Инфоурок Другое КонспектыКонституциялық құқық және міндеттер

Конституциялық құқық және міндеттер

Скачать материал

Сабақ № 21

Сабақты өткізу күні және топ:

_________________________________________________

 

Тақырыбы:Конституциялық құқық және міндеттер.

Сабақтың мақсаты:білімалушыларда мемлекет пен жеке тұлғаның өзара байланысын анықтайтын маңызды категория азаматтық және азаматтыққа қабылдау, айыру, айрылу мәселелері туралы білім қалыптастыру; құжаттарды талдау, салыстыру,  қортындылау дағдыларын қалыптастыру; оларды Отанын сүюге жауапкершілікке және құқытық мәдениетке тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар:азаматтық, азамат, филиация, натурализация, азаматтыққа қабылдау, азаматтықтан бас тарту, экспатриация.

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: оқулық, кесте-сызбалар, ҚР «Азаматтық туралы» Заңы, компьютерлік презентация.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, құжатпен жұмыс, жағдаят шешу, сөзжұмбақ шешу.

 

Сабақ жоспары:

I.                    Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу; студенттерді түгендеу; білімалушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру;  студенттердің зейінін сабаққа аудару

 

II.                 Студенттердің білімдерін тексеру.

1.       Фронталды сұрау.

-          Көшбасшы дегеніміз кім?

-          Саяси көшбасшы қандай қызметтер атқарады?

-          Саяси көшбасшының бойында қандай қасиеттер болуы керек?

-          Саяси көшбасшыларды жіктеудің қандай теориясын білеміз?

-          Саяси көшбасшылардың қандай тұрпаттары болады?

-          Саяси элита дегеніміз не?

2.       Қазақстан Республикасындағы көшбасшылар және саяси элита тақырыбында хабарламаларын тыңдау.

III.              Жаңа материалды оқыту

1.                   «Азаматтық» ұғымы.

2.                   Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау.

3.                   Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу негіздері.

4.                   Азаматтықты тоқтату.

«Азамат» ұғымы публицистикалық мағынада жиі қолданылады, ол адам – өз Отанының ұлы (немесе қызы) деген мағынаны білдіреді. Басқаша мағынада бұл ұғым адамның кез келген мемлекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екенін білдіреді.

«Азамат» ұғымы Аристотель заманынан белгілі, ежелгі орыс тілінде «азамат» сөзі «қалалық тұрғын» ұғымын білдіреді, ал XYII ғасырдан барлық мемлекет тұрғындарына қатысты айтылады.

«Азаматтық» ұғымын тақтаға жазып қойып, студенттерден естігенде қандай ассоциациялар туғызғанын дәптеріңізге жазып қоюларын сұраймын. Оларды тыңдап, талдап, анықтаманы ИТ арқылы слайдтан көрсетемін, дәптеріне жазғызамын.

 

Жалпы азаматтың қандайда бір мемлекетке қатыстылығын анықтайтын 2 ұғым бар, олар:

Бодандық – (подданноство – «дань», бір мемлекетке алым төлеуге міндеттелгендер. М, Ресей империясының бодандары) қандайда бір мемлекетке тәуелділікті білдіреді.

Азаматтық дегеніміз  азамат пен мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін саяси – құқықтық  байланысы.

 

Мемлекет аумағында әр түрлі категориядағы жеке тұлғалар өмір сүруі мүмкін:

Мемлекет азаматтары – осы мемлекеттің азаматы екенін дәлелдейтінін құжаты бар тұлғалар.

Шетел азаматтары — басқа мемлекеттің азаматы болып табылатынын дәлелдейтін құжаттары бар тұлғалар.

Азаматтығы жоқ тұлғалар (апатрид) – басқа мемлекеттің азаматтығына жататындығын дәлелдейтін құжаттары жоқ тұлғалар.

ҚР «Азаматтық туралы» Заңы 1991 ж 20 желтоқсан.

ҚР азаматтығын алудың негізгі 2 әдісі бар:

филиация

натурализация

Оның 2 қағидасы бар: «қанды құқық» және «топырақ құқығы».

Ешқандай әрекет жасауды қажет етпейді.

-           Ата-анасыҚР азаматы болса жеткілікті, немесе біреуі болса да;

-          Бала шетелде туса, ата-анасы ҚР азаматтары болса;

-          Бала ҚР аумағында туса;

-          14 жасқа толмаған бала, қай жерде туғанына қарамастан ҚР азаматы (егер анасының азаматтығы жоқ, ал әкесі ҚР азаматы болса (несе керсінше);

-          Егер ата-анасы белгісіз болса да, бала ҚР азаматы.

 

Азаматтықты өтініш бойынша алу (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар).

 ҚР азаматтығын алу үшін оның аумағында 5 жыл тұрақты тұруы немесе 3 жыл некеде болуы қажет.

Жасөспірім балалар мен әрекетқабілеттілігі жоқ адамдарға, ҚР айрықша еңбегі сіңген адамдарға және оралмандарға қатысы жоқ.

С.с. бұрынғы одақтас республика адамдарының ҚР өте жақын туыстарының бірі болса жеткілікті азаматтық алудың жеңіл түрі қолданылады (өтініш ... , 6 ай).

 

 

С.С әлемдік тәжірибеде азаматтықты алудың тағы бір түрі –оптация.

Оптация – азаматтықты таңдау, мемлекет аумағы өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты адамдар азаматтылықты жаңалайды немесе қалдырады.

ҚРда қосазаматтық (бипатрид) ешкімге берілмейді.

3.       Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін. 
      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. 

ҚРның азаматтығына қабылдау шарттары
      1) ҚР аумағында заңды негізде кемінде 5 жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде 3 жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. 
      ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығынақабылдағанкезде

кәмелеткетолмағандардан, әрекеткеқабiлетсізжәнеҚРалдындаерекшееңбексiңiргенадамдардан бұл шартталапетiлмейдi;
      2) ҚазақстанРеспубликасыазаматтарыныңiшiндежақынтуыстарыныңбiрi - баласы (оныңiшiндеасырапалғанбаласы), жұбайы (зайыбы) жәнеата-анасыныңбiреуi (асырапалушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасынемесеәжесi бар, ҚазақстанРеспубликасынатұрақтытұрумақсатыменкелген, бұрынғыодақтасреспубликалардыңазаматтары, ҚазақстанРеспубликасындатұрумерзiмiнеқарамастан, қабылданатынболады. 

Жеңілдетілген тәртіппен ҚРның азаматтығына қабылдаушарттары


      1) тұру мерзіміне қарамастан, ҚР аумағында тұрақты тұратын оралмандар;
      2) т м қ, ҚР аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
      3) ҚРның жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.
      Жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.

Топ студенттері топшаларға бөлініп құжатпен жұмыс.

Балалардың азаматтығын анықтау.

·         Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болыптабылатын баланың азаматтығы;

·         Ата-анасыҚазақстанРеспубликасыныңазаматы болыптабылатынбаланыңазаматтығы;

·         Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы;

·         Ата-анасыбелгісізбаланыңазаматтығы;

·         Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаушарттары;

·         Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауданжәне Қазақстан Республикасының азаматтығынқалпына келтіруден бас тарту негiздерi

4.       Азаматтықты тоқтату

Азаматтықты тоқтату негіздері:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Экспатриация – белгілі бір құқықбұзушылығына байланысты, мемлекет тарапынан ықтиярсыз адамды азаматтығынан айыру.

Азаматтықтан айырылу негіздері:

      1) ҚРның мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;

      2) егер ҚРның азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;

      3) ҚРның мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

      4) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

      5) егер адамның ҚРның азаматтығын алуына негіз болған ҚРң азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;

      6) ҚРң азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;

      7) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік, террористік әрекетке қатысуы салдарынан айырылады.

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк

органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Президенті:

      Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;

      Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;

      Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы шешімдер қабылдайды.

Iшкi iстер органдары:

      1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және ҚР азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;

      3) ҚРаумағында тұрақты тұратын адамдардың ҚР азаматтығынан айрылуын тiркейдi;

      4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) ҚРазматтығына қабылдауды ресімдейді;

      5) ҚР аумағында тұрақты тұратын адамдардың ҚР азаматы болуын (болмауын) айқындайды.

      Ішкі істер органдарының ҚР азаматтығына қабылдау және ҚР азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және ҚР азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін ҚР ІІМ әзірлейді және бекітеді.

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан ҚР Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен ҚР азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге ҚР Президентінің қарауына жібереді;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың ҚРазаматтығынан айырылуын тіркейді;

      Қ Р тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын ҚР азаматтарының есебін ҚР Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізеді;

      ҚР тыс жерде тұрақты тұратын адамдарға ҚР азаматтығының тиесілігін айқындайды.

 

IV.              Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс.

1.       Қазір біз сіздермен «ҚР азаматтығы туралы» Заңынан алған білімімізді пайдалана отырып, заңгер-кеңесшінің ролін ойнап, өмірде азаматтыққа байланысты туатын жағдаяттарды шешеміз.

Жағдаят №1.Жарты жыл бұрын Астана қаласының ішкі істер органдары Николаевқа, оның ҚР азаматтығын алуға берген өтінішхаты қабылданбағаны жөнінде хабарлады. Осы мәселе бойынша ол қашан тағы да өтініш білдіре алады? «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 32 бабын қараңыз. Жауабы. Николаев тек бір жыл өткен  соң ғана  өтінішін қайталауға құқығы бар.

Жағдаят №2. 23 марта 2010 ж. Ташкент қаласында Серікұлы Берік өмірге келді.  Оның әкесі ҚР азаматы, ал анасының азаматтығы жоқ. Берік қай елдің азаматы болады? Жауабы. Беріктің әкесі ҚР азаматы болғандықтан, ол ҚР азаматы болады.

Жағдаят №3. Алматыда кішкентай бала табылды, ата-анасы белгісіз. Бала қай елдің азаматы болады? Жауабы: ҚР аумағында табылған ата-анасы белгісіз баланың, ата-анасынан хабар болмаса, ол ҚР азаматы болып табылады.

Жағдаят №4. Сыздықов Асқар қазақстандық азамат. Әскерге шақырту алған соң ол азаматтықтан бас тарту керектігі жөнінде шешім қабылдады. Шет елге оқуға баратынын алға тартып, ол өтініш жазды. Бірақ оның өтініші қабылданбады. Жас жігіт адвокатқа кеңес сұрауға келді. Неліктен оның өтініші қабылданбады?Жауабы: (20 бап) ҚР алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін өтініші қабылданбады.

Жағдаят №5. Зәуре Амангелдіқызы шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты. Жұбайының еліне көшіп кетіп, ол өз елінің азаматтығынан да бас тартады. Бірақ некелері бұзылып, Отанына қайтып келеді. Ол ҚР азаматтығын қалпына келтіре ала ма? Жаубы: болады (18бап)

Жағдаят №6. Экстрадиция – адамдышетелмемлекетінің аумағында заңсыз іс-әрекеті үшін сол мемлекетке тапсыру. Қылмыскерлерді беру, бұл мемлекеттің құқығы, міндеті емес.Егер осы елмен қылмыстық істерге өзара құқықтық көмек көрсету туралы екі жақты келісім болса, ол міндетке айналады.Сол сияқты ол жасаған қылмыс екі жақтың заңнамасында қылмыс болып есептелуі тиіс.

Көп жағдайда әлем елдері өз азаматтарын экстрадициялауға тиым салады. ҚытайЖапонияФранцияБеларусьУкраина т.б. елдер өз азаматтарын экстрадициялауға тиым салады. Сол сияқты жапон заңы бойынша басқа ел азаматтарында, егер ол этникалық жапондық болса экстрадициялауға жол берілмейді (Альберто Фухимори). ҚРда экстрадицияға жол беріле ме?

Жауабы:Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы туралы «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 8 бабында көрсетілген.Бірақ халықаралық шарттарда өзгеше көзделген жағдайда басқашада болуы мүмкін.

7. Неліктен адамдар азаматтық алуға тырысады?

8. Неліктен ҚР қосазаматтыққа рұқсат берілмеген?

2. Сөзжұмбақ шешу.

1

 

 

 

а

П

а

т

р

и

д

 

 

 

 

2

э

к

с

т

Р

а

д

и

ц

и

я

 

 

 

3

 

 

п

р

Е

з

и

д

е

н

т

 

 

 

4

 

о

п

т

А

ц

и

я

 

 

 

 

 

 

5

 

а

з

а

М

а

т

т

ы

қ

 

 

 

 

6

 

 

 

 

Б

и

п

а

т

р

и

д

 

 

7

 

н

а

т

У

р

а

л

и

з

а

ц

и

я

8

 

 

ф

и

Л

и

а

ц

и

я

 

 

 

 

9

э

к

с

п

А

т

р

и

ц

и

я

 

 

 

1.       Азаматтығы жоқ адам.

2.       Қылмыс жасағаны үшін адамды басқа мемлекетке тапсыру.

3.       ҚРсы азаматтығына қабылдау, бас тарту және қалпына келтіру мәселелерімен айналысады.

4.       Азаматтықты таңдау.

5.       Тұлғаның қандай да бір мемлекетпен құқықтық-саяси байланысы.

6.       Қосазаматтық.

7.       Азаматтық алудың әдісі.

8.       Азаматтық алудың әдісі.

9.       Азаматтықтан айыру.

V. Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасын беру.ҚР Конституциясынан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу.

Кесте толтыру.

Азаматтық мәселесі бойынша шешім қабылдайтын органдар

 

 

Азаматтыққа қабылдаудан бас тарту негіздері

 

 

Азаматтықтан шығарудан бас тарту негіздері

 

 

Азаматтықтан айрылу негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конституциялық құқық және міндеттер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2019 1806
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакина Асем Марлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакина Асем Марлановна
    Жакина Асем Марлановна
    • На сайте: 5 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4793
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 312 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек