Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыДін және мәдениет. Исламның таралуы

Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Скачать материал

Атырау қаласы,Амангелді орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

 Сагиндыкова Зауре Кенжегалиевна

7 cынып

Сабақтың тақырыбы: §46. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ халқының мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға XVI-XVII ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру.

ә) Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескерткіштерін қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Рухани және материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс,  дискуссиялық өрнек

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер, асықтар, конверттер, сандықша

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, дінтану, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

І топ – «Хандар»

ІІ топ – «Билер»

ІІІ топ – «Батырлар»

Үй тапсырмасы «Алтын қақпа» ойыны арқылы сұралады. Сұрақтар конвертке салынады. Әр конвертте үш сұрақтан болады.

1.     Тас қақпаның сұрақтары:

 

1.     Жоңғарлар кімдер?

2.     Сібір атауының шығуы туралы не айтасың?

3.     Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?

 

2.     Күміс қақпаның сұрақтары:

 

1.     Жоңғар шапқыншылығының басты себебі неде?

2.     Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы қай жылдары болды?

3.     Аңырақай шайқасының маңызы неде?

 

4.     Алтын қақпаның сұрақтары:

1.     Көшім тұсында Сібір хандығының күш қуатының арту себебі неде?

2.     Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағы мақсаты не еді?

3.     Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды?

 

4.     Алтын сандық сұрақтары:

1.     Сен қалмақ та, біз қазақ,

Қарпысқалы келгенбіз.

Сен темір де, біз көмір,

Еріткелі келгенбіз.

Екі еліктің лағын

Теліткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге

Танытқалы келгенбіз.

Танысуға келмесең,

Шабысқалы келгенбіз.

Сен қабылан да, біз арыстан,

Алысқалы келгенбіз.

Жаңа үйреткен жас тұлпар,

Жарысқалы келгенбіз.

Тұтқыр сары желімбіз,

Жабысқалы келгенбіз.

Берсең, жөндеп бітімді айт.

Бермесең, дірілдемей жөніңді айт.

Не тұрысатын жеріңді айт! – Бұл кімнің кімге айтқан сөзі?

 

Жауап: Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқаны.

 

2.     Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды. Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым әрі болдырып, әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл жағасына келіп сұлап жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы көрген күнімізді не деп атасақ болар?» деп сұрапты. Сонда тағы бір қария тұрып: мұның аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті. Мұның мәнісі не?

Жауап: Атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу – жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, азып-тозды деген сөз екен.

3.     Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс.

Қалмақтың әскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, ол:

-                    Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүниежүзін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған құс еді. Мен өз болашағымды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, - дейді.

Мұны естіген қалмақ қоңтайшысы «бұл кісі әулие» екен деп, оның өзіне де, маңайындағы еліне де тимепті-міс. Бұл кісіні өз атымен атамай әлі күнге дейін қандай атпен қадірлейді?

Жауап: Төле би «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би»

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Мәдениетке жалпы сипаттама

2.     Рухани мәдениет туындылары

3.     Материалдық мәдениет қазыналары

XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті – өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.

XVI-XVIIғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе, XVI-XVII ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті XVI-XVII ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. XVI-XVII ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетай.

XVI-XVII ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасшылары.

Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй.

Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.

Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.

Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.

ІҮ. Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын.

Математикалық есептерді шешіп тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

1.     728 х 2 + 0 = 1456 (Қазақ хандығы құрылған жыл)

2.      415 х 4 + 50 = 1710 (Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосқан жылы)

3.     560 + 1200 – 108 = 1652 (Салқам Жәңгір хан қайтыс болған жыл)

4.     (8425/5) – 5 = 1680 (Тәуке хан таққа отырған жыл)

5.     483 + 164 +996 = 1643(Орбұлақ шайқасы болған жыл)

6.     (1901+110) – (1568-143) = 300 (2011- 1711 яғни Абылай ханның биыл 300 жасқа келген жылы)

Ү. Бекіту жұмысы. «Ханталапай» ойыны (сұрақтарға жауап)

Үш топтан үш оқушы шығып асықты шиіреді. Кімнің асығы алшы түссе сұрақ сол топтың ойыншыларына қойылады. Егер ол топ жауап бере алмаса, келесі топ мүшелері жауап береді. Ойын ары қарай жалғаса береді. Дұрыс жауап берген топқа әр жауабы үшін бір асықтан беріліп отырады. Асықты көр жинаған топ жеңіске жетеді.

1.     Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениетінің даму ерекшелігі қандай?

2.     Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениетттің қай салалары жатады?

3.     Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа қалай жетті?

4.     Жазба әдебиет мұрасынан қандай еңбектерді атай аласыңдар?

5.     Халықтың күнтізбесінің ерекшелігі неде? «Жұлдызды әуе картасы» дегенді қалай түсінесің?

6.     Қазақтар арасында ислам дінін кімдер таратты?

7.     Материалдық мәдениет дегеніміз не?

8.     Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар.

9.     Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.

ҮІ. «Дискуссиялық өрнек»

1.     «Хандар» тобына:

р/с

мазмұны

келісемін

келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге тиісті

+

 

2

Ханның уәзірі болған жоқ

 

+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+

 

4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

 

+

 

2.     «Билер» тобына:

р/с

мазмұны

келісемін

келіспеймін

1

Би – әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын адам

+

 

2

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

 

+

3

Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады

+

 

4

Би – жазалау құқығына ие болған жоқ

 

+

 

3.     «Батырлар» тобына:

р/с

мазмұны

келісемін

келіспеймін

1

Батырлар – халық жасағын басқарды

+

 

2

Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

 

+

3

Батырлар – феодалдар тобына жатты

+

 

4

Батырлар хан алдында жауапты емес

 

+

 

ҮІІ. Қорытындылау

Қазіргі таңда оқушылардың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын қастерлеуге, ал ең бастысы, отасүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру қажет.

«Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын бірлесіп түлетейік» - деді еліміздің Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде.

Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: §46-ны оқып келу.

«Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дін және мәдениет. Исламның таралуы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

8 сынып Қазақстан тарихы                                                                                                                                                           Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Орта ғасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным-сенімдер                                   туралы, ислам дінінің таралуы, оның мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру

Дамытушылық: Әр түрлі діни бағыттардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету

Тәрбиелік: Шәкірттердің рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте суреттері

Сабақтың жүрісі:I. Ұйымдастыру бөлімі.

                                 II. Өткен сабақты пысықтау. Анаграмма шешу

1.Қазіргі сәндік қолданбалы өнер туралы не білесіңдер?

2.Айша бибі, Арыстан баб, Бабаджа қатын кесенелерінің салыну тарихы туралы не білесіңдер?

3.Көне мәдени ескерткіштердің тарихымен танысу, оларды қастерлеу не үшін қажет?

                              III.Жаңа сабақ. Жоспар:

1. Ислам дініне дейінгі діни наным-сенімдер

2. Ислам дінінің таралуы

3. Ислам дінінің мәдениеттің дамунына тигізген әсері

 

     Ислам дініне дейінгі наным-сенімдер

   

Зооастралық фарн-ертедегі парсылардың үй жануарларына табынған наным-сенімдері

 

Тотем-адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім

 

Отқа табыну

 

Нестормандық христиан діні, буддизм

                                                                   

 

 

                   

                                                         Ислам діні

Ислам діні қашан және қай жерде пайда болды?

Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы

Ислам дінінің негізгі бес парызы

Ислам дініндегі елдер

VII ғасырдың ортасында Араб елінде пайда болған

Діннің басты қағидасы-бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию. Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар

1.Бес мезгіл намаз оқу

2.Ораза бекіту

3. Садақа беру

4. Иман

5.Қажылыққа бару

Сирия,Палестина, Египет, Біріккен Араб әмірліктері, Сауд Арабиясы, Ливан, Марокко, Эфопия т.б.

 

Ислам дінінің мәдениетті дамытуға әсері

 

        Білім

 

     Ғылым

 

  Сәулет өнері

 

Араб алфавиті

 

Әл-Фараби

М.Қашқари

Ж.Баласағұн

Қ.А.Яссауи

 

Мешіт, моншалар

«Миға шабуыл»

1.Ислам діні қай кезде қабылданды, оны мемлекеттік дін деп жариялаған хан?

2.Аңға байланысты діни наным

3.Ислам дінін таратқан халық

4.Діннің адам баласын біріктірудегі рөлі

5.Исламның бес парызы

6.Отқа байланысты қандай ырымдар бар?

Берілген ырымдардың мағынасын тану

Зороастризм-ертедегі Шығыс халықтарының дуалистік діні

Зорастралық фарн-ертедегі парсылардың үй жануарларына табынған наным-сенімі

Тотем-адамдардың шығу тегін, жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім

Ұмай ана-ежелгі түрік тайпасының құты(тотемі)

Ислам-дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі

Құран-мұсылман қауымының ең басты қасиетті кітабы

 

 

         IV.Жаңа сабақты қорытындылау

«Ислам» анаграмма шешу

1.Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні

2.Қарахан мемлекетінің негізін салушы

3.Дүние жүзіне кең тараған діни наным-сенімдердің бірі

4.Ислам дінінің бес парызының бірі

5.Жібек жолы бойымен Иранда III ғасырда қалыптасқан дін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: &20

«Мұсылмандыққа байланысты қазіргі таңда қаламызда болып жатқан  оң өзгерістер. » Пікір жазу.

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2015 2664
    • DOCX 25 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айнакеева Улган Абдулхакимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 143349
    • Всего материалов: 59

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе