Инфоурок Другое Другие методич. материалыДәстүрді сыйлаған озады сыныптан тыс шара

Дәстүрді сыйлаған озады сынптан тыс шара

Скачать материал

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

2011-2012 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

"Дәстүрді сыйлаған озады" 
брейн ринг

 

 

 

 

Мұғалім: Базарбаева Б.Е.

 

 

 

 

Қостанай 2011 жыл

 

Тақырыбы: Дәстүрді сыйлаған озады

 Мақсаты:Оқушыларды Отанын, өз елін, жерін, салт-сана, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдар туралы түсініктеме беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі өткізілетін ойын сайысымыз Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан «Жиырма жұлдызды күннің» біреуіне тап келіп отыр. Сондықтан да біз бұл сайысымызды халқымыздың салт дәстүрлеріне арнап отырмыз. Қазір мен сіздерді ойынның шартымен таныстырып кетемін, оған кез келген оқушы қатыса алады және дұрыс жауап берген әр сұрағы үшін бір жұлдызға ие болады, соңында бәрінен көп жұлдыз алған оқушы жеңімпаз болады.

Ойын бес турдан тұрады:

  1. Викторина
  2. Анықтамалар
  3. Мақалдар
  4. Қазақтың материалдық мәдениеті
  5. Үш санындағы ұшқыр ой

Сонымен ойынымызды бастайық:

Викторина:

  1. Салт дәстүрлердің түрлері: діни, әдет ғұрып, маусымдық
  2. Қандай ырымдар мен нанымдарды білесіңдер? Бата, қарғыс, отпен аластау, алғыс
  3. Діни рәсімдерге не жатады? Намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару
  4. Діни мейрамдарға не жатады? Ораза айт, құрбан айт
  5. Қазақтың төрт тойын ата. Наурыз, қымызмұрындық, мизам, соғым басы

6.      Наурыз мейрамы деген не? Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да Наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..

7.      Қымызмұрындық не? Жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

8.      Мизам қандай той? (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда  түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

9.      Соғым басыға сипаттама бер қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

  1. Жеті атаны ата Жеті ата: Ата Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене
  2. Бес жақсыға не жатады? «Бес жақсыға» мыналар жатады: 1. Қара нар 2.Жүйрік ат 3.Қалы кілем 4.Алмас қылыш 5.Бұлғын ішік
  3. Қызға қойылатын талаптар
  4. Ер жігітке қойылатын талаптар

 

Анықтамалар:

Шілдехана Жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Оған көбінесе жастар жиналады. Шілдехана –баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр

«Ат қою» Бала дүниге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалдары ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде молда қоятын болған

«Бесікке салу» Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады. Бесікке бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

Қырқынан шығару Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептеледі. Қазақ халқының ұғымында қырық саны –қасиетті сандардың бірі. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.  Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шанын шүберекке түйіп, киімінің иығана қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді.

Тұсау кесу Сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Ала жіппен тұсауды кесудің негізінде «болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын » деген тілек бар

Сүндет той мұсылмандық белгісі жеті, тоғыз жасқа келген ер баланы сүндетке отырғызады

Сыңсу қалыңдықтың ұзатылу тойында айтылатын қоштасу әні

Беташар келін түсіру тойында жас келінді туған туыспен таныстыру мақсатында және тәлім тәрбие мақсатында айтылатын жыр

 

Мақалдар сайысы:

Саналы ел салтын сақтар

Ырыс-алды ынтымақ

Көп біл, аз сөйле. .

Әке көрген оқ жанар

Шеше көрген тон пішер

Адам болатын бала қонаққа үйір

Әдепті бала арлы бала

Тәрбие отбасынан басталады

Әдепсіз бала сорлы бала

 

 

 

 

Қазақтың материалдық мәдениеті:

Түрлері.

    Атауы.

І.

Сүт тағамдары.

1.Айран.                 5.Сүзбе.

2.Қаймақ.               6.Сүт.

3.Құрт.                    7.Шұбат.

4.Қымыз.                 8.Ірімшік.

ІІ.

Ет тағамдары.

1.Әсіп.                      11.Ет қошын.

2.Бас.                        12.Қазы. 

3.Борша – кіме.       13.Қарта.

4.Бұжығы.                14.Қимай.

5.Бітеу.                     15. Қуырдақ.  

6.Жал.                       16.Қыранбөрте.  

7.Жау – жұмыр.       17.Мипалау.

8.Жая.                       18.Сырбаз.

9.Жөргем.                 19.Үлпершек.

10.Ет.                        20. Шұжық.

IV.

Ұн тағамдары.

1.Бауырсақ.             4.Быламық.

2.Бөкпен.                 5.Жайма.

3.Бүкпелер.              6.Нан.

V.

Дән тағамдары.

1.Боза.                      5.Палау.

2.Бадырақ.               6.Сүркүріш. 

3.Жарма.                  7.Талқан.

4.Майсөк.                 8.Тары көже.

 

Киіз үй атаулары.

1. Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.

2.  Ақ шаңқан үй.  Сүттен ақ , аппақ киіз үй.

3. Ақтағыр.   Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

4. Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

5. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

7. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.

8. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

9. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.

10.Отау.  Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

11.Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

12. Ұраңқай. Уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.

Киіз үйдің сүйегі.

№1.

2.Сүйегінің бөліктері.

3. Құрамдас бөлшектерінің атауы.

 

 

1.

 

 

Шаңырақ.

1.Бақалақ.

2. Күлдіреуіш.

3. Қаламдық.

4. Табақ.

5. Тарам.

6. Тоғын.

 

2.

 

Уық.

1. Қалам.

2.Қары.

3. Иін.

4.Уық бау.

 

3.

 

Кереге.

1. Балашық.

2. Ерісі.

3. Желі.

4. Көк.

5. Қанат.

6. Сағанақ.

 

4.

 

Сықырлауық.

1.Босаға.

2. Жарма бет.

3. Маңдайша.

4. Табалдырық.

 

 Абажа. Ас, тағғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі.

Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.

Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.

Сандық. Әр түрлі  бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

 

 

 

Үш санындағы ұшқыр ой

 Үш жұрт.

1.                              Ағайын жұрт.   2. Нағашы жұрт    3. Қайын жұрт

 Үш байлық.

    Бірінші байлық –денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.

 Үш би.

1.                              Үйсін Төле би.  2. Арғын  Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.

 Үш дана.

1.                              Абай  2. Шоқан  3. Ыбырай.

  Үш арсыз.

1.Ұйқы арсыз. 2.Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.

Үш қадірлі.

1. Ырыс.  2. Бақ.  3. Дәулет.

Үш тәтті

1.                              Жан тәтті. 2. Бала тәтті.  3. Жар тәтті.

Үш ақиқат..

1. Қымбат – шындық, арзан - өтірік, дауасыз – кәрілік.

  Үш биік.

1.                              Билік.  2. Дәулет.  3. Даналық.

 Үш кемдік.

1.                              Надандық.  2. Еріншектік.   3. Зұлымдық.

Үш қасиет.

1.                           Өліде – аруақ.

2.                            Малда – кие.

3.                            Аста – кепиет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дәстүрді сыйлаған озады сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 908
    • DOCX 79.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбаева Балганат Еркимбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19586
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой