Инфоурок Музыка Другие методич. материалыМузыка пәні. Ашық сабақ. "Эстрада өнері"

Музыка пәні. Ашық сабақ. "Эстрада өнері"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Эстрада өнері

Сабақтың мақсатыОқушыларға эстрада өнерін таныстыру

Сабақтың міндеттері:Эстрада өнерінің қазіргі кезеңдегі маңызын түсіну,эстрадалық ән

                                       орындауға жетісу

Сабақтың барысы:

 

Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі еуроп. елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. 16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қ-нда “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Эстраданың осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді. Ресейде “Летучая мышь” (1908, Мәскеу қ-нда) және “Кривое зеркало” (1908, Санкт-Петербург қ-нда) деген атпен алғашқы кабарелер ашылды. 20 ғ-да Францияда Ш.Азнавур, И.Монтан, Э.Пиаф, М.Шевалье, М.Матье; АҚШ-та Д.Рид, П.Робсон, П.Сигер, Э.Фицджеральд; Италияда Р.Лоретти; Англияда К.Ричард; Югославияда Р.Караклаич; Чехословакияда К.Готт; Польшада А.Герман; Болгарияда Л.Иванова мен Б.Киров; ТМД елдерінде Л.О. Утесов, Л.А. Русланова, Л.Г. Зыкина, К.И. Шульженко, М.М. Магомаев, И.Д. Кобзон, А.Б. Пугачева, С.М. Ротару, т.б. Э-лық өнердің көрнекті орындаушыларының есімдері дүние жүзіне танылды. Эстрадалық өнердің кейбір элементтері қазақтың әнші-жыршылары мен сал-серілерінің (Ақан сері, Әміре Қашаубаев, Біржан Қожағұлұлы, Ғазиз Файзоллаұлы, Yкілі Ыбырай, т.б.), сондай-ақ халық қуларының (Айдарбек, Зәрубай, Күндебай, т.б.) өнерінен де бой көрсетті. 20 ғ-дың басында белең алған әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуары негізінен жеке ән орындау мен көркем сөз оқудан (өлең, мысал, тақпақ, т.б.) құралды. Әсіресе, 1920 – 30 ж. кең қанат жайған драма үйірмелерінің ойын-сауық бағдарламасынан шағын пьесалармен қатар ән-күй, күй, көркем сөз оқу да мол орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында Қазақстанда Эстрада өнерінің жан-жақты өркендеп өсуіне кең жол ашылды. Осы жылдары К.Байсейітова, І.Жандарбеков, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Е.Өмірзақов, Р.Бағланова, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. есімдері қалың көрермендерге кең танылды. Әсіресе, көркем сөз оқу жанрында ерекше көзге түскен І.Қуанышбаев өзінің өткір сатир. тақырыптағы әңгімелері мен өлеңдерін оқып, қазақ Эстрадасының ілгері дамуына мол үлес қосты. Қуанышбаевтың осы жанрдағы өнері Ш.Айманов, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Ф.Шәріпова, Г.Ғалиева, Ә.Жолымбетов, Б.Римова, Т.Жаманқұлов, І.Сұлтанбаев, т.б. сынды көркем сөз оқу шеберлерінің өнеріне игі әсер етті. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары ҚазақстандаАлатау” (Жамбыл), “Арай”, “Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), “Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері ұйымдасты. Комп-лар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қалдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән жазды. Әншілер: С.Әбусейітов, І.Байбосынов, С.Боранбаева, Ә.Дінішев, Н.Есқалиева, П.К. Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, Г.Рәзиева, Р.Рымбаева, А.Сембин, С.Тыныштығұлова, Е.Хасанғалиев, М.Ерәлиева, М.Жүнісова, М.Қазтұрғанова, А.Мейірбеков, С.Нұрмағамбетова, М.Ілиясова; реж. С.Елеусізов, көркем сөз оқушылар Т.Бұйрабаев, И.Я. Дальский, М.Н. Ли, виолончельші Ж.Баспаев, скрипкашы А.Мұсаходжаева, гобойшы Т.Тікішев, т.б. қазақ Эстраданың өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ал пианиношы-педагог Г.Кәдірбекова концерттік-орындаушылық өнерімен тыңдаушы-көрермендер ілтипатына бөленді. 1991 – 2000 ж. ұлттық Эстрада өнері бір топ комп-лар (К.Дүйсекеев, Ж.Еңсепов, М.Омаров, т.б.), әншілер (Г.Қаспақова, Г.Оразымбетова, Б.Сәмединова, Г.Сиқымбаева, Р.Стамғазиев, Б.Тайлақбаев, М.Түсіпова, Б.Тілеухан, Б.Шадаева, Ж.Ысқақова, т.б.) мен күйші-домбырашылар (Ә.Есқалиев, І.Ахмедияров, А.Еңсепов, А.Үлкенбаева, т.б.) есімдерімен толықты; олар шығарм. және орындаушылық шеберлігімен көпшілік-көрермендердің ықыласын аударды. Эстрада бойынша түрлі ұйымдастыру жұмыстары Қазақконцерт және облысы филармониялар арқылы жүргізіледі. 1965 ж. Алматы қ-нда эстрада және цирк өнері студиясы (қазіргі колледж) ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау:

Қорытындылау:

Үйге тапсырма:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Музыка пәні. Ашық сабақ. "Эстрада өнері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 348 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 1450
    • DOCX 138 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Апсейтова Умиткуль Далабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Апсейтова Умиткуль Далабаевна
    Апсейтова Умиткуль Далабаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6664
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 307 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Развитие навыков успешного чтения с листа и выучивания наизусть нотного текста на уроках фортепиано в младших и старших классах ДМШ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек