Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдебиеттік оқу пәнінен күнтізбелік жоспар

Әдебиеттік оқу пәнінен күнтізбелік жоспар


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ана тілі

1сынып

Тақырыбы:            Әнші төлдер.


Мақсаты:        Оқушыларға өлеңнің мазмұнымен таныстыру.Үй жануарларын күтіп бағуға      тәрбиелеу.Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.


Нәтижесі:        Жуан және жіңішке дауыстыларды айыра білу.


Оқу құралдары      Оқулық, суреттер, стикер,маркер, дәптер


Оқыту тех-ы:           АКТ  , СТО,   жұптық бағалау.


Әдіс тәсіл:             Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

                         Мұғалім әрекеті


Оқушылармен амандасу. Сурет құрастыру арқылы топқа бөлу.


Өткен материалдарға жалпы шолу.

                   Терме диктант.

                  Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.

Осы сөздердің ішінен жуан дауыстты дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Ой қозғау:

Төлдер нені атаймыз?

Қандай төлдерді білесіңдер?

Бүгінгі тақырыбымыз   Әнші төлдер. Авторы Ілияс Жансүгіров туралы қысқаша түсінік беру.


Оқушыларды тізбектей  оқытып шығу. Сынып түгел оқиды.

Үй жануарларының  дыбысын есту арқылы олардың қай жануардың екенін анықтау.


Әр топ дыбысына қарай тапқан жануарларға   байланысты постер қорғайды.


Әр топ ақылдасу арқылы бір   оқушыдан қорғайды.


Дайын дәптерді жазу.


Сергіту сәті.


Рефлексия. Әр оқушы сабақтан алған әсерлерін білім ағашына іледі.


Үйге тапсырма.Әнші төлдер өлеңін жаттау. Үй тапсырмасын оқушылар белгілеп алады.

Жұптық бағалаужүреді.

Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды жаттау.


Жаттаған өлеңдерді мәнерлеп айтуға  жаттықтыру. 

Ана тілі 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер, сөздер жазылған парақшалар, кеспе әріптер, көшпелі тақта, үнтаспа, т. б.
Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
- Төрт түлік. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері.
- Төрт түлікке нелер жатады?
- Қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы.
«Боз бие» өлеңін оқу.
Сауалнама жүргізу
- Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар
арқылы көрсетеді.
1. Дауысты дыбыстар қатарын тап:
а) б, в, г
+ ә) а, ә, е
2. «К» қандай дыбыс?
+ а) дауыссыз
ә) дауысты
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а) 40 әріп
+ ә) 42 әріп

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту
- Төрт түлік мал иелерін сұрау
Шопаната, Зеңгібаба, Қамбарата, Ойсылқара, Сексеката.
- Дауысты дыбыс әріптеріне нелер жатады?
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, ё, э.
- Дауыссыз дыбыс әріптеріне нелер жатады?
б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).

ІY. Жаңа сабақ Ана тілі
Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)
Сиыр төлін қалай атаймыз? - бұзау
- Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы
«Ақ бұзау» деп аталады.

Y. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы «Ақ бұзау» өлеңін үнтаспадан тыңдау.
Өлең не туралы? –бұзау
Оқулықтағы суретпен жұмыс
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
- Баланы
- Баланың жанында не бар?
- Бұзау
- Бұзау ненің төлі?
- Сиырдың төлі
Сурет бойынша шағын әңгіме құрау.
- Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов. Ақынның өлеңдері өте
көп. Алдағы уақытта оқулықтан, газет-журналдардан оқып танысасыздар.

- Оқулықтан өлеңді тұтас бір-екі балаға оқыту.
YІ. Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.
- Жарайсыздар балалар!

YІІ. Түсіндірме жұмыс Қазақ тілі
Ақ бұзау сөзіне дыбыстық талдау жасау
- Бұзау сөзін буынға бөлу - сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады-2буын (Бұ-зау)
Көрнекілік арқылы ережелерді қайталату
Дыбыстар. Дауысты Дауыссыз

жуан, жіңішке
қатаң, ұяң, үнді
- Ереже таныстырылады
Жуан дауыстылар:а, о, ы, ұ.
Оқушыларға ережені хормен оқыту.

YІІІ. Дәптермен жұмыс
28-жаттығу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, дыбыстық талдау жасау.
- Автор туралы мағлұмат беру, өлеңнің мағынасын түсіндіру.
2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табу.
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
«Тақия тастамақ» ойыны
Ойын шартын түсіндіру
3. Жуан дауысты дыбыстары бар сөз тауып айту, сөздерді буынға
бөлу, сөйлем құрау.

ІХ. Сәйкестендіру тесті
Суреттегі малдардың сәйкес дыбысталуын тап:
Түйе - мөңірейді
Сиыр - кісінейді
Қой - боздайды
Жылқы - маңырайды

29-жаттығу. Сөздік диктант
Сөздерді сауатты, қатесіз жазу.
Сүт, айран, қаймақ, май, құрт.
- Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табу.
- Тексеру, мадақтау.
Сөздік жұмыс
Бүгінгі сабақтағы бұрын кездеспеген сөздер бар. Сол сөздердің мағынасын дұрыс ұғынып алайық.
Кілегей – сүт бетінде тұратын майлы қабат, шикі қаймақ.
Уыз – жас төлдеген малдың алғашқы 3-4 күндік қою уыз сүтінен пісірілетін дәмді тағам.

Х. Сабақты қорытындылау
Сиырдың суретін құрастыру.
1. Бүгін Жақан Смақовтың қандай өлеңімен таныстық? –Ақ бұзау
2. Бұзау қай малдың төлі? –Сиырдың
3. Сиыр иесін қалай атаймыз?- Зеңгі баба
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?- 2-ге, жуан, жіңішке
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата:- а, о, ы. ұ
6. Жуан дауысты дыбысы бар бір сөз айт:- қой

ХІ. Үйге тапсырма:
а) «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу
ә) 28-жаттығуды көшіріп жазу

ХІІ. Бағалау
«Тез ойла, сөз ойла»
СЙМҰАҚ
ҮРАРЙУ
ТАЙТМЫ
АНҚҚАЗ
1. Сүт 2. Айран 3. Май 4. Құрт 5. Қаймақ 6. Уыз










































3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға
Мақсаты: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
1. Білімділік: Ұлы адамның өмірінен мағлұмат беру, Сәкен Сейфуллиннің халқына қамқор болғаны жайлы берілген мәтінді түсініп оқи отырып, мазмұнын айтуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейі дамуына мүмкіндік беру.
3. Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру. Ізгілікті елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі:. Бейне таспа, суреттер,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасы:
Абай кім?
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою.
Абайдың үйін неге осындай етіп тікті деп ойлайсыңдар?
Оны әдемілеп тігуді мойнына алған кім?
Келген қонақтар кімдер?
Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
Олар неге сүйсінді?
Әуез қарт неге үнсіз тұрып қалды?
Ол кісі қандай сөздер айтты?
Мәтіннің мазмұның әңгімелету.
Сыныпты үш топқа бөлу:
Топ: әңгімелеу.
Топ: сипаттау. Киіз үйді
Топ Киіз үй жабдықтарын ата?

3. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта М. Сейфуллиннің Сәкен аға мәтінімен танысамыз.
4. Қызығушылықтарын ояту.
5. Сәкеннің өмірбаянымен таныстыру: Бейне таспадан Сәкеннің өмір баянын көрсету.

Оқушылар Сәкен Сейфуллин кім? Сәкен біздің жерлесіміз яғни Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданына қарасты Иманақ тауының етегінде дүниеге келген. Тар жол тайғақ кешу романы бар. Мәжит Сейфуллин Сәкеннің немере інісі.
Сәкен → жазушы, ақын, қоғам қайраткері
Қызыл шұнақ, Туған ел шығармалары бар.

6. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді ауызша түсіндіріп өту керек. Оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді.
7. Сөздік жұмыс:
Иманақ – Жаңарқа ауданындағы таудың аты.
Күзеу күзде көшіп қоныстанатын жер;
Жатақ ауыл қыстауды күзетіп қалатын ауыл;

ү. Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді жазамыз
9. Оқушылардың мәтінді бөлімдер бойынша оқуы.
Іштей оқу.
Тізбектей оқу.
Осы бөлімдерге бірден ат қойып отыру керек.
а) Сәкеннің күзеуге келуі.
ә) Іңкәрбектің реніші.
б) Сәкен мен Омар байдың арасында болған әңгіме.
в) Қолғанат Сәкен

10. Сергіту сәті: Сәкен Сейфуллиннің « Тау ішінде әні» тыңдау.

11. Оқулықпен жұмыс: Сұраққа жауап
- Мәтінде жыл мезгілі туралы жазылған жолдарды тауып оқындар?
- Мәтіндегі мәтелді тауып, оның Іңкәрбектің тұрмысына қатысты екендігіне мән беріп, түсіндіріңдер?
Әңгімеден Сәкеннің ұқыптылығы жөнінде айтылған тұсты тауып оқыңдар.
- Мәтіннен Сәкеннің анасының сөздерің тауып оқыңдар.
- Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?
- Сәкен, Іңкәрбек, Омар бай.
Балалар мәтіннен мақалды табыңдаршы?
12. Мақал: «Кісідегінің кілті - аспанда» Осы мақалдың мағнасын кім ашып береді?

13. Әңгімеге сүйеніп бала Сәкенге мінездеме беріңдер.
Сәкен

Бауырмал, ақылды, көмекші, қолғанат, ұқыпты, таза

14. Сурет бойынша жұмыс:
Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?
Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар?
Әңгімелерін оқыту.
15. Қорытындылау:
Сұрақ жауап:
Сәкеннің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Сәкен үй шаруасына қандай көмегін тигізді?
Өздеріңнің қандай көмектерің бар? Қолғабыс тигізесіңдер ме?
Бүгінгі өткен тақырыбымыз 3 Бәйтеректің бірі 19 ғасырда өмір сүрген қазақ халқы үшін жаны ашыған ұлы ақын Сәкен 1957 жылы ақталып шығады.
Н. Ә Назарбаев қазақ халқына жолдаған жолдауында Қазақстан - 2050 Дамыған 50 елдің қатарына кіру керек деп мақсат қойды. Сол мақсатқа сендер жетеді деп сенемін.

16. Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұның айту. Сәкен туралы қосымша деректер жинау.
17. Бағалау



Краткое описание документа:

Тақырыбы:            Әнші төлдер.

 

Мақсаты:        Оқушыларға өлеңнің мазмұнымен таныстыру.Үй жануарларын күтіп бағуға      тәрбиелеу.Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

 

Нәтижесі:        Жуан және жіңішке дауыстыларды айыра білу.

 

Оқу құралдары      Оқулық, суреттер, стикер,маркер, дәптер

 

Оқыту тех-ы:           АКТ  , СТО,   жұптық бағалау.

 

Әдіс тәсіл:             Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

                         Мұғалім әрекеті

 

Оқушылармен амандасу. Сурет құрастыру арқылы топқа бөлу.

 

Өткен материалдарға жалпы шолу.

                   Терме диктант.

                  Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.

Осы сөздердің ішінен жуан дауыстты дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Ой қозғау:

Төлдер нені атаймыз?

Қандай төлдерді білесіңдер?

Бүгінгі тақырыбымыз   Әнші төлдер. Авторы Ілияс Жансүгіров туралы қысқаша түсінік беру.

 

Оқушыларды тізбектей  оқытып шығу. Сынып түгел оқиды.

Үй жануарларының  дыбысын есту арқылы олардың қай жануардың екенін анықтау.

 

Әр топ дыбысына қарай тапқан жануарларға   байланысты постер қорғайды.

 

Әр топ ақылдасу арқылы бір   оқушыдан қорғайды.

 

Дайын дәптерді жазу.

 

Сергіту сәті.

 

Рефлексия. Ә

Автор
Дата добавления 28.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров477
Номер материала 414590
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх