Инфоурок Другое Другие методич. материалыМастер класс по изобразительной искусство "Объёмная композиция из бумаги" "Қағаздан жасалған көлемді сурет композициясы"

Мастер класс по изобразительной искусство "Объёмная композиция из бумаги" "Қағаздан жасалған көлемді сурет композициясы"

Скачать материал

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ

«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУЫ»

 

Қалалық көркемсурет лицейі -ЮНЕСКО Клубы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қосымша білім берудегі оқушылардың шығармашылық

қабілеттілігін дамыту»

тақырыбындағы курс аясында көркемсурет лицейі базасында өткізілетін

«Қағаздан жасалған көлемді сурет композициясы»

тақырыбындағы шебер –кластың өңдемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе -2016

 

 

Шебер кластың өңдемесі

Қосымша білім беру педагогі    Копжасаров Б.У.

Тақырыбы:  «Қағаздан жасалған көлемді сурет композициясы»

Мақсаты:  - Жай құралдардан түрлі композициялық туындылар жасау;

                     - оқуышлардың композициялық ойын дамыту;

                      -шығармашылық  қызығушылығын арттыру

Міндеті: -  тыңдаушыларды жұмыстың негізгі әдістері мен орындалу

                     еркімен  таныстыру;            

                  -  эстетикалық талғамы мен көркемдік елестетудің дамуына  

                      көмектесу;

                  -  тапсырманың өңдік мақамы мен  алынған дағдыларды жетілдіру;

                  -  жұмыстарды орындауда жинақтылық пен ұқыптылық;

 

Сабаққа арналған материалдар мен көрнекілік:

Мұғалім  үшін:

                       Мольберт, тақта, А2 ватман қағазы, өткір пышақ, қарындаш,

                       акварель бояуы, белгіленген тақырып бойынша көрнекі

                       құралдар, қылқалам.

Тыңдаушылар үшін:

                       А 3, көлемді ватман қағазы, қылқаламдар, кеңсе пышағы

                       акварель бояуы, жай қарындаш, өшіргіш, қайшы

              

 

 

 

 

Шебер-кластың жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі (2-3 минут)

2.Мақсаты мен міндетін айту

3.Тақырыпты көрнекі құралдармен түсіндіру бөлімі (10-15 минут)

4.Тәжірибелік жұмыс

5. Шебер-класс барысында жеке тыңдаушыларға көмек көрсету, кеңес беру.

6.Қорытындылау.

Шебер-кластың барысы:

Кіріспе сөз

   Қайырлы күн! Хош келіпсіздер әріптестер! Қосымша білім беру ұйымдарында көркемөнер бөлімдерінде бейнелеу өнері композиция сабақтарында оысныдай шебер-кластардың мәні мен маңызы зор! Шебер-кластар көп, қазіргі интернеттің дамыған ақпараттың ағымы алмасқан заманда ізденген талапшыға көп нәрселер бар! Менің бүгінгі шебер класымда көрсетілетін материалым бұл күнделікті қолданылып жүрген қарапайм құралдардан заманауй туынды  жасау арқылы өз қоржыныңызға жаңа көркем мүмкіндіктер енгізу. Міне осылай шәкірттеріңізді және сіздің әріптестеріңіздің арасында да сабақтарыңызды дәрістеріңізді жаңа қызықты  материалдармен толықтыра аласыз.

   Шебер каласымның тақырыбы «Қағаздан жасалған көлемді сурет композициясы» деп аталады жалпы қағаз бетінде көлемді сурет орындаймыз. Соңғы кездері үш өлшемді сурет ,үш өлшемді картина деген ұғымдарды жиі естиміз-бұл заманның талабына сай көркеммәдениеттің ілескені. Солай бола тұра үш өлшемді бейнені құру қызықты және өте ісзденісті талап етеді. Көлемді сурет дегенде бұл тақырып жалпы жасалатын қолдағы материалыңызға байланысты.Бұл жобаны сіздер картонда тегіс қатты қағазда немесе ПВХ материалында т.б, жаңадан еніп жатқан өндірістік материалдарында жасай беруіңізге болады. Яғни адам  заманауй креативті болуына байланысты деп ойлаймын.

Менің негізгі басты мақстым осындай қолжетімді құралдар арқылы үнемі жүмыс жасай жаңа қызықты еркеше көркем туындылар жасау. Қағаз құралы бұл ертеден келе жатқан көркемөнер құралдарының ішіндегі ең қол жетімді материалы болып саналады.

Қағаздың қысқаша шығу тарихы

          Қағаз – өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.  Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады. Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. 17 – 18-ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар.  Қағаз 11 топқа бөлінеді: баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді. Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді. Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады. Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді. Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады. Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады. Орамдық  қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады. Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б. Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.

Қағаздың түрлері

         Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді.

Баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.

Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.

Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.

Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.

Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.

Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.

Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау,

Тәжірибелік жұмыс барысы:

Құралдар: А3 көлемді қағаз, кеңсе пышағы,  акварель бояуы, колонок немесе синтетикалық жұмыр орташа қылқаламдар, жәй қарындаш, өшіргіш.

 Алдымен өз жұмыс орымызыдың дайын болуын қадағалаймыз. Сонымен бірге құралдардың болуын да түзейміз!

 Жұмысты бастамас бұрын шағын ғана композициялық ой шығаруға композициялық көркем ойлауға әр қашан да тұжырым жасау керек. Егер идеямыз бар, композициямыз орнықты болса онда жұмыстың түпнұсқасын бастауға болады.

Бізге ватман қағазының А3 көлемі керек. Қағаз бетінде еркін түрде сызықтық суреттер саламыз, табиғат  және өсімдік әлеміне байланысты немесе еркін қандайда бір дененің формасын ауқымды етіп бейнелеу. Ескеретін жай бұлжердегі бейнелер қағаз бетінде үлкен ауқымды болғаны дұрыс. Бейне неқұрлым ауқымыды стилденген болса композиция сол түрдегі жұмыста ыңғайлы шығады.

Қағаз бетінде жай қарындашпен әлсіз етіп салынған бейненеі көлемді образға ендіру үшін кей сызықтарды қоспай қалдырамыз, немес кей бөліктерді қосып сызамыз. Түсірілген бейнені кеңсе пышағымен ойып кесу арқылы (салынған бейне сызығының үстінен),  шығыңқы дененің не көлемді көрсету үшін ойылған кесілген жерді кішкене жартылай қайырамыз. Осылай жалғастыра әрбейненің кейіпін түзеп, көлемді бейнеге айналдырамыз.

Ескерту: пышақ құралымен абайлап жұмыс істеулеріңз қажет, кеңсе пышағы асхана пышағынан әлдеқайда өткір.

Кесіліп ойлып көлемі шыққан жұмыстарға түстік әр беруге болады. Яғни акварель бояуымен  шығыңқы жерледі жеңіл түрде түстер беріп, жұмысты онан әрі түрлендіресіз.   Басқа да кеңсе әрлегіштерін қолдануға өз талғамыңыз бен шабытыңыз көрсетеді.

Фотосуреттер:

           

            

  

           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мастер класс по изобразительной искусство "Объёмная композиция из бумаги" "Қағаздан жасалған көлемді сурет композициясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 568 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2017 1020
    • DOCX 11.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Копжасаров Бакыт Уристемович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Копжасаров Бакыт Уристемович
    Копжасаров Бакыт Уристемович
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1195
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой