Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Скачать материал

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын  растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы  өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

 

60-80 жылдардағы және қазіргі уақыттағы білім беру технологияларын, олардың мазмұнына анализ жасай отырып, ғалымдар мынадай қорытындыға келген.

         Алғашқы кезедегі технологиялар оқушы біліміндегі кемшіліктерді түзеуге , оның білім дәрежесін анықтауға бағытталған. Ал қазіргі білім беру технологиялары  оқушының болашақтағы  дамуына , оны болжауға бағытталған.

         Дәстүрлі оқыту стиліндегі оқушыға тапсырманы орындаушы ретінде  ғана қараған, онда оқушы әрқырлы белсенділігімен өз бетінше шешім қабылдауға жол берілмейді. Сондықтан оқушы өз күшіне сенімсіздікпен қарайды, қателесуге қорқады. Мұғалім өзіне берілген уақытта  оқу материалын жеткізуге тырысса да оқушының қызығушылығы, белсенділігі төмендейді. Мұндай оқыту әдісі айтқан ойды қайталаушыларды дайындайды, ал қазіргі  қоғамға орындаушылар ғана емес, шығармашыл тұлғалар,  өз мүмкіндігін жетілдіре алатын, қажеттігінше дамытатын адамдар қажет.

Бағдарлама бойынша өткізген іс-тәжірибемде  бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы оқыту үдерісінде  оқушының ішкі наным-түйсігін біршама біліп алуға болатынына көз жеткіздім. Оқыту мен оқудағы  жаңа әдіс-тәсілдердің арқасында, сабақтарым өте тартымды өтіп, оқушының бойында жүйелі білім қалыптасты. Бұл 3-айлық оқу курсының бірінші бетпе-бет кезеңінде сыни тұрғыдан ойлау, ынтымақтастық атмосферасын құру , кері байланыс жасау, топтық, жұптық диалог құру,  сол сияқты дұрыс және бұрыс, милық карта, ыстық орындық,  жиксо әдістерін үйреніп, оқушыларды топпен жұмыс жасатудың жолдарын меңгеру арқылы оқытуға деген жаңаша көз-қарасым пайда болды.

    Ынтымақтастық атмосферасын құруда «Мен саған тілеймін», «Жаман әдеттен арылу» тренингтері арқылы шаттық шеңберін құрдым. Осы тұста  оқушылардың  «Мен» тұжырымдамасының әлеуметтік – эмоциялық - когнитивті  компоненттері жүргізілді. Оқушылардың ой ұтқырлығы олардың зейін, жады, сөйлеу, ойлау, ой жүгірту, зердесі секілді қасиеттері негізінде жұмыс жүргізілді. Оқушылардың өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі бақылау мотивациялары пайда болды. Яғни, ынтымақтастық атмосферасын құру үшін жасалған шаттық шеңбері оқушыларыма өзара жақсы қарым-қатынас, байланыс құру ойымды жүзеге асырды. Мектептегі тәжірибе кезінде топтық жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде өткізілген сабақтардағы олар топтық жұмыста бір-бірімен ынтымақты , ұйымшыл болуды  дұрыс деп тапты. Сонымен қатар әлділер әлсіздерге көмек беруді , бірін-бірі құрметтеуді қалады. Оқушылар үшін сыныптағы бірлескен жұмыс, пән бойынша қолданылатын әдіс- тәсілдердің мазмұндылығы оларға құба-құп келді. Олармен жұмыс жасау мен үшінде оқушыларым үшін де өте қызықты бағдар алып отырды.

Дәстүрлі оқытуда мен үшін мұғалім өте қатал болу керек деген қағида орналасқан еді және оны 80 пайыз жүзеге асыратынмын. Ешқандай оқушының артық сөз айтуына рұқсат етпей, тіпті олардың жеке қажеттіліктеріне аса мән бермейтінмін. Сынып бұрышында ілініп қойылған оқушы ережесіне сай болуларын талап ететінмін. Сабақты тек жаттанды жаңа сөдер, мәтіндер, грамматикалық жаттығулар, ереже шеңберінде өтетінмін.

Жаңа бағдарламамен таныса келе  осы ойымды теріс пікірге шығардым. Себебі, 1-ші бетпе-бет кезеңінде сабақта отырғанда әрбір тапсырма сайын өзімді оқушы орнына қойып іштей салыстырып отырдым. Және оқушының бойына білім қай уақытта қалай сіңетінін сезіндім, түсіндім. Бұырн мен сабағымда сергіту сәті және ынтымақтастық атмосферасынна сйкес әдіс тәсілдер өтпейтінмін, ал енді сбақтарымда өте тиімді екенін байқадым, өйткені мен сабақтарымда караоке ән айтумен сергіту сәтін өткіздім, тақырыпқа сәйкес, кері байланыс барысында оқушылар маған үсыныс білдірген, дегенмен жақсы жақтары өте көп өйткені ағалшан тілінді айтылым басты роль ойнайды мен осы мәселе кедергі береді ал мұнад олар қызыға айтылым дағдысын түзейді, сөздерді қатесіз айтуға дағдыланады, олар өздігінен қызығып, не туралы екен мына әуен? -деп аударып, сөйлемдерді аудару дағдысыды дамиды. Өйткені сөйлемде сөздерді біріктіріп аудару үлкен еңбекті талар етеді. 

Бұрын мен дәстүрлі оқытуда жабық сұрақтарды ғана қолданып оқушыларға жаттанды білім беруді жүргізген екенмін. Ал енді сыни тұрғыдан ойландыруды негізге ала отырып, баланың  алған білімін өмірде қолдануына бағыт-бағдар беруші ретінде жұмыс жүргіземін. Яғни сұрақ қоюды тиімді пайдалана алу сабақтың жақсы нәтижесіне, оқушының бойында білімнің қалыптасуына ықпал етеді.

Мысалы, бұрын мен мәтінді оқып, аудар дейтінмін,оқушылар өздігінен аударып, оны талқыламайтынбыз яғни әрбір сөз мағыналарын талдамайтынбыз, ал қазір топпен жұмыс жасап, сөздікті қолданып, мәтін берсем біргелесіп, аударды, білмеген сөздеріне бір-біріне көмектесіп тапсырманы орындады, солайша осы тапсырманы орындап болған соң мәтінге байланысты сұрақтарды қойдым, әрине ол ашық сұраққа жақын болмады.Бірақ дегенмен оқушылар мәтінді аудару барысында не туралы екенін біліп, грамматикаға сәйкес жауаптар бергені мені қуантты. Мен сабақтарымда жабық (дұрыс емес) және ашық (дұрыс) сұрақтарды қою үшін түрткі болу сұрақтарын, сынақтан өткізуге арналған сұрақтарды және қайта бағыттау сұрақтарын пайдаландым. Демек оқушының сыни ойлауын дамытудың алғашқы тиімді жолдарының бірі- дұрыс сұрақ қою немесе ашық сұрақтарды көбірек қою. Сұрақтарды ойлау қабілеттері жететіндей етіп, сонымен қатар өмірмен де байланысатындай етіп, осы білім өзіне қажет екенін түсіндіретіндей етіп дұрыс ұйымдастыруым керек. Мысалы, үшінші сабағымда мен әр елдердің ережелері туралы өттім, мұнда жеке тапсырмада екі оқушы ккумулятивті әңгіме түрін жасады. Олар қазақсатн және ағылшын елдерінің азаматы балып, екі елді өзара әңгіме ретінде талқылады. Содан соң мен оқушыларға сұрақтар қойдым.

1.     Ағылшындарда сайлау қанша жастан екен?Ал Қазақстанда ше?

2.     Ағылшындарда көлікті неше жастан айдайды?

3.     Қазақстан азаматтары үй жануарларын қанша жаста сатып ала алады?

4.     Қазақстан азаматтары қанша жаста жұмыс істей  алады? Т.б.

Әрине бұл сұарақ қою арқылы мен оқушыларды мәтінді қалай меңгергенін қорытынды жасап аламын. Өмірмен байланыстыра отырып, келешекте олар өзге елдерге барса осы ережелерді білу олар үшін пайдалы деп ойлаймын. Сұрақ қою арқылы мен оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырдым. Оқушыларды ойландыру арқылы олардың қызығушылығы мен сезімдерін анықтап, білімге құштарлықты дамытып және зерттеуге ынталандыра аламын.

«Қызығушылықты ояту» мақсатында топтарға тапсырмалар беріп  постер жасаттым. Оқушыларға жұмыстарын қорғауда қайта бағыттау сұрақтар арқылы жауаптарын толықтыруға, пікірлерін қорытындылап тиянақтауға көмек беріп отырдым, және жаңа сабаққа бағыттау жұмыстарын жүргіздім. Мен сабақтарымда диалогты  пайдалану қаншалықты  маңызды екенін байқадым және оны көптеп пайдалануды көздедім.

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдауы бекер еместігіне көзім жетті.

Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдану оқушыны алған ақпарат пен идеяларды талдай білуіне, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойланып шешім қабылдауға  жетелейді. Ал мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірбиесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.Сабақтардың әрбірінде баланы сыни тұрғыдан ойлауға итермелеп, олардың ойын қозғау мақсатында бірнеше тапсырмалар беріп отырдым.

Жұптық жұмыс жүргізу  барысында  оқушылардың  бір – біріне  үлкен көмегі тиді. Өйткені оқушылар  өз тобындағы идеясы жаңа, ойы ұшқыр,  жаңашыл балаға қарай әрекет етіп өзін-өзі реттеуге тырысып отырады. Сондықтанда жұптық жұмыс  сапалы сабақ өту үшін қажетті стратегия деп ойлаймын. Жаңа ұсыныс пен тартымды идея  әрбір баладан шыға бермейді деп ойлаймын. Сондықтан  мен  оқушылардың  арасынан қабілетті балаларды анықтау үшін ерекше тапсырма беремін. Берілген тапсырмаларды орындай отырып  оқушылар топта  Мерсердің зерттеуіндегі әңгімелесудің үш түрін құруға лайықты екенін көрсетті. Олар бірін – бірі тыңдай білді, ақылға қонымды мәлімет ұсынды, кей жерде бірлесуден гөрі бәсекелестікке ұмтылды. Үнемі ізденіске ұмтылатын оқушылар да кездесті.

Дарынды оқушы үшін қызықты тапсырмалар болмаса, ол сабақта  белсенділік танытпайды. Сол себептен жұмысымды ұйымдастырғанда оқушының жеке қабілетін, деңгейін, дарындылығын ескеруді көздеп отырдым.

Мен дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен Эйр, Выготский және Катцтың еңбектерінен дәйек сөздер пайдаланамын. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынымдарда  теорияның осы бөлігін пайдаланамын. Дарынды балалармен жұмысты орындап жүріп, осы әдісті өз тәжірибемде қолданып жүріп, қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын көбейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасадым. Осы стратегия сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындаған кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екеніне көзім жетті.

Барлық бала өз ойын жеткізе алады. Алайда талантты және дарынды оқушылар ерекше күш жұмсап өз деңгейлерін көрсетуге ұмтылып тұрады. Дарынды оқушы үшін қызықты тапсырмалар болмаса, ол сабақта  белсенділік танытпауы мүмкін. Сабақ барысында планеталарға қатысты жеке жұмыста презентация қорғады, солайша келесі тапсырма дәл осы презентациядан алған мәліметтермен сәйкес болды. «Сөздер банкі» әдісінде оқушылар кедергілерге жолықты, өйткені төмен дәрежедегі оқушылар сөздік қорлары аз болды. Ал, алдынғы сабақтарымда мен «сөздер банкі» әдісін жасайтынмын, бірақ оқушылар мән-мағынасын емңгере алмайтын, ал енді мына презентация арқылы олар бұл тапсырманы керемет болмасада меңгерді. Ендігі сәтте мен «сөздер банкі» әдісін оқушылардың деңгейіне байланысты, оқушылардың өздеріне тапсрыма ретінде беруді жоспарлаймын, өйткені кітапта өте қиын сөздермен берілген.

Дұрыс сұрақ қоя білу , орынсыз сұрақ қоймау, бірден күрделі сұрақ қоймау немесе сұрақты оқушының қабілетіне қарай қою әрекеттері түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын пайдалануды қажет етеді. Яғни мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында диалогтың өрбуі, білімнің қалыптасуына ықпал етеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және Мерсер(2000) сипаттағандай , білімді бірлесіп алады  немесе пікір алмасу барысында теңқұқылы серіктестер болып табылады делінген. Яғни топтаса отырып, дәлел-уәждерін нақтылайды әрі бір-бірімен білімдерін алмасады.

Сындарлы оқыту теориясында Балалардың ары қарай дамуы үшін, білім алулары үшін мұғалімнің қолдауы маңызды фактор екенін түсіндіреді. Мадақтау мен мақтау арқасында формативті бағалау жүргізу арқылы оқушының оқуға ынтасы көтеріледі. Мысалы «тамаша» «керемет», «жарайсың» «өте жақсы» деген ынталандырушы сөздер біздің лексикалық сөздігімізден түспеу керек деп ойлаймын.

Бағдарламадан алдын мен сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлап, ағылшын тілінеде сөйлейтін елдер туралы постер қорғататынмын, бірақ соншалықты маңыздылығына көзім жетпейтін еді,олар жаңа сабақты түсіндіріп болған соң постер жасататынмын, постер жасауға көп уақыт кетіп қалатын, ал енді постер қорғата отырып сыни тұрғыдан ойланып, сөйлемдерді құрау, баядап беру оқушыларға өте қызықты және түсінікті екеніне көз жеткіздім.»ми картасы» әдісінде оқушылар жасөспірім нені ұнатады? Сұрақатарына кеңінен жауаптар берді, постерді баяндап берді. Проблемелары деген тармақта олар осы проблемаларға тап болмау жолдарын жасапты, осы тапсырманы ағылышын тілінде бяндағаны маған ұнады, осылайша мен сабақты түсінгенін мектебімізге өзге елден қонаққа валаньтер елгенде түсіндім, оқушылар қызыға көпдеген сұрақтар қойды, бұл сұрақтар жабық сұрақтар болсада сұрақтарды жүйелі қоя білді. Осыдан мен өзімнің өзгергенімді, және оқушылар өзгергенін байқадым.

Әрине сабақ  барысында әртүрлі бағалау жүзеге асады, формативті бағалау арқылы көп жағдайда өздерін көрсете бермейтін оқушылар үшін ұтымды үрдіс екен.  Қорытындылау бөлімінде «Нені білдім?», «Не білгім келеді?», «Нені білмедім?» сұрақтары арқылы оқушының білімді қалай игергенін анықтауға болады. Жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін анықтау үшін бағалау критерийлері бар парақшаларды тарқатамын. Оқушы мұнда өз-өзін бағалайды әрі мұғалімге оқушымен қалай жұмыс жасаудың жолын көрсетеді.Бағалау барысында мен алдын өзім бағалайтынмын, ал қазір оқушыларды өзін-өзі бағалауды тиімді деп санадым, критерий арқылы бағалауда өте жақсы әсер етті, өйткені кері байланыс кезінде оқушылар өздерінің қай дәрежеде тұрғанадары туралы бейне таспада айтты, осылайша тиімді екенін ұқтым.

Дайын білім беруге негізделген «Дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың  жинақтаған өзге білімдерімен  тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән–мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең  түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (МАН)

Жалпы жаңа әдіс тәсіл маған  өте көп нәрсе үйретті. Әр бір модулді кіріктіре отырып өтілген сабақтар балалар үшін қызықты болды. Менің сабақтарым одан әрі түрлене жандана түсті. Тіпті сабақтарыма бұл жаңа әдіс жан бітірді десем артық болмас. Сабақты өтіп болғаннан соң түсірілген суреттерді көріп отырып-ақ мен өзіме бір сәт есеп бердім. Сондағы ұққаным әр бір іс-қимыл балалардың қатысумен орындалып жатыр, топ болып бірігіп жұмыс жасап жатқандары, бірінің білмегенін бірі үйретіп, тіпті мұғалімнің көмегінде қажет етпей бар ынта-ықыласымен жұмыс жасағандары сырттан қарап тұрған адамды әсерлендірмей қоймасы анық.

Қиындықтар мен кедергілер жайлы айтпасқа амал жоқ. "Мін түзелмей сын түзелмес дегендей" біршама кемшіліктер сабақ  барысында кездесті. Сабақтарымда кездескен қиындық пен кедергілер пән бойынша балалардың сыни ойлаулары аса баяу болғаны. Сондықтан модульдерді қолдануда менде қиындықпен кедергі сабақта сыни ойлау дәрежесінің осалдығы жәнеде уақыттың жетіспеушілігі. Бәлкім бұл менің де қателігім болар. Әрине тығырықтан шығар жолды өзім  іздеп табуға тырысуға тиіспін. Міне менде дәл осылай жағдаяттарды өзім шешуге тырысып бақтым. Қолданған әдісім балаларды қызықтыра отырып сөздік қорларын дамытуға, сабақта мүмкіндігінше диалог құруға ұсыныс жасадым. Қиындықтармен кедергілер 1  ай практикада шешімін таппасы анық, десекте мен алдағы уақыттарда мұндай кедергілерді болдырмауға тырысып бағармын

    Қорыта келе мен өзіме мынадай сұрақ қоямын « Осы Бағдарлама менің іс-тәжірибеме қаншалықты өзгеріс енгізгенін қалай бағалаймын?»  Мен бұл бағдарламаны қолдай отырып, «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгертуден баста» деген сөзге сүйене отырып, үш айлық курс менің жаңашылдыққа бейімделіп, өзгеріске бет бұруыма жол ашып берді дей аламын.

 

Мен қалай өзгердім?                                             

Сабаққа тиімді жоспар құру арқылы нәтижені болжауға үйрендім;;

          Әрбір іс-әрекетіме, сабағыма рефлексия жасауға          

           дағдыландым;

          Оқушының жеке қажеттіліктерін анықтауға, байқауға үйрендім;

 

Не үшін өзгердім?

Оқушының бойында сапалы білім қалыптастыру мақсатында;

Уақыт талабын орындау  үшін;

Сындарлы оқыту теориясының тиімді екеніне көзім жеткен соң;

 

Мен болашақта

Оқушының пәннің өз өміріне қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі үшін бағыт-бағдар, нұсқау беруші тұлға ретінде  қалыптасуға бағытталамын. Келешекте оқушыларға қызықты болатын сыныптан тыс конкурстар, сайыстар ұйымдастыруды мақсат еттім.Осы алынған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, экспиримент жасауды мақсат еттім, алған білімін оқушылар басқа елде қалайша қолданады екен?маған өте қызықты. Сөздік қорын дамытатындай түрлі әдіс-тәсілдер ойластыру, іздену үшін көп жұмыс істеуді алдыма мақсат еттім.  Бағдарлама негізінде алған теориялық білімімді одан әрі жетілдіріп, әлемдік озық тәжірибелермен ұштастыру жолында  еңбектенемін.

 

 

                 Пайдаланылған әдебиеттер:       

1.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 407 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2018 519
    • DOCX 30.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маханова Райхан Каипназаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маханова Райхан Каипназаровна
    Маханова Райхан Каипназаровна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58520
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Применение семантического ядра в SEO и рекламе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе