Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект внеклассного мероприятия на тему "Армысың, әз Наурыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект внеклассного мероприятия на тему "Армысың, әз Наурыз"

библиотека
материалов



Армысың, әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдете түсу.

Елін, халқын сүюге, салт-дәстүрін дәріптеуге баулу.

Көрнекілік: нақыл сөздер, шар, гүлдер, екі ауыл, киіз үй жабдықтарымен.

1-жүргізуші:

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын наурыз той,

Ұлы күні ұлы істің.

2-жүргізуші:

Наурыз-көктем мерекесі,

Наурыз-жыл басы.

Наурыз жаңа серпін,жаңа леп.

3-жүргізуші:

Наурыз-қуаныш мерекесі,

Бақыт пенен шаттық мерекесі.

4-жүргізуші:

Наурыз-жаңа күн деген сөз . Бұл мерекені ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

1-жүргізуші:

Наурыз парсы тілінде «нау»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді. Ендеше, Ұлыстың ұлы күні –құтты болсын.(барлық жүргізуші)

2-жүргізуші:

«Армысың, Әз Наурыз» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. (Әуенмен барлық бала шығады «Наурыз тойы келгенде»).

3-жүргізуші:

Наурыз келді! Жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті кең дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!-деп ортамызға Наурызымызды шақырайық.

(Әуенмен ортаға Наурыз шығады.)

Наурыз:

Көкпеңбек дала, туындай аспан көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк–көк көйлек киген өңір дүр.

Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,

Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір,

Сіздерге мерекелік шашуым бар.

Жайнаның әні :«Наурыз жаңа жыл».

4-жүргізуші:

Мұсылман ұғымы бойынша 21 наурыз күні сағат түнгі 3-те аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен. Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой-арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен. Ендеше, ортамызға Қыдыр атамызды шақырайық! (Қыдыр ата келіп, батасын береді. Амирдың атасы)

1-жүргізуші:

Ал енді ата төрге шығып, дастарханымызға жайғасыңыз.

2-жүргізуші:

Жаңа жылымыз тазалық пен жақсылықтың белгісі дегендей ортамызға ақ жаулықты әжемізді шақырып, «Алас» рәсімін өткізуін сұрайық.(Ерасылдың апасы).

3-жүргізуші:

Қашанда құт береке орнасын,молшылық береке болсын деп Салиманың апасы шашу шашсын.(Салиманың апасы).


Амир:

Қазағым наурызың құтты болсын,

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлымның қабыл болып,

Жақсылығын бір Алла үйіп тұрсын.

Мөлдір:

Наурыз тойы ақ батаның бастауы,

Береке мен бірліктің жалғасуы.

Жеті түрлі қасиетті дәмменен

Байтақ елдің бір толады астауы.

Әкежан:

Наурыз келіп көктем сазы білінер,

Ойнап күлген жас балалар жүгірер

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің

Наурыз ай шаттық пенен нұр берер.

Диана:

Гүлі шығып дала жайнап құлпырған,

Далам қандай тамаша еді ән тұнған.

Бусап жатыр далам бүгін терлене

Баурайынан қары кетіп құрсанған.

4-жүргізуші:

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Ырғақты биін көріңдер

Тамашалап Дильназдың.

Дильназдың шығыс биін тамашалаңыздар.

Ақылбек:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думаннан басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.

Ақбота:

Қазағымның жаңа жылы келгенде

Елім менің қуанышта жүргенде

Мендегі өлең тау суындай тасиды

Қазағымның шаттық жүзін көргенде.

Диас Ж.

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап-күліп тараңдар.

Медина:

Өлкеме Наурыз келді , көктем келді.

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт-дәстүрлерін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі.

1-жүргізуші: Енді барлығымыз ата-бабаларымыз тойлағандай Абай ауылына барып, қазақтың салт-дәстүрлерін тамашалайық.

Салт–дәстүр көрсетіледі: «Бесікке бөлеу»

Каирбек:

Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,

Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.

Дәстүрімен мақтанамын елімнің

«Мен қазақ»-деп дүниеге жар салам.

Айдай:

Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейірім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Есіл:

Жаңартып сана, салтымды,

Қуантқан барша халқымды.

Наурыз тойы–ел тойы

Ғасырдан асыр даңқыңды.

Ән болып асыл

Даңқыңды асыр,

Ғасырдан ғасыр.

Ән хормен:«Көктем»

Али:

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын.

Дильназ:

Күн мен түн теңеледі

Жер шуаққа кенеледі

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді-салтымыз

Көгерсін!–деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Әлихан:

Ашық болсын қос қабақ

Таспен атқанды аспен ат

Бейтаныс та таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

2-жүргізуші:

Елімнің үміт күтер болашағым,

Жас ұрпақ өнерімен жол ашады

Қыздарымыз сахнада билегенде

Тал бойында бір мін жоқ жарасады.

Қыздарымызды «Қазақ биімен» ортаға шақырамыз.

3-жүргізуші:

Қазақ халқы қонақжай халық, салт-дәстүріміз де көп. Сондықтан көрші «Шоқан» ауылына барып, «Тұсау кесер» тойына қатысайық.

(Салт-дәстүр «Тұсау кесер»)

4-жүргізуші:

Көркімен тәмәм жұртты тамсандырған,

Сахнада өнер қуып ән салдырған.

Әншіміз Маржан біздің келіп қалды,

Қол соғып қарсы алайық барша қауым.

Маржанның орындауында ән «Туған жер» қабыл алыңыздар.

Салима:

Арпа,бидай,тары бар.

Қатық малта ағы бар

Ішілетін,жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Б.Диас:

Ошақта көп шоқ әлі

Астың ауыр обалы

Астан үлкен ешкім жоқ

Қазан аузы жоғары.

Ерасыл:

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш бәрі бар.

Бар сүт пен шұжығы

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы.

1-жүргізуші:

Бұлбұл ма гүлді бақта сайрамаған,

Қандай жан қуанышты тойламаған.

Ахау! Шаттық күйім,жақсы биім,

«Флеш моб» биі жалпыңызға ұлдардың тартқан сыйы.

Ұлдар тобында би «Флеш моб»

2-жүргізуші:

Өнердің биігіне созған қолын,

Құдіретті өнердің қуған жолын.

Бәйшешектей гүл жарған жаңа толқын,

Ортаға шақырайық Мөлдірді өнерімен.

Мөлдірдің өнерін тамашалайық. Синтизаторда ойнап өнерін көрсету.

Ақерке:

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!

Қызығыңа тоймайтын

Дархан дала қарлы шың.

Жанбота:

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып.

Сағынды қыз, аңсады ұл

Төрле есіктің бәрі ашық.

3-жүргізуші:

Тойда өнер сынайық

Өнер жасқа лайық

Домбырашы қыздардың

Әуенін қазір тыңдайық-дей келе, Ақбота мен Аружан өз өнерлерін ортаға салсын ән «Ана».

4-жүргізуші:

Ахау айналайын қазақ биім

Биіммен келтірейін тойдың сыйын-дей келе ұлдарымызды қазақ биімен қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме,

Айналдың бар қызықтың кіндігіне.

2-жүргізуші:

Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып,

Тазарып жүре берер бұл дүние.

3-жүргізуші:

Арайындай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық, сан бір ұлттың.

4-жүргізуші:

Жарқырай бер, жер көкте, жаса, Наурыз,

Ұлы достық мейрамы мәңгіліктің.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, мерекелік кешіміз аяқталды,назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп



Мукашева Рашида Угыбаевнаның 2Б-сыныбында өткізген ашық тәрбие сағаты


Армысың, әз Наурыз



hello_html_5b2354c4.jpg

Краткое описание документа:

                        Армысың,әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдете түсу.

Елін, халқын сүюге, салт-дәстүрін дәріптеуге баулу.

Көрнекілік: нақыл сөздер, шар, гүлдер, екі ауыл, киіз үй жабдықтарымен.

1-жүргізуші:

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын наурыз той,

Ұлы күні ұлы істің.

2-жүргізуші:

Наурыз-көктем мерекесі,

Наурыз-жыл басы.

Наурыз жаңа серпін,жаңа леп.

3-жүргізуші:

Наурыз-қуаныш мерекесі,

Бақыт пенен шаттық мерекесі. 

Автор
Дата добавления 18.11.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров347
Номер материала 130882
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх