Найдено 70 материалов по теме
Предпросмотр материала:
Online сабақ – 7 сынып математика
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Орындаған: 7 “А” сынып 1 топ
Көпмүше деп бірмүшелердің қосындысын айтамыз 2a2-3b3; 7b3-4a-2,5.
Кез келген көпмүшені стандарт түрде жазуға болады. Ол үшін: Көпмүшенің әрбір мүшесін стандарт түрде жазу керек; Ұқсас мүшелерді біріктіру керек. 2a·4b-5abac+9bc·3c = 8ab - 5a2bc +27bc2
Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады (a+2b+c)(3ab)=a·3ab+2b·3ab+ c·3ab=3a2b+6ab2+3abc
Көпмүшелердің алгебралық қосындысын стандарт түрдегі көпмүше ретінде жазу үшін жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру керек. (2n2-m)-(n2-m2+3q2)=2n2-m2-n2+m2-3q2=n2-3q2
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу қажет. (2a-4b+3c)(5b-c)=10ab-2ac-20b2+4bc+15bc- 3c2= 10ab-2ac-20b2+19bc-3c2
Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін бірмүшеге бөліп, шыққан бөлінділерді қосу керек (2a 2 b+4ab 2+8abc):(2ab)= (2a2b):(2ab)+(4ab2):(2ab)+(8abc):(2ab)=a+2b+4c
“ДҰРЫС ПА?” (7α5b2c)(-3αb4c)= 21α6b6c2 (7m2–4mn)–(2m2+4mn)=5m2 5x2y(4xy + 3y2) = 20x3y2 + 15x2y3 (12n3k3 – 15n2k4 ):(3nk) = 4n2k2–5nk3 (2m – b)(4m2+2mb)=8m3–4m2b
Жауабын тексер: (7α5b2c)(-3αb4c)= 21α6b6c2 (7m2–4mn)–(2m2+4mn)=5m2 5x2y(4xy + 3y2) = 20x3y2 + 15x2y3 (12n3k3 – 15n2k4 ) : (3nk) = 4n2k2–5nk3 (2m – b)(4m2+2mb)=8m3–4m2b Бағалау парағын толтыр : әр дұрыс жауап – 1 ұпай
«Көпмүшелер жайында қосымша ақпараттар» Орындаған: 7 “А” сынып 2 топ
Сендер білесіңдер ме? Көпмүше- Полином Бірмүше – МОНОМ Екімүше -БИНОМ Үшмүше – ТРИНОМ Біріңғай көпмүше Бір айнымалылы көпмүше УНИТАРЛЫ КӨПМҮШЕ
Полином Көпмүше Көпмүше 5 дәрежелі Көпмүшені стандарт түрі: Көпмүшеге кері көпмүше:
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!
«Жасырын сөзді тап» Ітоп № Теңдеуді шешкен оқушының аты-жөніТеңдеуді шешіңдерЖауабыӘріп 1. 2. 3. 4. 5. 6.8х –х2 = х (3 – х) + 40 (4m + 3)(4m – 3) = 16m2-3m 4x2 – 2х (4 + 2х) = 4 (3х – 1)(2х + 7) =6 x2 +12 (8 – 9у)у =-9 y2 – 40 (3х – 2)(2х + 3) = 99+ (6х2 – 85) Теңдеудің түбірі3- 5 18- 0, 5 4 Әріптервил екд
«Жасырын сөзді тап» ІІ топ № Теңдеуді шешкен оқушының аты-жөніТеңдеуді шешіңдерЖауабыӘріп 1. 2. 3. 4. 5. 6.0,5х – 1,8 = 2,5х – 3 2х2 – х(2х – 5) = 2(2х - 1) + 5 х(4х+11)-7(х2-5х)= -3х(х+3) -(7-3х) = 8 – 8(2-х) 2х – 4(х+7) = 3(2-х) 0,4(5х + 10) + 3 = 2х +7 Теңдеудің түбірі00,60,23х-кез келген сан34 Әріптерегцряи
«Жасырын сөзді тап» ІІІ топ № Теңдеуді шешкен оқуышының аты-жөніТеңдеуді шешіңдерЖауабыӘріп 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.5х+3(х-1)=6х+11 3х·(2х-1)=90+6х(7+х) 3(2-х) =2х – 4(х+7) х (3 – х) + 40=8х –х2 3х2 – (3х + 2)(х – 1) = 8 (1 – х)(х + 4) = -х(х+4) 5∙(4х – 3) = х+7(3х+1) Теңдеудің түбірі-28347-116-4 Әріптерифодтан
«Жасырын сөз» І топ Е В К Л И Д Дұрыс жауап – 5 балл № Теңдеуді шешкен оқушының аты-жөніТеңдеуді шешіңдерЖауабыӘріп 1. 2. 3. 4. 5. 6.8х –х2 = х (3 – х) + 40 (4m + 3)(4m – 3) = 16m2-3m 4x2 – 2х (4 + 2х) = 4 (3х – 1)(2х + 7) =6 x2 +12 (8 – 9у)у =-9 y2 – 40 (3х – 2)(2х + 3) = 99+ (6х2 – 85) Теңдеудің түбірі3- 5 18- 0, 5 4 Әріптервил екд
Г Р Е Ц И Я «Жасырын сөз» ІІ топ Дұрыс жауап – 5 балл № Теңдеуді шешкен оқушының аты-жөніТеңдеуді шешіңдерЖауабыӘріп 1. 2. 3. 4. 5. 6.0,5х – 1,8 = 2,5х – 3 2х2 – х(2х – 5) = 2(2х - 1) + 5 х(4х+11)-7(х2-5х)= -3х(х+3) -(7-3х) = 8 – 8(2-х) 2х – 4(х+7) = 3(2-х) 0,4(5х + 10) + 3 = 2х +7 Теңдеудің түбірі00,60,23х-кез келген сан34 Әріптерегцряи
Д И О Ф А Н Т «Жасырын сөз» ІІІ топ Дұрыс жауап – 5 балл № Теңдеуді шешкен оқуышының аты-жөніТеңдеуді шешіңдерЖауабыӘріп 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.5х+3(х-1)=6х+11 3х·(2х-1)=90+6х(7+х) 3(2-х) =2х – 4(х+7) х (3 – х) + 40=8х –х2 3х2 – (3х + 2)(х – 1) = 8 (1 – х)(х + 4) = -х(х+4) 5∙(4х – 3) = х+7(3х+1) Теңдеудің түбірі-28347-116-4 Әріптерифодтан
«Көпмүшелердің негізін салушы, атақты математик - ғалымдар» Орындаған: 7 “А” сынып 3 топ
Математика (грек - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математика тарихы математиканың бір саласы болып есептеледі.Ол –математика дамуының обьективтік заңдылықтары туралы ғылым .Математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. 1-дәуір - математиканың туу,математикалық білім-дағдыларының, мағлұматтардың, жиналу дәуірі. 2-дәуір - элементарлық математика дәуірі.Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларда басталып біздің заманымыздың XVIғасырымен аяқталады. 3-дәуір - айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі. 4-дәуір қазіргі математика дәуірі. Грек математикасындағы біздің заманымыздың І-ІІ ғасырларында басталған бетбұрыс, жаңа қарқын ІІІ ғасырдың ортасында шарықтау шегіне жетті. Бұл самғау ежелгі дүниенің соңғы ұлы математигі Диофанттың математикалық шығармаларынан көрінеді.
Диофант (III ғасыр) - ежелгі грек математигі. Оның <<Арифметика>> деген математикалық трактатының бір бөлігі қазіргі кезге дейін сақталып жеткен.Бұл еңбекте 4-дәрежеге дейінгі анықталмаған теңдеулерге түрлендірілетін есептер шешілген. Бұлардың шешімдері рационал оң сандармен анықталған. Анықталмаған теңеулер көптеген әдістермен шешілген.Белгісізді және оның дәрежесін, теңдік белгісін шартты түрде белгілеу үшін сәйкес сөздерді қысқартып пайдаланған.
Б.д.д. 325 – 265ж Евклид ежелгі дәуірдегі грек математикгі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бұрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған. Евклид «Негіздерінің» математиканы дамытуда әсері орасан зор болады. Бұл еңбектен тәлім алмаған ірім-ұсақты математик жоқ деуге болады. «Негіздер» орыс тілінде тұңғыш рет 1739 жылы аударылып басталып шықты, ал ең кейінгі жаңартылған аудармасы 1948-1950 жылдары жарық көрді.
«Мәтінді есепті шеш» 1топ – Қояндар мен қырғауылдарға берілген есеп 2 топ – Магницкий есебі 3топ – Диофант есебі
1 топ: Қырғауылдар мен қояндарға қатысты есеп Торда қырғауылдар мен қояндар отырды. Бастарының саны – 15 , аяқтарының саны – 42. Торда қанша қоян, қанша қырғауыл бар?
2 топ: Магницкий есебі Біреу баламды оқуға берейін деп едім, класыңызда қанша оқушы бар екен деп сұрапты мұғалімнен. Сонда мұғалім былай жауап беріпті. Класымыздағы бала санына енді осындай, оның жартысындай, төрттен біріндей бала қосылып және сіздің балаңыз келсе, 100 болады. Мұғалімнің қанша оқушысы болған?
3 топ: Диофанттың өмір жасына берілген есеп Бұл Диофант зираты өнерге асқан, Ол дағы пенде болып, жерді басқан, Неше жыл өмір сүріп өткендігін Табарсың, есептесең, құлпытастан. Алтыдан бір өмірі – балалық шақ, Жартысы оның тағы өтіп жүрді ғой шат, Жетіден бір қосылып, үйленді де, Гименейден бес жылда ұл сүйді аңсап. Жарты өмірін әкенің жасап өлді ұл, Зарлап қалды асыл шал, сүлдері құр, Жалғыз ұлын жоқтаумен төрт жыл жылап, Өзі қашан өткенін есептеп біл.
Өздеріңді бағалаңдар: Есептің математикалық модельі дұрыс құрылсы – 1 балл; Теңдеу дұрыс құрылғанға – 1 балл; Теңдеуді дұрыс шешу – 2 балл; Жауабын толық тұжырымдау – 1 балл.
Үйге: №257 есеп; шығармашылық тапсырма (таңдау бойынша): «Бірмүшелер және көпмүшелер» тақырыбы бойынша тақырыптық гиптограммалар құрау; «Көпмүшелер және оларға амалдар қолдану» тақырыбында тапсырма-қарточкаларын дайындау; «Бірмүшелер және көпмүшелер» тақырыбына байланысты сөзжұмбақ дайындау; «Көпмүшемен сұхбат» тақырыбында шығарма жазу немесе ертегі құрастыру.
Күні: 12.11.2014 жыл
Пән: алгебра
Сабақтың тақырыбы: «Көпмүшелерге амалдар қолдану»
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу сабағы
Мақсаты:Оқушылардың көпмүшелер туралы танымдық қызығушылығын, өзіндік бақылау қабілетін арттыруға жағдай жасау.
Оқыту формалары -фронтальді, жеке , топпен
Құралдар:
1. Интерактивті тақта
2. Презентация
Таратпа материалдар:
1. Бағалау парағы (параққа оқушылар сабақтың әр кезеңі бойынша өздерін бағалайды)
2. «Кім тапқыр?» ( Қосымша №1)
3. «Жасырын сөзді тап»(Қосымша №2)
4. Топтарға арналған мәтінді есептер(Қосымша №3):
1топ – Қояндар мен қырғауылдарға берілген есеп
2 топ – Магницкий есебі
3топ – Диофант есебі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім. Балалар!
«Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіріп қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, сөзділікке де үйретеді»
Көпмүшеге амалдар қолдана отырып, сендер өз бойларыңда осы қасиеттерді дамытасыңдар.
Бүгін біз «Көпмүшеге амалдар қолдану» тақырыбын қорытындылаймыз.
Профессия: Начальник отдела (заведующий отделом) архива
Профессия: Научный сотрудник библиотеки
Профессия: Руководитель отделения (департамента, комплекса, управления, центра) библиотеки
Профессия: Методист
Профессия: Педагог-библиотекарь
В каталоге 6 544 курса по разным направлениям