Орта
мерзімді жоспарлау есебі .
Мектептегі іс-тәжірибе кезінде тізбектелеген сабақтар топтамасын өту мақсатында
таңдап алған сыныбым 10 «А» сыныбы болды. Сабақтарымды бастамас бұрын,
оқушылармен жұмыстар жүргізе отырып, топ ережесін құрып, сабақ барысында топ
ережесін еске түсіру керектігін ескеріп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастырамын. Топ ережесінде көрсетілгендей, әр сабақтарымда оқушыларды
меншік заттар арқылы, фотолар мен, кәмпиттер арқылы топқа бөлемін.
Өзім
көшбасшы бола отырып, жаңа сабақтарымның тақырыбы there could be tenbillions
of planet, when can you drive, you should calm down, discussing facts тақырыптарында
өтемін. Сабақтың мақсаты ағылшын тілінен сөздік қорын дамып, пікірлерін айта
алу, проблемаларға кеңес айту, модаль етістіктерін қолдану. Сабақ өту
барысында мен жеті модульді кіріктіре отырып, төмендегідей «дұрыс және бұрыс»,
«ТВ шоу», сөздер банкі», «ішкі және сыртқы шеңбер», «бірге ойлаймыз», «чат»,
«аудармашы», «хаттар», «кездейсоқ жағдай» әдістерін пайдаланамын, сабақ
барысында жас ерекшеліктеріне арналған «пазл» әдісін қолданамын. Әр сабағымда
сын тұрғысынан ойланып, диалогтық оқытуды жүзеге асырамын, «Оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер» модульімен байланыстыра отырып, жаңа сабақты оқушылардың
қай деңгейде түсінгенін бақылаймын. Көрсетілім бойынша 30% білім алатынын
ескере отырып, АКТ-ны пайдаланып, дарынды және талантты оқушыларға жеке жұмыс
ретінде презентация қорғатамын. Сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді
терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Нұсқаулық 6 бет)
Қолданған әдіс-тәсілдердің барлығы да, оң нәтиже беретініне сенімдімін.
Сабақтың барысында оқушылардың іс- әрекеттері критерийлер арқылы, топ
басшысының бағалау арқылы бағаланып отырады. Сондай-ақ дұрыс жауапқа
негізделген ой айта білген оқушыларды ауызша (мақтау, мадақтау), смайликтер
жабыстыру арқылы бағалаймын. Сабақтың соңында оқушыларға кері байланыс
жаздырамын. Осылайша өз мақсатыма жетемін деп үміттенемін.
Пайдаланылған әдебиет: Нұсқаулық.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.