1014056
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5 480 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1 400 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до 28 февраля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Менің құқықтық алаңым - 9 сынып

Менің құқықтық алаңым - 9 сынып


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_30b700b1.gifАтырау облысы Индер ауданы

М.Сиранов атындағы орта мектеп

Науанова Жания Жақауқызы.

І санатты тарих пәні мұғалімі.



Күні:

22.02.2014 жыл

9«а» сыныбы

Сынып жетекші

Ж.Науанова

Тренинг тақырыбы

Менің құқықтық алаңым.


Мақсаты

Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөніндегі түсінігін кеңейту, әрбір баланың өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,

құқықтық тәрбие беру,

тәрбие жұмысындағы жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.


Күтілетін нәтижелері

Оқушылар адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігі кеңейеді және өз ойын еркін айтып, пікірін қорғайды;

Топтық жұмыстар арқылы сыни ойлауға араналған тапсырмаларды орындайды;


Кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру

Топтасу

«Жылы болса жүрек –

орындалар тілек»

(тренинг)

Шараның мақсат, міндетімен таныстырады,

мұғалімдер мен оқушыларды топқа бөледі

Фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді, бір-біріне жақсы тілектер тілеп қол алысады

Түрлі–түсті пішіндегі фигуралар

ІІ. Келісім шарт

Келісім шартқа отырғызады

Келісім шартқа отырады


Тақта, маркер

ІІІ. Тапсырмалар:



1. Постер құру

Адам аяғы баспаған аралға өздерімен бірге ең қажетті заңдарын алып бару



І топ-мұғалімдер



ІІ топ-оқушылар













2.Ситуациялық ойындар:

ІІІ топ оқушылары

1. Аукцион







2. «Қара жәшік»









3. «Кім жылдам?»







Тапсырманы таныстырып,

постер құру үшін ресурстар береді





























Аукцион жүргізеді













«Қара жәшіктегі» затты таныстырады









Бала құқығы жөніндегі және қылмыстық кодекс баптары бойынша сұрақтар береді






Өздерімен бірге алып баратын ең қажетті деген 3 заңның моделін жасап, постер қорғайды.































Аукционға қатысады, тауар сатылымына

қатысты құқықтарын қорғайды







Жәшіктің ішіндегі затты тауып, сол затқа қатысты қылмыстық кодекс баптарын айтады.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Слайдтар, флипчарттар, стикерлер, түрлі- түсті қағаздар мен пламастерлер,

Заңдар:

Білім туралы Заң,Жер туралы Заң,

«Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,

«Балалар құқығы туралы Конвенция»,т.б





















Әсем безендірілген қорапша













Қара жәшік











Кісен








Ү.Рефлексия

Стикерлер

Сіз үшін тренинг маңызды болды ма? 

Ұнағаны:

Ұнамағаны:

Ұсыныс:
Семинардан алған әсерлерімен бөлісу.




Құрметті әріптестер, оқушылар! 9 «а» сыныбы оқушыларының «Менің құқықтық алаңым» тренингіне қош келдіңіздер!

Тренинг мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру;

кембридж әдісін насихаттай отырып,топтық жұмыстар арқылы сыни ойлауға арналған тапсырмалар орындау;

сынып жетекшілер арасында тәрбие жұмысындағы жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.



Күтілетін нәтиже: Оқушылар адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігі кеңейеді, өзгенің құқығын бұзбауға үйренеді және өз ойын еркін айтып, пікірін қорғайды.

Топтық жұмыстар арқылы сыни ойлауға араналған тапсырмаларды орындайды;

Сынып жетекшілер тәрбие жұмысындағы жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасады.



Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

Құрметті шараға қатынасушы қонақтар, оқушылар біз алдымен топқа бөлінуіміз керек, ол үшін сіздерге түрлі-түсті пішіндегі фигуралар ұсынамын.(пішініне қарай топтасады)

ІІ. Топқа бөлу.

«Жылы болса жүрек – орындалар тілек» деп, алдымен екі шеңбер жасап бір-бірімізге қарсы қарап тұрамыз да сағат тілімен айналып сыртқы шеңбердегілерге тілек айтамыз, олар да тілекпен жауап береді.

(Топтасып отырып болған соң, І және ІІ топтың тапсырмасы беріледі.)

ІІІ. Келісім шарт

Шараға қатысушылар келісім шартқа отырады.



Кіріспе.

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда

Б.з.д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде

Шыңғыс ханның «Яссасы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына, қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне, оқушылар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

Олай болса, сіздерге арналар тапсырма да өзімізге қажетті заңдар туралы болмақ.



ІҮ. Тапсырмалар:

1. Постер құру (Ең қажетті 3 заң)

( І және ІІ топ мүшелері)

Адам аяғы баспаған аралға өздерімен бірге ең қажетті заңдарын алып бару

І және ІІ топ мүшелері сіздер мына адам аяғы баспаған аралға барып тұруларыңыз керек, яғни сол жерге барып өмір сүресіздер. Аралға өздеріңізбен бірге ең қажетті деген 3 заңды алып баруларыңыз керек. Сол 3 заңды таңдап постер құрып, қорғайсыздар.(уақыты: 6 мин-постер құру, 2 мин-қорғау)

(Сарапшы топқа 3 смайлик беріліп қойылады, олар жұмыс біткесін үш топтан 3 кісіге смайлик тағады)

2.Ситуациялық ойындар:

І және ІІ топ мүшелері постер құрып болғанша,ІІІ топ сіздермен ситуациялық ойындар ойнаймыз. Ендеше барлығыңызға іске сәт!

(Сарапшы топқа 3 смайлик беріліп қойылады, олар жұмыс біткесін үш топтан 3 кісіге смайлик тағады)

1). Аукцион.

Жетекші: Назар аударыңыздар!Үздік тауар аукционын хабарлаймын. Аукционға асығыңыздар.Аукцинға теңгемен ақшалай төлем жасайсыздар. Сонымен,алғашқы лотты бастаймын. Алғашқы лот «жасырын тауар».

Бұл зат адамзаттың ойлап тапқан жаңалығы.Бұл зат осы уақытқа дейін пайдаланып келеді. КСРО-ның тоқырау заманында да баспасөз назарында болды.(әжетхана қағазы) Сауда басталды. Алғашқы баға-100 тенге.

Оқушылар: 100, 200, 500

Жетекші: 500 теңге- бір! 500 теңге-екі! 500 теңге-үш! Сатылды!

Жетекші: Бұл заттың ішінде не бар деп ойлайсың?

Оқушы: жауабы

Жетекші:қандай сезімдесің?

Оқушы: мен алдандым

Жетекші: айтыңыздаршы, сатып алушы қандай қателік жіберді?

Оқушы: белгісіз затты сатып алды, алдымен тауарды,сапасын,мерзімін,т.б білуі керек, ал оны сұраған жоқ,ол өнім туралы білуге құқылы. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның 6-бабында тұтынушының құқығы көрсетілген. (кері қайтару-14 бап)



2) «Қара жәшік»

Бұл   жәшіктегі нәрсе қай кезде пайда болғаны( ойлап табылғаны)белгісіз, алайда темір пайда болғаннан кейін ойлап табылған. Жаппай қолданысқа ХҮІ ғ енгізілген. Бұл затты ер адамдарға, әйел адамдарға және балаларға да қолданады. Бұл затты    алғаш рет темір түрінде таққан,әрине, бұл біздің қазір қолданып жүрген үлгімізден мүлде басқа.  (Кісен)          



Жетекші: бұл не үшін қолданылады?

Оқушы: қылмыс жасаған адамға салынады.

Жетекші: Қылмысқа неше жастан бастап тартылады?

Оқушы: Қылмыстық Кодекстің 15 бабы бойынша қылмысқа 16 жастан бастап тартылады, ал ауыр қылмыс жасаған уақытта 14 жастан бастап жазаға тартылады (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), адам ұрлағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап),терроризм (233-бап),т.б

3). «Кім жылдам?» (бала құқығы жөніндегі және қылмыстық кодекс баптары бойынша сұрақтар беріледі)

  1. Конвенция дегеніміз не?

2.Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды,

қанша бөлім, неше баптан тұрады?

3. Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Нешінші бап?

4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары мен

міндеттері туралы заңы қашан қабылданды?

5. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен

қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды

қолдануға міндетті. Бұл қай заңда көрініс тапқан?

6. Құқықтарыңызды кім шектей алады?

Нешінші бап?

7. Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
8. Әрбір баланың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға

құқығы бар.
9. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиеленуге құқығы бар.
10. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

11.Әрбір бала өзінің жасына, денсаулығына және қажеттеріне қарай

демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.



Ү. Постер қорғау:

І-топ: мұғалімдер постерлерін қорғайды.(қол шапалақтау)

ІІ-топ: оқушылар постерлерін қорғайды.(қол шапалақтау)

Қорытынды: сонымен біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі тренингте біраз нәрсені ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

Ү. Рефлексия: (Семинардан алған әсерлерімен бөліс топ мүшелері стикерлерін постерге жапсырады).

Сіз үшін тренинг маңызды болды ма? 

Ұнағаны:

Ұнамағаны:

Ұсыныс:


C:\Users\admin\Pictures\118___02\IMG_2000.JPGC:\Users\admin\Pictures\118___02\IMG_2001.JPGC:\Users\admin\Pictures\118___02\IMG_2002.JPG



C:\Users\admin\Pictures\118___02\IMG_2008.JPG









C:\Users\admin\Pictures\118___02\IMG_2005.JPGC:\Users\admin\Pictures\118___02\IMG_2006.JPG



Рефлексивтік есеп.


Тәрбие сағаты кезінде оқушылардың тұжырымдамалық түсінігін дамыту үшін қойылған немесе берілген тапсырмаларға байланысты берген жауаптарын оқушының өзінің білімі мен тақырыпты түсінуі үшін тиімді қолданып отырдым. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. Осы байланыстар арқасында мұғалім-оқушының, оқушы- мұғалімнің, оқушы-оқушының қандай сұрақтарға жауап алғысы келгенін, қандай мәліметті алғанын, қаншалықты түсінгенін біліп отырады. Сол әрекеттерді жіті бақылауда ұстай отырып, олардың тапсырмаларының, жауаптары мен сұрақтарының қойылу бағытын зерттей отырып, әр бөлімде тапсырмалар мен негізгі мәліметтерді түсінуі және талдауы үшін қойыларын сұрақтар мен тапсырмаларды нәтижеге жететіндей етіп әзірледім.

Оқушылар үнемі сұрақтарға қысқаша ғана жауап беруге дағдыланып кеткендігі белгілі, осындай олқылықты жою үшін, мен тәрбие сағатын жоспарлаған кезде, олардан қалайда жүйелі жауап ала аламын, оларға жүйелі, өз ойларын жинақтап жауап беруі үшін мен қандай әдістерді қолдана аламын деп ойладым. Тренинг соңында күткен нәтижеме жеттім, яғни оқушылар адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігі кеңейді, және өз ойларын еркін айтып, пікірін қорғады. Тәрбие сағатын топтық жұмыстарға негіздеп өткіздім. Ерекшелігі оқушылармен бірге мұғалімдер де қатыстырылды. Мұғалімдер мен оқушылардың бір тобына сын тұрғысынан ойлауға негізделген топтық жұмыс постер қорғау тапсырылды да, оқушылардың екінші тобымен өзім ситуациялық ойындар мен викториналық сұрақтар өткіздім. Мұғалімдер де, оқушылар да өте белсенділікпен жұмыс жасады. Тренингте оқушылар өз құқығы жөнінде біраз нәрсені ойларына түйді. Сарапшы топ беріліп қойылған 3 смайликті олар жұмыс біткесін үш топтан 3 кісіге тақты. Соңында тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп топ мүшелері стикерлерін постерге жапсырды.











Краткое описание документа:

Тәрбие сағаты кезінде оқушылардың тұжырымдамалық түсінігін дамыту үшін қойылған немесе берілген тапсырмаларға байланысты берген жауаптарын оқушының өзінің білімі мен тақырыпты түсінуі үшін тиімді қолданып отырдым. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. Осы байланыстар арқасында мұғалім-оқушының, оқушы- мұғалімнің, оқушы-оқушының қандай сұрақтарға жауап алғысы келгенін, қандай мәліметті алғанын, қаншалықты түсінгенін біліп отырады. Сол әрекеттерді жіті бақылауда ұстай отырып, олардың тапсырмаларының, жауаптары мен сұрақтарының қойылу бағытын зерттей отырып, әр бөлімде тапсырмалар мен негізгі мәліметтерді түсінуі және талдауы үшін қойыларын сұрақтар мен тапсырмаларды нәтижеге жететіндей етіп әзірледім.

Общая информация

Номер материала: 365281



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.