Инфоурок Другое КонспектыҚош келдің жаңа жыл

Қош келдің жаңа жыл

Скачать материал

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ

 

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күйі ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сондай білуге үйрету, ән айту шеберліктерін арттыру.

Музыка.  Балалар залға кіреді. Вальс.

Ж: Жаңа жылды қарсы алуға біз келдік, әсем шырша, әдемі ойыншықтар ілінген ғажайып шыршаны да көрдік. Ал, қанекей шырша маңында өлең айтып, би билеп, шаттанып, көңілді той бастайық думандатып.

Тауда туып, тауда өскен

          Шырша келді ортаға

          Бәріміз бір дауыспен

         Қош келдік дейміз шыршаға.

Ж: Ал балалар қанекей көптен күткен қонағымызға жыр моншағын шашайық.

Өлеңдер:

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Қарсы аламыз біз сені

Ақ көңілмен, ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде

 

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

 

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың

 

Жаңа жылым жол болсын                                                            

Басқан қадам оң болсын                                                               

Төрлет, төрлет жаңа жыл                                                             

Бізге құтты жыл болсын                                                               

 

Жаңадан тақпақ

Аламаыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ

 

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

 

Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылды шақырады бар өңір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

 

Ән  «Жаңа жыл»

Ж: Ал енді балалар орындарыңа отырыңдар.

- Қараңдаршы балалар шыршада әдемі ойышықтардан да басқа, ертегінің кейіпкерлері бар.

- Мынау не? (Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю).

- Бұл қай ертегінің кейіпкерлері екен? (Үйшік)

Дұрыс. Жаңа жыл мерекесінде сиқырлар көп болады сондықтан біздің жаңа жыл мерекесіне кейіпкерлеріміз келіп қалыпты.

«Үйшік» сахналау

Тышқан: - Мен тышқанмын үйіме астық жинаймын.

Бақа: - Мен бақамын балпықпын, темір қалпақ көп киіп, басым содан жалпақ.

Қоян: - Мен қорқақ қоянмын, ұзын құлақ ноянмын.

Түлкі: - Мен түлкімін, қумын, жүрген жерім у-да, шумын.

Қасқыр: - Мен қасқырмын, ашулансам сендерді жеймін.

Аю: - Мен аюмын, маймаңдап журемін, балды жақсы көремін.

Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын.

Ж: Рахмет достар, отырыңдар.

Ж: Қыс қызығымен қызық дейді. Біздің балаларымыз қыс мерекесін көптен күтуде, сондықтан олардың дайындаған өлеңдері бар екен.

 

Аязды келіп қыс

Алашқы қар ұшты

Аппақ болып үстіміз

Ақ қырау боп жабысты

 

Далада қар борайды

Ақ мамыққа оралды

Мұз болады қатады

Жып жылтыр боп жатады

 

Қаңтар, қаңтар

Бұл айда тамаша сәні бар

Қаңтар жыл басы, жыл тойы

Бұл айда қызықтың бәрі бар

 

Аспан жерге төгеді

Ақ күмысын уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

 

Ән  «Аппақ, аппақ»

Балалар біз өлең де, ән де айттық. Ал Аяз ата әлі жоқ. Мен бір дыбыстар естіп тұрмын, Аяз ата болуы мүмкін бе? Жоқ біздің жаңа жыл мерекемізге кішкентай қояндар келіпті.

Ойын «Қояндар»

Мақсаты: Балаларды тез жүгіруге, жүгірген баланы ұстап алуға жаттықтыру.

Ойынның шарты: Қояндар аулаға шығып, қимыл- қозғалыспен өлеңдерін айтып, түлкіден тығылады. Түлкі қояндардың артынан қуалап ұстап алуға тырмысады.

-          Алақайға жиналып, келіп қалды қояндар

Міне қандай қояндар, ұзын құлақ қояндар.

-          отырындар айнала, жем іздейік жайғаса.

Міне қандай қояндар, ұзын құлақ нояндар.

-          Қояндар қайдасындар,

Біз мындамыз!

Мен сендерді ұстаймын!

(Түлкінің кіруі, балалармен бірге ойнайды).

Ж: Балалар бір дауыспен Аяз атаны шақырайық.

Аяз ата Қаршақызбен кіруі.

Ән «Аяз ата»

Өлеңдер:

 

Қош келдіңіз Аяз ата

Қарсы аламыз қуанып

Ән айтыңыз бізбен бірге

Би билеңіз шаттанып

 

Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді

 

Таяғы бар қолында

Қар бұрайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында

 

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзынай

Үзіп алсам шіркін-ай

 

«Ұлпақарлар» биі.

Ойын «Қар лақтыру»

Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын дамыту, қызығышулығын ояту.

Ойынның шарты: Қарды бір-бірлеріне лақтыру.

Жаңа жылдың кіруі. Тауық жылы.

Флешмоб «Чип-чип чужаларым»

Тосын сый.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош келдің жаңа жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 058 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2017 1211
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Самылтырова Сауле Кабдолдановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7234
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой