Инфоурок Музыка Другие методич. материалыҮндінің сұлу сазды рагасы

Үндінің сұлу сазды рагасы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:«Үндінің сұлу сазды рагасы».Ән: «Алматы-Дели»Е.Хасанғалиев.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды әлем халықтарының театрларымен таныстыру. Оның ішінде үнді дәстүрлі музыкасын тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларды әлемдік мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейту.
Типі: аралас сабақ
Пәнаралықбайланыс: география
Барысы:
1. Ұйымдастырукезеңі:

а)Амандасу.

Мұғалім: Саламатсыз ба?(әуенмен орындау).

Оқушылар: Саламатсызба? (әуенмен орындау)

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізгееніпті.

Қошкеліпсізұстаздар,

Саламатсыз ба?(әуенмен оқушылар орындауында)

ә)Түгелдеу.Сабаққа назарын аудару
Балаларға үнді  музыкасынан үзінді жіберу.
- Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы? Ия, сендер оны жақсы білесіңдер, бұл үнді музыкасы. Біз әлем халықтарының мәдениеті туралы тақырыбымыздың «үнділер» бөліміндеміз. Әуелі өткен тақырыптарымызға бір шолу жасап алайық.1 слайд.
2. Үйтапсырмасынқайталау.
- Тақтадағы суреттерге назар аударып ондағы суреттер қай  халыққа тән екендігін табыңдар.
Тақтадағы суреттерді танып ал!2 слайд.
3. 3 слайдбойынша үйтапсырмасын қайталап шығу.
Башқұрт халқының үлкен  құрметке ие аспабы бұл – қурай аспабы.
Қурай аспабы оларда тек аспап қана емес ол Башқұрт мемлекетінің символы ретінде аса қадірлі аспап болып саналады екен.
- Қурай аспабын неден жасайды балалар?

Ұзындығы қанша  болады?

-Қазақ халқында  қурайға ұқсас қандай  аспаптар  бар?

-Үні  қандай бұл аспаптың?
4. 4 слайд
- «Мағантаныс».Өзіңе таныс актерлерді атап шық.
- Ал, ендібізҮнді актерларымен  қаншалықты таныспыз. Мына суреттерден кімдерді жақсы танимыз, және олар туралы не білеміз?
Авики Гор,Шак Рукх Хан, Айшвария Рай, Аамир Кхан, Хем Малини т.б.

          5. 5 Слайд. Жаңасабақ:«Үндінің сұлу сазды рагасы».
Үндінің Рагасы – үнді классикалық музыкасы. Тарихи тақырыпқа құрылған. Жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыка. Рага бірнеше мунуттарға созыла беруі мүмкін.
Үнді биі – екі мың жылдан  астам  тарихы бар өте көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші Шива құдай болды деп саналады. Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан  құралған биі мен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді.
Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді  классикалық биінің 8 стилі бар. Олар: Тамилнаду штатында – Бхаратанатьям, Уттар - Прадеш, Раджастан  штаттарында – Катхак, Кералаштатында – Катхакали (ерлербиі) жәнеМохини - аттам (әйелдербиі), Андхра - Прадешштатында – Кучипуди, Манипурштатында – Манипури, Ориссаштатында – Одисси, Ассам штатында – сатриябилері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық  мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар.
– Үнді классикалық биінің  ең  негізгі ерекшелігі – әдебиет пен байланыстылығында. Билердің барлығы белгілі бір шығармаға, эпостардың ішіндегімифтерге қойылады. Қимыл – қозғалыстар арқылы оқиғаның мазмұны жеткізіледі. Сосын үнді би қимылдарының өзі бір ғылым  сияқты. Оларда әрқимылдың белгілі бір  мән - мағынасы бар, яғни, әр  қозғалыс сөйлеп тұрады.
Халық  билері. Олардың мазмұндары бірдей  болып келеді, әлеуметтік өмірді суреттейді, классикалық  билер секілді арнайы оқиғаға құрылмайды. Тайпа билері де дәл солай.
XVII ғасырға  дейінгі, яғни ежелгі және орта ғасырлар кезең. Ол кездері биді ғибадатханаларда билейтін болған. Сол үшін қыздарды арнайы ғибадатханаларда тәрбиелеген, оларды девадси деп атаған. Олар жақсы  билеп қана қоймай, ән айтып, музыкалық аспапта ойнаған, жақсы киініп, актерлік шеберлікке те үйренген, әдемі сөйлеп, түрлі ұлттық салт – дәстүрлерді жетік меңгеріп шыққан. Әрбір ата – ан өзінің бір қызын бишілікті оқыту үшін ғибадатханаға беріп отырған.Өйткені олардың қоғамдағы дәрежесі өте биік болатын, оларды қатты сыйлайтын.
Музыка тыңдау:Үндірагасы - (5 слайдтарда)
Музыканыталдау:

– естіген  музыкадан алған әсерің қандай?
 - музыканың көркемдігі (темпі т. б) туралы айт?
 - музыка қандай көңіл – күйді қалыптастырды?
Сергітусәті:қыздарымыздың дайындаған үнді биін тамашалау.
- Рахмет, қыздар, өте тамаша биледіңдер!
6 слайд. Катхакали театрына  тек ерлерді ғана алған. Олардың  киімі мен бет бояулары да ерекше болған. Тек қимыл ғана емес, беттің мимикасын өзгертіп отыруда маңызға ие. Ал, қыздары ұлттық Бхаратанатьям биін  былай билейді:
Видеодан Бхартанатьям  биін  тамашалау.
 6.Жаңа әнүйрену:
- Балалар,бүгінбізЕскендірХасанғалиевағамыздың «Алматы-Дели» әнін үйренеміз.Е.Хасанғалиев туралы қысқаша мағлұмат беріп кету.7 слайд.

Әндіүйренбесбұрынбіз не   жасаймыз?Ия,тынысжаттығуларынжәнедауысжаттығуларынжасаймыз.ТынысжаттығуларынбізРесейдің опера әншісіСтрельникованыңәдісінқолданаотырыпжасаймыз:

1.Алақан.

2.Мысық.

3.Насос.

4.Иығымызды құшақтау.

Дауыс жаттығуын до мажор гаммасында орындаймыз:

До-до-фа-фа-фа-ми-фа,

До-до-фа-фа-фа-ми-фа.

До-до-си-си-ля-фа-соль,

Си-си-ля-ля-соль-ми-фа.

До-си-ля,до-си-ля,до-си-ля-соль,

Си-ля-соль,си-ля-соль,си-ля-соль-фа.

Енді балалар,әнді үйренбес бұрын оны біз тыңдап алайық!Бұл әнді кезінде өте тамаша әнші,қазір о дүниелік болып кеткен апамызМадина Ералиева орындағанекен.Бәріміз бірге тамашалайық!8 слайд.

- Ендеше«Алматы-Дели»әнінүйренейік. (тақтада және балалардың қолдарында сөзі бар).
Әнді жеке, топпен  орындау.
7. Түсінгенінтексеру:
- Сендер үнділер туралы қандай мәліметтер алдыңдар, қандай жаңа термин мен таныстық?
- Ендеше сабақ бойынша сұрақтарға жауап берейік.
8. Қорытынды.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Әндіқайталапорындау
Үйгетапсырма:
Әндіжатқаайту.
Үндіхалқытуралымағлұматжинап келу.9 слайд.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар

 

 

 

 

 

Бекітемін:

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

6

Уақыты:

Тоқсанның тақырыбы:

Өнер тұлғалары 10

Сабақтың тақырыбы:

Өнерін өрлеткен топ.

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Қазақтың халық ұлттық топтардың құрылуы, оның іргетасын қалаған өнер қайраткерлері туралы түсінік беру.

Б)Коммуникативтік

Топтардың әлемдік деңгейдегі құдыреттілігін ұғындыру, өнер қайраткер-

лерінің оркестр құрудағы қолтаңбаларын бағалауға үйрету, өнер

қайраткерін өнері мен еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушылардың ұлттық топ ұжымдары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық қабілетін жетілдіру.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? – ұстазымыз,

Өнер – білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Фортепиано аспабына арналған шығармалар тыңдау, талдау. Концерт пен этюдті салыстыру, үйден дәптерге жазу.Ән жаттау.

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/bc/Dosmukasan.jpeg/270px-Dosmukasan.jpeg фото с сайта stan.tv Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” —Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” —Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды. Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердіңхалықаралық фестивальдерінің, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор М.Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды. "Досмұқасан" тобы Алматыда "Алтын Қыран" сыйлығымен марапатталдыhttp://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/1/16/Ulytautoby.jpg/220px-Ulytautoby.jpgҚазақ мемлекетінде инструменталды тенденцияны құрушы жалғыз ғана топ бар. Ол классикаға мен дәстүрлі аспабымыз домбыраны қосып дәріптеуші – «Ұлытау» тобы. 2001 жылы құрылған топ дәл сол жылы-ақ, Голливуд сахнасының төрінен көрінді. Сөйтіп, бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Арада үш жыл өткенде әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсетті. Топ музыканттары 2005 жылы Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының еңбек сіңірген және халық әртістері құрметін иеленді. Топтың алғашқы альбомы – Махамбеттің «Жұмыр қылышы» жарыққа шыққаннан бастап, өзіндік құнын жоғалтқан емес. Оның бұлай аталу себебінің де өзіне тән мәні бар. Атауының өне-бойында даланың рухы болған соң, альбом «Жұмыр қылыш» атанды. Он композиция енген күйтабақта, күй атасы – Құрманғазының «Адайы», Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен өзге де қазақ күйшілерінің үздік туындылары бар. Альбомның өзі Мәскеудегі танымал студиялардың бірінде жазылса, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Парамант Рецордс» студиясында өңдеуден өтті. Үнтаспа негізінен ТМД елдері мен Еуропаның тыңдармандарына арналған. 
2006 жылы Лондонда белгілі америкалық продюсер Тим Палмердің қатысуымен «Ұлытау» жобасының көпшілікке таныстырылымы өтті. «Жұмыр қылыш» альбомы да Лондонда тұсауын кескендігін еске саламыз. Сол кезде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына арнайы келген ресейліктер: «Бұл азиялық музыканттардың Еуропаны жаулау жолындағы алғашқы қадамы. Поп музыкасы дүрілдеген заманда «Ұлытау» сияқты жобаның пайда болуы, шын мәнінде, игі бастама» – деп шынайы бағасын берді.
 
Топ мүшелерінің ендігі мақсаты – Азия музыкасын Батысқа мойындату. Ал туындыда басымдық берілетін аспап – домбыра. Біздің міндет - қазақ күйлерін жаңаша үлгімен Еуропа елдеріне насихаттау.
 
Міне, топтың құрылғанына бүгінде – 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде топ мүшелері өз тыңдармандарын жинап үлгерді.
«ҰЛЫТАУ» ТОБЫНА – 10 ЖЫЛ!

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық: Кода, унисон, кантилена

Унисон-бірнеше дыбыстың бір уақытта ,бірдей дыбыс қатарында айтылуы.

 

Кантилена-өте сазды әуен.

Кода-музыкалық шығарманың қорытынды бөлімі.

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау: Ауылың сенің іргелі

Халық әні

 

Жатыр едім жайлаудай пішен шауып -ай

шай көйлегім су болды ай

Жаңбыр жауып ай

Кішкентайдан бірге өскен –ай құрбым менің

Сенсіз қалай енді мен

Жүре аламын ай

Ауылын сенің іргелі

Шай көйлегін бүрмелі

Айтарынды айтып қал

 

 

Отырмын ғой жүргелі

Қош бол сәулем көргенше

Қайтып айналып келгенше

Уәдеңе берік бол

Мен сендікпін өлгенше

Жайсыз жерде жабағы көре алмаймын ай

Сенсіз жерде ойнап мен

Күле алмаймын ай

Көрген жерде сұлу қыз міне сондай ай

Неге кеттін шіркін ай

Сол арадан -ай



 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

«Досмұқасан» , «Ұлытау

Екі топтың ән және шығармалары тыңдалады, талданады

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Бірнеше жылдық тарихы бар эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі .

Аты қандай себепті «Досмұқасан» аталды?

Қандай жетістіктері бар?

Қазақ мемлекетінде инструменталды тенденцияны құрушы топ қалай аталады?

Қандай шығармаларды ойнайды?

Жетекшісі кім?

 

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үндінің сұлу сазды рагасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 194 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2017 704
    • DOCX 141.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдирахманов Калбулат Тастанбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4638
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания вокала в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 297 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе