Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ОБЖ / Конспекты / "Көшкіндер , селдер , опырылулар". (11 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

"Көшкіндер , селдер , опырылулар". (11 сынып)

библиотека
материалов


VIII-тарау . Өмір қауіпсіздігінің негіздері


15 тақырып. Табиғи апаттар.

2.сабақ . Көшкіндер , селдер , опырылулар.


Мақсаттары: Білімділік. Оқушыларға мүмкіндігінше табиғи апаттар жөнінде түсініктер беру .


Дамыту. Көшкіннің салдарынан туындайтын факторларын жіктеу № 7 кесте бойынша


Тәрбиелік . Оқушылар сейсмикалық қауіпті жағдайларда өзін өзі ұстай алатындай психологи- ялық тестен өткендей дайындау ол алдын ала барлық тұсынан хабардар болуы тиіс .


Уақыты - 45 минут.

Сабақты өткізу орны : 11 сынып - бөлмесі.

Сабақты оқыту әдісі : әңгімелеу, көрсету, сұхбаттасу.

Сабақты жабдықтау көрнекі құралдармен : АӘД оқулық. «Төтенше жағдай» д\ф.


Ұй тапсырмасы: 1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз не ?

2. Жер сілкінісі дегеніміз не ? Топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністері қалай жіктеледі ?

3. Үйде (көшеде,көлікте) болған кезде жер сілкінісе не істеу қажет ?


1Ұйымдастыру кезеңі - 10 минут. Оқушыларды сынып бөлмесінде саптық жарғысы бойынша , сапқа тұрғызып киімі мен оқулықтарын тексеру. Командир взводының баяндамасынан кейін сәлемдесіп бөлімше бойынша орналастыру .


2 бөлім. Үй тапсырмасын тексеру - жаңа өтетін тақырыппен және тақырыптың мақсатымен таныстыру.


2. Негізгі кезең - 25 минут .

1.оқу сұрағы - Көшкіндер , селдер мен опырылулар деген не ?

Көшкіндер - бұл тау жыныстары массасының беткейден ауырлық күші әсерінен төмен қарай сырғып, орын ауыстыруы . Олар әртүрлі жыныстарда тепе – теңдіктің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады. Ол табиғи және жасанды себептерден туындайды. Табиғи себептерге: беткейлер биіктігінің артуы, олардың негіздерін теңіз және өзен суларының шаюы, сейсмикалық дүмпулеп жатады. Жасанды себептерге беткейлерді жол үшін қазып, талқандау, топырақты шамадан тыс тасымалдау,орманды шабу, беткейлерде ауыл шаруашылығын жөнсіз жүргізу жатқызылады .

Көшкіндер биіктігі 19-тан басталатын барлық беткейлерде болуы мүмкін. Алайда олар сазды топырақты жерде беткейлердің биіктігі 5-7 болған кезде де орын алады. Бұл үшін жыныстардың шамадан тыс ылғалдануы жеткілікті.

Олар жылдың кез келген мерзімінде, көбінесе көктем жаз кезеңінде болады.

Көшкіндер құбылыстың көлемі, қозғалыс жалдамдығы мен белсінділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы мен түзілу орнына қарай жіктеледі.

Көлемдері бойынша көшкіндер ірі, орташа және шағын көлемді болып жіктеледі.

Ірі көшкіндер, әдетте, табиғи себептерден туындайды және беткейлерді бойлай жүздеген метрге созылады. Олардың қалыңдығы 10-20 метр және одан да қалың болуы мүмкін. Сырғыған дене көбінде өзінің біртұтастығын сақтайды.

Орташа және шағын көлемді көшкіндердің мөлшерлері шамалы және антропогенді үдерістерге тән болады.

Көлем көбінде үдеріске тартылған ауданмен сипатталады. Осыған орай олар орасан зор - 400 га және одан көлемді, өте ірі - 200 - 400 га, ірі - 100 - 200 га, орташа - 50 - 100 га, шағын - 5 - 50 га және өте шағын 5 га-ға дейін болып бөлінеді .

Белсенділігіне қарай көшкіндер белсенді және белсенді емес болып жіктеледі. Бұл жерде басты фактор беткей топырағының түрі мен ылғал мөлшеріне байланысты . Ылғал мөлшеріне қарай олар құрғақ, шамалы ылғалды, және өте ылғалды болып бөлінеді. Мысалы , өте ылғалды беткейлерде сұйық ағыс туғызатын су мөлшері болады.

Қозғалыс жылдамдығы бойынша көшкіндер сан алуан, ол 7-кестеде көрсетілген.


Жылдамдығы

Қозғалысты бағалау

3 м\с

Аса жылдам

0,3 м\мин

Өте жылдам

1,5 м\тәулік

Жылдам

1,5 м\ ай

Шамалы

1,5 м\ жыл

Өте баяу

0,06 м\ жыл

Аса баяу

Үдеріс құрылымы бойынша көшкіндер жылжымалы, жаншылмалы, қысымдық, батпақты – иілмелі, гидродинамикалық алып кетуші , кенеттен сұйықтанғыш болып бөлінеді. Негізінен аралас құрылымды болып келеді.

Үдеріс қуатына қарай көшкіндер шағын - 10 мың м3-қа дейін, орташа - 11-ден 100 мың м3-қа дейін, ірі – 11-ден 1000 м3-қа дейін, өте ірі – үдеріске 1 млн м3-тан жоғары тау жыныстары массасын тартатын болып бөлінеді.

Түзілу орнына қарай олар таулық , суастылық, межелес және жасанды жер құрылыстары (қазан шұңқырлар, арналар, жыныстар үйіндісі) деп жіктеледі.

Көшкіндер шаруашылық жүргізу объектілеріне елеулі залал келтіреді . Олар пойыздардың, автокөлік көлігінің қозғалысына, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарға қатер төндіреді. Көшкіндер кезінде жердің ауыл шаруашылығына жарамай қалу үдерісі қарқынды жүреді.

Көшкіндердің түрөзгерістері қар көшкіндері болып табылады. Олар қар кристалдары мен ауаның қоспасы нәтижесінде түзіледі . Ірі қар көшкіндері 26-60 гр. Беткейлерде пайда болады. Олар үлкен залал келтіруге, адамдарды опат болуға қабілетті. Иысалы, 1990 жылы 13-шілдеде Памирдегі Ленин шыңында жер сілкінісінің нәтижесінде үлкен қар көшкіні 5 300 м биіктікте орналасқан шыңға шығушылар лагерін алып кетті . 40 адам қайтыс болды. Бұл кеңестік альпинизмдегі ең ірі қайғылы жағдай еді.

СЕЛ(сел ағыны) - шағын тау өзендерінің алқаптарында кенеттен пайда болатын буырқанған лайлы немесе су мен тау жыныстарының сынықтарынан тұратын лай-тасты ағын.

Су деңгейінің жылдам көтерілуімен, тасқынды қозғалысымен әрекеттің қысқа мерзімділігімен (орташа бір сағаттан үш сағатқа дейін), елеулі эрозиялық-аккумулятивтік қиратушы әсерімен сипатталады.

Сел ағыс бойында орналасқан елді мекендерге, теміржолдар мен автокөлік жолдарына және басқа да құрылыстарға қатер төндіреді.

Селдердің пайда болуына нөсер жауындар, қардың қарқынды еруі; су қоймалардың бұзылуы, жер сілкіністері, жанартаулардың атқылауы тікелей себепкер.

Селдер туындау құрылымы бойынша үш түрде; эрозиялық , бұзып өтуші және опырылу-көшкіндік болып бөлінеді.

Эрозиялық сел кезінде бастапқыда жақын жатқан топырақтың жайылуы мен сырғуы есебінен тау жыныстарының сынықтары ағып, содан кейін сел толқыны қалыптасады.

Бұзып өтуші сел судың жинақталу үдерісімен сипатталады, онымен бір мезгілде тау жыныстары жойылады, шегіне жету су айдынының (көлдің, мұздың ішіндегі сыйымдылықтың, су қоймасының) бұзылуы арқылы іске асады. Сел массасы беткеймен немесе өзен арнасымен төмен қарай ағады.

Опырылу - көшкіндік сел кезінде суға қаныққан тау жыныстары (қар мен мұзды қосқанда) массасының бұзылуы орын алады. Бұл жағдайда ағынның қарқыны ең жоғары шекке жақын болады.

Соңғы жылдары селдің қалыптасуының табиғи себептеріне техногенді факторлар да қосылады: тау-кен өндіруші кәсіпорындар жұмысының ережелері мен нормаларының бұэылуы, жол салғандағы және басқа құрылыстар кезіндегі жарылыстар, орманды шабу, ауылшаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізбеу және топырақ-өсімдіктік жабындысын бұзу жатады.

Қозғалыстағы сел лайдың, тас пен судың біртұтас ағыны болып табылады. Сел толқынының биіктігі 5-тен 15 метрге дейін болады. Лай су ағынды толқынның ең жоғары биіктігі кейде 25 метрге жетеді.

Басты факторлары негізінде селдің пайда болуы былайша жіктеледі :

1.аймақтық көрінісі . Қалыптасуының басты факторы климаттық жағдайлар (жауын-шашындар) болып табылады. Оларда аймақтық сипат болады. Қайталануы жүйелі болып тұрады. Қозғалыс жолдары салыстырмалы түрде тұрақты;

2.өңірлік көрінісі. Қалыптасуының басты факторы-геологиялық үдерістер . Қайталануы ара-тұра болып тұрады және қозғалыс жолы тұрақты емес;

3.антропогенді. Бұл-адамның шаруашылық қызметінің нәтижесі. Тау ландшафтына аса көп жүктеме түскен жерде қалыптасады . Жаңа селдік алаптар құрылады. Қайталануы – оқта-текте.

Алғашқы себептерінің негізінде селдің пайда болуын жіктеу 8-кестеде ұсынылған.

Қуаттылығы бойынша (ағызып кететін қатты массасы бойынша) жіктеу:

1.Қуатты(күшті қуатты). 100 мың м3-тан көп материалды ағызып кетеді. 5-10 жылда бір рет болады.

8-кесте

Үлгілер

Алғашқы себептері

Таралуы және туындауы

1.Жауындық

Нөсерлер,ұзаққа созылған жаңбырлар

Жердегі селдің ең көп үлгісі. Беткейлердің шайылуы мен көшкіндердің пайда болуы нәтижесінде түзіледі

2. Қарлық

Қардың қарқынды еруі

Субарктика тауларында болып тұрады.Қар массасының еруіне байланысты

3. Мұздықтық

Қар мен мұздық қарқынды еруі

Биік таулы аудандарда туындауы.Еріген мұздық суының тасуына байланысты

4. Жанартау текті

Жанартаулардың атқылауы

Сөнбеген жанартаулы аудандарда түзіледі. Ең ірі селдер.Қардың қатты еруі мен кратерлік көлдердің арнасын бұзып ағуының салдары

5. Сейсмикалық

Күшті жер сілкіністері

Жоғары сейсмикалық аудандарда байқалады.

Беткейлердегі тоырақ массаларының қозғалуы

6. Лимногенді

Көл бөгеттерін салу

Биік таулы аудандарда.

Бөгеттердің бұзылуы салдарынан орын алады

7.Антропогенді , тікелей әсер етуші

Техногенді жыныстардың жинақталуы.

Сапасыз топырақ бөгеттері

Үйінділерді жинақтау учаскелерінде.

Техногенді жыныстардың шайылуы мен сырғуы,бөгеттердің бұзылуы нәтижесінде пайда болады

8. Антропогенді, жанама әсер етуші

Топырақ-өсімдіктік жамбынының бұзылуы

Ормандар, шалғындар қалыптасқан учаскелерде.

Беткейлер мен арналардың шайылуымен сипатталады


2. Орташа қуатты. 10-нан 100 мың м3 материалды ағызып кетеді. 2-3 жылда бір рет болады.

3. Әлсіз қуатты . 10 мың м3-тан аз материалды ағызып кетеді. Жыл сайын болады, кейде жылына бірнеше рет болады.

Алапатарды селдердің қайталануы бойынша жіктеу оның белсенділігін немесе даму қарқындылығын сипаттайды . Қайталануы жиілігі бойынша селдік алапатардың үш тобын бөліп көрсетуге болады :

  • Жоғары селдік белсенділік ( 3 - 5 жылда бір рет қайталану) ;

  • Орташа селдік белсенділік ( 16 – 15 жылда бір рет және одан сирек қайталану) .

  • Төменгі селдік белсенділік ( 16 жылда бір рет және одан сирек қайталану).

Бір реттік ағызып кету көлемі бойынша жіктеу 9 – кестеде ұсынылған .

Селдің аталуы

Селдің ағызып кету массасының көлемі м3

Өте ұсақ

1,0 мыңнан аз

ұсақ

1,0 - 10 мың

орташа

10 - 100 мың

ірі

0,1 - 1 млн

Өте ірі

1 - 10 млн

Аса алып

100 млн - нан көп



Сондай-ақ селді құрылыстарға әсер ету бойынша да жіктейді :

1.Шамалы қуатты - шағын шайындылар , су өткізу құрылғылары тесіктерінің ішінара бітелуі.

2.Орташа қуатты - күшті шайылулар , тесіктердің толық бітелуі , іргетасы жоқ құрылыстардың бүлінуі және ағып кетуі .

3.Қуатты - үлкен талқандаушы күш , көпір аралықтарын, тіреу тетіктерін, тастан салынған құрылыстарды, жолдарды ағызып әкету .

4.Апатты - құрылыстары , жол учаскелеріндегі төсемнің және ғимараттардың толық қирауы , құрылыстардың қирандылар астында қалуы.

Кейде алхаптарды сел ағындары қайнар көздерінің биіктігі бойынша жіктеу қолданылады :

-биік таулық. Қайнар көздері 2500 м биіктікте жатады, 1 км 2-тағы ағындар көлемі 15 – 25 мың м2-ты құрайды;

-орта таулық . Қайнар көздері 1000 - 2500 м шектеріндегі биіктікте болады , 1 км 2 - тағы ағындар көлемі 5 - 15 мың м 3 – ты құрайды;

-аласа таулық . Қайнар көздері 1000 м – ден төмен жатады, 1 км2- тағы ағындар көлемі 5 мың м3-тан аз.

Опырылулар ( таулық опырылу) - тау жыныстарының үлкен массасы бөлініп түсуі және опырылып құлауы, олардың тік беткейлерде аударылуы, бөлшектенуі және сырғуы .

Табиғи текті опырылулар тауларда, теңіз жағалаулары мен өзен аңғарларындағы құздарда болады. Олар тау жыныстарының желмен мүжілу , сумен шайылу еруі және ауырлық күштері әсерінен беріктігінің бұзылуы нәтижесінде болады. Опырылулардың түзілуіне : жердің геологиялық құылысы , беткейлерде жарықшақтардың , тау жыныстарының уатылу аймақтарының болуы жағдай тудырады.

Қазіргі кездегі опырылулардың көпшілігі ( 80 - ға дейін) антропогенді факторлармен байланысты . Олар , негізінен , тау жыныстарын қазу және құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеуден түзіледі.

Үдерісінің қуаттылығы бойынша опырылулар ірі ( 10 млн м3 жыныстың құлап түсуі ) орташа (10 млн м3-қа дейін) және шағын (10 млн м3-тан аз жыныстың құлап түсуі) болып бөлінеді .

Қамтылған масштабы бойынша опырылулар орасан (100-200 га ), орташа (50-100 га ), шағын (5 – 50 га ) және ұсақ ( 5 га – дан аз) болып бөлінеді .

Бұған қоса , опырылулар құлап түсу үлгісімен де сипатталады, олар опырылу массаларының болашақтағы сырғу беткейінің биіктігімен анықталады .

Көшкін , сел және опырылу қаупі бар аймақтарда тұратын халық бұл қауіпті құбылыстардың мүмкін бағыттары мен сипаттамасын, ошақтарын білуі тиіс . Сондай - ақ тұрғын үйлері мен өздері жасаған аумақты нығайту жөнінде шаралар өткізуге , көшкіндер мен селдерден қорғайтын гидротехникалық және де басқа қорғаныстық инженерлік құрылыстарды тұрғызуға қатысуға міндетті .

Қар көшкіндері - тау беткейлерінен ауырлық күші әсерінен төмен қарай құлдилайтын қар массалары.

Тау беткейлерінде жиналған қар ауыр салмақтың және қар қалыңдығының ішіндегі құрылымдық байланыстардың әлсіреуі әсерінен беткейден сырғиды немесе төгіледі .

Қозғалысы басталғаннан кейін оның жылдамдығы тез артып, жол-жөнекей жаңа қар массасын, тастарды және басқа заттарды бірге ала кетеді . Қозғалыс неғұрлым жазықтау учаскелерге дейін немесе аңғардың түбіне дейін жалғасады да, бір жерге тіреледі және тоқтайды.

Мұндай көшкіндер елді мекендерге , спорттық және шипажайлық кешендерге, теміржол және автомобиль жолдарына электр желілеріне , тау-кен өнеркәсібі мен басқа да шаруашылық құрылыстарына жиі қауіп төндіреді.

Қар көшкіндері қар жеткілікті жинақталған кезде және биіктігі 15-тен 50 - қа дейінгі кезінде қар жай ғана төгіледі, қар массасының түзілу жағдайлары туындамайды.

Көшкіндердің пайда болуы үшін оңтайлы қабаттар биіктігі 30 – дан 40 - қа дейінгі ормансыз беткейлерде қалыптасады . Ол жерлерде жаңа түскен қар қабаты 30 см-ге жетіп, ал бұрынғы (жатып қалған) қар жабынының қалыңдығы 70 см болған кезде көшкіндер жүреді. Егер қардың қалыңдығы 30 см-ден артық болса, биіктігі 20 - тан астам тегіс шөпті беткей де көшкін қаупінде болып есептеледі . Беткейлердің биіктігі артқан сайын көшкіндердің түзілу ықтималдығы да арта түседі . Бұтақты өсімдіктер көшкіннің түзілуіне бөгет бола алмайды.

Қар массасы қозғалысының басталуы мен оның белгілі бір жылдамдық алу үшін ең қолайлы жағдай ашық беткейдегі 100-ден 500 м-ге дейінгі қашықтық (ұзындық) болып табылады.

Көп нәрсе қар қарқындылығына байланысты болады . Егер 2 - 3 күнде 0, 5 м қар түссе онда бұл, әдетте, қауіп туындатпайды, бірақ бұл мөлшер 10 - 12 сағат ішінде түссе, онда көшкін жүруі әбден мүмкін .

Желдің де белгілі бір маңызы бар . Мысалы , күшті жел болған кезде қалыңдықтың 10 - 15 см өсуінен көшкін жүруі мүмкін . Желдің орташа қатерлі жылдамдығы , шамамен 7 – 8 м\с-қа тең .

Қар көшкіндерінің түзілуінің әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі - температура . Қыста температура нөлге жақын болған салыстырмалы жылы ауа райында қар жабынының тұрақсыздығы шұғыл артады, бірақ жылдам өтеді (не көшкін жүреді, не қар орнығады) . Ал температураның төмендеуіне қарай көшкін қауіптілігінің кезеңдері неғұрлым ұзағырақ болады . Көктемде күннің жылынуына байланысты ылғал көшкіндер жүруінің ықтималдығы арта түседі .

Көшкіндердің зақымдаушы қабілеттілігі әртүрлі болады . 10 м3 көшкін адам мен жеңіл техникаға қауіп төндіреді . Ірі көшкін күрделі инженерлік құрылыстарды қиратуға , көлік жолдарында жүрісті қиындататын немесе тосқауыл болатын үйінділер түзуге қабілетті .

Жылдамдық - қозғалыстағы көшкіннің негізгі сипаттамаларының бірі . Жекелеген жағдайларда ол 100 м \ с-қа дейін жетуі мүмкін .



3. Қорытынды кезеңі - 10 минут.


Жаңа тақырыпты талдау және бекіту кезеңінде , 3-5 оқушылардан сабақ сұрау , сұрақтарына жауап беру.

Бағалау және бағаны оқушыларға хабарлау . Үй тапсырмасын жазып алуына мүмкіндік жасау.

Әскери қоштасу рәсімі оқушылармен.


Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Көшкіндер , селдер мен опырылулар деген не ?

2.Көшкіндер қалай жіктеледі ?

3.Қар көшкіндері дегеніміз не ?






АӘД оқытушы - ұйымдастырушы :

майор Б. Сыздыков .



























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел ОБЖ
Подраздел Конспекты
Просмотров482
Номер материала ДВ-391065
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх