Инфоурок Другое Другие методич. материалыНұр себеле Ұлыстың ұлы күні - сынып сағаты, 6 сынып

Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні - сынып сағаты, 6 сынып

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «№45 бейімделген орта мектебі» КММ

                       Тәрбие сағаты тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»           

Мақсаты: 1.Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін түсіну.

2.Оқушылардың ойлау,жүйелі сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Оқушылардың мерекелік көңілін көтеру, елімізге деген 
сүйіспеншілікке ,салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, слайд-презентация..
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

 Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі  сайыс сабағымызды бастайық. Бүгінгі сайысымызға 2-топ қатысады . «Болашақ», және «Тұлпар »  тобы.

Күн жылынып қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік
ұйқыдан оянады, бәйшешек гүлдей бастайды. Жер әлемді жайнап, әнші құстарды сайрай бастайды.Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Хор «Наурыз айы толғанда»
Қонаққа «Наурыз»  әже келеді

Армысыздар халайық!

Наурыз тойы құтты болсын.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын.

Қош келдің ,Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергің жасарып,

Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты.

Көне парсылар ұғымы бойынша 21-наурыз күні сағат түнгі үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен.Бабаларымыз осы түнді көз ілмей күткен.Қыдыр бабаны қарсы алған.Осы түні әр адам қандай ой-арман ойласа,сол арман тілегі  жаңа жылда қабыл болады деп ырымдаған.Сол күні үйді аластап,түнде ыдыстарға тағамдарды толтырып шырақ жағып қойған.

Аластауға 7жігіт аластауға шығады.

Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!

Наурыз мерекесіне шашу шашылады.

1-Топтар өздерін таныстырады.

2-тапсырма .«Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер?»

1.Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз-жылдың әр көктемнің бірінші айы.Парсының Нау (жаңа) ,руз (күн) деген,яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан..Наурызда күн мен түн теңеседі,жаңа жыл келеді.Бұл айдың шығыс,оның ішінде қазақ елі үшін  орны ерекше.Оны жыл басы көктем басы,мереке басы деп санайтын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді..Бұл күі жұрт жұмыс істемейді.,сапарға шықпайды,іс тікпейді,не басқа бір іс бастамайды,ешкімді ренжітпейді,ренжімейді,дауыс көтермейді.Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді  Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегіндеҚара теңіз аймағында, КавказдаОрта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

2.Наурыз мейрамы

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символ,” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Наурызнама-шат шадыманды ойын сауық тойы.Бұл күні үлкен болсын,кіші болсын осы мейрамға келіп,көңілді ойын-сауықтар жасалады. Тойға ат жарыс,палуан күрес,басқа да спорт бәсекесі,айтыс,түрі ойындар мен көңілді жұмбақтар,ән,өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.Әркім үлкендерден бата тілейді.

Жүргізуші:

                     Келді Наурыз жар салып,

                     Би билейік ән салып.

                      Жылда келсін ұлыс күні

                      Тұрайық есен қарсы алып

 Ұлдар биі «Махамбет жыры»

2-тапсырма Сәйкестендіру (Сұрақтың жауабымен дұрыс сәйкестендіру)

1)Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?
 (Наурыз төлі)

2) Наурыз көже қалай жасалады?
 (7  түрлі тағам заттары-сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,бидай,арпа)

3) Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар

4) Сүттен жасалатын тағамды ата?
(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)

5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)

6) Наурыз айында бірінші өсетін  өсімдік? (бәйшешек)

7) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?(Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

8) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?(уыз)

9) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

( 21 наурыз)
 10) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
11) Наурызнама – деген не?(
шат – шадыман, ойын-сауық )
 12) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

3.-тапсырма «Қыз бен жігіт» айтысы

Наурыз тойының басты кәделерінің бірі-Наурыз айтыс (Қыз бен жігіт айтысы)

Жүргізуші:     Ой,керемет .Жарайсыңдар өнерлі жастарымыз! 

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен саяқ.

Ән шырқап,би билейік қауым болып,

Уақыт келді қалмайтын өнерді аяп.

Қыздар биі «Қазақ биі»

5-тапсырма көрініс «Тұсау кесу», «Ат қою» рәсіміне екі топ көрініс көрсетеді.

Жүргізуші: Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

                    Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

                   Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

                     Қазақта «Ат қою», Тұсау кесер» рәсімдері бар.

 

1-оқушы:

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.

2-оқушы:

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

Бүгінгі күні Сауле әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.

Әже:

Алғашқы немерем Арайлымныңның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Зере әжемізге немеремнің тұсауын кестіремін.

 (Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала(Елдана):

 (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Жүруге алғаш талпындық

Құтақандай жан балам,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Қуантасың, күлесің.

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.

Зере әже:

Бөпеміз қаз тұрыпты,

Алға қадам басуға,

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

 (Зере әже қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын

Аружанның аяғын

Тұсау жібін кесейін

Жасап баба ырымын.

 (аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Сауле әже:

Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар

 Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.

Бата берілуі:

Құлыным үлкен азамат болсын!

Ата-анасына қызығы болсын

Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,

Берік бұтақ болсын.

Наурыздарың құтты болсын!

Ұлыс береке әкелсін

Ақ мол болсын.

 2-көрініс Балаға ат қою рәсімі.

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.  Азан шақырып ат қою Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады. Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен.

Күй «Балбырауын» Оқушылардың орындауында

5-тапсырма « Күш сынасу» ойыны  әр топтан екі оқушыдан қатысады.

Әділ қазылар алқасы екі топтың ұпай санын есептеп қорытындысын шығарады,мадақтамамен марапаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні - сынып сағаты, 6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 813 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 2060
    • DOCX 29.9 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Гульфайрас Толеухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9740
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой