Инфоурок Другое ПрезентацииЭссе жазу теориясы мен практикасы, шеберлік сыныбына арналған презентация

Эссе жазу теориясы мен практикасы, шеберлік сыныбына арналған презентация

Скачать материал
Скачать материал "Эссе жазу теориясы мен практикасы, шеберлік сыныбына арналған презентация"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • ЭССЕ

    2 слайд









    ЭССЕ

  • Эссе (француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жа...

    3 слайд

    Эссе (француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін

  • 4 слайд

  • Эссе құрылымыКіріспе 
Эссе тақырыбын туралы жалпы түсінік
Тақырыптың өзектілі...

    5 слайд

    Эссе құрылымы
    Кіріспе
    Эссе тақырыбын туралы жалпы түсінік
    Тақырыптың өзектілігі
    Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлем

    Негізгі бөлім
    Тақырыптық сөйлем (тезис)
    Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)
    Қолдаушы сөйлем
    Қорытынды сөйлем
    Тақырыптық сөйлем (тезис)
    Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)
    Қолдаушы сөйлем
    Қорытынды сөйлем
    Тақырыптық сөйлем (тезис)
    Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)
    Қолдаушы сөйлем
    Қорытынды сөйлем
    Қорытынды бөлім
    Кіріспе бөлімдегі негізгі ойға қайта оралу
    Негізгі бөлімдегі барлық абзацтардың түйіні
    Эссені қорытындылаушы сөйлем (ұсыныс жазуға болады)

  • Мәтіндер негізінен бірнеше ой бөлігінен тұрады
 Бір ой бөлігінде бір  ой толы...

    6 слайд

    Мәтіндер негізінен бірнеше ой бөлігінен тұрады
    Бір ой бөлігінде бір ой толықтай ашып жазылады
    Әр ой бөлігі тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.
    Тақырыптық сөйлем - ой бөлігінің негізгі идеясын көрсетеді
    Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер
    Қорытынды сөйлем – азат жолдағы ойды қорытындылайтын сөйлем
    Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.
    Ең бастысы әр ой бөлігі жаңа азат жолдан басталып жазылады.


  • Мысалы:
Тақырыптық  сөйлем: 
          Фаст-фудпен тамақтану - адам ағзасына...

    7 слайд

    Мысалы:
    Тақырыптық сөйлем:
    Фаст-фудпен тамақтану - адам ағзасына зиян.
     
    Қолдаушы сөйлемдер:
    Олардың құрамында майлар мен консерванттар көп, дәрумендер мүлде жоқ. Фаст-фуд құрамындағы химиялық қоспалар әсерінен созылмалы тұмау, ашушаңдық, аллергия, инфаркт сияқты сырқаттарға шалдықтыруы мүмкін.

    Қорытынды сөйлем:
    Сондықтан, денсаулықты күту үшін шапшаң дайындалатын фаст-фуд өнімдерінен аулақ болу қажет.


  • Мысалы:
Тақырыптық  сөйлем: 

Қолдаушы сөйлемдер:
          

 Қорытынды сөйл...

    8 слайд

    Мысалы:
    Тақырыптық сөйлем:

    Қолдаушы сөйлемдер:


    Қорытынды сөйлем:


  • «Дені саудың –жаны сау» демекші, адам өміріндегі ең басты байлығы –денсаул...

    9 слайд




    «Дені саудың –жаны сау» демекші, адам өміріндегі ең басты байлығы –денсаулығы деп ойлаймын. Дені сау адамда бәрі де болады: бақыт та, байлық та, табыс та, жетістік те. Себебі, дені сау адамның өз мақсаттарын орындауға толық мүмкіндігі бар. Демек, денсаулық адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ал сол денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың қаншалықты маңыздылығы бар?
     
     
     
     
    Дұрыс тамақтанудың келесі бір шарты –майлы, тәтті, ащы, қоспасы көп тағамдарды мөлшерімен пайдалану. Мысалы, майлы тағамда холестирин көп болады да, қан қысымынң жоғарылауына әкеледі. Қантты, тұзды, химиялық қоспалары көп тағамдарды жиі пайдаланудың салдары инфаркт, инсульт, диабет, остеохондроз сияқты ауруларға әкеледі. Қазіргі уақытта пиццерия, бургер-кинг сынды жедел тамақтану орындарының көбейіп отырғанын ескерсек, қауіптің де екі еселенгенін сеземіз. Сол себепті, майлы, тәтті тағамдарды мөлшерімен ғана пайдалана білу керекпіз.
    Дұрыс тамақтанудың тағы бір алғышарты –күнделікті тамақтану рационымызда табиғи өнімдер мен жеміс-жидек, көкністерді күнделікті пайдалану. Себебі, олардың құрамы дәруменге бай екені дәлелденген. Мысалы, сүт тағамдарында кальций мол болса, ет тағамдарында ақуыз, жеміс-жидектерде А,В,С,Д,Е дәрумендері мол болады да, тоқсан түрлі ауруға ем болады. Сол үшін де, біз табиғи өнімдер мен жеміс-жидектерді үнемі қолдануымыз керек екен.
    Дұрыс тамақтанудың алғашқы шарты –уақтылы тамақтану. Қазіргі уақытта адамдар күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп мерзімімен тамақ ішуді ұмытады. Ал шындығына келгенде, адам күніне бес мезгіл тамақтануы керек. Мысалы адам жатар алдында тойып тамақ ішсе, оны түнімен қорыту қиындайды да, ас қорыту жүйелеріміз бұзылады және гастрит, асқазақ жарасы сияқты күні бүгінде өте жиі кездесетін ауруларға шалдығуымыз мүмкін. Сондықтан, асқазанымыз сау болсын десек, уақытымен тамақтануды әдетке айналдыруымыз керек.
    Қорыта келе, “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” демекші, майлы және тәтті, тұзды тағамдарды мөлшерімен қолданып, керісінше табиғи өнімдерді күнделікті тұтынуымыз қажет еке. Еліміздің ертеңі –біздер. Сондықтан елінің ертеңін ойлаған әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса, болашағымыз да жарқы болмақ.

  • 10 слайд

  • Эссе жазу алдында қандай жұмыстар жүргізген дұрыс?Талқылау, пікірталасАфоризм...

    11 слайд

    Эссе жазу алдында қандай жұмыстар жүргізген дұрыс?
    Талқылау, пікірталас
    Афоризм, мақал-мәтелдер
    Таным деректер
    Бейнематериалдар, (фильмнен үзінді, деректі фильм, әнбаян, т.б)
    Суреттер
    Көркем шығармадан үзінділер
    Кешегі күні Сізге бірден эссе жазуға тапсырма берген уақытта қандай сезімде болдыңыз?

  • Жазылым алдындағы жұмысТақырыпты зерттеу;
талқылау;
идеяларды қолдау/қарсы шы...

    12 слайд

    Жазылым алдындағы жұмыс
    Тақырыпты зерттеу;
    талқылау;
    идеяларды қолдау/қарсы шығу;
    деректерді жинау;
    салыстыру.

  • «Бұрыш»
(ия – жоқ – бейтарап)«ТИ кестесі»
(дұрыс-дұрыс емес)ДебатТоптағы талқ...

    13 слайд

    «Бұрыш»
    (ия – жоқ – бейтарап)
    «ТИ кестесі»
    (дұрыс-дұрыс емес)
    Дебат
    Топтағы талқылау

  • «Пицца»«Блум түймедағы»Сауалнама

    14 слайд

    «Пицца»
    «Блум түймедағы»
    Сауалнама

  • Мәтін үзіндісін мұқият оқыңыз:
–  Біз  - қазақ деген мал баққан елміз, ешкімг...

    15 слайд

    Мәтін үзіндісін мұқият оқыңыз:
    – Біз - қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітім айт, не тұрысатын жеріңді айт,– депті
    Тапсырма шарты:
    Шаңырақ тоғынына /1/- үзіндіден не ой түйгенінді, шаңырақ күлдіреуішіне ; /2/– үзіндіден қандай әсер алғанынды, шаңырақтың көзіне /3/- бидің уытты сөзінің астарынан қандай қорытынды ой түюге болатындығығын, беріктікке; /4/- Қазыбек би турал не білетініңді 4-5 сөйлеммен жаз. /НЗМ мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен/

  • І топ  «Балық қаңқасы»
Негізгі проблеманы анықтау, себептерін тауып, дәлелдеу...

    16 слайд

    І топ
    «Балық қаңқасы»
    Негізгі проблеманы анықтау, себептерін тауып, дәлелдеу, қорытындыға келу
    Проблема
    Себептері
    Дәлелдер
    Қорытынды
    Қамардың Ахметке қосыла алмауы

  • ІІ топ

    17 слайд

    ІІ топ

  • Шырмауық   (неліктен?)ІІІ топ

    18 слайд

    Шырмауық (неліктен?)
    ІІІ топ

  • «Бұрыш»ИЯ                                                          ЖОҚ...

    19 слайд

    «Бұрыш»
    ИЯ ЖОҚ БЕЙТАРАП
    Жар таңдау ата-ананың қалауымен болу керек пе?
    ІҮ топ

  • «Балық қаңқасы»
Негізгі проблеманы анықтау, себептерін тауып, дәлелдеу, қорыт...

    20 слайд

    «Балық қаңқасы»
    Негізгі проблеманы анықтау, себептерін тауып, дәлелдеу, қорытындыға келу
    Проблема
    Себептері
    Дәлелдер
    Қорытынды
    Қамардың Ахметке қосыла алмауы
    Әлеуметтік теңсіздік
    Ахмет –кедей, Қамар –бай отбасынан
    Ескі салт-дәстүрдің құрбаны
    Қалың мал төлейтін Ахметтің әлі жетпеді
    Басты шешімді әкесінің қабылдауы
    Омар соңында қызын Жорға Нұрымға беруге келісті
    Ахмет пен Қамардың қосыла алмауының себептерін талдап жазыңыз

  • Эссені талдауӘдеби-талдау эссе
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-...

    21 слайд

    Эссені талдау
    Әдеби-талдау эссе
    Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автордың батыр мінезін танытуын талдап жазыңыз.
    Батыр – ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын, жауға тік келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде танылады. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі кейіпкер – Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда аты аңызға айналған батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
    Роман-диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән мінезімен көрінеді. Оны автор Серебряковтың Жоғарғы Президиумға жазған хатындағы: «...ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін», - деп, ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты», - деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді. Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен танытады. Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ... сегіз фашисті өлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!» - деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кеңпейілдігін көрсетті. Батыр Бауыржан: «Сенің мұның менің батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік танытпай, өзі сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті, «Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды. Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.
    Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың әр сөзі, әрекеті – оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, отан, туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл роман-диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем құралы ретінде таратылуы керек.

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • Эссені бағалауМазмұны (әдеби – 10, еркін -9ұпай)Тіл сауаттылығы  (8 ұпай)Тақы...

    25 слайд

    Эссені бағалау
    Мазмұны (әдеби – 10, еркін -9ұпай)
    Тіл сауаттылығы (8 ұпай)
    Тақырыпты ашуы, пікірлердің сенімділігі
    Өз пікірін дәйектеуі
    Ойдың логикалық бірізділігін сақтауы, құрылымының тұтастығы
    Әдеби терминдерді, деректерді қолдануы
    Орфографиялық нормаларды сақтауы
    Пунктуациялық нормаларды сақтауы
    Көркем тіл құралдарын орынды қолдануы
    Сөйлеу нормаларын сақтауы
    Грамматикалық нормаларды сақтауы

  • Әдеби тақырыптағы эссені бағалау шкаласыЕркін тақырыптағы эссені бағалау шкаласы

    26 слайд

    Әдеби тақырыптағы эссені бағалау шкаласы
    Еркін тақырыптағы эссені бағалау шкаласы

  • Рефлексия

Түсінбеген сұрақтарым барМазмұнды , қызықты болдыҚоржынымды толықт...

    27 слайд

    Рефлексия


    Түсінбеген сұрақтарым бар
    Мазмұнды , қызықты болды
    Қоржынымды толықтырдым

  • Сіздер  - өте ақылды, белсенді, дана, жаңашыл, тапқыр жандарсыздар!!!РАХМЕТ!

    28 слайд

    Сіздер - өте ақылды, белсенді, дана, жаңашыл, тапқыр жандарсыздар!!!
    РАХМЕТ!

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 009 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 28572
    • PPTX 2.7 мбайт
    • 853 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алипова Гульназ Туракбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алипова Гульназ Туракбаевна
    Алипова Гульназ Туракбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110487
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой