Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Краткосрочное планирование по казахской литературе на тему «Жусан иісі» (7класс)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Краткосрочное планирование по казахской литературе на тему «Жусан иісі» (7класс)

библиотека
материалов

Қысқа мерзімді жоспар


 Аты-жөні, жұмыс орны

Әшірова Үміткүл Біржанқызы

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

(Бағдарлама бойынша 2 сағат берілген, 2-сағаты)

Мақсаты:

SMART


С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасындағы кейіпкер бейнесін аша отырып, өзіндік ой-пікір қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

Шығармадағы мәселе жайлы ойларын, пікірлерін айтқызу, жазғызу арқылы танымдық әрекетін дамыту, қалыптастыру; сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету, ойын еркін жеткізуге үйрету, топпен жұмыс жасауда ұжым қалыптастыру, өзін-өзі шынайы бағалауға үйрету, шығармадағы мәселені өмірмен байланыстыра суреттей отырып, позитивті ойлауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижелері:


А оқушы шығарма мазмұнымен толық танысады, жуан сұрақтарға жауап бере алады, көзқарасының себебін түсіндіре алады, әдеби-теориялық ұғымдардың анықтамасын біледі және оны мәтіннен таба алады, жағдайларды салыстырады, рефлексия жасай алады, эссе жазуда жеке позициясын айқын көрсете біледі, топпен жұмыста ықпал ете алады.

В оқушы шығарма мазмұнымен толық танысады, жуан сұрақтарға жауап бере алады, әдеби-теориялық ұғымдардың анықтамасына жауап беруге қиналады, өзін-өзі реттей алады.

С оқушы шығарма мазмұнымен танысады, жіңішке сұрақтарға жауап береді, әдебиет теориясын білмейді, мәселені шешуде топтың көмегіне жүгінеді, спикер бола алады, өзін-өзі реттей алады.

Түйінді идеялар:

Білім берудегі көшбасшылық модулін қолдана отырып, проблемалық сұрақтарды қою және шешу арқылы сабақ тақырыбын концептуалды түсіну, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын активтендіру.

Модульдер:

Бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, білім берудегі көшбасшылық, диалогтік оқыту.

Оқулық:

(ҚР БҒМ ұсынған)

Қазақ әдебиеті оқулығы жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныбына арналған. Тұрсынғалиева С.Ч., Такишева А.Ж. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы. 2014. – 240 бет.






Сабақ барысы:

Уақыты/

Сабақ кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Формативті (ОүБ)

Жиынтық Б)

Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа 1-ден 3-ке дейінгі санау арқылы топқа бөлу. Топ мүшелері міндеттерімен таныстыру.

Топқа бөлінеді. Топ ішіндегі міндеттерін анықтайды.

Спикер топтың барлық жұмысы үшін жауап береді.

Таймкипер тапсырманың орындалу уақытын қадағалайды.

Бағалаушы топ мүшелерін өздерін бағалауларын қадағалайды

Бақылаушы топтың сабақта жұмыс жүргізілуін қадағалайды.

Хатшы идеялар мен ұсыныстарды жазып отырады

Ұйымдастырушы топ мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады.


-

-


1-кезең

Миға шабуыл

Жазушы қандай мәселені көтерді? Әңгіме не себепті «Жусан иісі» деп аталды? деген сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған сұрақ ұсыну.


Оқушылардың топтық жұмысқа дайындығы. Жеке жұмыс.

+

Бағалау парағын толтыру

Мұғалімнің формативті бағалауы (Сөзбен мадақтау, алғыс айту)


Интерактивті тақта

2-кезең

«Екі жақты күнделік»




Қатты әсер еткен оқиға

Сен не істер едің?








Топпен жұмыс. Оқушылар мәселені бірге шешеді.

+

Бағалау парағын толтыру

Мұғалімнің формативті бағалауы (Сөзбен мадақтау, алғыс айту)


Интерактивті тақта

3-кезең

Әдеби-теориялық талдау

5 минутта орындау

Көркем шығарманы талдауда әдеби-теориялық заңдылықтарды сақтай отырып, оқушыларға әңгімеден әдебиет теориясын дұрыс табуын сұрау.

Постер қорғайды

1-топ. Эпитет пен теңеуді тап.

2-топ. Шығарманың тақырыбы мен идеясын тап.

3-топ. Дисфемизмдер мен тұрақты тіркестерді тап деген тапсырмаларға топ ішінде талқылап барып жауап береді.

+

Бағалау парағын толтыру

Мұғалімнің формативті бағалауы (Сөзбен мадақтау, алғыс айту)


Интерактивті тақта, ватман, маркер

Сергіту сәті

1,5 минут

«Гүл» деп аталатын релаксациялық жаттығуын орындайды. (орта дауыспен оқу)
-Ыңғайланып отырып алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, басыңыз бен қолыңызды төмен түсіріңіз. Өзіңізді гүлдің дәні деп есептеңіз. Міне күннің жылы шуағы жер бетіне түсіп, қыздыра бастады. Гүлдің тұқымынан өскін пайда болды. Өскіннен әдемі гүл өсіп шықты. Басыңызды ақырындап жоғары көтеріңіз, орныңыздан жайлап тұрыңыз, екі қолыңызды тербелісте жоғары көтеріңіз де жайлап күнге қарай қозғалыңыз, иегіңізді көтеріп күнге қарап күлімдеңіз, басыңызды оңға-солға бұрыңыз. Кеуде кере еркін дем алыңыз, қолдарыңызды жайлап төмен түсіріңіз де көзіңізді ашып, орныңызға отырыңыз.



Мұғалім парақтан оқиды

4-кезең

Жоғары деңгейдегі сұрақтар (Жуан сұрақтар)

Ойлануға 3 минут уақыт беріледі

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік беру және өз ойларын еркін жеткізуіне ықпал ету мақсатында мына сұрақтарды ұсыну:

1-топ. Аянның әжесі қайтыс болғанда жыламағаны саған қалай әсер етті?

Көзқарасың немесе берер бағаң?

2-топ. Әңгіменің аяқталуы саған қандай ой қалдырды? Аянның Жусандытөбеге оралмауын қалай түсіндіресің?

3-топ. Аян ертегіні көп айтады, ертегілерінің баяғыда бір жетім бала болыпты деп басталуының себебі неде деп ойлайсың?

Топпен жұмыс.

Диалогтік оқыту.

Оқушылар тақтада көрсетілген сұрақтарға бірге жұмыс істей отырып жауап береді. Жауап берген оқушыдан басқа оқушылар жауапты толықтырады.

1-топ. Аянның әжесі қайтыс болғанда жыламағаны саған қалай әсер етті?

Көзқарасың немесе берер бағаң?

2-топ. Әңгіменің аяқталуы саған қандай ой қалдырды? Аянның Жусандытөбеге оралмауын қалай түсіндіресің?

3-топ. Аян ертегіні көп айтады, ертегілерінің баяғыда бір жетім бала болыпты деп басталуының себебі неде деп ойлайсың?

+

Бағалау парағын толтыру



Мұғалімнің формативті бағалауы (Сөзбен мадақтау, алғыс айту)


Интерактивті тақта

5-кезең

Эссе

5 мин.

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай тудыру мақсатында мына тақырыптар бойынша эссе жазуды ұсыну:

1-топ. Аянға хат

2-топ. “Енді соғыс болмасын”

3-топ. “Балалар үйі азайса...”

Жеке жұмыс

1-топ. Аянға хат

2-топ. «Енді соғыс болмасын»

3-топ. Балалар үйі азайса...” тақырыптарына эссе жазады

+

Бағалау парағын толтыру

Мұғалімнің формативті бағалауы (Сөзбен мадақтау, алғыс айту)


Дәптер, қалам

6-кезең

Венн диаграммасы

2 мин.

Қазіргі жетім балалар жағдайы мен соғыс кезіндегі жетім балалар жағдайын салыстыруды ұсыну.

Сыни тұрғыдан ойлау – салыстыру. Қазіргі жетім балалар жағдайы мен соғыс кезіндегі жетім балалар жағдайын салыстырады.

+

Бағалау парағын толтыру

Мұғалімнің формативті бағалауы (Сөзбен мадақтау, алғыс айту)


Итнерактивті тақта, мұғалім ұсынған парақша

Рефлексия

Ақылдың алты қалпағы

Мұғалім кез келген алты оқушыға алты түстегі қалпақ кигізеді.

«Ақылдың алты қалпағы стратегиясы» бойынша қалпақ қиген оқушылар бүгінгі сабақ үстіндегі топ жұмысына пікірлерін білдіреді.


+

Бағалаушы топтың жиынтық бағасын шығарады.

Смайликтер, стикерлер, бағалау парағы, интерактивті тақта

Үйге тапсырма беру

«Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталатын ертегі жазуды тапсыру.

Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.





Мұғалімнің белгілеуі

Ескерту: Бағалау үдерісін жүзеге асыру барысында бағалаушы жалпы топ жұмысын бағалайды.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

(Бағдарлама бойынша 2 сағат берілген, 2-сағаты)

Мақсаты:

SMART

С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасындағы кейіпкер бейнесін аша отырып, өзіндік ой-пікір қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

Шығармадағы мәселе жайлы ойларын, пікірлерін айтқызу, жазғызу арқылы танымдық әрекетін дамыту, қалыптастыру; сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету,ойын еркін жеткізуге үйрету, топпен жұмыс жасауда ұжым қалыптастыру, өзін-өзі шынайы бағалауға үйрету, шығармадағы мәселені өмірмен байланыстыра суреттей отырып, позитивті ойлауға дағдыландыру.

Общая информация

Номер материала: 280410
2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"