Инфоурок Другое Другие методич. материалыМерекелік шара Алғашқы қоңырау 1-11сынып

Мерекелік шара Алғашқы қоңырау 1-11сынып

Скачать материал

Алғашқы қоңырау

1-жүргізуші

 Қайырлы күн құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірменді ата-аналар!

Сыңғырлай соққан  қоңырау үніне еліте келген жас бүлдіршіндермен оқушылар,  сіздерді бірінші қыркүйек білім күнімен құттықтаймыз.

2-жүргізуші

Оқысаңыз балалар,  шамнан шырақ жағылар демекші Талпын жалпы орта білім беретін білім шаңырағына қош келдіңіздер!

Мұнда сіздерді сапалы білім,  тағылымды тәрбие мен жарқын болашақ күтеді.

 

Мектеп түзел, тік тұр. Талпын жалпы орта білім беретін мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Темиров Болатбек Ғайноллаұлы

1-жүргізуші

Әнұраным көгімде шарықтасын,

Мөлдір ту қиялда қалықтасын.

Әлем танып білетін ел таңбамды,

Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.

Ән:Мектебім

  Бүгінгі білім күніне орай мектебімізге  бүлдіршіндерімізді құттықтап келген қонақтарымызбен таныстырып, сөз кезегін берелік:

 

 

Вальс «Аяулы мектебім»

2-жүргізуші

Алдымызда болашаққа тартар жол,

Білім үшін күрескенде қауқар мол.

Сенгендері сендерсіңдер бүлдіршін,

Еліңе  сен қыран құстай қамқор бол!- олай болса келесі кезекте жаңа мектеп Талпын жалпы орта білім беретін мектебінің алғаш табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

1- жүргізуші

Алдарыңызда 1-сынып оқушылары қарсы алыңыздар.Сыныпта 7- оқушы, Айдынғалиев Жалғас Нұрланұлы, алғаш мектеп партасына отырғалы отырған  білімге құштар балаларымызға қошемет көрсетейік.Қадамдарың сәтті болсын!

2-жүргізуші

Ұстаздықты  таңдап өмір  жолында,

Жетелейтін  алғашқы ұстаз бар мұнда.

Жас ұрпаққа білім береп тәрбиелеп,

Іскер шебер ұстаздардың қолында

 

 

1- жүргізуші

Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірменді ата-аналар, және оқушылар! Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміздің   алғашқы ұстазын ортаға қошеметтпен шақырайық.Темирова Айсұлу Ғайноллақызы- жас ұрпаққа білім беріп, алғаш қалам ұстатуда өз уақытын аямаған, бала бақытын аялаған қадірлі мұғалім.Өз мамандығының қыр-сырын меңгерген Темирова Айсұлу Ғайноллақызы ұрпақ тәрбиесінде берер игі нәтижелері мол.

Ұстаз білім беретін ғажап адам,

Үйреткенін ешқашан санамаған.

Жас ұрпақты тәрбиелеп оқытуда,

Жан ұшырып білімін саралаған.

Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің алғаш ұстазына қошемет көрсетейік.

1-оқушы.  Жалғас

Армысыз  алғашқы ұстазым,Қуанышты бүгін күн.

Мен мектепке барамын,

Алғаш ұстаз сыныптас, тұңғыш білім аламын.

Мұғалім

Қош келдіңдер балдырған,өрендерім.

Алтын ұя кемеңгер бұл мектебің.

Қадамыңа аттаған гүл бітсін тек,

Құт болып талабың таудай өсе берсін!

2-оқушы. Айзере

Армысыз алғашқы ұстазым,

Ұстазымыз анамыз саялайтын, панмыз

Бар білімді беретін толығатын санамыз,

Мұғалім

Құтты болсын аттаған қадамдарың!

Ұзақ болсын бастаған сапарларың,

Әліппені қолдарыңа алғандарың,

Сендердің оқушы болып толғандарың.

3-оқушы  Жасмина

Армысыз алғашқы ұстазым,

Алғаш келдім мектепке, ұмытылмас күн мынау

Есімнен мәңгі кетпеске,Соғылған алғаш қоңырау.

Мұғалім

Қадамдарың аттаған сәтті болсын!

Мектептің сендерменен көңілі толсын.

Мектептің алға тартар тіреуі боп,

Жарқыраған алдарыңда ақ жол болсын!

4-оқушы Аянат

Армысыз алғашқы ұстазым,

Ұстазым әр кез данасың,

Үйретіп елдің баласын.

Танытып әріпті оқытып,

Толтырып бала сансын.

Мұғалім

Сыңғыр қаққан қоңыраудың үніменнен

Алғаш қадам аттадыңдар шыныменен,

Мектептің жүрегі тек ұстаз болса

Соғып тұрар сол жүректің лүпілімен.

5-оқушы Айымгүл

Армысыз алғашқы ұстазым,

Осындай әсем мектептен

Талай білім аламыз

Елі үшін қызмет ететін азамат боламыз.

Мұғалім

Нұр жауып жарқын болсын қадамдарың,

Құтты болсын! Бастаған сапарларың,

Ел намысын ақтайтын ұл қыз болып,

Жұлдыз болып, жанып жүрсін жанарларың.

1-жүргізуші

Елімізде болып жатқан атаулы даталарды атап өту

   Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы —  Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Қазақ хандығына 550 жыл  мерекесі құтты болсын!

  2-жүргізуші

Абайдың   әуелден   - ақ  әкенің  баласы  болмай, адамның  баласы  болуды  армандағаны   белгілі.

 ...  Адамға  адамның  баласының  бәрін  дос  санады. “ Біріңді  қазақ, бірің  дос  көрмесең, істің  бәрін  бос ” деген  сөздері –

Шын  мәнінде  ұлт  болып  ұюымыздың  негізгі  шарты.

... Абай  әлемі  жеті  түнде  адастырмас   темірқазық  іспетті.Абайдың 170 жыл мерей тойы құтты болсын!

1-жүргізуші

  Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз! Жеңістің жетпіс жыцлдық мерей тойы құтты болсын.!

 

 

2-жүргізуші

Қазақстан Республикасының конституциясы –Қазақстанның ата заң. Конституция 1995 жылы30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды.Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі-өзінің егемендік құқығын баянды етті.Ата заң қабылданған күні 30 тамыз – мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының конституция күні деп жарияланды. 20 жылдық мерей тойымыз құтты болсын.!

1-жүргізуші

Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

- Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея.Мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! 

Ән: Қазақстаным

Келесі сөз кезегі: Талпын жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Токбаев Серик Кайрхановичке беріледі.

Ән: Ұстазым

Айдынғалиева Дана

Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып - тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт - жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!

Аманкелдиева Айша

«Ұстаз деген....»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

Тілегенов Жанарыс

«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата - тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл - болмай ма ұлықты,
Қыз - болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.

1-жүргізуші

Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа

Күміс күлкі симай тұр қара мұнда

Ата-анадан бақытты барма екен жан

Қол жеткізген аңсаған арманына –

 *Биылғы жыл мектебімізге жемісті жыл болды, 2014-2015 оқу жылында мектеп табалдырығын 6 оқушы тәмәмдады биыл мектеп табалдыры  балалары оқу орнына түскен ата-аналар құттықтау марапаттау.

Келесі сөз кезегі: Ата-анаға

Би: Қазақ биі

Алғашқы қоңырау соғу сәті

1-сынып ер баласы

Мектебімнен үйренеміз барлығын

Жетелеген сан салаға барлығын

Ең алғашқы ұстазымнан білім ап

Болашаққа аттанамын мен бүгін.

1-сынып қыз баласы

Ұмытпаймын алғашқы қоңырау үнін

Ұмытылмас елім үшін күн бүгін

Мектептегі алғаш берер білімде

Соғайықшы алғаш қоңырау сыңғырын

11 сынып оқушысының ер баласы

Құтты болсын бүлдіршіндер қадамдарың

Нұрға толсын  мөлдіреген жанарларың

Болашақтың кілтін берсін білімменнен

Оқытқан ақ ниетті ұстаздарың

11 сынып оқушысының қыз баласы

Аман болып ел баласы болыңдар

Әр қашанда елге қызмет қылыңдар

Еліміздің намысын қолдан бермей

Отан қорғап аяқтан тік  тұрыңдар

1-жүргізуші

Жаңа оқу жылы кел төрлет, дүбірлі думан басталсын

Жүректерді ән тербеп, шапалақ ұрсын асқар шың

2-жүргізуші

Қазағым, қазақ елім мақтанышым,

Қуанышпен атады әр таңым шың

Дамып жатқан елімді мен көргенде

Қойныма сыймай кетер қуанышым.

Айзат

 Тәуелсіз еліме биыл   24  жыл, осы тарихқа толы жыл менің өмірім үшін ең маңызды, өйткені мен мектепке алғаш бардым, болашақта мен елім үшін жақсы оқып, үлгілі оқушы боламын

11-сынып оқушысы

  Тәуелсіз еліме 24  жыл, мен үшінде осы жыл ерекше мен осы жылы мектеп бітіріп, көптеген шаралардың жеңімпазы атанып, жоғары оқу орнына түсіп грант иегері боламын деген үміттемін.

 

Ән:Жер жанаты жетісу немесе туған жер өлең айтылған сәтте мерей тойларды қолдарына ұстап шығу

2-жүргізуші

Жаңа оқу жылы жемісті мерейі үстем жол болсын!

Шәкірттеріміз өрісті ел дер қызы мен ұл болсын!

1-жүргізуші

Биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге ақ батасын беру үшін ортаға

 

1-жүргізуші

Осымен білім күніне арналған салтанатты жиынымызды аяқтаймыз, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді алғашқы білім сабағына шығарып салайық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік шара Алғашқы қоңырау 1-11сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2016 1871
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдабекова Ляззат Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алдабекова Ляззат Женисовна
    Алдабекова Ляззат Женисовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19741
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой