Инфоурок Начальные классы Рабочие программыКоучинг тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалы

Коучинг тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалы

Скачать материал

Күні:

Коучинг жоспары


Тақырыбы:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалы

Мақсаты:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктерін білу, олардың талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолдануды үйрену

Оқыту нәтижесі:

Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер АКТ-ның маңызын, оны қолдану мүмкіндіктерімен танысады; осы АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалай дамытуға болатының түсінеді.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (110-116 бет, 50-57 бет), www.cpm.kz

Әдіс-тәсілдер:

Топтық, жұптық жұмыс, диалог, өздік жұмыс, сұрақ-жауап

Дереккөздер:

Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер

Тапсырмалар:

«Атом-молекула» ойыны; «Мозайка» әдісімен топтастыру; «Аквариум» және «Галерея» әдісімен постер қорғау; «Түрлі-түсті қағаздар» әдісімен спикер таңдау; «2 жұлдыз, 1 тілек», «Іс-әрекет» және «Сэндвич» әдісімен бағалау; ноутбукпен жұмыс, бейнежазбалар көру

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру. «Атом – молекула» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау.

Мұғалімдер 5, 6,4, 2 атом-молекуларға бөлініп, жұптасу, топтасу ойының ойнайды.

  • Топқа бөлу: «Мозайка» әдісімен топтасытру. Мұғалімдерге қима қағаздар таратылады, бұл қағаздарда АКТ құралдары жасырылған, мұғалімдер қиманы біріктіру арқылы топтасады.

  • 1 топ: Планшетер (планшеттің үш түрі)

  • 2 топ: Компьютер (монитор, тышқан, пернетақта)

  • 3 топ: Интербелсенді тақта (Activvote, ноутбук, интербелсенді тақта)

  • 4 топ: АКТ (ұялы телефон, камера, принтер)


Мұғалімдер қима қағаздарын алып, өз жұбын іздеп, суретті жинақтау арқылы топтаға бөлінеді.


  • Тақырыпқа шығу: Осы қима қағаздардың жиналған суретінен тақырыпқа шығу

  • Тапсырманы беру. Топтарға сұрақтар беріледі: АКТ дегеніміз не? Оны сабақта қолдану тиімділігі? АКТ-ны қолданудағы мәселелер мен шешу жолдары.

  • Осы сұрақтарға жауап беру үшін, топ мүшелері бірігіп, сұрақтарды талқылайды, өз жауаптарын постерге түсіреді.




Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.


  • Жұмысты қорғау. Спикерді таңдау үшін, топтарға түрлі-түсті қағаздардан жасалған гүлдер таратылады, әр адам бір жапырақты таңдайды. Бір түс өзгеше болғандықтан, осы түсті таңдаған адам топ басшысы (спикер) болады.

Жұмыстарды қорғау үшін «Аквариум» әдісі қолданылады. Спикер ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Ал басқа топтар «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісімен жұмыстарды бағалайды.






Спикерлер жұмысты қорғайды. Тыңдаушылар стикерге 2 жұлдыз және 1 тілек жазып постерге жабыстырады.

  • «Екі жарты» атты сергіту сәтін өткізу.

Мұғалімдер тұрып, бойларын сергітеді.

Бейнежазба көрсету. «8 жасар ақын - Жамбыл Дүйсенов» атты бейнежазба көрсетіледі. Топтар осы бейнежабаны көріп, болған соң, сұрақтар қойылады: Мына балаға сипаттама беріңіздер. Қандай бала? Неге олай ойлайсыздар?

Топтар өз ойымен бөліскен соң, сауалнама беріледі.

Топтар бейнежазбаны талқылап, сұрақтарға ауызша жауап береді


Мұғалімдер сауалнамаларға жауап береді.

Тапсырма: Топтарға «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбына ақпарат таратылады. Осы ақпаратты оқу, талқылау барысында топтар ноутбукте презентациялар жасайды.

  • 1 топ: Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы;

  • 2 топ: Мұғалімдер дарынды және талантты балаларды қалай анықтайды

  • 3 топ: Кез келген пән бойынша ойын, қызықты тапсырмалар жасау

4 топ: Алынған сауалнама нәтижесін шығарып, қорытынды жасау (диаграмма, анализ)


Ноутбуктерде слайдтар жасайды

Қорғау. Топтар «Галерея» әдісімен жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғайды. Қорғаулар аяқталған соң, «Іс-әрекет» әдісі арқылы бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды:

1-топ: Шапалақтау

2-топ: Жылы сөз

3-топ: Аяқ қимылы

4- топ: Өлең сөздері

Слайдтарды интербелсенді тақтадан көрсетіп, жұмыстарын қорғайды, ойынды ойнатып, сауалнама нәтижесімен таныстырады.

Топтар берілген іс-қимыл арқылы, бір-бірлерінің жұмысын бағалайды.

  • Презентация көрсету: «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР: АНЫҚТАУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ» слайдын көрсетіп, қорытынды жасау

Мұғалімдер презентациямен танысады, қорытынды жасайды.

Сергіту сәті

«Позитивный клип» бейнежазбасын көрсетіп, мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру.

Бағалау

«Сэндвич» әдісімен коучинг барысын бағалау. Бағалау қағаздарын «Ну погоди!» кейіпкерлерінің суреттеріне жабыстыру.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Коучинг тақырыбы: АКТ-ның талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалы

Коучинг мақсаты: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктерін білу, олардың талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолдануды үйрену

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан АКТ пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер оны есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін дамытуға тиісті. Мишра мен Келер білімнің барлық үш саласын байланыстыра алған мұғалімдерді шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 110 бет).

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде АКТ-ны қолдану қажеттілігі өте жоғары. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдерді әрқашан жаңартып отыруы қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол, яғни ол маңызды құрал деуге болады. Сондықтан біз үшін басты мақсат АКТ-ны жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту.

Ұлы Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» деген еді, сондықтан екінші семинарда біз мұғалімдерге АКТ туралы толық ақпарат беріп, оның ішінде компьютер, интербелсенді тақта, презентация жасау және оларды сабақта тиімді қолдануды үйретуді көздедік. Сонымен қатар, біздің мектеп дарынды балаларға арналған гимназия болғандықтан, осы тақырыпты дарынды және талантты балаларды қалай анықтап, олармен қалай жұмыс жасау керек деген мәселемен байланыстыруды жөн көрдік.

Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады: 1) орта қабілеттіліктен жоғары; 2) тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау; 3) шығармашылықтың жоғары деңгейі. Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін ұстау керек. Дегенмен кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттердің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден көру мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі  болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі мәселен ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда қоғамдық көшбасшылықта көрінер. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 31бет).

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2015 1143
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баядилова Асем Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баядилова Асем Канатовна
    Баядилова Асем Канатовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 9973
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе