтары:

а) Еуропа елдері 90 пайыз энергияны атом электр энергиясынан алады. Бұған не дейсіздер?

ә) Қазақстанда мұнай мен көмір біткеннен соң электр энергиясын қай жолмен алуға болады?

б)  XXI ғасыр атом энергетикасы ғасыры екенін неге мойындамайсыздар?

        2. «Бейбіт» тобының қоятын сұрақтары:

а) Атом электр энергиясына қаншалықты кепілдік бере аласыздар?

ә) Адам  өмірі сіздердің атом энергетикасынан да маңызды емес пе?.

б) Атом энергетикасы еш қашан Қазақстан үшін қажет емес?

Бастаушы:- Сөз кезегі топ жетекшілеріне беріледі. Алдымен «Бейбіт» тобының жетекшісі, Шукрулло  мырзаға, сөз кезегі сізде.

Ақтау қаласында АЭС құру туралы жиын болды. Су жаңа станция ВБЭР-300 салуға ұсынды. Ресейден келген Фадеев Юрий Петровичке «Осындай станциялар Ресейде бар ма? қанша уақыт жұмыс істей алады?» деген сұраққа, қашқалақтап қиналып жауап бергендей болды. «Бұндай станция еш жерде жоқ, әзірге қағаз жүзінде ғана бар»--деп қояды. Бірақ, жауабы мені қанағаттандырмады. Залда отырғандар да наразылық танытты.«Ресей тағы біздің елді сынақ алаңына айналдықмақшы, соншама Ресейде жер жетпей ме? Владивосток пен Калининградтың арасы 18 000 шақырым қалаған жеріңе АЭС-ты сала берсін. Апатты қолдан ұйымдастыруы да мүмкін, олар оған әбден машықтанып алған, жабдықтар мен мамандар Ресейден келеді, тағы миллиардтаған қаржы талап етеді. Неліктен біз өз-өзімізді сыйламаймыз, Ресейліктер келіп алып білгенін істегісі келеді «жуас түйе жүндеуге жақсының» кері. 70 жыл бізді пайдаланғаны жетер. Біздің ел үшін мүлдем тиімсіз, Ресейге пайда әкеледі, бізге мәңгілік радиоактивті зиян қалдықтарға уламақшы»--дедім.

        Ақтау қаласы шетте орналасқандықтан, апат жағдайда қала халқын тез арада басқа жерге көшірудің өзі мүмкін емес. Жанында Каспий теңізі тиіп тұр, радиоактивті бөлшектер суға тисе, «Қуырдақтың көкесін сонда көресің» демекші, бәрі бітті дей бер. Ақтау халқына әлі күні БН-350-мен уланған жерде тұрып жатқаны үшін әлеуметтік қолдау ретінде әрбір тұрғынына ақша төленуі туралы сөз болған емес, болмайтында шығар. Апат болған жағдайда әрбір тұрғынның өмірі мен денсаулығын сақтандыру олардың өңі түгілі түсіне де кірмеген. Балқаш пен Курчатов арасына АЭС құруға қызығушылық танытып отырған, энергетика министрі Владимир Школьник мырза өз аузымен емес, орынбасары Бақытжан Жақсалиев қазақтың аузымен айтқызып отыр. Өйткені, қаржылық құйтырқының арқасында қомақты қаржыға кенеледі, «Маңғыт аузыңа саңғыт» деп Виктор Храпуновтың ізін қуып Швейцариядан бір-ақ шығады. Себебі осыған дейін шетел қашқандар қаншама.

        «Есек ылайдан өтті, қу кетті» деп қоянның суретін салып кетеді. Жер сипап біз қаламыз. Осылай өзіміздің көрімізді өзіміз қазбақшымыз немесе ағаштың басына отырып алып, ағаштың астын кесіп отырған Қожанасырдан аумай қалдық.

        Ресей АЭС-тен қалай құтылып жатыр?

        «Атомстройэкспорт» Ресейде және шет елдерде АЭС құрумен айналысады. Калининдық (2007 жыл), Нововоронеждық (2009 жыл), Волгодондық 1979-2009 жылдар аралығында АЭС құрғанда арзан материалдарды қолданған, тұтынушылардың бәрі наразы болған. 2009 жылдың желтоқсан айында Волгодондық АЭС-те апат болды. Өйткені, материалдардың тозығы әлдеқашан жеткен. Жаңартайын десе, қаржы жеткіліксіз.

 Сондықтан 2010 жылдың 10 қаңтар күні Қытайдың Тяньван провинциясында 10 жыл Ресей мамандары құрған АЭС-те апат болды, қытайлар орыстарға қайтадан істеуге мәжбүрледі. Осылай қытайлардың алдында орыстардың абыройы айрандай төгілді. Осыдан кейін дүниежүзі бойынша ешкім Ресеймен келісім шартқа отырмайтын болды. Енді келіп Қазақстанды жағалап жүргені. АЭС құру Қазақстанның болашағы жоқ дегенмен бірдей естіледі маған.

 Чернобыл апаты 28 жылдан 500 млрд доллар құрап отыр. Украина әлі күні мемлекеттік қазынадан 5%, Белоруссия 10%, Ресей 1% бөліп отыр. Ресей АЭС-і 1992—2004 жылдар аралығында 300 рет апат орын алған. Жапониядағы оқиғадан кейін Швейцария, Франция, Италия, Австрия мен Австралия АЭС құруға тыйым салды. Тек Иран, Қытай Үндістан елдері атом клубы мүшелігіне өткісі келеді.

Бастаушы:- Келесі сөз «Үміт» тобының жетекшісі Адхам мырзаға  беріледі.

        -Сәлеметсіздер ме, тыңдарман қауым және оппоненттер.

        Мен екі топтың пікірлерін тыңдай келе бүгінгі дебат сайысының «Таза ауа тапшы болмасын» атты тақырыбын аргумент етіп өз ойымды түйіндемекпін. Біздің «Үміт» тобының спикерлері Мурод мырза мен Олимхан мырза  ауа тазалығын қорғау туралы  ғылыми терең талдау жасап берді. Үкімет келтірген деректер бойынша, Қазақстанда электр энергияны тұтыну 2030 жылға таман 173 млрд. кВтсағ дейін артады, ал 2012 жылдың өзінде электр қуатын пайдалану 91,4 млрд кВтсағ жетіп, электр энергия өндіру ауқымы 90,2 млрд кВтсағ құраған. Олай болса келешекте мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы орын алу мүмкіндігі өте жоғары. Энергия тапшылығы проблемасын қолданыстағы электр станцияларын техникалық қайта жарақтандыру, олардың қуатын арттыру, қайта құру, сонымен қатар Балқаш ЖЭС-ын пайдалануға беру сияқты біршама жобаларды іске қосу арқасында ішінара шешуге болады. Бірақ еліміздің энергетикалық қажеттіліктерін саралай келе үкімет АЭС құрылысын жөн көріп мақұлдады. Елімізге жетіспейтін қуатты толық қамтамасыз ету үшін бір ғана АЭС салу, әрине, жеткіліксіз болады, сондықтан олардың бірнешеуі салынуы ықтимал – олар ең алдымен энергияға тапшы елдің батыс және оңтүстік аймақтарына орналастырылады. Әзірге тұңғыш атом электр станциясының қайда болатыны белгісіз, дегенмен ол Ақтау қаласының өндірістік аумағында, Маңғыстау атом энергокомбинаты маңына орналастырылуы әбден мүмкін. 2011 жылғы Жапониядағы «Фукусима» АЭС-дағы орын алған қайғылы оқиға ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сорақы кемшіліктердің бар екенін ашық көрсетіп берді. Сондықтан соңғы уақытта әлемдегі АЭС-да ядролық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау және туындаған ақаулықтарды анықтау мақсатында тиісті рәсімдер мен жабдықтарға тәуелсіз бақылау органдары сараптама жүргізетін болды, оларды «стресс-тестер» немесе қауіпсіздік аудиттері деп атайды. Халықаралық стандарттарға сай қауіпсіздік жүйелерін тексеру мен жетілдіру ядролық нысандарды бүкіл пайдалану мерзімі кезінде өткізілуі және ұлттық реттеуші органдардың ядролық қауіпсіздік мәселесіне қатысты шешімдері тәуелсіз болуы заң жүзінде бекітілуі тиіс. Мемлекет тарапынан заң бұзушыларға қатаң шаралар қолданылуы керек. АЭС-сын орналастыру мәселесінде бірқатар факторларды, атап айтқанда, аймақтың табиғи-географиялық ерекшеліктері мен гидрогеологиялық ахуалын ерекше ескеру маңызды. АЭС жобасы табиғи катаклизм жағынан да, адам қолымен істелетін жағдайлардан да болуы ықтимал төтенше оқиғалардан жан-жақты қорғалуы шарт. Сондай-ақ, Қазақстанның АЭС жобасын ядролық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына сай, тәуелсіз халықаралық сертификация арқылы өткізу мүмкіндіктері қарастырылса құба-құп.

 Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

        Бастаушы:-Қортынды сөз №10 колледж директоры Ахмедов Шухрат ағайға беріледі.

-Дебат сабағы оқушыларымыздың көп ізденістерін туғызды. Көріп отырғанымыздай тамаша білім және шешендік сайыс болды. Бағасын төрешілеріміз айта жатар. Менің қосарым – біз ғаламшардағы барлық тіршілік иелері, ең бірінші табиғатқа қарыздармыз. Себебі ол - біздің алтын бесігіміз, анамыз. Табиғат - таланты оятушы көркем өнердің өзегі. Табиғатта жас баладай мейірімді, аялы алақанды күтімді қажет етеді. Табиғатпен тіл табыса білу қажет.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтатын тілі жоқ» деген сөз бар. «Күте білсең жер жомарт», «Таза ауа-жанға дауа» деген мақал бекер айтылмаған.

        Ата-бабамыз ұланғайыр қазақ жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап бізге қалдырды. Біз келер ұрпақтың алдында табиғатты таза сақтап қалуға міндеттіміз. Әрбір Қазақстан азаматы өз ұлтының келешегі үшін қалдырар мұрасы табиғат екенін білу керек. «Қазақстн-2030» бағдарламасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында табиғатты қорғау өзекті мәселе болып көтерілген.

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы оқытушы:......................Кулметов А

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ДЕБАТ: Тақырыбы: «Қазақстанда атом энергетикасы қажет пе?»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 194 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2018 3978
    • DOCX 35.4 кбайт
    • 119 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулметов Атабек Пахриддинович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулметов Атабек Пахриддинович
    Кулметов Атабек Пахриддинович
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 254131
    • Всего материалов: 73

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов