Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыИнклюзивті білім беру назарда!

Инклюзивті білім беру назарда!

Скачать материал

 

Ақсу қаласы  Парамоновка орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Инклюзивті білім берудегі педагог құзыреттілігі»

 

 

 

Коррекциялық дамыта оқыту сыныптарының үйлестірушісі, психологі

Баезова Гульнар Шакаевна

 

 

 

 

 

2014 ж

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту белгіленген.

 Қазіргі таңда инклюзивті  білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік  дамуына көп көңіл бөлінуде . Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік  оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру  жолдарын білу.  

Қазақстан ғалымы А.Кусаиновтың пайымдауынша, интеграциялық оқытуды инновациялық әрекеттен бөлуге болмайды,себебі оның түпкі мақсаты, ең алдымен адами қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. 

Алдындағы оқушылардың физикалық, психологиялық денсаулығын нығайту және сақтау  жауапкершілігі мұғалімнің басты  міндеті.

Ғалымдардың және практик мамандардың ( Коноплева А.Н, Ямбург Е.А)зерттеу нәтижелері көрсеткендей, даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беру мектеп жағдайында  әлеуметтенуі де, оқу материалдарын игеруі де табысты өтеді, олар балалар арасында көшбасшы да бола алады. Өкінішке орай ,  көбінесе ,осы «басқаша» балалар өздерін оқшау ұстап,  бұл әлемнен бөлектеніп,  көңіл-күйі біршама жайсыздау \ дискомфорт\ болады.

Инклюзивтік білім беруде балаға  деген   педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол  дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып , табылады.

Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның  өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға  таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы.

 Осыдан бірнеше жыл бұрын Парамоновка орта мектебінде қалыпты дамудағы балалармен даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту интеграциясына қолайлы жағдай жасауды қолға алып, нормативтік-құқықтық, ғылими-әдістемелік, материалдық, педагогикалық кадр мәселелерін шешіп, бүгінгі күні инклюзивті бағытпен  4 жыл жұмыс жасаудамыз.

Оқыту практикасында , жасыратыны жоқ, кейбір педагогтардың  оқушының ерекше қажеттілігіне және проблемасына немқұрайдылық таныта,елеп-ескермей, педагогикалық амалдары «қатып қалған» дәстүрлі, регламентті болған жағдайда, бұл балаларда шарасыздық, қауқарсыздық  психология қалыптасады.   Психофизиологиялық ерекшеліктері бар балалардың көбі қабілетті және жоғары жетістікке жете алады, мейлі ол  интеллектуалды, шығармашылық немесе спорттық жетістік болсын.Тіпті ол балалар арасында көшбасшы да бола алады . Біздің осыған көзіміз жетіп отыр. Мектебіміздегі даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың  құзыреттілігінің арқасында , балалардың әлеуметтенуі , оқуы табысты өтуде. Гетерогендік  ( әр түрлі) ортаның позитивті өзгеруі және  қолдау,  мүмкіндігі шектеулі балалардың  әлеуметтенуіне жол ашады.

Дені сау, қалыпты дамудағы  балалармен  дамуында ауытқушылығы бар балалар тұлғааралық қатынас жүйесі өзгергеннен кейін, әсіресе соңғылардың ұжымдағы статусы көтерілсе, оқуда табысқа жетуге, шығармашылықпен айналысуға, денсаулығын нығайтуға, өзіне және қоршаған ортаға қатынасты өзгертуге, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына, әлеуметтенуіне  мүмкіндік туады.  Инклюзивтік бағыттағы мектеп  педагогы, барлық оқушылардың, психофизиологиялық ерекшеліктері бар балалардың және  олардың қалыпты дамудағы құрбыларының рухани қажеттіліктерін іске асыруға, ішкі дүниесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге талпынып, түрлі  оқу және тәртіптілік жағдаяттар дағдарысына қарсы тұруға бейімдеуге ықпал етеді.

Осы баяндама негізіне мектеп тәжірибесіндегі психикалық дамуы тежелген, шекаралық интеллектуалдық  дамудағы, интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби құзіреттілігі жайлы айтылады.  Интеграциялық білім беретін мектептегі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі ол, оның адами құндылықтар мен кәсіби және өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып,  түрлі проблемалар мен міндеттерді  шешу мүмкіндігі. Мектептерде қалыптасқан стереотиптер көп.  Оны бұзу өте қиын.  Біз , Кеңес  дәуірінде, 20-шы ғасыр бойы білім, тек білім ғана деп келдік. А. Байтұрсынов «Білім білікке апаратын жол» деген. Қазіргі таңда  білімнің көптігі емес, оның тиімділігі  яғни, білік артып тұр, әсіресе интеллектуалдық жеткіліксіздігі бар балаға. Білімді алуын алар , ал ол оған қажет пе? Әсіресе, алған, жаттаған білімі жай бір керексіз ақпарат болса, баланың өмірлік қажеттілігіне  ешбір қатысы болмаса. Дені сау , төрт құбыласы тең баланың бәрі математик, химик, физик болып кетпейді, ол айдан анық. Ал дамуында тежелуі , немесе интеллектуалдық дамуы қалыпты емес бала қайтеді?

 Оқу бағдарламасын осы балалардың мүмкіндігіне қарай бейімдеп құрдық, сонымен қатар өткізілетін сабақтар балаға тартымды, қызықты болуына көп көңіл бөлеміз.  Коррекциялық дамыта оқыту сыныптарында балаларға білім берудегі приоритет-әлеуметтендіру, іскерлік-әрекеттік тәжірибе, тартымды адами қасиеттер қалыптастыру.

 Ең  маңыздысы айналадағы дүние өзгерістерін адекватты түсініп, қатынас таныта алатын жағымды қасиеттері бар, мобильды тұлға тәрбиелеу деп, түсінеміз. 

Ақпараттық-білімдік мектеп, салғыртты, немқұрайды болады, ондай  мектепте приоритет  эмоционалдықтан  интеллектуалдығы басым болады, ал дамуында ауытқушылығы бар  балаға бастысы жан жылуы, яғни жағымды эмоция, онсыз мүлде білім алып, қоғамға кіріге алмайды. Қажет жағдайда бала айналасында болып жатқанға өзінің қатыстығын білдіре алуға, өзіне ұнамайтынға қарсылығын білдіруге, жақсыға қуанып, табысты іске марқайып, басқаға көмекке келуге әзір болуға тәрбиелеу, үйрету.  Білім бұл жағдайда өмірмен тығыз сабақтастықта болуы шарт. Мұғалім сол айналадағы өмірдің мазмұнын ескере отырып өз жұмысында импровизатор болуы тиіс.  

Инклюзивті мектептегі мұғалімнің эмоционалдық құзыреттілігі ең маңызды.   Өкінішке орай, моногендік ( бір түрлі) ортада немесе сыныпта,  мектептерде проблемасыз оқушы құнды, проблемасы бар баладан құтылуға тырысады, басқа мектепке ауыстырады.

 Ал, біздің  инклюзивті  сыныптарда проблемалы психофизиологиялық ерекшелігі бар бала- ол дарынды бала, құндылық болып табылады. Әр бала, құндылық болып қабылданады, ол үшін оның мүмкіндігіне және қажеттілігіне сай білім алуға жағдайлар жасалады. Педагог қандай да болсын баламен кездесуге, және де табысты педагогикалық әрекет етуге   дайын болады.

Эмоционалды құзыретті педагог қандай да болсын баламен жұмыс істеуге, болжамды және болжаусыз проблемаларды шешуге, оқушыға максимум жағымды эмоциялық жағдай жасауға дайын болу керек. Өзіне кәсіби эмоционалдық өшуге жол бермеуі  тиіс.

    Мұғалімнің коммуникативтік құзіреттілігі ерекшеліктері бар оқушылардың қоршаған әлеуметпен қатынасқа түсуге ықпалын тигізеді. Мысалы, мұғалім  дамуында ауытқуы бар оқушыны қалыпты деңгейдегі баламен диалогтік қатынасқа бағыттайды,  жұппен, топпен жұмыс жасайды . Бұл жерде ескеретін маңызды нәрсе, ол іс, міндетті түрде табысты болуы шарт. Сау балаларға өздерімен бірге оқитын «ерекше» балаларды танытуы, оларға симпатиялық көзқарас қалыптастыруы мұғалімнің  құзыреттілік білігі. Мұғалім құзіреттілігі-оқушыларды өз мүмкіндіктеріне  және қабілеттеріне сендіру.

Педагогикалық-психологиялық құзыреттіліктің басты міндеті әлеуметтік-психологиялық,  яғни түрлі саладағы мамандармен  қатынас жасау қабілеттілігі, әсіресе ата-аналармен, себебі олардың білімдері де мәдени деңгейлері де түрлі, кей кезде  қайшылықты ұстанымдары да болады. Сондықтан , тұлғааралық қарым-қатынастың , бірігіп әрекеттесудің табыстылығы коррекциялық-педагогикалық көмектің тиімділігін арттырары сөзсіз.

Интеграциялық жағдайдағы педагогтың кәсіби құзыреттілігінің тағы бір жағы-праксиологиялық ( грек.praksis-әрекет ).

Инклюзиялық мектеп мұғалімі практикалық тәсілдерді елемесе педагогикалық әрекеттің интеллектуалдану қауіпі бар. Педагог әрекеті бұл орайда зиянды болуы да ықтимал.  Ұстаз ата-аналарға да, басқа да ересектерге педагогикалық көмектің алгоритімін , оқушымен қатынас жасау әдіс-тәсілдерін, балаға қайтіп, қалай көмек беру керектігін айтып, көрсетеді.  Мысалы, оқушы әріптерді жадына сақтауға қиналады, мұғалім кин

етикалық-қимыл қозғалыс, тактильді-сипап көру тәсілдерін қолданып үйретеді, дұрыс дыбыстамаса айтып түзетеді.  Бір сөзбен айтқанда педагог тек қана түсіндірмейді, көрсетеді, оқып  үйренудің жеңіл –оңтайлы тәсілдерін меңгертеді.

Педагогтың түйінді кәсіби құзыреттілігі денсаулық сақтау- ол салауатты өмір салтын ұстау, жеке гигиена ережелерін білу. Еңбек пен демалыс тәртібін сақтау, коррекциялық-педагогикалық көмектің тиімділігін арттырады. 

Қорыта келгенде, мұғалім  құзыреттілігі интеграциялық жағдайда  білім алушылардың әр түрлі білім алу мүмкіндігі мен ресурстарын ескере отырып, бір білімділік кеңістік , орта құру.

 Инклюзивті бағыттағы  мектепте адамгершілік императив ұстанымы  қатаң сақталады  және ешкім , ешқашан баланың кемістігі туралы диагноздық терминологияларды  оқу үрдісінде қолданбайды.

Мектеп мамандарының бірлесе жасаған ізденіс амалдарының нәтижесінде біршама жетістіктерге жеттік . Алдымыздағы оқушылар көптеген жағымсыз әрекеттерін ұмытты, өмірге позитивті көзқарас қалыптасты, білім алуда да ілгері жылжуда. Сонымен қатар, оқушылар сабақтан тыс уақытында түрлі шараларға белсене қатысып, мектеп сахнасына шығып ән салып, би билеп, театрланған  көрініс жасауда. Бұрынғы сыныптарында олар, әрине ондай белсенділік таныта алмады. «Алтын күз», Тәуелсіздіктің мерекесі, Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі, Отан қорғаушылар күні сияқты шараларға оқушы лардың бәрі бірі қалмай өз деңгейлері шамасында түрлі өнер көрсетіп жүр.

 6-сынып оқушылары  вокалдық байқауға қатысып, диплом алды, аудандық  сахнада өнер көрсетті,  «Айгөлек» би тобы облыстық байқауға қатысып жүлде алды, сол бишілердің ішінде жоғарыда айтылған «ерекше» балалар бар. Спортпен айналысатын қаншама балаларымыз бар, аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан жүлдемен келген «ерекше» оқушыларымыз бар.  Адам табиғаты дамуда кем қалған мүмкіндікті міндетті түрде басқа жағынан толықтыруы заңды құбылыс. Ғылымда компенсация деп аталады.

Біздің міндетіміз мүмкіншілігі шектеулі әр баланың  табиғи толымды мүмкіндігін тауып, оны толық игеруге қолдау көрсету. Даму мүмкіндігі ерекше балалардың мұқтажын ескере жасаған жағдайлар өз жемісін беруде, балалар инклюзивті мектепте өзін еркін сезінуде, ал қалыпты дамудағы балалар толерантты қатынасты меңгеруде.

Қолданған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2.Кусаинов А.К. Состояние и перспективы системы образования Республики Казахстан\ Педагогика 2012\

3.Коноплева А.Н. Синергетический подход к социальному развитиюи воспитанию лиц с особенностями психофизического развития\Педагогическая наука и образование 2012 г\

4.Педагогикалық құзыреттілікті қалыптастырудың дидактикалық шарттары\ К.Ы. Сариева 2014 ж\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Инклюзивті білім беру назарда!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ауыл мектебінде инклюзивтік білім беру назарда

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту белгіленген. Алдындағы оқушылардың физикалық, психологиялық денсаулығын нығайту және сақтау  жауапкершілігі мұғалімнің басты  міндеті.  Қазіргі таңда инклюзивті  білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік  дамуына көп көңіл бөлінуде .

Аталмыш бағдарламаның түпкі мақсаты, ең алдымен адами қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. 

Ғалымдардың және практик мамандардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектеп жағдайында  әлеуметтенуі де, оқу материалдарын игеруі де табысты өтеді, олар балалар арасында көшбасшы да бола алады. Өкінішке орай ,  көбінесе ,осы «басқаша» балалар өздерін оқшау ұстап,  бұл әлемнен бөлектеніп,  көңіл-күйі біршама жайсыздау \ дискомфорт\ болады.

Инклюзивтік білім беруде балаға  деген   педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол  дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып , табылады.

Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның  өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға  таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы.

 Осыдан бірнеше жыл бұрын Парамоновка орта мектебінде қалыпты дамудағы балалармен даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту интеграциясына қолайлы жағдай жасауды қолға алып, нормативтік-құқықтық, ғылими-әдістемелік, материалдық, педагогикалық кадр мәселелерін шешіп, бүгінгі күні инклюзивті бағытпен  4 жыл жұмыс жасаудамыз.

Оқыту практикасында , жасыратыны жоқ, кейбір педагогтардың  оқушының ерекше қажеттілігіне және проблемасына немқұрайдылық таныта,елеп-ескермей, педагогикалық амалдары «қатып қалған» дәстүрлі, регламентті болған жағдайда, бұл балаларда шарасыздық, қауқарсыздық  психология қалыптасады.   Психофизиологиялық ерекшеліктері бар балалардың көбі қабілетті және жоғары жетістікке жете алады, мейлі ол  интеллектуалды, шығармашылық немесе спорттық жетістік болсын.Тіпті ол балалар арасында көшбасшы да бола алады . Біздің осыған көзіміз жетіп отыр. Мектебіміздегі даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың  құзыреттілігінің арқасында , балалардың әлеуметтенуі , оқуы табысты өтуде. Дені сау, қалыпты дамудағы  балалармен  дамуында ауытқушылығы бар балалар тұлғааралық қатынас жүйесі өзгергеннен кейін, әсіресе соңғылардың ұжымдағы статусы көтерілсе, оқуда табысқа жетуге, шығармашылықпен айналысуға, денсаулығын нығайтуға, өзіне және қоршаған ортаға қатынасты өзгертуге, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына, әлеуметтенуіне  мүмкіндік туады. 

Мектептерде қалыптасқан стереотиптер көп.  Оны бұзу өте қиын.  Біз , Кеңес  дәуірінде, 20-шы ғасыр бойы білім, тек білім ғана деп келдік. Ахмет Байтұрсынов «Білім білікке апаратын жол» деген. Қазіргі таңда  білімнің көптігі емес, оның тиімділігі  яғни, білік артып тұр, әсіресе интеллектуалдық жеткіліксіздігі бар балаға. Білімді алуын алар , ал ол оған қажет пе? Әсіресе, алған, жаттаған білімі жай бір керексіз ақпарат болса, баланың өмірлік қажеттілігіне  ешбір қатысы болмаса. Дені сау , төрт құбыласы тең баланың бәрі математик, химик, физик болып кетпейді, ол айдан анық. Ал дамуында тежелуі , немесе интеллектуалдық дамуы қалыпты емес бала қайтеді?

 Оқу бағдарламасын осы балалардың мүмкіндігіне қарай бейімдеп құрдық, сонымен қатар өткізілетін сабақтар балаға тартымды, қызықты болуына көп көңіл бөлеміз.  Коррекциялық дамыта оқыту сыныптарында балаларға білім берудегі приоритет-әлеуметтендіру, іскерлік-әрекеттік тәжірибе, тартымды адами қасиеттер қалыптастыру.

 Ең  маңыздысы айналадағы дүние өзгерістерін адекватты түсініп, қатынас таныта алатын жағымды қасиеттері бар, мобильды тұлға тәрбиелеу деп, түсінеміз. 

Ақпараттық-білімдік мектеп, салғыртты, немқұрайды болады, ондай  мектепте приоритет  эмоционалдықтан  интеллектуалдығы басым болады, ал дамуында ауытқушылығы бар  балаға бастысы жан жылуы, яғни жағымды эмоция, онсыз мүлде білім алып, қоғамға кіріге алмайды.Қажет жағдайда бала айналасында болып жатқанға өзінің қатыстығын білдіре алуға, өзіне ұнамайтынға қарсылығын білдіруге, жақсыға қуанып, табысты іске марқайып, басқаға көмекке келуге әзір болуға тәрбиелеу, үйрету.  Білім бұл жағдайда өмірмен тығыз сабақтастықта болуы шарт. Мұғалім сол айналадағы өмірдің мазмұнын ескере отырып өз жұмысында импровизатор болуы тиіс. 

  Өкінішке орай, кейбір  мектептерде проблемасыз оқушы құнды, проблемасы бар баладан құтылуға тырысады, басқа мектепке ауыстырады.

 Ал, біздің  инклюзивті  сыныптарда проблемалы психофизиологиялық ерекшелігі бар бала- ол дарынды бала, құндылық болып табылады. Әр бала, құндылық болып қабылданады, ол үшін оның мүмкіндігіне және қажеттілігіне сай білім алуға жағдайлар жасалады. Педагог қандай да болсын баламен кездесуге, және де табысты педагогикалық әрекет етуге   дайын болады.

Мектеп мамандарының бірлесе жасаған ізденіс амалдарының нәтижесінде біршама жетістіктерге жеттік . Алдымыздағы оқушылар көптеген жағымсыз әрекеттерін ұмытты, өмірге позитивті көзқарас қалыптасты, білім алуда да ілгері жылжуда. Сонымен қатар, оқушылар сабақтан тыс уақытында түрлі шараларға белсене қатысып, мектеп сахнасына шығып ән салып, би билеп, театрланған  көрініс жасауда. Бұрынғы сыныптарында олар, әрине ондай белсенділік таныта алмады. «Алтын күз», Тәуелсіздіктің мерекесі, Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі, Отан қорғаушылар күні сияқты шараларға оқушы лардың бәрі бірі қалмай өз деңгейлері шамасында түрлі өнер көрсетіп жүр.

 6-сынып оқушылары  вокалдық байқауға қатысып, диплом алды, аудандық  сахнада өнер көрсетті,  «Айгөлек» би тобы облыстық байқауға қатысып жүлде алды, сол бишілердің ішінде жоғарыда айтылған «ерекше» балалар бар. Спортпен айналысатын қаншама балаларымыз бар, аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан жүлдемен келген «ерекше» оқушыларымыз бар.

Сонымен қатар, үй жағдайында оқитын, қимыл-қозғалысы шектеулі оқушымыз бар. «E-learning» электрондық оқыту жүйесі бойынша, арнайы бағдарлама орнатылған компьютер беріліп,  оқушымыз интернет жүйесін пайдалана отырып, білім алуда.

 Адам табиғаты дамуда кем қалған мүмкіндікті міндетті түрде басқа жағынан толықтыруы заңды құбылыс. Ғылымда компенсация деп аталады.

Біздің міндетіміз мүмкіншілігі шектеулі әр баланың  табиғи толымды мүмкіндігін тауып, оны толық игеруге қолдау көрсету. Даму мүмкіндігі ерекше балалардың мұқтажын ескере жасаған жағдайлар өз жемісін беруде, балалар инклюзивті мектепте өзін еркін сезінуде, ал қалыпты дамудағы балалар толерантты қатынасты меңгеруде.

 

Парамоновка орта мектебі, коррекциялық сыныптар психологы  Гүлнәр Баезова

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2015 3269
    • DOCX 28.6 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баезова Гульнар Шакаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баезова Гульнар Шакаевна
    Баезова Гульнар Шакаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19995
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Осуществление закупок у единственного поставщика (подрядчика, исполнителя)

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности сурдопедагога (работа с обучающимися с нарушениями слуха)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения слуха)

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 266 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе