Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Доклад "Воспитание конкурентоспособной личности"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Доклад "Воспитание конкурентоспособной личности"

библиотека
материалов

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның  шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды іс жүзіне асыра  білуі,  өмірде қолдана алуы. Сонымен  қатар, оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отанға  деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын  игеруі тиіс.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. (Слайд 2).

hello_html_5599e481.gif

Рухани құндылықтар.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында мектеп, қоғам және отбасының ықпалы зор.

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мектептен басталады. Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта күн озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлауға, алдынан шығатын түрлі мәселелерді шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.

Жеке тұлғаның адамгершілік сапаларын жалпы адамзат құндылықтарының негізінде дамыту және олардың дамуына қажетті педагогикалық жағдай жасау мақсатында оқудан тыс жұмыстар жүйесін құрап алу керек. (Слайд 3).

hello_html_m1c56e52b.gifОқушылармен жүргізілетін оқудан тыс жұмыстардың жүйесі.

Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында балалардың тәрбие процесіне ықпал жасайтын жағдайларға мыналарды жатқызуға болады. (Слайд 4).

hello_html_309012a8.gif

Отбасында балалардың тәрбие процесіне ықпал жасайтын жағдайлар.

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға, ата-аналармен ынтымақтастық пен өзара іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға қам жасап, ата-аналарды, жұртшылықты мектептің іс-шараларына кеңінен қатыстырады. (Слайд 5).

hello_html_m130e6717.gif

Ата-аналармен ынтымақтастық және өзара іс-әрекет жасау жүйесі.

Ата-аналармен ынтымақтастыққа бағытталған жүйелі түрде ойластырылған жұмыстар ата-аналар қауымдастығы мен мектептің ортақ міндеттерін іске асыруды қөздейді. Мектеп ата-аналар қауымының проблемалары мен сұраныстарын талқылау үшін әрқашан ашық екендігіне оларды сендіріп, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіріп отыруы қажет.

Мектеп, қоғам және отбасының басты мақсаты – жас ұрпақты азамат ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, интеллектуалдық әлеуетін көтеруге және әрбір жеке тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.

Құрметті әріптестер! Біздің мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі: «Халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, оқушыларды патриоттық рухқа, адамгершілік сезімге тәрбиелеу, бүгінгі заманға лайық өмір сүре алатын тұлғаны қалыптастыру». Мақсаты: «Атамекен» бағдарламасы негізінде ұлттық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру» болып табылады. (Слайд 6). Осы мәселені шешуде 3 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. (Слайд 7,8).

hello_html_66e5a38a.gif

Сынып жетекшілері әдіс бірлестігінің жоспары құрылған (Слайд 9), ашық сабақтар кестесі бекітілген. (Слайд 10). Сынып жетекшілері білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Олар: (Слайд 11)

1 .Мектеп дәстүрлері, өзін-өзі басқару.

2. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

3. Құқықтық және полимәдениеттік тәрбие.

4. Рухани-адамгершілік, гендерлік тәрбие.

5. Еңбек және экономикалық тәрбие, кәсіптік бағдар.

6. Спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

7. Экологиялық тәрбие.

8. «Атамекен» бағыты бойынша жұмыс.

9. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының жұмысы.

10. Ата-аналармен жұмыс

Бұл бағыттар толығымен сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарларында қамтылған.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу Отанымыздың тағдыры үшін жауапты, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда өмірге, қоғамның дамуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін түсінуге ықпал ететін белсенді азаматтық позициясын, өз білімі мен білігін практикада саналы қолдану міндеті қойылған. (Слайд 12)

● Экологиялық тәрбие ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, экомәдени құндылықтарды игеруді, табиғат ресурстарының жағдайы мен адамдардың олармен саналы өзара әрекет етудегі жеке бас жауапкершілігін тәрбиелеуді, табиғатпен араласуды, балалар мен оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына кіші Отанға деген қатынасты тәрбиелеуді болжайды. (Слайд 13).

Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің жетекші компоненті ретінде адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттерді игеруді, адамгершілікті, жауапты қоғам мүшесінің қалыптасуын, оқушыларды ана тіліне, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді қарастырады. (Слайд 14-15).

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалардың өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылықты қалыптастырады. (Слайд 16).

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мектептің ажырамас, қажетті атрибуты болып табылады және оқушылардың өзін де, қоғамды да жетілдіруге қабілетті, өздігінше дамитын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. «Ынтымақ Республикасы» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мектептегі түрлі іс-шаралардың ұйытқысы. Ұстаздар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын өзін-өзі басқару күні, «Жігіт сұлтаны», «Гүлдер әлеміне саяхат», «Күзгі бал», «Көктем аруы», «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы сынды іс-шаралар мектеп дәстүріне айналған. (Слайд 17,18,19). (Тұрдабек Бағлан – тілдер мерекесі, ұстаздар күні, ән байқауы кезінде белсенділік танытты. Өзінің және сыныптың тәртібіне жақсы жағынан әсер етті.)

Оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру мақсатында балалар ұйымдары құрылған. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестігі нәтижелі жұмыс атқарып келеді. «Жас Ұлан» мүшелерінің саны – 99, «Жас Қыран» мүшелері – 64. (Слайд 20). «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Мұрахан Гаухар 2009 жылы мектепішілік патриоттық әндер байқауының II орын, 2010 жылы II орын, IV патриоттық әндер байқауының Гран-при, 2010 жылы «Қордай жұлдыздары» байқауының 3 орын, 2012 жылы «Таң жұлдыздары» байқауы дипломант атағының, 2012 жылы «Тараз жұлдыздары» байқауының 2 орын, жол қозғалысы жас инспекторлар байқауының жас эрудит сайысында 2 орын, 2013 жылы аудандық «Жас Ұлан» слетінде «Ең үздік командир» атағының, аудандық Жастар орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Жас толқын-2013» жас әншілер байқауының 2 орын жүлдегері. Мектепішілік, ауылдық және аудандық қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін Гаухар «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алып, демалып қайтты. (Слайд 21). (Ең соңғы жетістігі: өзінің жеке бастамасымен және менің рұқсатыммен кездескен кедергілерді жеңе отырып 8 сыныптарға тиеселі болмаса да «Күзгі бал» мерекесіне сыныбын дайындап, алдыңғы қатардан көрінуі.)

Оқушыларға кәсіби бағдар беру, оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектепте түрлі кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, ауылымыздан шыққан атақты адамдар – 100 жасқа толған генерал Нұрғали Смағұловпен, академик Мұхтарбай Өтелбаевпен кездесулер оқушылардың жүрегінде өшпестей із қалдырғаны анық. Сондай-ақ, 10, 20, 30, 40 жылдық түлектермен кездесулерден жас ұрпақтың алған әсері де мол. (Слайд 22).

Оқушыларды белсенді іс-әрекетке ынталандыру, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу, олардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, балаларды шығармашылыққа баулу іс-әрекеті табысты жүргізіліп келеді. Соның нәтижесі ретінде төмендегі көрсеткіштерді атауға болады.

  • Спорт секцияларында 5-11 сынып оқушыларының 34 % қамтылған. Мектеп аудан көлеміндегі іс-шараларда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биылғы оқу жылында қол күрестен өткен аудандық спартакиадаға қатысқан 5 оқушы: Хамитов Нұржігіт, Тоқа Дархан, Базарбаев Абзал, Қадыр Арлан, Болат Жансая ІІ орынды, Таубалды Айнагүл І орынды жеңіп алды. (Слайд 23-24).

  • Мектептің әскери-спорттық «Сұңқар» командасы 8 рет аудандық байқаудың жүлдегері, үш рет облыстық байқауының қатысушысы және жекелеген түрлерінің жеңімпазы атанды. Биылғы жылдың қазан айында ұйымдастырылған «Лазертаг» әскери-тактикалық турнирге «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының 6 мүшесі, жоғарғы сынып оқушылары: Байжан Жарас, Байжан Жалғас, Хамитов Нұржігіт, Дүйсенбек Шыңғыс, Елшібек Елжас, Қадыр Арлан қатысып, Қордай ауылында өткен аудандық жарыста Гран-при жүлдесін, Тараз қаласында өткен облыстық жарыста 3-ші орынды жеңіп алды. (Слайд 25-26).

  • Осы күнге дейін 22 түлек мектепті үздік бітірген. Өткен оқу жылы да табысты жылдар қатарында мектеп тарихында қалатын болды. 11 сынып бітіруші Бәзілова Мөлдір ең алғашқы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл айтулы оқиғаны мектеп ұжымы мен ата-аналардың табысты еңбегінің нәтижесі деп айтуға болады. (Слайд 27):

  • Мектептегі жол қозғалысы жас инспекторлары аудандық байқаулардың 9 дүркін жүлдегері, облыстық жарыстарда 2 рет ІІІ орын, 3 рет ІІ орын жеңімпазы атанды. 23.05.2013 ж. № 6 педагогикалық кеңестің шешімімен бұл топқа Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. МАИ ардагері Сәрсебек Сұлтаналыұлы Салыбаев өткен оқу жылының соңында жол ережелеріне арналған сынып бөлмесін көрнекі құралдармен жабдықтады, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыш жасауға көмек көрсетті. (Слайд 28, 29,30,31)

Оқушылар алаңсыз сапалы білім, саналы тәрбие алуына айтарлықтай септігін тигізетін құрал-жабдықтар, заттар және мүліктер демеушілер мен мектеп ұжымының ынтымақтастығы арқасында мектептің материалдық базасын нығайтып келеді. (Слайд 32).

Демеушілік көмек түрі

Демеуші туралы мәлімет

Сомасы

1

Акт залын күрделі жөндеу

Құсайынов Қ.Қ., «Отаустрой» фирмасының президенті, Түркістан, Шымкент қалаларының әкімі

800 000 тенге

2

Мектеп ауласының қақпасы

Мүлкеманов Ж., кеденші

100 000 тенге

3

Кілем

1992 ж. мектеп бітірген түлектер

25 000 тенге

4

Кілем

2012 ж. мектеп бітірген түлектер

25 000 тенге

5

Мемлекеттік рәміздер бұрышы

Бақытхан және Дүйсехан Нұркеевтер, кеденші және кәсіпкер

100 000 тенге

6

Кілем (дорожка ковровая)

Орынбаев Н.Б., «TAU» фирмасының президенті, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

300 000 тенге

7

«Мемлекеттік рәміздер» стенді, спорттық киімдер

2007 ж. мектеп бітірген түлектер

30 000 тенге

8

Спорттық киімдер, доптар

2002 ж. мектеп бітірген түлектер

10 000 тенге

9

Мектепті безендіру

Ата-аналар, мұғалімдер

1 000 000 тенге

10

Мектепті безендіру

Нүсіпбаевтар әулеті

150 000 тенге

11

Киім ілгіш (гардеробқа)

Мектеп мұғалімдері

34 000 тенге

12

Флагшток

Мұқашев А.Б., жеке кәсіпкер

40 000 тенге

13

Дыбыс күшейткіш аппаратура

1993 ж. мектеп бітірген түлектер

150 000 тенге

14

ЖЖЕ кабинет жабдықтары

Салыбаев С.С., жеке кәсіпкер

75 000 тенге

15

Жас инспекторлар формасы

(2 комплект)

Салыбаев С.С., жеке кәсіпкер

75 000 тенге

16

Табиғат мүйісі

1973 ж. мектеп бітірген түлектер


17

Домбыра (6 дана)

1988 ж. мектеп бітірген түлектер


18

Ұлттық көйлек (6 дана)

1988 ж. мектеп бітірген түлектер


19

Видеокамера

2003 ж. мектеп бітірген түлектер

50 000 тенге

20

Сандық фотоаппарат

2003 ж. мектеп бітірген түлектер

40 000 тенге

21

Ксерокопия, сканер, принтер

2013 ж. мектеп бітірген түлектер

30 000 тенге

22

Үздік түлектер стенді

Абдрахимов Қуат, дәрігер

15000 тенге

Еңбекпен келген осыншама ресурстарды ұқыптылықпен мектеп игілігіне пайдалану баршаның міндеті болуы тиіс, және оларға немқұрайдылықпен қарау біздің адамгершілігімізге сын. Сондықтан демеушілік арқылы келген заттарды тіркеп, мектептің есебіне алу мақсатында комиссия құруды талап етемін. Мектеп оқушыларының әлеуметтік-танымдық қабілеттерін дамытуда көрнекі құралдардың рөлі өте маңызды. Осы тұрғыда көптеген жұмыс атқарылды. Мектеп ауласы, сынып бөлмелері, кабинеттер, дәліздер сынып және денсаулық бұрыштарымен, ақпараттық, әскери-патриоттық, құқықтық, отансүйгіштік, ұлттық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттауға, ауылдың атақты азаматтарына, мектепті үздік бітірген түлектерге арналған, т.б. заманауи талаптарға сай стенділермен, қажетті көрнекіліктермен безендірілді.

Биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» қайырымдылық акция барысында аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға 275 400 теңге көлемінде демеушілік көрсетілді. Бұған қоса жаппай оқуға тарту қорынан 30 мұқтаж балаға 464 490 теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде аталған балаларға толыққанды тәрбие мен білім алуға жағдай жасалды. (Слайд 33-34).

Әрбір жеткіншекті дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – мектеп, қоғам, отбасының негізгі міндеттері. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымы осы бір жауапты шаруаның алғы шебінен көрінуі үшін шығармашылықпен, түсіністікпен еңбек етуі керек. Мектеп пен ата-ананың байланысын күшейту мақсатында осы оқу жылының 25 қазан күні мектепте «ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ата-аналар 141 сабаққа қатысты. (Осының алдындағы «ашық есік» күні 362 сабаққа қатысқан.) Бұл көрсеткіш біздің мүмкіндігімізден әлдеқайда төмен. (Слайд 35). 29.10.13 ж. өткен жалпы ата-аналар жиналысы мектептегі тәрбие жұмысы іс-шараларының ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін атап көрсетіп, тәрбие беру саласындағы жұмыс жалғастырылсын және дарынды, өнерлі оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған жұмыстарда ата-аналардың және мұғалімдердің үлесі арта түссін деген қаулы қабылдады. (Слайд 36).

Жалпы ата-аналар жиналысының қаулысын орындау және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін тиімді қолдану арқылы балаларды шығармашылыққа баулу мақсатында мына төмендегі үйірмелердің жұмысын жандандыру қажет:

«Сымбат» қыздар клубы

Би үйірмесі

«Жас эколог» үйірмесі

«Шабыт» ақындар үйірмесі

Дебат клубы








Құрметті мұғалімдер! Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру үрдісінде ұсақ нәрсе болмауы тиіс. Аталған жетістіктер мен қатар кемшіліктер де жетерлік. Ақпарат сабағы, тәрбие сағаты қажетті деңгейде жүргізілмейді. Ашық тәрбие сағатын өткізуден қашатын сынып жетекшілері бар. Кезекшілік дұрыс атқарылмайды. Түнгі мезгілдегі рейдке шығу, сыныптан тыс іс-шараларға қатысу төмен деңгейде. Кейбір ұжым мүшелерінің немқұрайдылығы, біліксіздігі, қырсыздығы ұжымның толыққанды жұмыс істеуіне кері әсерін тигізуде. Мен сіздерді осындай келеңсіздіктерді болдырмауға шақырамын.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі қазіргі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден, яғни мектеп мұғалімдерінен бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылдықты, құзіреттілікті талап етеді. Ол үшін мұғалімдер кауымы талмай, жан-жақты ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін, мақтаныш ететін, елін-жерін қастерлейтін, бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақты үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра аламыз.



Краткое описание документа:

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның  шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды іс жүзіне асыра  білуі,  өмірде қолдана алуы. Сонымен  қатар, оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отанға  деген сүйіспеншілік,  патриотизм,  танымның заңдылықтарын  игеруі тиіс.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. (Слайд 2).

Рухани құндылықтар.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында мектеп, қоғам және отбасының ықпалы зор.

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мектептен басталады. Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта күн озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлауға, алдынан шығатын түрлі мәселелерді шешуге  қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.

Жеке тұлғаның адамгершілік сапаларын жалпы адамзат құндылықтарының негізінде дамыту және олардың дамуына қажетті педагогикалық жағдай жасау мақсатында оқудан тыс жұмыстар жүйесін құрап алу керек. (Слайд 3).

Оқушылармен жүргізілетін оқудан тыс жұмыстардың жүйесі.

            Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында балалардың тәрбие процесіне ықпал жасайтын жағдайларға мыналарды жатқызуға болады.  (Слайд 4).

Отбасында балалардың тәрбие процесіне ықпал жасайтын жағдайлар.

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға, ата-аналармен ынтымақтастық пен өзара іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға қам жасап, ата-аналарды, жұртшылықты мектептің іс-шараларына кеңінен қатыстырады.   (Слайд 5).

Ата-аналармен ынтымақтастық және өзара іс-әрекет жасау жүйесі.

Ата-аналармен ынтымақтастыққа бағытталған жүйелі түрде ойластырылған жұмыстар ата-аналар қауымдастығы мен мектептің ортақ міндеттерін іске асыруды қөздейді. Мектеп ата-аналар қауымының проблемалары мен сұраныстарын талқылау үшін әрқашан ашық екендігіне оларды сендіріп, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіріп отыруы қажет.

Мектеп, қоғам және отбасының басты мақсаты – жас ұрпақты азамат ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, интеллектуалдық әлеуетін көтеруге және әрбір жеке тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.

Құрметті әріптестер! Біздің мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі: «Халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, оқушыларды патриоттық рухқа, адамгершілік сезімге тәрбиелеу, бүгінгі заманға лайық өмір сүре алатын тұлғаны қалыптастыру». Мақсаты: «Атамекен» бағдарламасы негізінде ұлттық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру» болып табылады. (Слайд 6). Осы мәселені шешуде 3 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. (Слайд 7,8).

Сынып жетекшілері әдіс бірлестігінің жоспары құрылған (Слайд 9), ашық сабақтар кестесі бекітілген. (Слайд 10). Сынып жетекшілері білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Олар: (Слайд 11)

1 .Мектеп дәстүрлері,өзін-өзі басқару.

2. Қазақстандықпатриотизмге тәрбиелеу.

3. Құқықтық және полимәдениеттіктәрбие.

4. Рухани-адамгершілік,гендерлік тәрбие.

5. Еңбек және экономикалықтәрбие,кәсіптік бағдар.

6. Спорт жәнесалауатты өмірсалтын қалыптастыру.

7. Экологиялық тәрбие.

8. «Атамекен» бағыты бойыншажұмыс.

9. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымыныңжұмысы.

10. Ата-аналарменжұмыс

Бұл бағыттар толығымен сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарларында қамтылған.

Қазақстандықпатриотизмге тәрбиелеуОтанымыздың тағдыры үшін жауапты, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда өмірге, қоғамның дамуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін түсінуге ықпал ететін белсенді азаматтық позициясын, өз білімі мен білігін практикада саналы қолдану міндеті қойылған. (Слайд 12)

   ● Экологиялық тәрбие ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, экомәдени құндылықтарды игеруді, табиғат ресурстарының  жағдайы мен адамдардың олармен саналы өзара әрекет етудегі жеке бас жауапкершілігін тәрбиелеуді, табиғатпен араласуды, балалар мен оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына кіші Отанға деген қатынасты тәрбиелеуді болжайды. (Слайд 13).

● Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің жетекші компоненті ретінде адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттерді игеруді, адамгершілікті, жауапты қоғам мүшесінің қалыптасуын, оқушыларды ана тіліне, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді қарастырады. (Слайд 14-15).

● Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалардың өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылықты қалыптастырады. (Слайд 16).

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мектептің ажырамас, қажетті атрибуты болып табылады және оқушылардың өзін де, қоғамды да жетілдіруге қабілетті, өздігінше дамитын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. «Ынтымақ Республикасы» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мектептегі түрлі іс-шаралардың ұйытқысы. Ұстаздар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын өзін-өзі басқару күні, «Жігіт сұлтаны», «Гүлдер әлеміне саяхат», «Күзгі бал», «Көктем аруы», «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы сынды іс-шаралар мектеп дәстүріне айналған. (Слайд 17,18,19). (Тұрдабек Бағлан – тілдер мерекесі, ұстаздар күні, ән байқауы кезінде белсенділік танытты. Өзінің және сыныптың тәртібіне жақсы жағынан әсер етті.)

Оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық  және шығармашылық қабілеттерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру мақсатында балалар ұйымдары құрылған. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестігі нәтижелі жұмыс атқарып келеді. «Жас Ұлан» мүшелерінің саны – 99, «Жас Қыран» мүшелері – 64. (Слайд 20). «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Мұрахан Гаухар2009 жылы мектепішілік патриоттық әндер байқауының II орын, 2010 жылы II орын, IV патриоттық әндер байқауының Гран-при, 2010 жылы «Қордай жұлдыздары» байқауының 3 орын, 2012 жылы «Таң жұлдыздары» байқауы дипломант атағының, 2012 жылы «Тараз жұлдыздары» байқауының 2 орын, жол қозғалысы жас инспекторлар байқауының  жас эрудит сайысында  2 орын, 2013  жылы аудандық «Жас Ұлан» слетінде «Ең үздік командир» атағының, аудандық Жастар орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Жас толқын-2013» жас әншілер байқауының 2 орын жүлдегері. Мектепішілік, ауылдық және аудандық қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін Гаухар «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алып, демалып қайтты. (Слайд 21). (Ең соңғы жетістігі: өзінің жеке бастамасымен және менің рұқсатыммен кездескен кедергілерді жеңе отырып 8 сыныптарға тиеселі болмаса да «Күзгі бал» мерекесіне сыныбын дайындап, алдыңғы қатардан көрінуі.)

Оқушыларға кәсіби бағдар беру, оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектепте түрлі кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, ауылымыздан шыққан атақты адамдар – 100 жасқа толған генерал Нұрғали Смағұловпен, академик Мұхтарбай Өтелбаевпен кездесулер оқушылардың жүрегінде өшпестей із қалдырғаны анық. Сондай-ақ, 10, 20, 30, 40 жылдық түлектермен кездесулерден жас ұрпақтың алған әсері де мол. (Слайд 22).

      Оқушыларды белсенді іс-әрекетке ынталандыру, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу, олардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, балаларды шығармашылыққа баулу іс-әрекеті табысты жүргізіліп келеді. Соның нәтижесі ретінде төмендегі көрсеткіштерді атауға болады.

n  Спорт секцияларында 5-11 сынып оқушыларының  34 % қамтылған. Мектеп аудан көлеміндегі іс-шараларда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биылғы оқу жылында қол күрестен өткен аудандық спартакиадаға қатысқан 5 оқушы: Хамитов Нұржігіт, Тоқа Дархан, Базарбаев Абзал, Қадыр Арлан, Болат Жансая ІІ орынды, Таубалды Айнагүл І орынды жеңіп алды. (Слайд 23-24).

n  Мектептің әскери-спорттық «Сұңқар» командасы 8 рет аудандық байқаудың жүлдегері, үш рет облыстық байқауының қатысушысы және жекелеген түрлерінің жеңімпазы атанды. Биылғы жылдың қазан айында ұйымдастырылған «Лазертаг» әскери-тактикалық турнирге «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының 6 мүшесі, жоғарғы сынып оқушылары: Байжан Жарас, Байжан Жалғас, Хамитов Нұржігіт, Дүйсенбек Шыңғыс, Елшібек Елжас, Қадыр Арлан қатысып, Қордай ауылында өткен аудандық жарыста Гран-при жүлдесін, Тараз қаласында  өткен  облыстық жарыста 3-ші орынды жеңіп алды. (Слайд 25-26).

n  Осы күнге дейін 22 түлек мектепті үздік бітірген. Өткен оқу жылы да табысты жылдар қатарында мектеп тарихында қалатын болды. 11 сынып бітіруші Бәзілова Мөлдір ең алғашқы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл айтулы оқиғаны мектеп ұжымы мен ата-аналардың табысты еңбегінің нәтижесі деп айтуға болады. (Слайд 27):

n  Мектептегі жол қозғалысы жас инспекторлары аудандық байқаулардың 9 дүркін жүлдегері, облыстық жарыстарда 2 рет ІІІ орын, 3 рет ІІ орын жеңімпазы атанды. 23.05.2013 ж. № 6 педагогикалық кеңестің шешімімен бұл топқа Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. МАИ ардагері Сәрсебек Сұлтаналыұлы Салыбаев өткен оқу жылының соңында жол ережелеріне арналған сынып бөлмесін көрнекі құралдармен жабдықтады, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыш жасауға көмек көрсетті. (Слайд 28, 29,30,31)

Оқушылар алаңсыз сапалы білім, саналы тәрбие алуына айтарлықтай септігін тигізетін құрал-жабдықтар, заттар және мүліктер демеушілер мен мектеп ұжымының ынтымақтастығы арқасында мектептің материалдық базасын нығайтып келеді. (Слайд 32).

Демеушілік көмек түрі

Демеуші туралы мәлімет

Сомасы

1

Акт залын күрделі жөндеу

Құсайынов Қ.Қ., «Отаустрой» фирмасының президенті, Түркістан, Шымкент қалаларының әкімі

800 000 тенге

2

Мектеп ауласының қақпасы

Мүлкеманов Ж., кеденші

100 000 тенге

3

Кілем

1992 ж. мектеп бітірген түлектер

25 000 тенге

4

Кілем

2012 ж. мектеп бітірген түлектер

25 000 тенге

5

Мемлекеттік рәміздер бұрышы

Бақытхан және Дүйсехан Нұркеевтер, кеденші және кәсіпкер

100 000 тенге

6

Кілем (дорожка ковровая)

Орынбаев Н.Б., «TAU» фирмасының президенті, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

300 000 тенге

7

«Мемлекеттік рәміздер» стенді, спорттық киімдер

2007 ж. мектеп бітірген түлектер

30  000 тенге

8

Спорттық киімдер, доптар

2002 ж. мектеп бітірген түлектер

10  000 тенге

9

Мектепті безендіру

Ата-аналар, мұғалімдер

1 000 000 тенге

10

Мектепті безендіру

Нүсіпбаевтар әулеті

150 000 тенге

11

Киім ілгіш (гардеробқа)

Мектеп мұғалімдері

34 000 тенге

12

Флагшток

Мұқашев А.Б., жеке кәсіпкер

40 000 тенге

13

Дыбыс күшейткіш аппаратура

1993 ж. мектеп бітірген түлектер

150 000 тенге

14

ЖЖЕ кабинет жабдықтары

Салыбаев С.С., жеке кәсіпкер

75 000 тенге

15

Жас инспекторлар формасы

(2 комплект)

Салыбаев С.С., жеке кәсіпкер

75 000 тенге

16

Табиғат мүйісі

1973 ж. мектеп бітірген түлектер

 

17

Домбыра (6 дана)

1988 ж. мектеп бітірген түлектер

 

18

Ұлттық көйлек (6 дана)

1988 ж. мектеп бітірген түлектер

 

19

Видеокамера

2003 ж. мектеп бітірген түлектер

50 000 тенге

20

Сандық фотоаппарат

2003 ж. мектеп бітірген түлектер

40 000 тенге

21

Ксерокопия, сканер, принтер

2013 ж. мектеп бітірген түлектер

30 000 тенге

22

Үздік түлектер стенді

Абдрахимов Қуат, дәрігер

15000 тенге

Еңбекпен келген осыншама ресурстарды ұқыптылықпен мектеп игілігіне пайдалану баршаның міндеті болуы тиіс, және оларға немқұрайдылықпен қарау біздің адамгершілігімізге сын. Сондықтан демеушілік арқылы келген заттарды тіркеп, мектептің есебіне алу мақсатында комиссия құруды талап етемін.                                                                                                                              Мектеп оқушыларының әлеуметтік-танымдық қабілеттерін дамытуда көрнекі құралдардың рөлі өте маңызды. Осы тұрғыда көптеген жұмыс атқарылды. Мектеп ауласы, сынып бөлмелері, кабинеттер, дәліздер сынып және денсаулық бұрыштарымен, ақпараттық, әскери-патриоттық, құқықтық, отансүйгіштік, ұлттық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттауға, ауылдың атақты азаматтарына, мектепті үздік бітірген түлектерге арналған, т.б. заманауи талаптарға сай стенділермен, қажетті көрнекіліктермен безендірілді.

Биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» қайырымдылық акция барысында аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға 275 400 теңге көлемінде демеушілік көрсетілді. Бұған қоса жаппай оқуға тарту қорынан 30 мұқтаж балаға 464 490 теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде аталған балаларға толыққанды тәрбие ме

Автор
Дата добавления 17.12.2014
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров462
Номер материала 191749
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх