Инфоурок Технология Конспекты"Матадан гүл жасау" технология пәнінен сабақ жоспары (8 сынып)

"Матадан гүл жасау" технология пәнінен сабақ жоспары (8 сынып)

Скачать материал

 

Технология пәнінен 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Матадан гүл жасау.
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға еліміздің табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүлдерге тән  қасиеттермен таныстыру, гүл бейнесін тігу технологиясымен таныстырып,  үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау. Еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Шығармашылығын, эстетикалық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , әдемілікке, әсемдікке баулу.
Әдісі: түсіндіру, шығармашылық ізденіс

Материалдар мен құралдар: мата қиықтары, ине, жіп, қайшы , шаблондар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің гүлдей жайнап  күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Гүл-дүние көркі  дейді ғой. Гүл-жердің көркі болса,  қыз елдің- көркі дейміз. Қыздарды әсем гүлдерге теңейді ғой. Ендеше әрқайсымыз өзімізді  қандай гүлге ұқсатады екенбіз? Бірер секунд ойланып көріп өзімізді қандай гүл ретінде елестете алатынымызды  ойланып көрейікші.  Әрқайсың  гүлге айналып кететін мүмкіндіктерің  болған жағдайда , қандай  гүлге айналғаныңды  қалар едің?  Соны елестетіп көріп, айтайықшы.(оқушылар өздерін қандай гүл ретінде көретіндігін айтып шығады ).

 

Ия ,балалар , мен мұны сендерден бекер сұраған жоқпын .Сендердің таңдауларыңда қандай да бір мағына бар.  Қандай да бір гүлді таңдауларың  сендердің  бойларыңда бар кейбір мінез-қасиеттерді көрсетеді  екен.

Мысалы, раушан гүлін таңдағандар  ашық мінезді, барлығымен тіл табыса алатын, өз мақсатына жете алатын, айналадағыларына махаббат  сыйлай алатын жарқын да нәзік жандар екен.

Бақытгүлі (хризантема) таңдағандар ұстамды,  ерік күші мықты жандар болса, 

Ал өзін қалампыр гүліне балайтындар - тік мінезді, өз ойы бар және сол ойын әрқашан да қорғай алатындар екен, ал енді шегіргүл (фиалка) гүлін ұнататындар - өте нәзік, ұяң, қиялшыл, шығармашыл тұлға  болып саналады екен.

Жұпаргүлін (сирень) гүлін жақсы көретіндер қарым қатынаста қарапайым, жасандылықты ұнатпайтын, шынайы адамдар . Олар дың мінездеріне тұрақтылық пен шыдамдылық тән екен.  Ал енді түймедақ гүлін ұнататындар- нақты мақсат қоя біліп, мақсатқа жету жолында тек адамгершілікке сүйенетін, адамгершілікті бірінші орынға қоятын , нағыз дос бола алатын жандар болса,  қызғалдақты жақсы көретіндер  өмірдің кез  келген жағдайына төтеп бере алатын, барлық қиыншылықтарды оңай шеше білетін , қарым қатынаста өте жеңіл әрі қарапайым болады екен. Соған қарамастан, олар үнемі жұмбақ жандар екен.

            

        Мінекей , балалар,  гүлдер туралы айта бастасақ, бұл бір бітпейтін әдемі  әңгіме бола береді. Себебі гүлдер адамға қуаныш, бақыт сыйлайды. Әдемілігімен көз қуантады, бойымызға мейірімділік пен жылулық сыйлайды.

        Ал енді мына слайдтарға назар аударайықшы . Мұнда гүлдерге байланысты әдемі сөздер бар. Әдемі гүлдерді тамашалап, мақал-мәтелдердің мағынасына назар аударайық. Мұқият тыңдап есімізде сақтап қалайық . 

 

(Слайдар )

 

                     Ендеше балалар  жаңа ғана слайдтардан тамашалаған  бір сұлу әлемнің бір кішкентай бөлшегін біз де сезіну мақсатында  сабағымызда гүлді өз қолымызбен жасап көрейік. Біздің гүліміз ешқашанда солмайды, әдемі болып  тұра береді.  Біз оны шашымызға тағатын шаш буғышқа тігіп шашымызға тағамыз.  Қыздың көркі-шаш  дейді , ендеше өз қолымызбен жасаған раушан гүліміз шашымызды ажарландырып , көрік беріп тұратындығына сенімдімін. Жасауды бастамас бұрын  слайдарға  назар аударуларыңды сұраймын. Слайдардан қандай гүл түрлерін жасауға болатындығын,  қолымыздан жасаған гүліміздің қолдану аясын, яғни қайда қолдануға болатындығын тамашалай аласыңдар.

        Гүлдерді біз тоқыма тоқу әдісімен , жүнді басу әдісімен, ленталармен, және матадан  тігу арқылы жасай аламыз.

 

Слайдтар көрсету.

 

         Келесі слайдтардан гүлдің жасалу  ретін көре аласыңдар. Біз бүгін  сабағымызда раушан гүлін жасаймыз.  Кіріспес бұрын, әрине қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік. Қазір тәжірибелік жұмыс барысында біз өткір, үшкір  құралдармен жұмыс жасаймыз. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).

1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.

 

Жақсы ережені еске түсірдік . Сақтап отырыңдар.
       Ендеше жұмысымызды бастайық.  Ол үшін бізге мата, ине, жіп, қайшы қажет.  Алдымызда шаблондар және нұсқау картасы бар. Жаңа слайдтардан ретін көріп шықтыңдар, енді алдарыңдағы нұсқау картасымен танысып,  жұмысқа кірісеміз.         Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

 

 

Сарамандық жұмыс.  Нұсқау карта бойынша жұмысты орындау. 

Сергіту сәті. Дене жаттығуларын жасату.

Жұмыс  жасалу кезінде оқушыларға мұғалім тарапынан қосымша түсіндіру, көрсету сияқты көмек көрсетіледі.

Сабақты қорытындылау.

Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?

Әр оқушы өз ойын білдіріп, сабақтың несімен ұнағандықтарын айтып береді.

Жұмыстарды бағалау.

 

Не  білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

 

 

 

 

 

                          Раушан гүлін жасаудың нұсқау картасы

Жұмыстың орындалу реті

нобайы

1

Өлшемі әр түрлі 3 жапырақ шаблонын қағаздан қиып дайындаймыз.

 

2

Матаға шаблонды қойып, сызып аламыз.

3

Сызғанымызды қиямыз.

4

3 үлкен, 3 орташа, 3 кішкентай жапырақ қиямыз.

5

Кішкентай жапырақтан бастаймыз.

6

Жапырақты ұзындығынан екі бүктейміз.

7

Ашық шетінен ұсақ көктеу тігісімен тігіп шығамыз.

 

 

8

Жіпті тартып бүреміз.

9

Осылайша қалған кішкентай жапырақтарды тізіп шығамыз.

10

Бірінші қатар дайын.

11

Орташа жапырақтарды тігіп тіземіз.

12

Үлкен жапырақтарды дәл осы әдіспен тігіп тіземіз.

13

Гүліміз дайын.

14

Енді шаш буғышты аламыз.

15

Шаш буғышты гүлге бекітіп тігеміз.

Бұйым дайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Матадан гүл жасау" технология пәнінен сабақ жоспары (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақ текстиль материалдарды өңдеу тақырыбына арналған. 8 сыныпқа арналған бұл сабақ жоспары назар аударуға тұрарлық деген ойдамын.  Сабақ жоспары құрылымы жағынан барлық бөлімдері қамтылған. Оқушыларды сабаққа психологиялық жақтан даярлауға көңіл бөлінді. Сабақта слайдтар көрсетіледі. Слайдта берілген материалдар  оқушыларды шығармашылыққа жетелеп, ары қарай жұмыс жасауға ынтасын арттырады. қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлініп, естен шығармауға нұсқаулық берілді. Сабақтың сарамандық бөлімінде  оқушылардың нұсқау карталармен таныса отырып, өзбетінше жұмыс жасауына жағдай жасалынды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2015 6745
    • DOCX 183.8 кбайт
    • 31 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шапенова Бакытжан Сагдатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шапенова Бакытжан Сагдатовна
    Шапенова Бакытжан Сагдатовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23417
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек